Саясаттану | «Тұран» геосаяси бағыты түркі халықтарының бірлестігі

 Саясаттану | «Тұран» геосаяси бағыты түркі халықтарының бірлестігі

Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1 ТАРАУ «ҰЛЫ ТҰРАН» ҰҒЫМЫ: САЯСИ ЖӘНЕ ГЕОСАЯСИ БАҒЫТТАРЫ 7
1.1 «Ұлы Тұран» ұғымының тарихи ретроспективасы 7
1.2 «Ұлы Тұран» ұғымының қазіргі кездегі маңызы 16
2 ТАРАУ «ҰЛЫ ТҰРАН» ҰҒЫМЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ ТҮРКІ ТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ 25
2.1 Орталық Азия елдерінің интеграциялық үрдістерге «Ұлы Тұран» шеңберінде бірігу мүмкіндіктері 25
2.2 «Ұлы Тұран» шеңберіндегі түркі тілдес халықтардың ынтымақтастығы (1991-2006жж.) 35
ҚОРЫТЫНДЫ 41
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 45

КІРІСПЕ
Бітіру жұмысы «Тұран» геосаяси бағыты: түркі халықтарының бірлестігін құру идеясын зерттеуге арналған.
«Тұран» - ежелгі парсы сөзі. Алғаш рет «Тұран» ұғымы зороастрийлік – отқа табынушылылардың қасиетті мәтіндерінде пайда болады. Бұл ұғым парсылар үшін дұшпандық көшпелі түркілер әлемін білдіреді. Содан бері «Тұран» - түркілер үшін қасиетті ұғым. ХХ ғасырдағы қазақтың біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев: «… Ертеде Түркістанды Тұран дескен, Тұранда ер түрігім туып-өскен…», - деп жырлайды.[1]
Уақыт өте келе «Тұран» ұғымы түркілердің саяси идеологиясының да орталық ұғымына айналады. ХІХ ғасырдың 80-ші жылдарында Ресей империясында татар интеллигенциясының мәдени-ағарту қозғалысы ретінде пайда болған пантюркизм идеясының бастапқы көздеген мақсаты түркі халықтарын ағарту және олардың жалпы прогрессі болса, кейіннен ол барлық түркі әлемін Түркия басшылығымен бір мемлекетке біріктіру мақсатына дейін өсті. Пантюркизм идеясын жүзеге асырудың соңғы сатысы болып саналатын пантуранизм доктринасы түркі тектес халықтарды, сондай-ақ тұрандық халықтарды (венгр, фин, эстон, мари, мордва, монғол, т.б.) «Ұлы Тұран» федерациясына біріктіруды мақсат етеді. Әр түрлі тарихи кезеңдерде әлемде қалыптасқан саяси жағдайға байланысты пантюркизм әр қилы ағымдарға айналып отырды: біресе үстемдік етуші идеологияға айналса, біресе жай ғана теоретикалық зерттеулер нысаны болды.
Қазіргі кезде пантюркзи елеулі өзгерістерге ұшырады. Барлық түркі халықтарын біртұтас мемлкетке біріктіру міндеті ресми түрде алға қойылмайды. Дегенмен де, Түркияның сыртқы саясатында түркі мемлекеттеріне «ағалық» қорған болу, түркі халықтарының интеграциясындағы түріктердің жетекшілік ролі сияқты бағыттар орын алады. Түркі тілдес мемлекеттердің экономика, мәдениет, гуманитарлық, саяси, қауіпсіздік салаларындағы интеграциясы мақсат етіліп, жолға қойылған.
