Мәдениеттану | Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті

 Мәдениеттану | Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті

Мазмұны
КІРІСПЕ
1. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік мәдени саясаты.
1.1 «Мәдени мұра» бағдарламасы және ондағы шаралардың іс жүзіне асырылуы...............................................................................................
1.2 Республикалық білім беру саласының дамуы мен болашағы...........
2. Тәуелсіз Қазақстандағы «Тіл» саясаты. Діни қайта жаңғыртулар.
1.1 Тіл – саясаты және оның дамуы.........................................................
1.2 Дін мемелекеттің рухани тірегі..........................................................
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі
Тәуелсіздік - халқымыздың ұлттық дүниетаным ерекшелігін, рухани мәдениетімізді әлемге танытуға мүмкіндік берді, әлі де бұл салада қыруар мәселердің шешілетініне күмән келтіруге болмайды,
Мәдениет өзінің түрлі бейнелеу тәсілі және түрлерімен қоғамның тарихи даму процесіне енді. Мәдениеттің әлеуметтік қызметі өндірістің тиімділігін арттырады, қоғамдық прогреске жол ашады. Мәдениетті дамытпай, әлеуметтік міндеттерді шешу мүмкін емес, ал ол өз тарапынан мәдениеттіліктің, халықтың шығармашылық жігерінің деңгейін кетеруге оңды жағдай жасайды, бір ғана өндіріс емес, бүкіл қоғамдық өмір жеке адамды дамытуды қажет етеді. Осыған байланысты екі жағдайға назар аудару керек. Әлем өзара байланыста және тұтастықта болады, ал әлеммен байланысты адамның қоғамдық саяси өмірге енуі, оны әлеммен байланыстыратын көптеген жағдайлар мәдениеттің дәрежесімен тікелей байланысты. Сонымен қатар қоғам прогресіне сәйкес адам бостандығының өрісі кеңи туседі.Қазақстан Республикасы өзінің Тәуелсіздігін жариялаудың нәтижесінде халқымыз жаңа саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани жағдайда өмір сүріп, еңбек етіп, сол тәуелсіз мемлекетімізді нығайту үшін күресуде.
Әрбір халықтың өз мәдени даналығы барлығы белгілі. Сол мәдени құндылықтарды бүкіл халық болып құрметтеу рухани норма.
Қазақ халқының мәдениеті - ежелгі заманнан бері байырғы жерінде өмір сүрген қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және жаңа заманға сай дамып, қалыптасқан түрі болды.
Қазақ халқының қалыптасуына байланысты оның өзіне тән материалдық және рухани мәдениетінің сипатты, белгілері орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата-бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды. Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мұралары т.б. ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдениет куәліктері екені анық. Халық бұқарасы материалдық мәдениет жетістіктерінің жасаушылары болды.
Аты әйгілі – Қорқыт /Ата Қорқыт/, Асан қайғы, Бұқар, Абай, тағы басқалар қазақ халқының философиялық ой-пікірін өрістеуге елеулі үлес қосты.
Қазақ өмірінің барлық белестері өлең мен жырға толған. Қазақтың ақындар айтысы - қазақ халқының өнері мен ақындық шабыт-шалымының салтанатты көрінісі. Міне, осындай бай мұраларымызды қайта жаңғыртып, оны толықтырып отырған кезеңде мемлекеттіліктің негізі де нығая түсері сөзсіз. Тақырыптың өзектілігі тәуелсіздік алған он бес жыл ішіндегі мәдениетіміздің қайта түлеу жетістіктерін бір ауқымға келтіріп, ондағы жіберілген кемшіліктердің алдын алу үшін маңыздылығы бар деп ойлаймыз. Қазір біз жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Мәдениет саласы осы дәуірдің тенденциясымен бағыт алып, барлық ұлт өкілдерінің басын құрап отырған мемлекетіміздің саясатын да жүзеге асырып келеді. Жоғарыда жазғанымыздай ел тәуелсіздік алған жылдан бері еліміздің мәдениетіне деген көзқарас жаңаша қоғамдық сипат алып, мәдениет саласында маңызы зор бағдарламалар жасалып, жүзеге асырыла бастады. Соның бірегейі елдің елдігін танытып отырған ол көпшілікке мәлім «мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы.
