Бухгалтерлік есеп | Тауарлы-материалдық құндылықтардың ішкі аудиті және талдау

 Бухгалтерлік есеп | Тауарлы-материалдық құндылықтардың ішкі аудиті және талдау

Мазмұны
КІРІСПЕ ………………………………………………………..3
1 Материалдық қорлардың түсінігі, мазмұны, маңызы
1.1 Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жүргізудегі материалдық құндылықтар есебінің саясаты............................7
1.2 Материалды құндылықтар қозғалысы есебі бойынша құжаттау, қоймадағы есебі және түгендеу .............................15
1.3 Материалдық құндылықтардың бухгалтериадағы есебі, олардың 1С: Бухгалтерия жүйесіндегі есебі..........25
2. Тауарлы-материалдық құндылықтардың ішкі аудиті және талдау
2.1 ТМҚ-ның ішкі аудитін ұйымдастыру ...............................50
2.2 ТМҚ-ның тиімді пайдалануын талдау...............................53
Қорытынды ..............................................................................65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ........................................67

Кіріспе
Экономиканы басқарудың реформасы материалды ресурстармен қамтамасыз етуді тереңірек қарастыруды талап етеді. Материалдық ресурстарды үнемдеу мен өндірістік қорларды азайтуға, шаруашылық айналымға қалдық шикізаттарды кіргізу, жабдықтаушылар мен өндірушілердің арасындағы қатынастарды жақсартуға негізделген.
Барлық табиғи ресурстарымыз- еңбек, негізгі қорлар, отын мен шикізаттар- орасан зор байлық. Алайда ресурстарды дұрыс игере алмағандықтан, оларды тиімді және ұтымды пайдаланбау нәтижесінде көптеген елдердің кедей елдердің қатарынан шыға алмағандығы өмір көрсетіп отыр. Сондықтан табиғи ресурстарды үнемдеу мен тиімді пайдаланудың даму старатегиясын немесе оларды іске үшін, келесі іс-шараларды атқару қажет:
1. Материалды ресурстарды үнемдеу және тиімді пайдалану;
2. Материал сыйымдылығы мен өндірістік қорлар деңгейін төмендету;
3. Материалдардың айналымдылығын жеделдету;
4. Аяқталмаған өндірістегі қалдықтарды және жоғалтуларды азайту;
5. Материалдардың қабылдануын және қоймада сақталуына қатаң бақылау;
6. Материалды өндірісте тиімді пайдалануына бақылау жүргізу;
7. ТМҚ түрлерін ұтымды пайдалануды қадағалаушы экономикалық тетік механизімдерін құру;
8. Табиғи ресурстарды пайдалануын қадағалау.
Басқару жүйесін жақсарту арқылы, өндіріс тиімділігін арттыруға талпыну арқылы, кәсіпорындардың пайдасының арту мүмкіндігін алары анық. Ол үшін, әрбір кәсіпорын, басқару жүйесіне қажетті ақпараттарды жедел және нақты түрде алып отыруы қажет. Ғылыми түрде дәлелденгендей, бухгалтерлік есеп, басқару жүйесінің 80 пайызынан артық мөлшеріндегі ақпараттармен қамтамасыз етеді. Сондықтан бухгалтарлік есеп келесі талаптарға сәйкес ұйымдастырылуы қажет:
• Материалдардың есепте дәл көрсетілуін қамтамасыз ету;
• Материалдардың құрылымына сәйкес ғылыми топтау;
• Тауарлы-материалдық құндылықтардың бары мен қозгалысы бойынша мәліметтерді жинау мен бақылау;
• ТМҚ қозғалысын, пайдалануын бақылау; ;
• Тұтынушылардың қолайлы мәліметтерге дер кезінде қажеттілігін қанағаттандыру.