Бітіру жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде «Тұран» геосаяси бағытын зерттеу не үшін өзекті деген сұраққа оның бірқатар себептері бар деп, өз пайымдауымша, бес себебін ұсынамын:
1. «Ұлы Тұран» шеңберінде түркі халықтарының интеграциясын жүзеге асыруға болады. Барлық түркілерді бір мемлекетке біріктіру идеясы утопиялық деп қарастырылғанымен, түркі мемлекеттері мүлдем бірікпеу керек деп ешкім айта алмайды. Олардың әр түрлі салаларда итеграциялануы – обьективті үрдіс және ол жолға қойылған. Интеграция арқылы көптеген мәселелерді шешу және туысқандық ынтымақтастықты бекіте түсу қажет;
2. Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық пен бейбітшілік негізі бола алады. Аймақтағы төрт мемлекет (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан) түркі республикалары болып табылады. Олардың арасында «Ұлы Тұран» шеңберінде рухани-мәдени бірігуді жүзеге асыру керек. Ал қоғамдағы адамдардың рухани-имандылық дамуын қамтамасыз ету – орнықты дамудың негізгі кепілі;
3. Түркі халықтарының тәуелсіздігі мәселесін қозғайды. Ежелгі түркі халықтарының жеке ұлттарға бөлінуінің бүгінгі көрінісі – бес тәуелсіз түркі мемлекеті және басқа елдердің қол астында өмір сүріп жатырған, тәуелсіздігі жоқ ондаған түркі ұлттары, Олар, ең алдымен Ресей Федерациясының құрамындағы балқарлар, якуттар, чуваштар, хакастар, ноғайлар, құмықтар, т.б.; Өзбекстанның қол астындағы қа-арақалпақтар; Қытай құрамындағы Шыңжаң ұйғыр автономиялы республикасы; т.б. Пантюркизм идеясы бұл халықтардың тәуелсіздігі мәелесін қозғайтыны айдай анық .
4. Түркия – Ресей қарым-қатынастарына ықпалы. Қазіргі Ресей Федерациясының түркі-мұсылман халқы 15 миллионға жуық адамды құрайды. Және ерекше маңызды нәрсе – олар Ресей мемлекетінің стратегиялық маңызды аймақтарында шоғырланған, мұнда бағалы шикізат көздері мен маңызды экономикалық кешендері орналасқан – Волга маңы, Солтүстік Кавказ, Орал, Сібір, т.б. Ресейдің мемлекеттік қауіпсіздік, тұрақтылық, бейбітшілік, территориялық тұтастық, ұлтаралық татулық сияқты аса маңызды мүдделерінің жүзеге асуы көп жағдайда түркі ортасындағы көңіл-күйге, түркі-славян диалогы мен өзара түсіністігінің дамуына және түркі халықтарының ұлттық қозғалыстарына тәуелді. Жалпы пантюркизм идеологиясы пайда болған уақытынан бастап бүгінгі күнге дейін Ресей мемлекеттілігі үшін үлкен қауіп, зор қатер болып қарастырылады. Ал Ресей-Түркия қарым-қатынастары әлемдегі тұрақтылыққа әсер етері сөзіз;
5. Қазақстан мемлекетіне де қатысы бар. Қазқтан Республикасы түркі ммемлекеті болып табылатындықтан, «Тұран» идеологиясының қарқындап дамып, күш алуы немесе әлсіреп, бәсеңдеуі, әрине, біздің Отанымызды да алаңдатады. Сондай-ақ, көпұлтты мемлекет ретінде түркі халықтарының «Ұлы Тұран» шеңберінде интеграциялануы Қазақстанның ішкі тұрақтылығының, ел тыныштығының кепілі болып та табылады.
Сондықтан, «Тұран» геосаяси бағытын зерттету ғылыми және тәжірибелік жағынан өзекті болып табылады.
Бітіру жұмысының мақсаты: «Тұран» геосаяси бағытының пайда болуына, қалыптасуына, дамуына, сондай-ақ оның қазіргі кездегі маңызы мен түркі халықтарының интеграциясы үшін берер мүмкіндіктеріне жан-жақты талдау жасау.
Бітіру жұмысының алдына қойған мақсатына жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
- «Тұран» геосаяси бағытының қалыптасу тарихының даму сатыларын саралай отырып, тарихи ретростпективасына шолу жасау;
- «Тұран» геосаяси бағытының қазіргі кездегі маңызын көрсету;
- «Ұлы Тұран» шеңберінде Орталық Азия мемлекеттерінің ынтымақтастығын талдау; жетістіктерін ашып көрсету.
Бітіру жұмысының деректік негізі: Бітіру жұмысының алдына қойған мақсатын негіз болған деректердің қайнар көздеріне қарай оларды төрт топқа бөлуге болады.
Деректердің бірінші тобына заң актілері мен қаулылары жатады. Жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Ата Заңы, Түркия Республикасының Ата Заңы, Қырғыз Ренспубликасының Ата Заңы, Өзбекстан Республикасының Ата Заңын, Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңы қарастырылып, осы заңдардың негізінде мемлекеттердің ұстанып отырған ресми саясаттары анықталды.
Деректердің екінші тобы дипломатиялық құжаттардан тұрады. Тақырыпты зерттеу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасында 1992 ж. 24 маусымда қабылданған «Достық, ынтмақтастық және өзарар көмек көрсету туралы шарт»; Қазақстан мен Қырғызстан арасында 1993 ж. қабылданған «Достық, ынтымақтастық және өзара көмек көрсету туралы шарт», 1998 ж, 8 сәуірде қабылданған «Мәңгілік достық туралы шарт» ; Қазақстан мен Түрікменстан арасында 1993 ж. 19 мамырда қабылданған «Достық, ынтымақтастық және өзара көмек көрсету туралы шарт» және 1997 жылғы «Ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы декларация» қолданылды.
Деректердің үшінші тобына мемлекет басшыларының, мемлекет қайратерлерінің сөйлеген сөздері жатады.
Тұтас Түркістан идеясының ұлы қайраткері Мұстафа Шоқай 1936 жылы Берлинде сөйлеген сөзінде жалғыз Түркістанстанның ғана емес, бүтін түркі халқының дос болып, өзара бірлік, пірадарлықпен жасап, сыртқы дұшпандарға қарсы өз толықтығын білдіру – ұлы мақсат екенін мәлімдейді. [2]
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2001 жылы сәуірде Стамбулда өткен Түркі мемлекеттері басшыларының ҮІІ саммитінде сөйлеген сөзінде түркі елдерінің асыл мұраты ата-баба мирас еткен тұтастықты, тұрақтылықты, бейбітшілікті қамтамасыз ету және осы бағытта бүкіләлемдік қоғамдастықпен жемісті қарым-қатынастар орнату деп көрсеткен болатын. [3]
Бітіру жұмысында пайдаланылған деректердің төртінші тобына мерзімді басылымдарда жарияланған тақырыпқа байланысты материалдар мен интернет ресурстары жатады.
Жоғарыда аталған деректердің барлық топтары бітіру жұмысын жазу үшін деректік негіз болды. Оларды сұрыптап, саралап, зерттеу жұмысына қолдану жұмыстың алдына қойған мәселесін жан-жақты зерттеуге, мақсаты мен міндеттерін ашуға мүмкіндік берді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Түркішілдік қозғалысының пайда болуына, қалыптасуына, дамуына, жүзеге асу мүмкіндіктеріне, халықаралық қатынастарға тигізер ықпалын зерттеуге арналған зерттеу еңбектері түркі тілдес мемлекеттерде және Ресейде пантюркизмнің пайда болған уақытынан бастап жарыққа шығуда.
Жалпы түркі халықтарының тарихын зерттеуде ең алдыңғы орында ұлы ресейлік ғалым Л.Н. Гумилевтің еңбектері тұрады. Ресейдегі ислам туралы, сондай-ақ пантюркизмнің пайда болуы, даму кезеңдері, негізгі шарттары мен мақсаттары және түркішіклдік қозғалысының Ресей мемлекеті үшін қауіптері туралы ресейлік ғалымдар А. Сваранц, Ю.В. Мизун, Ю.Г. Мизунның еңбектерінде зерттеліп, баяндалған және талдау жасалынған. Сондай-ақ, С. Червонная өз мақаласында Ресей Федерациясының субьектілері ретіндегі түркі-мұсылман халықтарының Ресей мемлекеті үшін маңыздылығын, олардың мәселелері Ресейдің де мәселелеір болып табылатындығын атап көрсетеді. Мақалада пантюркизмнің негізін салушылардың бірі, қырым-татар ағартушысы И. Гаспринский еңбегіне баса назар аударылған. [4]
Қазақ халқының ұлы қайраткері Мұстафа Шоқайдың еңбегінде тұтас Түркістан идеясының пайда болуы, қалыптасып дамуы, оны жүзеге асыру жолындағы тархи әрекеттер, жалпы Түркістанның тағдыры көрініс тапқан. Түркішіклдік қозғалысы тақырыбына қалам тартып жүрген басқа да С. Шілдебай, М. Жанұзақұлы сияқты қазақстандық журналист-ғалымдар мақалаларында Түркістан Конфедерациясы құрыла ма, оның жүзеге асу мүмкіндіктері қандай, ол түркі халықтарына не береді деген сұрақтарға жауап іздейді. [5]
Зерттеу тақырыбының теориялық негізі түрік ойшылы, ақын және ғалым Зия Гег Альптің еңбегінде көрсетіледі. Ол еңбектерінде Түркия мәдениетінің тархын зерттей отырып, барлық түркі-татар халықтарының мәдени бірлігі ұранын ұсынады, ал, керісінше, Батыспен мәдени жақындасуға қарсы шығады. [6]
Басқа да түркі халықтарының, соның ішінде татар халқының тақырыпқа арналған еңбектері қолданылды. Түркішілдік қозғалысының негізін салушылардың бірі, пантюркизм идеологы, ғалым И. Гаспринскийдің шығармаларында оның түркі әлемінің бірлігіне деген көзқарастары баяндалған. Сондай-ақ, И. Гилязов өз мақаласында пантюркизмнің екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында және барысында дамуын талдй отырып, фашистік Германия неліктен тұрандық қозғалысөа қызығушылық танытты деген сұраққа жауап береді .[7]
Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 “Ұлы Тұран” ұғымы: саяси және геосаяси бағыттары
1.1 “Ұлы Тұран” ұғымының тарихи ретроспективасы
“Тұран” – бұл ежелгі парсы сөзі. “Тұран” түсінігі “Иран” сөзіне антипод ретінде пайда болды. Парсылар үшін бұл термин Иранмен солтүстікте көршілес болған көшпелі түркілер әлемін білдірді. Бұл әлем парсылар түсінігнде жабайы, варварлық, қараңғы, дұшпандар әлемі болып көрінді. Әрине, олар үшін бұл сөз жағымсыз мағынаға ие болды: мысалы, Фирдоусидің “Шахнаме” жырында осы мағынада қолданылады. [8] Кейіннен ғалымдар да, түркілердің өздері де бұл терминді түркі және угор-фин халықтарының жалпылама отауы ретінде қабылдады.
Қазірде идеология, саяси қозғалыс, саяси ағым, сыртқы саяси доктрина деп аталып жүрген пантуранизм және пантюркизм идеяларында “Тұран” негізгі орталық түсінік болып табылады. Партуранистер мен пантюркистердің өздеірнің айтуынша: “Тұран – бұл саяси түсінік емес. Бұл географиялық түсінік. Бұл - әлемнің барлық түркі халықтарын біріктіретін болашақ түркі мемлекетінің отауы”.[9] Атақты түркі ойшылы, ақын, пантуранист Зия Гег Алып (1876-1924) бір өлеңінде: “Түріктердің Отаны Түркия емес, Түркістан емес, ол – мәңгі және ұлы ел Тұран”, - деп жазады . [10]
Сөйтіп, Тұран, Ұлы Тұран – бұл дүние жүзінің барлық түркі тектес халықтарын біріктіретін болашық мемлекеттің отауы. Ал “Ұлы Тұран” империясын құру – пантуранистер менн пантюркистердің негізгі мақсаты.
Бұл екі ағымды кей кезде бір-бірімен шатастырып жатады. Пантюркизм мен пантуранизмнің арасындағы басты айырмашылық – бірігуі тиіс халықтар санында. Пантюркизм тек түркі тектес халықтарды біріктіруді мақсат етсе, пантуранизм бойынша тек түркілерді ғана емес, сондай-ақ тұран тектес халықтарды да, оларға халықтардың угор-фин, монғол, тунгус топтары (марилер, монғолдар, мордвалар, венгрлер, финдер, эстондықтар, т.б.), “Ұлы Тұран” мемлекетіне біріктіруді қарастырады. Яғни, пантуранизм, - пантюркизмге қарағанда, - аясы кең түсінік. Менің ойымша, пантуранизм жалпы тюркизм идеологиясының ең жоғарғы нүктесі болып табылады.
Қоғамдық ойдың кез келген ірі ағымы сияқты, пантюркизмнің де нақты пайджа болған уақытын айту қиын. Түркі ынтымақтастығының түп-тамырын тарих беттеріне үңіле отырып, сонау өткен заманнан көруге болады. Дүниені дүр сілкіндірген ғұндардың күштілігі олардың бірлігінде болатын, бірақ олар түркілердің үстемдігі кезінде әлсіреп, 603 жылы Батыс және Шығыс қағанаттарға бөлінген. Сол кезде таққа отырған Түркі қағандары ел бірлігін сақтау үшін бар күштерін жұмсаған. Солрадың ішінде зор табысқа жеткен – Білге мен Күлтегін. Олардың өмірі мен атқарған қызметтері бейнеленген Орхон-Енесей ескерткіштері тамаша мұра. Білге мен Күлтегін екеуі бірлесе отырып және Тоныкөк сияқты ақылды зиязалардың жәрдемімен бар жігер – қайратын түркілерді біріктіру үшін жұмсап, Көктүрік мемлекетінің сыртқы және ішкі жауларымен күрес жүргізді. Білге қағанның маңызды ерекшеліктерінің бірі – Түркі халқын жан-тәнімен сүйгендігі және шын берілгендігі. Ол халқына сүйеніп, игілікті істер атқарғанын, түркі хылқының батырлығын және өз хылқыны шексіз сенетіндігін төмендегідей тұжырымдайды: “Ей, Түрік! Жоғарыдағы аспан құламай, төмендегі жер тесілмей, сенің мемлекетінді, сенің әдетіңді кім жоя алады? ”. Бірлескен, ынтымақтасқан түркі халқын жеңетін жер бетінде күш жоқ екенін баяндайды. Түркілердің күші – олардың бірлігінде екеніне айрықша тоқталады. Бірлікте болса, жеріне ие бола алса, түркі халқы мәңгілік еркін өмір сүреді дейді.
Пантюркизмнің пайда болған мекені Осман империясы емес, Ресей болып табылады. ХІХ ғасырдың соңы, 80 жылдары, татар интеллигенциясының мәдени-либералды қозғалысы ретінде пайда болады. Пантюркизм теориясының қалыптасуы мен таралуы қырым-татар ағартушысы Исмаил Гаспринскийдің (1851-1914) қоғамдық және ғылыми қызметімен тығыз байланысты. Гаспринскийді толғандырған мәселе түркі халықтарының жолын алға басуы және бірлігі болды. Ол РЕсей империясының түркі халықтарының алдында тұрған мәселелердің тұтас тізбегін анықтап берді: білім беру саласында реформалардың қажеттігі, оқытудың жаңа әдістерін қолдану, өмір сүру салтын жаңарту, т.б. Жаңа идеяларды насихаттаудың маңызды құралы түркі-татар баспасөзі бола бастады, солрадың ішінде – 1883 жылдан шығарылып бастаған Гапринскийдің “Теrcumап” (“Терджиман” – “Аудармашы”) газеті. Бұл газет 1918 жылға дейін жарық көреді, 1914 жылы Гаспринский дүниеден озғаннан кейін орнына оның баласы Р. Гаспринский редактор болады.
Либералды пантюркизмнің теоретикалық негізін құраған түркі әлемінің бірлігіне деген көзқарастарын Гаспринский өзінің “Орыс мұсылмандығы. Мұсылманның ойлары, пайымдары және бақылаулары”, “Орыс – шығыс келісімі” (Бақшасарай, 1896) шығармаларында, сондай-ақ көптеген мақалаларында баяндаған.
Пантюркизм бағдарламасын анықтаған тұжырымдаманың авторы да осы Гаспринский болды: “Dilde, Fikirde, Iste birlik!” (“Бірлік – тілде, дінде, істе! ”).
Оның бұл формуласынжа тіл тектен тек бірінші орында тұрған жоқ. Жалпытүркілік ынтымақтастықтың басты негізі тілде деп санай отырып, ең алдымен Гаспринский тілдік реформаны жүзеге асыруға тырысты. Бұл реформаны жүргізу барысында шешілген негізгі міндет түркі тілдеріндегі фонетикалық айырмашылықтарды азайту болды. Нәтижесінде түркі әлемінің барлық халықтарына түсінікті “ортақ тіл” (“Lisan – i umumi”) пайда болды. Осы “ортақ тілдің” арқасында “Терджиман” Евразияның көптеген аймақтарына кең таралып, табысқа ие болды.
Түркі әлемін біріктіру және жаңаландыру бағдарламасын жүзеге асыруға болатын екінші маңызды сала білім беру саласы болды. Бұл салады Гаспринский ерекше белсенді және жемісті қызмет атқарды: мектепте білім берудің жаңа әдісін жасап шығарады. Алғаш рет 1884 жылы бақшасарайлық мектете қолданылған бұл әдістің басты артықшылығы – оқу пәндерін түсінікті, саналы түрде меңгеру (түсініксіз текстерді жаттаудың орнына), оқыту жүйесінде ана тілді белсенді қолдану, сөздің белігіге қарағанда артықшылығы (жаңа әдіс педагогикада сондай-ақ “дыбыстық әдіс” деп те аталады). Бұл жүйе татар және Ресейдегі басқа да ұлттық мектептерде кең таралды.
Гаспринскийдің үшінші маңызды ісі журналистикада болды, ең алдымен пантюркизм қозғалысының басты насихаттаушысы мен ұйымдастырушысы болған “Терджиман” газеті.
Әрине, көріп отырғанымыздай, Гаспринскийдің пантюркистік идеяларының ешқандай саяси аспектілері болған емес, бірақ уақытпен бірге дами отырып, пантюркизм енді саяси мағынаға да ие болды.
Пантюркизм деген не, оның басты мақсаттары қандай деген сұрақтарға келер болсақ, “Кеңестік энциклопедиялық сөқздікте” берілген анықтама бойынша “пантюркизм – ол ХХ ғасыр басында пайда болған түрік буржуазиялық – помещиктік тобының реакциялық шовинистік доктринасы, ол Түркияның басшылығымен түркі тілдес халықтарды біріктіруді үгіттейді” . [11] Ал “Кеңестік тарихи энциклопедияда” “Пантюркизм – агрессивті, нәсілдік доктрина; пантюркизм бойынша түркі тілінде сөйлейтін барлық халықтар бір ұлт болып табылады және Түркия басшылығымен Балқаннан Сібірге дейін созылатын біртұтас Тұран мемлекетіне бірігуі тиіс (кейде пантюркизмді пантуранизм деп те атайды) деп сипаттайды”.[12]
Қазіргі кезде пантюркизм – бұл Түркияның ұлттық идеологиясы және сыртқы саяси доктринасы деген анықтамаларды жиі кездестіруге болады .
Зия Гег Альп өзінің “Тюркизм негііздері” (1923ж) атты еңбегінде пантюркистік идеалдардың жүзеге асырылуының кезеңдерін көрсетеді:
1) пантюркизм – Түркияның өзіндегі түркиялық емес және түркі емес халықтардың табиғи және жасанды ассимиляциясы, ал ассимиляциядан бас тартқан жағдайда – олардың көзін жою (геноцид саясаты).
Жастүріктердің негізгі шовинистік ұраны “Түркия – тек түріктер үшін!” “Иттихад ве теракки” жастүрік партиясының 1910 ж. Салоникадағы съезінде қадылданады. Бұл съезд тюркизм саясатының қалыптасуында шешуші роль атқарды, оның ашық жарияланбаған шешімі түрік үкіметінің.............
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?