Тақырыптың тарихнамасы.Тәуелсіз Қзақстанның мәдениетін жазу барысында біз тарихшы, экономист, заңгер тағы басқа ғылым саласының ғалымдарының еңбектерін пайдаландық. Сондай-ақ , Қазақстан тарихы курсына арналған түрлі авторлар еңбектерін де басшылыққа алғанымызды секертеміз. Жұмыс мазмұнын ашу үшін заңды негізде бекітілген мемлекттік бағдарлама, жарғы, қаулы жіне тағы басқа да құжаттық неіздер қолданылды.
Ал енді сол еңбектерге талдау жасайтын болсақ, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың еңбектері /1/, жыл сайынғы мәдени саланың жетістіктері жөнінде көптеген нақты мәліметтер алуымызға басты , негізгі құрал болды.Ол жыл сайынғы Халыққа Жолдауының бірінде Қазақстан мәдениеті жөнінде былай деген еді
«эпостық өзіндік ерекшелікті дамыту және Қазақстанның ұлттық мәдени алуан түрлілігін сақтау, соның негізінде қоғамдық-саяси ахуалы тұрақты аймақ ретінде оның әлемдегі беделін арттыру керек »/2/ - деген еді.
Олай болса ғасырлар бойы қалыптасқан халқымыздың бай мәдениеттің тарихын білуіміз қажет, оны одан әрі дамыту болашақ ұрпақтың игілігіне жеткізу қажет-ақ. Тоталитарлық жүйенің үстем болған жылдарында осы бай мәдениетіміздің тарихы да, жетістігі де, ұмытыла бастады, мәдениет уәкілдері ұлтшылдар атанып, қуғынға ұшырады, ұлттық әдет-ғұрыптар, тіпті ұлттық киімдер ескінің қалдығы деп қарады. Маркстік-лениндік ілім, идеология әрбір ұлттың саяси-әлеуметтік экономикалық-рухани жетістіктерге, процеске жету жолдарын ұлт ерекшелігінен бөліп қарады. Сондықтан Н.Ә.Назарбаев «Бұрынғы КСРО- дағы жүргізіліп келген ұлттық саясатты зерттеп, ой елегінен өткізудің принципті маңызы бар»/3/ - деп жазды.
Біз бүгін бұрынғы құдқықсыз өмірден біржола бас тарттық; өзінің әлеуметтік бағдарланғанан нарықтық экономикасы және қоғамдық қарым-қатынастары бар күшті егемен мемлекетті құрып жатырмыз, әлемдік қауымдастықтың тең құқықты мүшесіміз, әлем елі картасында өзіндік ерекше орнымыз бар мемлекетпіз.
Мәдениет өрісін демократия принциптерінсіз қалыпттырудың басқа құралы жоқ, өйткені демократиялық институттар ғана барлық халықтардың мәдениеті өзінің табиғи үндестігін тауып, мәдениетаралық диалог жолға қойылатын, төзімділік психологиясы орнықтырылып,біртұтас мәдениет кеңістігі жасалатын ортаны қалыптастыра алады.
Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі елде мәдениеттің дамуына барлық шараларды қарастырды. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты басқа да еңбектерінде мәдениеттің даму тұжырымдамасы жасалынды, онда Қазақстан Республикасы идеологиялық өктемдіктен бас тартқанының, мәдени-шығармашылық бостандық жариялап, оны қорғап, өнерге қол жеткізуге көмектесетін жағдайлар туғызу, жариялылықты қамтамасыз ету - және шығармашылық қызметкерлерінің жұмысын халыққа жария ету жөнінде өзіне міндеттемелер алды.