Материалдық құндылықтар есебіне белгілі талаптар қойылады және Бұл талаптар «Бухгалтерлік есепке алу туралы» №2732 26.12.1995ж. ҚР Президентінің жарлығымен ұштастырылады. Бұл талаптар келесідей:
- ақпарат көрсеткіштері түсінікті, мәнді және мүмкіндігінше материалдардың нормалардан ауытқуын сипаттайтын болу керек;
- мәліметтер меншік иелеріне және басқару шешімдерін қабылдайтын басқару органдарына бекітілу керек;
- ақпараттық мәліметтер тиянақты, аз көлемде, бірақ басқару шешімдерін қабылдауға жеткілікті болу керек;
- материалдық қорлардың түсуі, пайдалануы, сақталуымен байланысты барлық мәліметтер жүйесі анықталуы керек;
- автоматтандыру бойынша жұмыстар материалды қорлардың оперативті және бухгалтерлік есебін ғана емес, сондай-ақ басқару шешімдерін қабылдау процесін қамтуы керек.
Тауарлы-материалды құндылықтар есебінің объектісі болып өндірістік шаруашылық тұтынуға арналған еңбек заттары табылады. Еңбек заттарына шикізаттар, материалдар, отын, яғни бір өндірістік циклда пайдаланатын заттар жатады.
Шымкентмай ААҚ-ның мысалында жазылғандықтан, дипломдық жұмыста тікелей осы өндірістегі шикізаттар мен материалдық құндылықтардың пайдалануы мен есепте жүргізілуі қарастырылаған. Кәсіпорындағы материалдық құндылықтардың бухгалтерлік есебі төмендегілерді қамтуға мүмкіндік береді:
- акционерлік қоғамды басқару үшін қажетті материалды құндылықтардың сақталу орнындағы қалдықтары мен қозғалысы жайлы шынайы мәлімет алу;
- материалды құндылықтардың қабылдануын, өнделуін, жіберілуін, есептен шығарылуын уақытылы құжаттап, тексеру;
- дайындалған материалдық қорлардың нақты өзіндік құнын анықтау;
- қорлардың бекітілген нормада пайдалануын қадағалау, нормадан артық және пайдаланылмайтын материалдарды анықтау; бухгалтерлік есеп шоттарының бас жоспары негізінде метериалдық қорлардың синтетикалық есебін жүргізу.
Тауарлы-материалды қорлар есебінің міндеттері: қазіргі кезде өндірісте шикізаттың кешенді пайдалануына, шикізаттарды өндеу кезіндегі шығындардың азаюына басты көңіл бөлінуде. Сондай-ақ шикізаттардың ұтымды және үнемді жұмсалуына бет алуда. Бұл міндеттерді шешудегі жұмысты жасаудағы негізгі мақсат:
- материалдармен жабдықтаудың нақты жолдарын қарастыру;
- материалдарға сәйкес «Шымкентмай» ААҚ-ның материалдық сыйымдылығын төмендетуді қарастыру;
- өндіріске жіберілетін қабылданған материалдардың өнім түрлеріне сәйкес есебін жүргізу және тиімді пайдалануын зерттеу;
- материалдарды талдау барысында қор қайтарымдылығын анықтау;
- материалдар қозғалыс есебінің дұрыс жүргізілуі және қойма мен бухгалериядағы есептелуін бақылау және зерттеу;
- материалды құндылықтарды бағалаудың Фифо, Лифо, ерекше ұқсастыру, орташа құн әдістерінің қолданын қарастыру;
- «Шымкентмай» ААҚ-дағы аудиторлық тексеру нәтижесін және ішкі аудиттың жұмысын қарастыру.
1 Материалдық қорлардың түсінігі, мазмұны, маңызы.
Тауарлы-материалдық қорлар өндірісте атқаратын қызметіне байланысты еңбек заттары қатарына жатады.
Кәсіпорында айналым капиталының үш түрі бар. Олар:
1. Негізге қорлар;
2. Материалдық құндылықтар;
3. Жұмысшы күші-еңбек
«Еңбек заты табиғатта бар материалдар немесе өнделген шикізаттар, одан еңбек процесінде адамның қатысуымен жаңа өнім туындады»- деп К.Маркс көрсетті.
