Психология | Тұлға теориялары

 Психология | Тұлға теориялары

Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1)Тұлға теориялары
2)К.Юнг бойынша тұлға тұжырымдамасы
3)К.Юнг бойынша сана және бейсаналы сфералар қызметі.
4)Альфред Адлердің тұлғаның индивидуалды теориясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
З. Фрейдтің психоанализдік негізгі тұжырымдамалары мен принциптері. Зигмунт Фрейд 1856 жылы 6 мамырда Австраианың Фрайберг қаласында дүниеге келген. З.Фрейттің «психоанализ» терминін алғаш енгізуін, оның ғылымға қосқан үлкен үлесі деп тануға болады. «Психоанализ» терминінің 3 мағынасы бар: 1)Тұлға және психопаталогия теориясы; 2)Тұлға көңілінің бұзылуының терапиялық әдісі; 3)Индивидиумның саналы түрде сезілмейтін ойлары мен сезілмейтін әдісі. Сана деңгейі тура осы уақытта сезінетін түйсіктер мен әсерлерден тұрады. Ал парықсыздық деңгейі (кейде «қол жететін ес» деп аталады) тура осы сәтте сезілмейтін тәжірибелерді көрсетеді. З.Фрейдтің ойынша, бұл психиканың сезілетін және сезілмейтін аумағының арасындағы көпір болып табылады. Бейсаналықта тұлғаның негізгі детерминанттары болады, олар : психикалық қуат, ояту және инстингтер. Инстингтердің екі түрі бар: либидо немесе сексуалдық қанағаттануға ұмтылу және агрессиялы инстинг, өлімге ұмтылу. 20 – жылдардың басында З.Фрейд өзінің консентуалды моделін қайта қарастырып, тұлға құрылымын негізгі 3 компонентке бөлді: ид, эго,жоғарғы эго.
Инстингтер. Фрейд инстингтің екі негізгі тобын мойындады: өмір және өлім инстингтері. Бірінші топ (Эрос) өмірге маңызды процестерді қолдау мақсатындағы күштерді қамтиды. З.Фрейд өмір инстингтерінің индивидиумның физикалық құрылымына үлкен маңыздылығын мойындай отырып, тұлғаның дамуындағы сексуалды инстингтердің орнын айқындайды. Сексуалды инстингтердің қуаттарын либидо (лат. «қалау», «тілеу») деп атайды.
К. Г.Юнг (1875-1961) – Швецар психологы, психиатры, мәдениет танушысы, «терең» психологияның практигі, психологияның «аналитикалық психология» деп аталатын бағытының негізін қалаушы. Бұл пәндермен қатар К.Юнг философия, теология сұрақтарымен айналысқан. К.Юнг бастапқыда З.Фрейдпен бірге ұзақ жылдар бойы қызмет жасап, 1913 жылы Мюнхендегі психоаналитикалық конгрестен кейін екеуі мүлдем айрылыста. Ұзақ мерзімді зерттеулер нәтижесінде К.Юнг аналитикалық психологияның теориясы мен сол теорияға сүйенген психотерапиялық практиканы қалыптастырады.
Психиканың келесі деңгейі – индивидуалды бейсаналы деңгей, индивидуалды тәжірибеде жинақталған, ығыстырылған мазмұндар. Индивидуалды бейсаналы сфера субьективті болып табылады.
Ұжымдық бейсаналы деңгей – архетиптердің немесе динамикалық бейнелердің жиынтығы. Бұл ескі бейнелер бір деңгейде: әрі аффективтілікті, әрі когнитивтілікті білдіреді.
З.Фрейдпен бірлесе жұмыс жасап жүрген жылдары А.Адлер «толымсыз» мүшені зерттегенде мынадай теорияны дамытты: неге бір адамды бір ауру көбірек мазасыздандырады, неге кейбір ауруды басқаларға қарағанда тез жұқтырады. Оның ойынша әрбір индивидиумның қандай да бір мүшесі, басқасына қарағанда, әлсіз болады. Сонымен қатар әрбір адамның туылғаннан жетілмей қалған немесе дамыма қалған мүшесі ауруға шалдығады. А.Адлер бойынша, ағзасы әлсіз адамдар жиі жаттығу жасау арқылы конпенсайиялауға тырысады, компенсация процесі психологияда орын алады.