1. Н.Ә.Назарбаев. Әділеттіктің ақ жолы, Алматы, 1991.;
Н.Ә.Назарбаев. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы, Алматы, 1992.; Н.Ә.Назарбаев. Ғасырлар тоғысында, Алматы, 1996.; Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан - 2030. Алматы, 1997.;Н.Ә.Назарбаев. Азаматтық форумның бірлескен мәжілісінде сөйлеген: «Азаматтық қоғам көп міндеттерді жүктейді». 2003, 15 қазан, Егемен Қазақстан.; Н.Ә.Назарбаев. «Жаңару стратегиясы» (ҚР-ның 12 жылдығына арналған баяндама). Егемен Қазақстан. 2003, 14 желтоқсан.; Н.Ә.Назарбаев. «Серпінділік стратегиясының қарлығашы». Егемен Қазақстан, 2006, 13 мамыр.; Н.Ә.Назарбаев. «Ел жұртымның алдында жауапкершілігімді сезінемін». Егемен Қазақстан. 2006, 13 қаңтар.; Н.Ә.Назарбаев. Елмен сұқбаты, Егемен Қазақстан, 2005 ж, 25 тамыз.; Н.Ә.Назарбаев. «Инвестициялық тартымдылық - бәсекеге қабілеттілік қасиет», Егемен Қазақстан, 8 маусым. т.б.; Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халықтары Ассамблеясының XI сессиясы баяндама «Ынтымағы жарасқан елдің ырысы» Егемен Қазақстан, 2005, 22 қараша
2. Н.Ә.Назарбаев. «Ынтымастыққа тағы бір нық қадам» 2005, 12 қараша. II Азаматтық форум.
3. Н.Ә.Назарбаев. «Мен өзімнің уәдемді орындап келемін». Егемен Қазақстан, 2005, 26 шілде.
Ә.Әбдәкімұлы. Қазақстан тарихы, Алматы, 1997.
2. С. Байтіленов. Қазақстан ауылшаруашылығындағы тоқырау. Тараз, 1999.
3. К.Берденова, К.Құбаев, А.Кәрібай. Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономикалық даму негіздері. Алматы, 1998.
4. История Казахстана. С древнейших времен до наших дней. В пяти томах, т. 1, 2, 3- Алматы, «Атамұра», 1996, 1997, 2000.
5. История развития транспорта и коммуникаций Казахстана, Алматы. 2000.
6. Казахстан за 70 лет, Алматы, 1990.
7. Қазақтың көне тарихы, Алматы, «Жалын», 1993.
8. Е.Қайназаров, А.Қайназарова. История Казахстана (учебное пособие), Алма-Ата, 1992.
9. Кан Т. История Казахстана, учебное пособие. Алматы, 2002.
10. Б. Кәрібаев. Қазақ хандығының құрылуы. (қазақ тарихы) 1995
11. М.Қозыбаев. Жауды шаптым ту байлап. Алматы, 1999.
12. М.Козыбаев. Казахстан и современность. Алма-Ата, 1991.
13. М.Қозыбаев. Өркениет және ұлт. Алматы, 2001.
14. М.Қойгелдиев, Тұтас Түркістан идеясы және Мүстафа Шоқай, Алматы, 1994.
15. М.Қойгелдиев. Алаш қозғалысы, «Санат» Алматы, 1995
16. М.Қойгелдиев. Т.Омарбеков Тарих тағылымы не дейді? Алматы, 1993.
17. Қ.Көшербаев, Р.Құттыбаева. Қазақстандағы этносаралық қатынастар мәселесі, Алматы, 1996.
18. Кунаев Д.А. О моем времени, Алма-Ата, 1992.
19. Күзембайұлы, Е.Абиев. История Казахстана, Алма-Ата, 1996.
20. Қадырғали Жалайыр. Шежілер жинағы, Алматы, 1997, Қазақ қалай аштыққа ұшырады? (Қасіретті жылдар хаттары?) Алматы, 1991.
21. Кункожаев Н.Р. Политическая, социально-экономическая и
духовная жизнь независимого Казахстана, Алматы, 2004.
22. Н.Р.Күнқожаев. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы, Алматы, 2004. '
23. Н.Р.Күнқожаев. Тәуелсіз Қазақстан Республикасына 12 жыл, Алматы, 2003.