Еңбек құралдары өндірістік процесте өзінің түрін сақтай отырып, өндірілген өнімге өзінің құнын біртіндеп ауыстырады, еңбек заттары, өндіріс қорлары ретінде өнім өндіру процесіне бірақ рет қатысып, өзінің құнын жаңа өндірілген өнімге толығымен береді.
Тауар өндірісінде материалдық құндылықтардың алатын орны ерекше, өйткені ол өнімнің негізін құрайды. Сондықтан да материалдық құндылықтарды тиімді пайдалану және олардың есебін дұрыс ұйымдастырылуы кәсіпорын басқару жүйесінің біліктілігіне байланысты.
Материалдық құндылықтарды көптеген ғалымдар талдап, оның құрамына көп көңіл бөлген. Материалды құндылықтар түсінігі туралы М.С.Ержанов, Ф.С.Сейдахметова, А.Ш.Маргулис, К.Ш.Дюсембаев, П.С.Безруких сияқты үлкен ғалымдар өз еңбектерін жазған.
Материалдық құндылықтар дегеніміз - бұл өнім өндірісінде бір-ақ рет қатысып, өзінің қүнын толығымен өндірілген өнімге өткізетін активтер болып табылады.
П.С.Безруких «Материалды құндылықтар есепте еңбек заты деп түсіндіреді, еңбек құралынан айырмашылығы, ол өндірісте бір ғана өнім циклінде қатысады және сондықтан оның құны толығымен дайындалған өнімнің өзіндік құнына кіреді. Оған шикізат, негізгі және көмекші материалдар, отын, қосалқы өлшектер, басқа да материалдық ресурстар жатады» — деп жазған.
Материалдық құндылықтар өндірістік кәсіпорында өнімнің өзіндік құнының негізгі бөлігін құрағандықтан, оны зерттеу және талдау маңызды болып саналады.
А.Ш.Маргулис өзінің «Калькуляция себестоимости промышленности» деген еңбегінде, әр-бір өндірістегі материалдар үлесін анықтап жазған. Мысалы, металл өңдеу өнеркәсібінде:
қара металлургияда - 87,1%
мұнай өңдеуде - 62,1%
негізгі химияда - 60%
резина-техникалық бұйымдарда - 78%
тоқыма өнеркәсібінде — 90,8%
тігін өнеркәсібінде — 92,6%
Әрине, Шымкентмай өнеркәсібі тамақ өнеркәсібіне жатқандықтан материалдық қорлар 90,8 пайыздан асатыны көрініп тұр. Бұл дегеніміз, есеп жүргізу барысында, негізінен осы шығындар тобына аса қатаң көңіл бөлу қажет екендігін айтамыз.
Әр түрлі өндірістегі материалдар үлес салмағын анықтай келе А.Ш.Маргулис былай дейді «Материалды қорлар шығындарымен күресу, оларды тиімді пайдалану - бұл өндіріс шығындарын төмендетуді қамтамасыз етуі қажет, өндіріс өсу үшін қосымша жаңа ресурстармен қамтамасыз етеді» - деп атап айтқан.
Капитал салымдарын жоғарлатуға бару үшін ресурстарды барынша тиімді пайдалану керек, соның ішінде материалдардың сыйымдылығын төмендету есебінен, арзан әрі тиімді материалдарды қолдану, сонымен қатар олардың шығындарын үнемді пайдалану қажет.
Жоғарыда көрсетілген материалдық шығындар өндіріс шығындарында басқа шығындармен салыстырғанды үлес салмағы аса көп. Егер өнеркәсіпті алатын болсақ, онда олар 60-тан 92%-ға дейін және тамақ және жеңіл өнеркәсіпте одан да жоғары болады. Олар өзіндік құнның негізін бірлігі ретінде құраса, сондай-ақ барлық өнімде, өндірістік процесте материалдық ресурстарды пайдалану есебіне әрқашан үлкен мағына бөлінген және бөліне береді де.
