Экономика | Тауарлы-материалдық қорларды бағалауының аудиті

 Экономика | Тауарлы-материалдық қорларды бағалауының аудиті

Мазмұны
Кіріспе _____________________________________2
1 бөлім. Тауарлы-материалдық қорларды бағалау.
1.1. Тауарлы-материалдық қорлар туралы түсінік____________________3
1.2. Тауарлы-материалдық құндылықтар қозғалысын есепке алу жөніндегі құжаттама________________6
1.3. Қоймалардағы және сақтайтын орындардағы материалдық құндылықтардың есебі және ТМҚ-ның бухгалтериядағы есебі________8
1.4. Тауарлы-материалдық құндылықтарды түгендеу_________________10
2 бөлім. Тауарлы-материалдық қорларды бағалауының аудиті.
2.1. Материалдық құндылықтар, оларды жіктеудің, бағалаудың және түгендеудің аудиті _______________ 12
2.2. Тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысының есебінің аудиті _____________________________ 16
2.3. Аяқталмаған өндіріс есебінің аудиті. Дайын өнімдердің есебінің аудиті.
Тауарлардың есебінің аудиті_____________________________________24
Қорытынды____________________________________________________
Пайдаланылған әдебиеттер_______________________________________

Кiрiспе
Бухгалтерлiк есеп жүйесi дегенiмiз – кәсiпкерлер мен ұйымдардың операциялары мен жағдайлары жөнiндегi ақпаратты жинау, тiркеу және топтастыру жүйесi болып табылады . Қазақстан Республикасының резиденттерi болатын мiндеттi тiркеуден өтуi қажет заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер және де Қазақстан Республикасында тiркелген, бiрақ резиденттер болып саналмайтын заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлеттiлiктерi бухгалтерлiк есеп жүргiзуге және қаржылық қорытынды есептi құрастырып, сәйкес орындарға тапсыруға мiндеттi. Бұл кәсiпкерлер мен ұйымдар бухгалтерлiк есептi жүргiзуде және қаржылық қорытынды есептi құрастыруда заңдық және әртүрлi нормативтiк-құқықтық негiздерге сүйенедi. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлiк есеп және қаржылық қорытынды есеп жөнiндегi» заңын, Халықаралық қорытынды есеп стандарттарын, Ұлттық есеп стандарттарын, Бухгалтерлiк есептің Типтiк шоттар жоспарын атауға болады.
Ұйымдардың өнiмдер өндiрудегi (қызметтердi атқару, жұмыстарды орындаудағы) аса маңызды объектiлерi - шаруашылық қорлары болып табылады. Шаруашылық қорлар құрамына негiзгi құралдар, материалды емес активтер, тауарлық-материалдық игiлiктер, ақша қаражаттары, инвестициялар, дебиторлық қарыздар кiредi. Тауарлық-материалдық құндылықтар олардың iшiндегi ең бiр көлемдiсi болып табылады, себебi, бұл игiлiктер өндiрiлетiн өнiмнің материалдық негiзiн құрастырады, өндiрiлiп шығарылатын дайын өнiмдердің өзiндiк құнының басым бөлiгi ретiнде олардың бағасын анықтауға негiз болады.
Жоғарыда аталған жағдайлардан тауарлық-материалдық құндылықтардың ұйымдарға негiзгi қызмет түрiн жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн қорлар. Яғни, тауарлық-материалдық игiлiктердің бухгалтерлiк есебiнiң дұрыс ұйымдастырылуы және олардың дұрыс бағаланылуы мен ұтымды қолданылуы мәселелерi тереңiрек зерттеудi талап ететiн өзектi тақырыптардың бiрi болады.
«Кәсiпорындардың (ұйымдардың) тауарлық-материалдық қорларының аудитi» тақырыбында курстық жұмыс жазудағы басты мақсатым тауарлық-материалдық құндылықтардың қолданылуының есебiн ұйымдастыру, оларды аудиторлық тексеру мен талдау мәселелерiнiң теориялық және практикалық негiздерiн зерттеу болып табылады.
Курстық жұмысты жазу барысында тақырыпқа сәйкес төмендегiдей мiндеттер қойдым:
- тауарлық-материалдық құндылықтардың есебiн жүргiзудi реттеушi нормативтiк-құқықтық негiздерге сәйкес тауарлық-материалдық қорлардың экономикалық мәнi мен маңызын ашу;
- тауарлық-материалдық игiлiктердің жiктелуi мен бағалануының ерекшелiктерiн қарастыру;
- ұйымдардың тауарлық-материалдық игiлiктермен қамтамасыз етiлуiн және олардың тиiмдi пайдаланылуын зерттеу;
- тауарлық-материалдық игiлiктер есебi бойынша аудиторлық тексеру жүргiзудiң маңызын қарастыру;
- дайын өнiмдер мен аяқталмаған өндiрiс есептерiн ұйымдастыру аудиторлық тексеру жүргiзудiң ерекшелiктерiн қарастыру;
I. Тауарлы материалдық қорларды бағалау.
1.1. Тауарлы-материалдық қорлар туралы түсінік
Материалдық құндылықтарды дұрыс есепке алу үшін материалдардың әзірленген номенклатурасы болу керек.
Материалдар номенклатурасы – бұл атауы мен тиісті деректемелері (сорты, мөлшері) көрсетілген материалдың әрбір түріне номенклатуралық нөмір белгіленіп, дәл және тұрақты өлшем бірлігі белгіленеді. Бұған қоса, номенклатурада материалдардың ағымдағы есепте ескерілетін бағасы қойылады.
Номенклатуралық тізілім – номенклатура – бағалық деп, ал онда көрсетілген бағалар – есептік деп аталады.
Тағайындалған нөмірін, өлшем бірлігі мен бағасын тауарлы-материалдық қорлардың қалдығы мен қозғалысы ескерілетін барлық құжаттар мен тірелімдерге қояды. Талдамалы есепте материалдық құндылықтар нақты есептік бағалар (келісім, жоспарлы-есептік) бойынша, ал жинақтамалы есеп пен есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша ескеріледі.
Материалдық ресурстардың нақты өзіндік құны мыналарға байланысты анықталады:
1. Осы ресурстарды жеткізуші ұсынған несиеге сатып алынғаны үшін пайыз төлеуді қоса алғанда, сатып алу шығындары;
2. Коммерциялық, делдал ұйымдарға төленген үстемелер (үстеме ақылар), комиссиялық сыйақылар;
3. Тауар биржаларының қызмет құны;
4. Кедендік баж;
5. Басқа ұйымдардың күшімен жүзеге асырылған тасымалдау, сақтау, жеткізу шығындары.
Материалдарды есептік бағасы бойынша (келісім, жоспарлы-есептік, сатып алу) есепке алған кезде есептік баға бойынша қор құны мен сатып алынған қорлардың нақты өзіндік құндарының арасындағы айырма есептеу жолымен айқындалады. Егер материалдық құндылықтардың есебі келісім бағасы бойынша жүргізілсе, онда олардың нақты өзіндік құны осы бағалар бойынша материалдар құны мен көлік әзірлеу шығындарынан құралатын болады. Көлік тасымалдау шығындарының құрамына кіретіндер:
1. Барлық алымдарды қоса алғанда, теміржол тарифі, су кірепұлы, автомобильмен және ұшақпен тасымалдау және басқа көлік түрлерімен тасымалдау тарифтері.
2. Жеткізушілердің қоймасынан теміржолмен және басқа көлік құралдарымен материалдарды жеткізу.
3. Қорларды сатып алу және әзірлеумен тікелей байланысты іссапар шығындары.
4. Қойманың тұрақты жұмысшыларына ақы төлеуді қоспағанда, қоймадағы тиеу, түсіру және буып-түю жөніндегі шығындар.
5. Жабдықтаушы және делдал ұйымдарға төленген комиссиялық сыйақы.
6. Қорларды сатып алумен тікелей байланысты басқа шығындар.
№ 7 БЕС-на сәйкес тарифтің артық төленген сомаларын қайтару және сол сияқты түзетулер көлік-дайындау шығындарының сомасынан шегеріледі.
Егер қорлардың талдамалы есебін жоспарлы-есептік бағасы бойынша жүргізсе, онда олардың нақты өзіндік құны осы бағалар бойынша құннан плюс-минус нақты өзіндік құнның есептік бағасы бойынша құннан ауытқуынан құралады. Бұл бағаларды субъектінің өзі келісім бағасының негізінде көлік-әзірлеу шығындарының жоспарлы-мөлшерін ескере отырып дайындайды. Көлік-әзірлеу шығындары немесе жұмсалған материалдарға қатысты ауытқулар (плюс-минус) материалдық құндылықтардың шығыны келісім немесе есептік бағаларбойынша көрсетілген шоттарға ай сайын есептен шығарылды. Көлік-әзірлеу шығындарының немесе ауытқулардың (плюс-минус) проценті олардың ай басындағы қалдығы мен ай ішінде келіп түскендерінің сомасын материалдардың ай басындағы қалдығының және келісім (есептік) бағасы бойынша келіп түскен материалдардың сомасын бөліп, алынған нәтижені 100-ге көбейту жолымен анықталады. Есептен шығарылған пайыз бойынша көлік-әзірлеу шығындарын немесе ауытқуды (плюс-минус) тиісті шоттарға есептен шығарады. Материалдар түрлері немесе топтарының шығын көлемінде олар бойынша көлік-әзірлеу шығындарының немесе ауытқудың (плюс-минус) пайызын табу керек болса және жеткізушілермен тұрақты байланыс болған кезде бухгалтерлік есептің деректері бойынша өткен айлардағы пайызының қолданылуы мүмкін.
Өндіріске есептен шығарылатын материалдық ресурстардың нақты өзіндік құнын №7 БЕС бойынша анықтау мынандай әдістердің біреуін қолдану жолымен жүзеге асырылуы мүмкін:
1. Орташа өлшемді құн
2. Қорларды алғашқы сатып алудың бағасы бойынша бағалау әдісі, ФИФО әдісі.
3. Қорларды соңғы сатып алудың бағасы бойынша бағалау әдісі, ЛИФО әдісі.
4. Арнайы бірегейлендіру.
Орташа құн ай басында қолда бар материалдық құндылықтар мен ай ішінде келіп түскендердің құнын материалдық құндылықтардың бірлігінің санына бөлу жолымен есептеледі.
ФИФО – бұл материалдық құндылықтарды олардың бастапқы құны бойынша бағалау әдісі. Мұндай әдісте мынадай қағида қолданылады:
«Бірінші топтама – кіріске, бірінші болып – шығысқа» яғни материалдық құндылықтардың оларды сатып алу құны бойынша белгілі бір кезектілікпен бағалайды: алдымен бірінші сатып алынған топтаманың бағасы бойынша материалдарды шығындарға есептен шығарады, одан кейін – екіншісін, содан кейін – үшінсін және сөйтіп жұмсалған материалдардың жалпы саны біткенге дейін жалғасады. Бағалау тәртібі материалдарды жұмысаудың нақты кезектілігіне тәуелді емес.
ЛИФО – бұл материалдық құндылықтарды «Соңғы топтама – кіріске, біріншісі – шығысқа» қағидасына орай ағымдағы бағалар бойынша бағалау әдісі. Материалдық құндылықтардың есебі соңғы сатып алудың құны бойынша, одан кейінгісі – алдыңғысы бойынша бағаланады және т.б.
Арнайы жалпылама бірегейлендіру әдісі – бұл әдіс материалдық құндылықтардың топтамалық есебін ұйымдастыру мүмкін болған жағдайларда ғана қолданылады. Егер ай соңындағы қалдықта үшінші, бірінші немесе басқа топтың материалдық құндылықтарының белгілі бір саны болса, онда материалдық құндылықтардың шығысын да, қалдығын да анықтауға болады.
2006 жылғы қазан айындағы материалдық құндылықтардың
қолда бары мен қозғалысы
Көрсеткіштер Саны,
дана Бағасы Сомасы
1.1.10.06 ж. қалдық 1200 100,00 120000
2. Қазан айында келіп түскені:
31.10.06 ж. (1-топтама)
09.10.06 ж. (2-топтама)
21.10.06 ж. (3-топтама)
28.10.06 ж. (4-топтама)

300
400
700
250

110
130
140
120

33000
52000
98000
30000
Кірістің жиыны 1650 213000
Қалдықпен бірге жиыны 2850
Ай ішіндегі шығындар 2150
1.11.06 ж. қалдық 700
1-әдіс. Орташа өлшемді құн әдісі. Материалдық құндылықтың бір бірлігінің орташа бағасы 333 000/2 850=116,84 теңгеге тең.
Шығыс 2 150*116,84= 251 206
1.11.06 ж. қалдық 700 * 116,84 = 81788 теңгеге тең.
2-әдіс – ФИФО:
Шығыс: 1200*100= 120000
300*110= 33 000
400*130= 52 000
250*140= 35000

2150 240000
Қалдық 450*140=63000
250*120=30000

700
3000
3-әдіс – ЛИФО:
Шығыс: 250*120=30000
700*140=98000
400*130=52000
300*110=53000
500*100=50000
2150 263000
1.11.97 ж. қалдық 700*100=70000 теңгеге тең.
4-әдіс – Арнайы бірегейлендіру. Бірінші топтаманың 100 дана, төртінші топтаманың 220 дана қалдығы бар екендігі, 210 – бастапқы қалдық бар екендігі белгілі.
1.11.97 ж. қалдық мынаған тең:
210 дана*100=21000
100дана*100=10000
170дана*140=23800
220дана*120=26400
700
Шығыс мынаған тең: 333000 – 82200=250800
Көрсеткіштер Орташа өлшемді құн ФИФО ЛИФО Арнайы бірегейлендіру
1. Шығыс саны/құны 2150/251206 2150/240000 2150/263000 2150/250800
2. Қалдық құны 700/81788 700/93000 700/70000 700/82200
Сатудың таза құны бойынша қорларды бағалау мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1. Қорлардың нарықтық құнының кемуі.
2. Қорларға залал келтіру
3. Толықтай немесе ішінара ескіру.
Құнның төмендеу мөлшері жекелей:
а) нақты заттар үшін;
б) жалғыз заттар тобы үшін;
в) қорлардың бірнеше тобы үшін;
г) коммерциялық қызметтің қандай да бір түріне қатысты заттар үшін есептеледі.
Есептеу сонымен қатар кәсіпорынның барлық қорларының жалпы құнының негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Қорлардың құнын ішінара есептен шығару нәтижесінде іске асырылмаған пайдамен байланысты ысырапты есепке алу жүргізіледі. Батыс елдерінде сатудың таза құны (NRV) материалдық құндылықтардың шынайы құны анықталатын бағалау әдістерінің бірі болып табылады. Оны субъект құндылықтарын нарықта сата отырып, бұл құнды қорларды сату жөніндегі субъект шығындарына түзету жолымен алады. Фирмалар қорларды бағалаудың жылдан жылға пайдаланылатын әдісін таңдап ала алады. Шынайы негіздеме болған кезде фирма себептер мен жылдық есепке әсерін баяндай отырып, басқа әдісті қолдана бастай алады.
1.2. Материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу жөніндегі құжаттама
Материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу бойынша типтік құжаттар әзірленген. Оларды уақытылы жазып, дұрыс ресімдеу үйлесімді ұйымдастыру есеп пен осы қорлардың сақталу әрі дұрыс пайдалануына бақылау жасауға мүмкіндік береді. Субъектінің бас бухгалтері дұрыс құжат айналымын, типтік құжаттардың қолданылуын , әзірленуін ұйымдастырып, олардың жасалу, тексеру және қабылдау кестесін барлық орындаушыларға жеткізуге міндетті. Материалдық қорлардың қозғалысына байланысты барлық операциялар құжаттармен ресімделеді. Материалдық құндылықтар кәсіпорынға әдетте жеткізу шарты бойынша келіп түседі. Онда жеткізілімнің саны, сомасы, ассортименті, жиынтылықтығы, сапасы, есептеулер мен жеткізу шартын бұзғаны үшін қарастырылған санкциялардың сомасы белгіленеді.
Келіп түскен материалдық құндылықтардың есептік құжаттары (шот-фактуралар, төлем талап-тапсырмасы, тауар-көлік құжаттары)жабдықтау бөліміне жіберіледі. Жабдықтау бөлімінің қызметкерлері:
1. Осы құжаттардың деректерін ассортиментке, материалдық құндылықтардың санына, бағаға, тиеп-жөнелту мерзімдеріне қатысты жеткізу шартына сәйкестігін тексеруге;
2. Жеткізушінің есеп айырысу құжаттарын төлеуге келісім беруге немесе оларды төлеуден бас тартуға;
3. Есеп айырысу құжаттарын келіп түсетін жүктерді есепке алудың №1 нысанындағы журналында тіркеуге;
4. Есеп айырысу құжаттарын бухгалтерияға табыс етуге және материалдарды алу және сақталатын жеріне дейін жеткізу туралы өкілеттігі бар лауазымды тұлғаларға өкім беруге міндетті.
Материалдарды қоймадан алу үшін жеткізушіге немесе көлік ұйымына және өкілетті тұлғаға (сарапшыға, агентке) бухгалтерияда сенімхат (М2 немесе М2 нысанды) беріледі.
М2А нысанын материалдық құндылықтарды алуын нөмірленген және тесіп байланған, берілген сенімхаттарды есепке алу журналында (М3 нысаны) тіркейтін субъектілер қолданады.
М2 нысанындағы сенімхатты қолданған кезде оларды беру және алу туралы деректер сенімхаттың түбіршегінде тіркелінеді және М3 нысанындағы журнал жүргізілмейді.
Материалдық құндылықтардың келіп түсуі мыналармен ресімделеді:
1. №М4 нысанындағы кіріс ордерімен, субъектіге жеткізушілерден немесе тысқары кәсіпорыннан өңдеуден келіп түскен қорларды есепке алу үшін қолданылады. Кіріс ордерін материалды жауапты тұлға қорлар қоймаға келіп түскен күні 2 дана етіп жасайды.
2. М5 нысанындағы тауар-көлік жүкқұжатын жеткізуші материалдық құндылықтар жеткізушінің қоймасынан автокөлікке орталықтанған түрде жеткізілген жағдайда жазып береді (4 дана)
Оның 1-сі жүкті жіберушіде қалады.
2-сі материалдық құндылықтарды кіріс етіу үшін жүкті алушыға беріледі.
3-сі жүкті тасымалдағаны үшін көлік ұйымына шот есебінде беріледі.
4-сі жолдама қағазға қоса беріледі.
3. М7 нысанындағы Материалды қабылдау туралы акті жеткізушілердің жолдама құжаттарының деректерімен салыстырғанда сандық сапалық айырмашылығы бар қорларды қабылдауды ресімдеу үшін қолданылады. Акт сондай-ақ құжаттарсыз келіп түскен материалды қабылдаған кезде жасалады (фактураланбаған жеткізілім). Қабылдау комиссиясы материалды-жауапты тұлғаның және жеткізушінің өкілінің немесе мүддесі жоқ ұйым өкілінің міндетті түрде қатысуымен актіні 2 дана етіп жасайды. Материалдық құндылықтар қабылдағаннан кейін актілер қоса берілген құжаттармен (тауар-көлік жүкқұжаты, арнайы құжаттар) бірге былай бөлініп беріледі: 1-ші данасын бухгалтерияға, 2-ші днасын жабтықтау бөліміне немесе жеткізушіге шағым түсіру үшін заң қызыметіне береді.
4. Әзірлеу, сақтау және өндіру процесінде материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі мен ысырабы туралы акт (М7А нысаны) жасалады. Олар бойынша табиғи кему нормасы белгіленбеген, әзірлеу, сақтау және өндіру процесінде тұрған материалдық қорлардың ысырабы анықталған жағдайда қолданылады.
5. Материалдық құндылықтардың табиғи кему нормасы шегінде ысырабы туралы акт (М7Б) субъектінің қоймасына жеткізушілерден немесе тысқары кәсіпорындардан өңделіп түскен қорларға нормалар белгіленіп, осы табиғи кему нормасы шегінде анықталған қор ысырабын ресімдеу үшін қолданады
6. Жүкқұжатпен ресімделетіндер:
а) материалдық құндылықтардың өңдеуден келіп түсуі;
б) пайдаланылмаған материалдардың қоймаға қайтарылуы;
в) табыстылықтан материалдардың келіп түсуі.
1.3. Қоймалардағы және сақтайтын орындардағы материалдардың құндылықтардың есебі және ТМҚ-ның бухгалтериядағы есебі
Қойма шаруашылығының жақсы жағдайы тауарлы-материалдық құндылықтардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты болып саналады. Қойманың үй-жайы тұйықталған, дабылдамамен, стеллаждың, жәшіктердің, еденшелермен (поддон), механизация жабдықтарымен және салмақ өлшейтін приборлардың қажетті мөлшерімен жабдықталуға тиіс.
Қойма ішінде материалдардың әрбір тобы, топшасы мен түрі белгілі бір жерде сақталуға тиіс. Сақтайтын әрбір жерге материалдық затбелгі бекітіледі. Басшының бұйрығымен қоймада жұмыс істейтін материалды жауапты адамдардың тізімі бекітіледі. Олармен материалдық жауапкершілік ...............
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!