24. Қазақ Совет энциклопедиясы, 1 - 12 т, Алматы, 1972 - 1980.
25. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) Очерк, Алматы. «Дәуір», 1994.
26. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы, 1995.
27. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі, Алматы, 1994.
28. Маданов Х.М. Қазақ мәдениетінің қалыптасу кезеңдері, Алматы, 1995.
29. Мәшімбаев С. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты, Алматы, 1994.
30. Мухаммед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди, Алматы, 1999.
31. Мусин Ч. Қазақстан тарихы, Алматы, 2005.
45. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. 2006 ж халыққа Жолдауы, Егемен Қазақстан, 2006 ж.
46. К. Нұрпейсов. Алаш һам Алаш Орда, Алматы, 1995.
47. Нығмет Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы, Алматы, 1999.
48. Омаров А. История железных дорог Казахстана. 1825 - 1995, т.1, Алматы, 1997.
49. Омарбеков Т. Зобалаң. Алматы, 1995.
50. Омарбеков Т. XX ғасыр басындағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері, Алматы, 2001.
52 Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы. Алматы, 1999.
51. Тулепбаев Б, Тулепбаева К. Д.А.Кунаев - выдающийся государственный и политический деятель, Алматы, 2006.
52. Тынышбаев М. История Казахского народа, Алма-Ата, 1993.
53. Шаймерденов Е. Қазақ елінің рәміздері, Алматы, 1993.
54. Учебное пособие по истории Казахстана (древнейших времен до наших дней). Алма-Ата, 1992.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері.
-Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік мәдени саясаты жөніде баяндау;
-«Мәдени мұра» бағдарламасы және ондағы шаралардың іс жүзіне асырылуын талдау;
- Республикалық білім беру саласының дамуы мен болашағын негізгі құжаттар негізімен анықтау;
-Тәуелсіз Қазақстандағы «Тіл» саясатының іске асырылуын, жетістіктері мен кейбір кемшіліктерін көрсету;
-Діни қайта жаңғыртулар туралы баяндау.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері.
Диплом жұмысының дәйектемелік негізі 1991 жылдан 2007 жылдар аралығын яғни, тәуелсіздік алған жылдар аралығын қамтиды.
Диплом жұмысының әдістемелік негізі.
Жұмысты жазуда біз тарихилық, жүйелік, объективтік ұстанымдарды алдық, Сонымен қатар қазіргі кезде қалыптасып келе жатқан жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан баға берілген еңбектерді басшылыққа алдық.
Диплом жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МӘДЕНИ САЯСАТЫ
1.1 Мәдениетті қолдау жылындағы жетістіктер және «Мәдени мұра» бағдарламасы; мақсаты, міндеті, нәтижелері.
2000 жылы «Мәдениетті қолдау» жылы болып жарияланды: ЮНЕСКО деңгейінде Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтой өткізілді. Бұл еліміздің беделіне қосылған зор үлес болды. Өйткені, Түркістан қазақ және Орталық Азиядағы басқа да халықтардың өзіндік бір рухани және мәдени орталығы, екінші Мекке болып саналады.
Біз жоғарыда Қазақстан Республикасының мәдениет саласына қысқаша шолу жасадық. Қандай да бір экономикалық қиыншылықтар болмасын, мәдениет мәселесіне үнемі назар аударып отырды. Дегенмен, көптеген қиыншылықтар да кездесті. Колхоз және совхоздар таратылды Көптеген өнеркәсіп орындары тоқтап қалды. Аудандар бірікті. Мұның бәрі көптеген мәдени мекемелердің, орталықтардың жойылуына соқтырды, бұл шындықты да мойындаған нағыз әділеттілік болар Тіпті, аудан орталығындағы музыкалық оқу орындары да қысқаруға ұшырады. Мәдениет қызметкерлері әлеуметтік жағынан қорғалмаған болып шықты.