Кез-келген кәсіпорында шығындардың маңызды құрылымдық бөлігін шикізат пен негізгі материалдар, отын, электрэнергиясы, құрайтындықтан, материалды құндылықтар есебін ұйымдастыруда оның есебінің дұрыс жүргізілуі, материалдардың үлесін азайту, шоттар мен субшоттардың дұрыс жүргізілуі, материалдық құндылықтардың дұрыс топтастырылуы, үстеме шығындардағы материалдар шығындарын талдау, сонымен қатар ішкі аудиттің дұрыс жүргізілуін қамтуы тиіс.
Кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы: Кәсіпорын Қазақстан Республикасы мен ТМД елдеріндегі май саласындағы жұмыс істейтін зауыттарының бірі болып табылады. Шымкентмай акционерлік қоғамы 1942 жылы іске қосылған май комбинаты негізінде 1993 жылы 29 желтоқсанда тіркеуден өтті, қайт тіркеу 15 наурыз 1999 жылы Акционерлік қоғам ретінде құрылды.
Жоғарғы органы болып акционерлердің жалпы жиналысы болып есептеледі. Басқару органы директор кеңесі болып есептеледі. Атқарушы органы Президент және басқару құқығына ие азаматтар.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 575 тонна құрайды.
Кәсіпорын келесідей өнім түрлерін шығарады:
1. Тазартылған өсімдік майы (мақта, күнбағыс, соя, софлор, қыша);
2. Шаруашылық сабыны 65% және 72%;
3. Сауда операциялары, бартерлік және басқа делдалдық қатынастар;
4. Тазартылған соапсток қышқылы;
5. Шет елдермен әр-түрлі экономикалық қатынастар, тағы да басқа
6. Шрот (мақта, күнбағыс, соя, софлор, қыша);
7. Мақта қауызы (шелуха)
«Шымкентмай» ААҚ-да келесідей цехтық бөлімшелер бар:
- шикізат цехы;
- дайындық цехы;
- тазарту (рафинационный) цехы;
- дезодорация цехы;
- дайын өнім цехы;
- өсімдік майын өлшеп-орау цехы;
- көмекші цехтар.
Кәсіпорын құрамында 4 кешенді-механикаландырылған цех, 4 кешенді-механикалавдырылған участок, 2 автоматтандырылған линия, 3 механикаландырылған үздіксіз линиясы бар. Кәсіпорын қалдықсыз технологиясы бойынша жұмыс істейді.
Кәсіпорынның шикізаты, әртүрлі майлы дәндер болып табылады, солардың негізгілері-мақта шиіті мен күнбағыс дәні болып табылады. Мақта шиіті аудандардығы және қаладығы мақта зауытынан жеткізіледі. Күнбағыс дәні негізінен Шығыс Қазақстан облысы мен Ресейден әкелінеді.
Кәсіпорынның негізгі өнімі-өсімдік ас майы және шаруашылық сабыны.
Өсімдік майы жоғары сапалы, шығыс асханасы тағамдарын даярлау үшін қолданылады, бұл тағамға арнайы және үйреншікті дәм береді. Мақта майы және басқа да кәсіпорында шығарылатын өсімдік майы, кулинарлық май және маргарин өндірісі үшін жетістікпен пайдаланылады. Май шағын цехтардың өнімдерінен айырмашылығы, кәсіпорында шығарылатын май жоғары деңгейде тазартылған. Шаруашылық сабыны қазіргі заман технологиясымен рецептура бойынша ГОСТ-ң барлық талаптарын сақтай отырып шығарылады, тауарды жоғары тұтыну қасиетімен қамтамасыз етеді. Шрот пен шелуха жолай өнімдер болып есептеледі. Құс, ірі қара және басқа да үй жануарларына жем ретінде пайдаланылады. Шротты шетелге шығаруға мүмкіндігі бар және протеин алуға барлық жағдайлар бар. Майдан ажыратуды саломас өндірісінде өндірістің жанама өнісі ретінде глицирин жартылай фабрикаты алынады, ол кейінінен глицериннің жоғарғы сапалы маркасын алу үшін қолданылады, соның ішінде медециналық мақсаттар үшін. Жоғарыда аталған барлық тауар түрлері өтімді болып табылады, халықтың күнделікті тұтыну тауарлары ретінде де, өнеркәсіп өндірісінде де (құймалы крепитель, битум) және фураж (шрот, шелуха) ретінде де бөлшек саудада жоғары сұранысы бар.