Толымсыздық сезімі аса басымдыққа ұмтылуға шақырады, ол әрекеттер мен ниеттерді «мақсатты жеңіске» бағыттайды. Толымсыз комплекске қарама-қарсы «аса артықшылыққа» ұмтылу деп аталады. Бұл кезең – өзінің физикалық, интеллектуалды және әлеуметтік қабілеттерін арттыру кезеңі. Артықшылық мақсаты жағымды және жағымсыз болуы мүмкін. Аса артықшылықты иемденген адам көбінесе эгоист, мақтаншақ, өзін-өзі жоғары бағалайды. Егер ол қоғамдық қамқорлықты және басқалардың өмірін жақсартуға құштар болса, онда индивидтік жақсы дамуы жайлы айтуға болады. Бірақ кейбір адамдар жеке басының жақсылығын олайды, сол үшін күреседі, олар басқалардан биік тұруға тырысады.
1)Тұлға теориялары
З. Фрейдтің психоанализдік негізгі тұжырымдамалары мен принциптері. Зигмунт Фрейд 1856 жылы 6 мамырда Австраианың Фрайберг қаласында дүниеге келген. З.Фрейттің «психоанализ» терминін алғаш енгізуін, оның ғылымға қосқан үлкен үлесі деп тануға болады. «Психоанализ» терминінің 3 мағынасы бар: 1)Тұлға және психопаталогия теориясы; 2)Тұлға көңілінің бұзылуының терапиялық әдісі; 3)Индивидиумның саналы түрде сезілмейтін ойлары мен сезілмейтін әдісі. Ұзақ мерзім психоанализдің дамуында З.Фрейд тұлғалық ұйымдастырылудың топографиялық моделін қолданды. Осы модель бойынша психикалық өмірдің 3 деңгейін бөлуге болады: сана, парықсыздық(подсознательность) және бейсаналық. Оның ғылымға қосқан ең үлкен үлесі – бейсаналық ұғымын енгізіп, ұғымсыз түрткілермен жұмыс істеу әдісін қолдануды үйретуі. Сана деңгейі тура осы уақытта сезінетін түйсіктер мен әсерлерден тұрады. Ал парықсыздық деңгейі (кейде «қол жететін ес» деп аталады) тура осы сәтте сезілмейтін тәжірибелерді көрсетеді. З.Фрейдтің ойынша, бұл психиканың сезілетін және сезілмейтін аумағының арасындағы көпір болып табылады. Бейсаналықта тұлғаның негізгі детерминанттары болады, олар : психикалық қуат, ояту және инстингтер. Инстингтердің екі түрі бар: либидо немесе сексуалдық қанағаттануға ұмтылу және агрессиялы инстинг, өлімге ұмтылу. 20 – жылдардың басында З.Фрейд өзінің консентуалды моделін қайта қарастырып, тұлға құрылымын негізгі 3 компонентке бөлді: ид, эго,жоғарғы эго. «Ид» латынның «Ол» сөзінен шығады. З.Фрейд бойынша «Ол» тұлғаның қарапайым, инстинктивті және тума аспектілерін білдіреді. Ид бейсаналықта өмір сүреді және инстиктивті биологиялық оянулармен (тамақ, ұйқы, т.б.), яғни біздің жүріс-тұрысымызды қуатпен қамтамасыз ететін оянулармен тығыз байланысты. Фрейд бойынша, ид – ешқандай заң мен ережеге бағынбайтын нәрсе. Фрейд идті ағзаның соматикалық және психикалық процестері арасындағы нәрсе деп қарастырады. Ол ид адамды шаршаудан арылтатын екі механизмді көрсетеді, рефлекторлық әрекет және алғашық процестер. «Эго»(латын. «Эго» - «мен») шешім қабылдауға жауапты психикалық ақпараттың компоненті. Эго идтің тілектерін сыртқы әлемге байланысты шектеу қоя отырып, қанағаттандыруға иырысты. Эгоның қызметі – ағзаның тұтастығы мен тепе-теңдігін сақтау. «Жоғарғы Эго» (латын. «super» - «жоғарғы» және «ego» - «мен»). Адам қоғамда өмір сүру үшін қоршаған ортаға сәйкес құндылықтар, нормалар және әдептер жүйесіне ие болуы керек. Мұның барлығы «әлеуметтену» процесі, яғни құрылымдық модельдің тілі бойынша «жоғарғы эгоның» қалыптасуы барысында жүзеге асады. Фрейд «жоғарғы эгоны» екі жүйеге бөледі: ар-ұят және «эго-идеал». Ар-ұят ата-ананың жазалауының арқасында пайда болады, ал суперэгоның мадақтаушы аспектісі – бұл эго-идеал. Инстингтер. Фрейд инстингтің екі негізгі тобын мойындады: өмір және өлім инстингтері. Бірінші топ (Эрос) өмірге маңызды процестерді қолдау мақсатындағы күштерді қамтиды. З.Фрейд өмір инстингтерінің индивидиумның физикалық құрылымына үлкен маңыздылығын мойындай отырып, тұлғаның дамуындағы сексуалды инстингтердің орнын айқындайды. Сексуалды инстингтердің қуаттарын либидо (лат. «қалау», «тілеу») деп атайды. Екінші топ – өлім инстингтері, яғни танатос-қатігездік, агрессия, суицид және біреуді өлтірудің барлық көріністері. З.Фрейд «өлім-инстингтері – өмір инстингтері секілді адам мінез-құлқын реттеуші биологиялық түрде шартталған» деп есептейді. Тұлғаның дамуы үшін З Фрейд психосексуалды деңгейлерді анықтаған,дамудың психоаналитикалық теориясы екі алғышартқа сүйенеді.Бірінші немесе генетикалық алғышарт бойынша,ерте балалық шақта болған уайымдар ересек тұлғаның қалыптасуында үлкен рөл атқарады.З Фрейдтің ойынша,индивидиум тұлғасының негізі өте ерте жаста,яғни бес жасқа дейін қалыптасады.Екінші алғышарт бойынша,адам сексуалды қуатпен (либидо) дүниеге келеді.Бұл қуаттар өзінің дамуында бірнеше психосексуалды деңгейден өтеді. З Фрейд сексуалды тұлға дамуының төрт деңгейін көрсетеді: оралды, аналды, фалистік және гениталды.Баланың 6-7 жас аралығын жыныстық дамудың бастамасы деп қарастырған, ол бұл кезеңді латенттік кезең деп атайды.Бірінші үщ деңгей туғаннан бес жасқа дейінгі аралықты қамтиды. З.Фрейд оны прегениталды деңгей деп атайды.Өйткені жыныс мүшелерінің аймағы тұлға қалыптасуында әлә басты рөлге ие болмайды. Төртінші деңгей пубертанттық кезеңнің басталуымен дәл келеді.
Фрейд бойынша психосексуалды даму деңгейлері
Деңгейлер Жас кезеңі Либедоның шоғырлану аймағы Осы даму деңгейіне сәйкс міндеттер мен тәжірибелер
Оралды 0-18 ай Ауыз(ему,тістеу, шайнау) Арылу.Өзін анасының денесінен болу
Аналды 1,5-3 жас Анус Дәрет алуға үрету (өзін өзі байқау)
Фалистік 3-6 жас Жыныс мүшелері Өзі еліктейтін сол жыныстағы ересек адаммен теңесу
Латентті 6-12 жас Қажеттілігі жоқ (сексуалды әрекетсіздік) Құрдастарымен әлеуметтік байланыстың кеңеюі
Гениталды Пубертант (жыныстық жетілу) Жыныс мүшлері (гетеро сексуалды қарым-қатынасқа икемділік) Интимді қарым-қатынастар құру немесе ғашық болу;қоғамға өзінің еңбегімен кірістер келтіру Қобалжудың түрлері: Реалистік қобалжу Қорқытуға эмоционалды жауап немесе сыртқы әлемнің реалды қауіптерін түсіну (мысалы, қауіпті жануаорлар немесе мемлекеттік емтихан тапсыру) реалистік қобалжу деп аталады. Невротикалық қобалжу Ид жағынан келетін бағынбайтын импульсмтарды саналы түрде сезіну қаупіне эмоционалды жауапты болу невротикалық қобалжу деп аталады. Моральды қобалжу Эго суперэгодан жазалау қаупін сезінгендегі эмоционалды жауап моральді қобалжу деп аталады. Эгоның қорғаныс механизмдері Ығыстыру. З.Фрейд ығыстыруды эгоның алғашқы қорғанысы деп қарастырады. Ығыстыру қобалжудан кетудің тура жолын қамтамасыз етеді деп есептейді. Оны кейде «мотивтендірілген ұмыту» деп те атайды. Адам өзіне қайғы әкелетін ойлар мен сезімдерді санасынан ығыстырады.Бірақ З.Фрейдтің ойынша,ығыстырылған ойлар мен импульстар өздерінің белсенділігін беисаналылықта жоғалтып алмайды.Ол ығыстырылған ойлар күндердің күнінде қайта жаңғырып шығады дейді. Проекция: Проекция – ығыстыруға ілесетін қорғаныс механизмі. Проекция механизмінде адам өзінің негативті ойларын, сезімдерін және мінез-құлықтарын басқа адамдардан немесе қоршаған ортадан көреді. Сөйтіп, өзінің кемшіліктерін, кінәсін басқа біреулерге тағады. Орын басу: Бұл қорғаныс механизмі – адамның ұмтылыстары мен сезімдерінің басқа обьектіге ауысуы. Мысалы, агрессивті импульстар, өзге қауіпсіз обьектіге ауысады. Рационализация: Когнитивті бұрмалау көмегімен адам өзінің дұрыс емес әрекеттерін, жағдайларын ақтау үшін әр түрлі өтірікті, бірақ кешірімді себептерді тауып алады. Рационализация әр түрлі формада кездеседі. Кейде адам әр түрлі тығырыққа тіреліп, дұрыс емес іс-әрекетін ақтау үшін сылтаулар іздейді. Реактивті құрылым: Әдетте, қобалжуды тудыратын күшті импульстарды ығыстыру қарам-қарсы тенденциялармен жүреді. Ол қрғаныс механизмдерінің құрылымы. Қорғаныс реактивтілігінің құрылуы – бар ұмтылыстарды басып тастап, оған қарама-қайшы мінез-құлықтарды әсірелейтін қорғаныс механизмі. Регрессия – адамның жасына келмейтін мінез-құлығы. Сонымен, бұл қорғаныс механизмі – адамның балалық мінез-құлықтық модельдеріне қайта оралуы арқылы қобалжуды жұмсарту. Сублимация: З.Фрейд бойынша, сублимация адамның жасырын импульстарын әлеуметтік ортаға байланысты басқа нәрсеге ауыстыруы, яғни, адам өзінің сексуалды қобалжуларын әлеуметтік орта дұрыс қабылдайтын іс-әрекеттерге ауыстырады. Теріске шығару. Адам жағымсыз жағдайлар туындаған кезде оны мойындамай, бас тартса, теріске шығару деп аталатын қорғаныс механизмі жұмыс істейді. З.Фрейдтің ойынша, қобалжу инстинктивті импульстардан шығады, Эгоны болатын қауіп-қатерден сақтайтын сигналдардың рөлін атқарады. Оған жауап ретінде эго жоғарыда көрсетілген қорғаныс механизмдерінің тізбегін қолданады. Қорғаныс механизмдері саналы түрде сезілмей, әрекет етеді, және индивидиумның шындықты қабылдауын бұрмалайды
2)К.Юнг бойынша тұлға тұжырымдамасы К. Г.Юнг (1875-1961) – Швецар психологы, психиатры, мәдениет танушысы,«терең» психологияның практигі, психологияның «аналитикалық психология» деп аталатын бағытының негізін қалаушы. Бұл пәндермен қатар К.Юнг философия, теология сұрақтарымен айналысқан. К.Юнг бастапқыда З.Фрейдпен бірге ұзақ жылдар бойы қызмет жасап, 1913 жылы Мюнхендегі психоаналитикалық конгрестен кейін екеуі мүлдем айрылыста. Ұзақ мерзімді зерттеулер нәтижесінде К.Юнг аналитикалық психологияның теориясы мен сол теорияға сүйенген психотерапиялық практиканы қалыптастырады.
К.Юнгтың кәсіби әрекетінің басын психикалық санадан тыс өнімдер және оның субъект үшін мәні туралы сұрақтар қамтыды.
З.Фреид көз қарастарымен сәйкессіздік мына сұрақтар бойынша туындайды. Біріншіден,З.Фрейд бойынша,либидо термині индивидтің бүкіл психикалық энергиясы ретінде қарастырылады,ол психологиялық бұзылулар сексуалдық құмарлықты басу және эротикалық қызығуды сыртқы орта объектілерінен ішкі әлемге аудару салдарынан болады деп есептесе,К.Юнг либидо ретінде сексуалды формаға тәуелсіз жалпы психикалық ауытқу сексуалдықты ығыстырудан басқа да,сыртқы ортамен байланысты жоғалтуға әкелетін жәйттармен анықталады деп көрсетеді. Екіншіден З.Фреид бойынша,невроз ерте балалық шақта пайда болады,оның негізгі факторы эдинкомплекстер,фантазиялар мен қалаулар болатын болса,К.Юнг бойынша невроз себебі бүгінгі күн жағдайларында,ал балалық фантазиялар-екінші жоспарда. Үшіншіден,З.Фреид бойынша,түс көру-жанаматүрде көрініс беретін шынайы жағдайларда орындалмаған қалаулар мен қызығулар,К.Юнг бойынша,түс көру-психикалықтың санадан тыс жағымен байланыстырушы канал,ол түсінуге өте қиын символдық тіл арқылы беріледі және оның орындалмаған қалаулармен байланысты болуы міндетті емес.Түс көру саналы күндізгі өмірдің толықтырмасы болуы да мүмкін. К.Юнг бойыша тұлға психологиясы үш бөліктен тұрады; 1)саналы: 2)индивидуальды бейсаналылық: 3)ұжымдық бейсаналылық. Тұлға құрылымында,оның дамуында негізгі рөл атқаратын-ұжымдық бейсаналылық бөлім.Бұл-бүкіл адамзаттың психологиялық мұрасының ізі.Бұған тарихи қалдықтар мен естеліктер енеді. Санадан тыс сфераға эндопсихологиялық қызметтер арқылы жақындай аламыз.Бұл беисаналы процестерді тікелей бақылау мүмкін емес.Бірақ оның санада көрінетін өнімдерін екі класқа бөліп қарастырамыз.: 1)Жеке адамға тән: 2)Бүкіл адамзатқа тән:
Persona
Саналы бөлім
Индивидуалды бейсаналық
Ұжымдық бейсаналық
Persona, Юнг бойынша, «Мен» - нің визит карточкасы болып табылады. Persona – қоғамда өзін көрсетудің жолы, белгілі бір әлеуметтік мінез, әлеуметтік рөл жиынтығы. Ego – сана орталығы, саналы өмірде негізгі рөл атқарады. Ego саналылықты сезінеді, тұлғаның ойлары мен әрекетінің ретін, сана мен санадан тыс әрекет байланысын қамтамасыз етеді. Мұндай үйлесім бұзылған жағдайда невроз пайда болады. Көлеңке – бұл әлеуметтік стандарттармен сәйкес келмейтін сана асты армандар. «Көлеңке» - индивидуалды бейсаналық сферасының орталығы, мұнда әлеуметтік стандарттармен, иделдармен сәйкес келмейтін, индивидті саналы түрде мойындамайтын қызығулар мен сезімдер, қалаулар мен тенденциялар енеді. Өмірде біз өзімізді персонамен теңестіреміз, ал көлеікеге мән бермеуге тырысамыз. Көлеңке неғұрлым саналы болса, тұлғаның қоршаған ортамен қарым-қатынасы соғұрлым үйлесімді болады. Көлеңке – эгоның кері бейнеленуі ғана емес, ол өмірлік энергияның, инстинктердің шығармашылық бастауының көзі. Көлеңкенің тамыры терең, ол бейсаналы сферамен байланысып жатыр. Анима және анимус – индивид үшін жағымсыз бейсаналы деңгейге ығыстырылған адамның өзіндік әйел немесе ер адам ретінде түсінігі. Анима ер адамдарда феминистік, ал анимус маскулиттік мазмұнға ие. К.Юнг бойынша, әрбір ер адам өзінің терең ойларында, өзінің бейсаналы сферасында өзін – әйел ретінде, ал әйел өзін ер адам ретінде сезінеді. Бұл бейне бейсаналы болғандықтан, ол санадан тыс түрде өзі таңдаған әел адамға проекциаланады. Өзіндік тұтастық (самость) – обьективті «мен» деген сөз. Бұл тұлға тұтастығының архетипі. К.Юнг бойынша өзіндік тұтастық бүкіл тұлға тұтастығын білдіреді. Саналы және санадан тыс деңгейінде бір-бірімен қарыым-қатынаста болуы тиіс емес, олар бір-бірін толықтыра отырып, өзіндік тұтастық құрайды. (қалыптастырады.). Егер «Ego» сана орталығы блатын болса, онда өзіндік тұтастық – «мен» орталығы болады. 3)К.Юнг бойынша сана және бейсаналы сфералар қызметі. К.Юнг бойынша, психлогия – негізінен, сана туралы ғылым, сондай-ақ ол бейсаналы сфераның өнімін де зерттейді. Сана - өз табиғаты боынша ерекше дискреттік құбылыс. К.Юнг бойынша сана терең өлшемсіз, санадан тыс кеңістіктің сыртқы қабықшасы тәріздес. Сана өте тар, ол-белгілі бір дәрежеде қабылдау мен сыртқы ортаға бағдарланудың өнімі. Сондай-ақ, санадан пайда болатын зат бірден саналанбады. К.Юнг сананы психологиялық фактордың эгомен байланысы ретінде түсіндіреді. К.Юнг бойынша, санада бірнеше функциялар шоғырланадыы. Функциялар эктопсихологиялық мүмкінкіндігін қамтамасыз етеді. Эктопсихология - сана мен сырттық ортада келетін мәліметтер арасындағы байланыс жүйесін. Эндопсихология- сана мазмұны мен санадан тыс сфераға келіп түсетін.............
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!