1995 жылы 7352 кітапхана болса, ол 1998 жылы 3032 болып қалған яғни екі еседен астамы қысқарған, олардағы оқушылар саны осынша азайған. Мұражайлар саны 8,8, бірақ оған оқушылардың саны 1,5 қысқарған. Республикада үш жүз парк бар. Ақша төлеп кино көрсетілетін қондырғылар осы жылдарда 3,5 есе қысқарған, ал оны көрушілер қалда да, селода да мүлдем азайған. Село халқы кино көруіді қойды десек те қателеспейміз. Селолы жерлерде республика халқының 44 пайызы тұратынын ескерсек, бұл орны толмас кемшілік.
2000 жылдың «Мәдениет жылы» деп атауына байланысты бұл салада бірсыпыра шаралар іске асырылды. «Біз мәдениетімізге қарыздармыз, алайда ештеме істемейді десек, мұнымыз шындыққа кереғар болар еді» - деп жазды Н.Ә.Назарбаев. Қазақстанда 2000 жылдың өзінде 468 кітапхана* 238 клуб, 5 мұражай ашылды. Барлығы мыңнан астам жабылғандары қалпына келтірілді. Бұл жылы мәдениет ошақтарын жаңарту мен жөндеуге 3,5 млрд теңгеден аса қаржы жұмсалды. Осы жылдың өзінде ғана Астанада Мемлекеттік мұражайы мен опера театры:, Петропавлда музыкалық драма театры, Оралда музыкалық театр ашылды. Еліміздің ауылдық кітапханаларына жарты миллионнан астам жаңа кітаптар берілді. 2001 жылғы бюджеттен мәдениетті дамьпуға 600 миллион теңге берілді.
Мәдениет саласының көрнекті өкілдеріне «Халық қаһарманы» атағы беріле бастады. Мұндай жоғары ерекше белгі Р.Бағланова, Н.Тілендиев және Ә.Мәмбетовке берілді. Бұл мәдениетке деген аса зор қамқорлық еді. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев өнер саласындағы жас таланттарды, еңбек сіңірген қайраткерлерді рет-ретімен қабылдап, олардың шығармашылық қызметтеріне тілек білдіріп отырды. Орталық концерт залында Бибігүл Төлегенованың I халықаралық әншілер байқауы өткізілді. Әлемнің әр шалғайынынан, ТМД елдерінен келген 50 орындаушының ішінен іріктелген 17 үздік әнші өнер көрсетті.
«Ер есімі - ел есінде» дегендей, барлық облыстарда, қалаларда, аудандарда өнер қайраткерлеріне ескерткіштер орнатылып, көше аттары берілуде. Елімізде Тәуелсіздіктің таңы атқаннан кейін барлық облыс, қалаларда, аудан орталықтарында қазақтың үш биінің - Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би есімдері орталық көшелерге берілді. Сондай-ақ Абылай хан, Қабанбай, Бөгенбай және Наурызбай сынды батырлардың атымен көшелер атала бастады.
2004 - 2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің "Ішкі және сырты саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары" Қазақстан халқына Жолдауына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 903 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 - 2006 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 6.5.2-тармағына сәйкес әзірленді. Осы Бағдарламаны әзірлеу мәдени мұра саласында қалыптасқан ахуалға неғұрлым белсенді де сындарлы ықпал ету қажеттігінен туындады.
Мәдени мұра саласындағы проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
Қазақстанның мәдени мұрасының қазіргі жай-күйі сан ғасырлық дәстүрлерді сақтау мен одан әрі дамыту жөніндегі шаралар кешенін қолдан келгенше қамтамасыз етумен, тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткіштерін ашумен, кесенелерді, ескі мешіттерді, ежелгі кенттерді тұмшалаумен, қшшына келтіру жөніндегі жұмыстарды жандандырумен, олардың негізінде жаңа тарихи-мәдени мұражай-қорықтардың құрумен сипатталады.
Қазақстанда қазіргі уақытта тарих, археология, сәулет және мүсін өнерінің жылжымайтын ескерткіштері 25 мыңнан астам, 11 мың кітапхана. 147 мұражай. 8 тарихи-мәдени қорық-мұражай, 215 мұрағат бар деп есептеледі. Тарихи және этнографиялық бейіндегі мемлекеттік мұражайлардың, Қазақстан тарихындағы есте қалатын оқиғаларға арналған мемориалдардың тармақталған желісі жасалды.