Мақта дәнін престеу өнімі болып, мақта майы мен күнжара табылады. Мақта майы, майлы май дәніне жатады және бірқатар еркін май қышқылы санынан және қажетсіз заттар қоспасынан тұрады.
Мақта майы престеу және одан ары техникалық мақсатқа және басқа да мақсаттарға пайдалану үшін мақта дәнін экстаккциялау жолымен өндіріледі.
Рафинациялық цехта өсімдік майымен бірге болатын қажетсіз заттардан, қоспалардан тазарту жүзеге асырылады. Майды тазарту сілтілік тазарту және дезодрация (сасық, жаман иісті кептіру) жолымен жүргізіледі. Бұл цехтың өнімі-тазартылған май мен соапсток болып табылады. Соапсток сабын қайнату өндірісінің шикізаты болып табылады.
Кәсіпорынға қойылған міндеттерді орындау үшін: Жарғы капиталы - 202266000 мың теңге, соған сәйкес номинал бағасы 100 теңге болатын - 2022660 акциясы болуы қажет. Соның ішінде 1844670 жай акциялар, ал 177990 айрықшылығы бар акциялар.
Жарғы капиталының құрамы толығымен акционерлердің нақтылай қаржысынан тұрады. Кәсіпорында тұрақтылық қоры 15 пайыз жарғылық капиталдан құралады. Жиналған сомма 30 млн.тенге одан да басқа қорлардың ішінде дебиторлық қарыздарды мерзімінде төленбеген жағдайда кешіру үшін арналған болып, оның сомасы 665128 тенгені құрайды.
Кәсіпорын бухгалтерлік есепті ҚР есеп жүргізуге арналған арнайы заңдарына сәйкес жүргізіледі. Оған қосымша кәсіпорында Есеп саясаты бекітілген.
Кәсіпорыннның бухгалтерлік есебін жүргізуіндегі материалдар есебінің саясаты
Есеп саясаты ҚР 26.12.1995 жыл №2732 Есеп саясаты тұрасында
Президенттің жарлығы;
Қазақстандағы бухгалтерлік стандарттары;
- Бас есеп шоттар жоспары;
- Бухгалтерлік есеп жүргізудегі әдістемелік ұсыныстар;
- Салық және де басқа бюджетке төлемдер мен міндеттемелер.
Тағы да басқа арнайы және ресми құжаттарға сәйкес даярланып, онда есеп әдістері, есеп принциптері, есепті жүргізуді ұйымдастыру тәртіптері қарастырылған.
Арнайы бөлімде, қаржылық есеп беру тәртібі бекітілген, оның құрамы, мағынасы, табыс алатын арнайы көрсеткіш көздері көрсетілген. Сонан соң, түгендеу жүргізу тәртіптері қарастырылған. Нақтылай активтерді тексеру тәртібін бекітілген, түрлі активтер және капитал, міндеттемелерге түгендеу тәртібі де қарастырылған.
Кейіннен активтердің арқайсысына жеке бөлімдерде есепті қалай жүргізу тәртіптері қарастырылған, барлығы 36 беттен тұратын үлкен еңбек. Бізге соның ішінде материалдық қорлар есебі қажет болғандықтан басқа бөлімдерді қарастырмастан тікелей ТМҚ бөліміне қысқаша тоқталып өтсек.........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!