Қазақстанның тарихы мен мәдениетінің қайталанбас ескерткіші - Түркістан қаласындагы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі 2003 жылғы маусымда ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізілді.
Астана қапасының мәдени инфрақұрылымын жақсарту жөнінде шаралар қолданылды: республика астанасында соңғы жылдары Қазақ музыкалық комедия театры, мұражайды, кітапхананы және концерт залын қамтитын Президенттік мәдени орталығы ашылды. Ұлттық кітапхананың құрылысы аяқталды. Киноконцерт залы мен цирктің құрылысы жүргізілуде. "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы", "Мәдениет туралы", "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасының заңдары қабылданып, күшіне енді.
Сонымен қатар, мәдени мұраны қорғау мен дамыту саласында қалыптасқан ахуал осы бағыттағы қызметті одан әрі дамыту мен жандандыруда кезек күттірмейтін кешенді шараларды қолдануды талап етеді. Қазақстанның ұлттық тарихы үшін орасан зор мәні бар көптеген тарихи, археологиялық және сәулет объектілері шұғыл көмекке мұқтаж. Олардың арасында - Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанбаб кесенесі, Қызылорда облысындағы Асан-Ата және Айқожа кесенелері, Алматы облысындағы Жаркент мешіті, Оңтүстік Қазақстан облысының Тұрбат ауылындагы тарихи-сәулет ескерткіштері, "Әзірет Сұлтан", "Жидебай-Бөрілі" қорық-мұражайларының тарихи-сәулет және археология ескерткіштері, Маңғыстау қорығы және "Ордабасы" қорығы және т.б. секілді тарих пен мәдениеттің қайталанбас ескерткіштері бар.
Олардың көпшілігі осы уақытқа дейін урбандалу, индустриялану және технократизациялану салдарынан болатын бұзылып-бүлінуден қорғалмаған. Ежелгі уақыттан бергі заттық емес, рухани мәдениеттің ескерткіштерін, соның ішінде ежелгі түркі жазу ескерткіштерін зерделеу, пайдалану, қазіргі авторлардың шығармаларындағы дәстүрлі мифологемалар мен бейнелердің өзгеруі жүйесі мен әдістерін дамыту жеткіліксіз.
Өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап қазақ тілді оқырман үшін философия, тарих, заңгерлік және басқа салалардағы әлемдік ғылыми ой-сананың негізі қаланған еңбектерді, сондай-ақ көркем әдебиетті басып шығару іс жүзінде тоқтап қалды.
Осымен байланысты өскелең ұрпақты қазақстандық отаншылдық рухында тәрбиелеу және тарихи, мәдени мұраны жан-жақты зерделеуде ақтаңдактарды жабу, сондай-ак қазақ халқының сан ғасырлық рухани тәжірибесін қорыту мақсатында мемлекеттік тілде тарихи, көркем, ғылыми толық дестелерді шығарудың мәселелері ерекше өзекті болып отыр. Қағаздан, желімнен, теріден, қатырма кағаздан және т.б. органикалық материалдардан жасалған жазба мұраның, құжаттардың табиғи сарғайып-ескіруі орын алуда. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының қорында, елдің мұрағаттары мен қоймаларында сақталған аса көрнекті ауызекі кәсіби дәстүрде орындаушы-музыканттардың фоножазбаларының табиғи жай-күйіне де айрықша назар аудару керек. Осы бағдарламаның аясында жоғарыда белгіленген мәселелерді кешенді түрде шешу Қазақстан халқының мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және кеңінен таныстыру жүйесін одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне келетін болсақ,
Бағдарламанын мақсаты елдің рухани және білім беру саласын дамыту, мәдени мұрасының сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету.
Алға қойған мақсатқа қол жеткізу мынадай міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:
елдің маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қайта жаңғырту;.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі