Педагогика | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың цифрлық контентін әзірлеу саласындағы шетел тәжірибесіне сараптамалық шолу

 Педагогика | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың цифрлық контентін әзірлеу саласындағы шетел тәжірибесіне сараптамалық шолу

Мазмұны
КІРІСПЕ…………………………………………………………………
1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМДІК КОНТЕНТТІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ ………………….
2. ҮЙРЕТУШІ БАҒДАРЛАМАЛАР ………………………….
2.1. Үйретуші ойындардағы парасаттық пен танымдық дамыту …
2.2. Компьютерлік ойындардың көмегімен математиканы пропедевтикалық оқыту ……………………………………………….
2.3. Үйретуші ойындарда сөйлеуді дамыту ………………………..
2.4. Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды мектепке дайындау …..
3. ДАМЫТУШЫ БАҒДАРЛАМАЛАР …………………………..
3.1. Көркемдік тәрбие ……………………………………………………….
3.2. Музыкалық тәрбие ……………………………………………………...
3.3. Дене тәрбиесі ……………………………………………………………
3.4. Шығармашылық тәрбие ………………………………………………...
3.5. Компьютерлік сауаттылық ……………………………………………..
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………………………...

КІРІСПЕ
Жек тұлғаны қалыптастырудың елеулі факторы болып санала отырып, білім беру мазмұны бір мезгілде жалпы өркениеттік дамуда маңызды рөл атқарады. Үшінші мыңжылдықта білім беруді ізгіліктендірумен және технологияландырумен әрі ақпараттық-қатынастық технологиялардың қарқынды дамуымен байланысты білім беру саласы түбірлі өзгерістерді бастан кешіруде. Бүгінгі күннің әлеуметтік мәдени жағдаяты мектепке дейінгі білім берудің алдына жаңа ақпараттық кеңістікке бейімделуге қабілетті әлеуметтік белсенді тұлғаны оқыту мен тәрбиелеудің әмбебеп инновациялық технологияларын іздестіру міндетін ұсынады.
Мектепке дейінгі жас – азаматтық сапалардың алғы шарттары қаланатын кездегі тұлғаның қалыптасуындағы маңызды кезең, баланың адамдардың әлеуметтік шығу тегінен, нәсілдік пен ұлттық қатыстылығынан, тілінен, жынысынан және діни құлшылық етуінен тәуелсіз оларды еркін таңдауға, құрметтеу мен түсінуге қабілеттілігі мен жауапкершілігі қалыптасады. Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі білім берудің алғы шарты тек белгілі бір білім жинағын қалыптастыру ғана емес, және де тұлғаның базалық қабілеттерін, оның әлеуметтік және мәдени машықтарын, экологиялық түрде мақсатқа лайықты мінез-құлық негіздерін, салауатты өмір салтын дамытуға саяды. Осы кезде осы кезеңде баланың білгілі бір білімдік бағдарламамен өмірдің әр түрлі салаларынан білім алудың шығармашылық тәсілін меңгеру үшін жағдай туғызу өте маңызды болады.
ЮНЕСКОНЫҢ анықтамасы бойынша, мектепке дейінгі білім беру – бұл балалардың тууынан бастай және оның бастауыш мектепке түсуімен аяқтай отырып – денсаулық, тамақтану және гигиена аспектілерін қамти отырып, балаларды тірі қалуға, дамытуға және оқытуға мүмкіндік туғыза алатын әрекеттерге саятын, кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту. Балаларды ерте жастан қалыпты өмір сүру деңгейіне жеткізуге бағытталған дамыту амалдары есейгендерді дамыту болашағы көзқарасы тұрғысынан да өте маңызды. Бұл амалдар дендері сау, әлеуметтік және экологиялық түрде жауапты, парасаттық түрде дамыған және экономикалық түрде өнімді болуға көмектеседі.
Дамыған елдердегі мектепке дейінгі білім берудің қазіргі заманғы үрдістері балалардың толық бағалы даму құқықтарын қамтиды. Балаларды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасы психологиялық дамытудың байланыстық, парасаттық, эмоциялық-жігерлілік пен қозғалыс жақтарын белсенді етуге бағдарланады, музыкамен, ырғақпен, театрландырылған бейнелеу, көркемдік-сөйлеу іс-әрекеттерімен айналысатын уақытты арттырады. Бұл баларлардың мүмкіндіктерін барынша іске асыруға, қазіргі заманғы әлеуметтік мәдени ортаға бейімделуге мүмкіндік береді.
Білім беруді, оның ішінде мектепке дейінгі білім беруді, ақпараттандыру жағдайында балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту, пәндік-дамытушы ортаны кеңейту үшін жаңа болашақтар ашылады.
Осы кездегі маңызды міндет балалық іс-әрекеттердің негізгі түрін ақпараттық-қатынастық технологиялармен алмастыру емес, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиелік-білімдік процесінің жалпы жүйесіне енгізу болып саналады.
Біздер бірқатар елдердің, оның ішінде Ұлыбритания, Швеция, Польша Ресей сияқты елдердің, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың цифрлық контентін дайындау тәжірибелеріне шолу жасап талдадық. Біздер әлемде танымның әр түрлі саласы үшін көптеген қарапайым және күрделі компьютерлік бағдарламалар дайындалынатынын байқадық.
Біздер тапқан ресурстардың көпшілігі ағылшын тілінде дайындалынған. Бір жағынан бұл жақсы, өйткені бала кемік сияқты жаңа сөздерді, жаңа білімдерді және оған сол немесе басқа ойын қай тілде, қандай дәрежеде екенігіне қарамастан сіңіре береді. Сонымен, ағылшын тілімен танысу және оны үйрену аралық түрде болады.
Соңғы уақытта мектепке дейінгі білім беруде және орыс тілінде цифрлық білімдік контент айтарлықтай кеңіді. Соңғы уақыт ішінде Ресейдің компьютерлік базары балалар үші алуан түрлі дамытатын ойындармен толықты, дайындаушылары: «Акелла», «БУКАСофт Балаларға», «БУКАШКА», «1С», «Магна Медиа», «Нью Медиа Дженерейшн», «Жаңа Диск» («Чебурашкалар үшін хат», «Қиялдаушылар. Талантты дизайнер», «Мен және менің денем», «Қызықты ғылым. Бүкіләлемдік тарих», «Динозаврлармен серуендер», «Жануарлар туралы сұрақтар»), «Медиа Арт», «Медиахауз», «Компьютер және балалық шақ" ("Климат", "Карнавал", "Есеп", "Аяз") бірлестіктері; "Никита" фирмасы ("Әліп-би", "Суреттерді жина", "Жұпты таңда ", "Цирк"); Жаңа ақпараттық технологиялар орталығы ("Компьтердегі кемпірқосақ" бағдарламалар бумасы); КУДИЦ ("Әліппе еліне саяхат "); Кирилл мен Мефодий" ("Көңілді әліп-би") және б.
Қазіргі уақытта көптеген шетел порталдарында әр түрлі дамытушы және үйретуші балалар ойындары ұсынылады. Оларды флэш онлайн (flash on-line) ойындарының санатына жатқызуға болады. Олар балалардың үйде, сондай-ақ мектепке дейінгі балалар мекемелерінде өз беттерімен де, педагогтың бақылауымен де білім алумен айналысуына көмектеседі.
Баланы ертерек дамыту үшін баламалы және инновациялық цифрлық білімдік контенттің кең спектрінен біздер өз назарымызды үйретуші және дамытушы бағдарламаларға жұмылдырдық.
1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМДІК КОНТЕНТТІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Шетелде мектепке дейінгі оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізіне «парасатты қалыптастыратын, «табиғи әуестікпен» оқыту мен дамыту процесін белсенді ететін белгілі бір орта жағдайында балалардың өзін-өзі іске асыратыны» туралы С Пейперттің идеясы жатады [1].
Баланың ерте дамуында дербес компьютерлердің әлуеттік мүмкіндіктері көптеген жылдар бойы оны пайдалануды жақтаушылардың арасында да, оның қарсыластарының арасында да талқылау пәні болды.
Біздің әріптестер компьютерлік ойындардан пайданы неден көрді және неге оларды жай дидактикалық немесе мазмұндық ойындармен алмастыруға болмайды?
Осыдан 10 жыл бұрын АҚШ-тың (http://nces.ed.gov/ecls) Білім беру статистикасы бойынша «Early Childhood Longitudinal Study-Kindergarten Class of 1998-99 (ECLS-K)» Ұлттық орталығы жүргізген және мектепке дейінгі жастағы 12 929 баланы қамтыған зерттеу нәтижелері компьютерді аса шебер пайдаланатын балалар қарым-қатынас жасау мен оқытуда әлеуметтік машықтарды аса жақсы және мінез-құлық мәселелерін аз демонстрациялады [2].
Кіші жастағы балаларға білім беру мәселелері бойынша Ұлттық бірлестік (NAEYC) компьютерлік технологиялар ерте балалық шақта тұлғалықты дамыту үшін кең мүмкіндіктер ұсынатынын, балаларды оқыту сапасын жақсарта алатынын және оларды өз құрдастарымен ынтымақтастық тәжірибесімен қаруландыратынын мойындады. Егерде компьютерлік ойындар кіші жастағы балаларға бейімделген болса, онда олардың үлкен әлуеті бар болады және балаларды оқытудың мәнеріне сәйкес келетін ең құнды ресурстар болып саналады. Сондай-ақ олар компьютерсіз мүмкін бола алмайтын объектілерді табысты оқып білудің бірегей мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Компьютерлік желілер балалардың өз құрдастарымен және мұғалімдермен өзараәрекеттестігі үшін көп мүмкіндіктерді ұсынады, өйткені балалар не істейтінін талқылайды, көмектесу туралы сұрайды, бағдарламаны бірлесіп оқып біледі және т.б. Бірлесіп оқып үйрену интерактивтік пен іс-әрекеттік қағидаларды іске асырады.
Балаларды оқытуда компьютерлік ойындарды пайдаланудың әлеуметтік салдары «төтенше оң» болып саналады [3-5]. Сондай-ақ зерттеулер компьютерлер кіші жастағы балалардың тілі мен сөйлеу іс-әрекетінің дамуына құнды қолдау ұсынатынын көрсетті [5].
Балалар бақшасында компьтерлерді жиірек пайдалану, алдыңғы зерттеулерде сендірілгендей, әлеуметтік мінез-құлықтың теріс көрінісіне әкелмегенін байқау маңызды болады.
Балалар бақшасында компьютер заттық-дамытушы ортаны байытушы және түрлендіруші элемент болып саналады да ақпараттық-қатынастық технологияларды дамытушы сипат үшін мүмкіндік жасайтынын мамандар атап өтеді. Баланың жасына және қолданылатын бағдарламаларға байланысты компьютер ойын бойынша қарсы пікірлі адамның рөлін атқара алады. Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту кезінде табысты қолдануға болатын балалардың көру мен есту қабылдауы, ықылас білдіруі, есте сақтауы, сөздік-логикалық ойлауы және т.б. сияқты әр түрлі психикалық қызметтерін дамытуға бағытталған әр түрлі компьютерлік құралдар бар.
1986 жылдан бастай отырып, «Компьютер және балалық шақ» бірлестігінің (Ресей) мамандары дамытушы және үйретуші компьютерлік ойындарды пайдалану бойынша көптеген институттардың мамандарымен ынтымақтастықта ұйымдастырған және жүргізген ғылыми зерттеулерінде ақпаратты берудің мультимедиалық тәсілінің арқасында келесі нәтижелерге қол жеткізді:
• балалар форма, түс және шама ұғымдарын оңай ұғып алады;
• сандар мен жиын ұғымдарын терең түсінеді;
• жазықтық пен кеңістікте бағдарлау біліктілігі тез пайда болады;
• назар аудару мен жадтың элективтігі жаттығады;
• оқу мен жазуды ерте меңгереді;
• сөздік қоры белсенді түрде толықтырылады;
• ұсақ моторикасы дамиды, көз қозғалыстарының нәзік үйлесімі қалыптасады;
• жай реакциясының да, таңдау реакциясының да уақыты азаяды;
• мақсатқа талпынушылық пен жұмылдырушылық тәрбиеленеді;
• елестету мен шығармашылық қабілеттер дамиды;
• көрнекілік-бейнелік пен теориялық ойлау элементтері дамиды.
Ерте жастағы балалар ересектерге қарағанда жаңа білімдерді көбірек жақсы сіңіреді. Оларға оқуды тек тым жеңіл және жағымды ету ғана маңызды болады. Компьютерлік ойындар – дамытатын оқытудың жаңа түрі.
Балаларға арналған ойындар – әлемді танудың және өзін-өзі дамытудың жалғыз ғана тәсілі. Ойын – бұл танымдық іс-әрекет, ол оны қоршайтын табиғат пен әлеуметтік ақиқат туралы баланың ойлауының өзіне тән практикалық формасы болып табылады. Ақиқатты бейнелеудің ойындық құралдарының ерекшеліктерінің арқасында бала ойында алғаш рет абстракты ойлауға тартылады.
Компьютерлік ойындарды оқу процесінде оқытудың дәстүрлі әдістерімен және педагогикалық инновацияларымен үйлесімді түрде жүйелі пайдалану жағдайы кезінде дайындығы әр түрлі деңгейдегі балаларды оқытудың тиімділігі айтарлықтай артады. Осы кезде бірнеше технологиялардың бірмезгілдік ықпалының салдарынан білім беру нәтижесінің сапалық жақсаруы болады.
«Компьютерлік технологияларды меңгерген мектеп жасына дейінгі бала «санада ойлауға» аса дайын болады да, мектепке баратын балалардың ойлауына қойылатын негізгі талаптардың бірі болып саналады. Мектеп жасына дейінгі балаларда ақпараттық қоғамдағы өмірге құлшыныстық, парасаттық пен операциялық дайындықтардың алғы шарттары қалыптасады.
Ұлыбританияның «Білім және әлемді түсіну» оқу бағдарламасының оқу жоспарында (QCA, 2000) мектепке дейінгі білім берудің дәстүрлі мақсаттары үшін жаңа технологиялардың мынадай мүмкіндіктері көрініс тапты:
– бала тұлғалығының ынталану мен дамуға бағытталғандығы;
– ізденіс пен ашықтық мүмкіндігі;
– әлеуметтік өзара әрекеттестіктерді қолдау;
– оң үйретушілік жоспарларды қолдау;
– балалардың дербес мұқтаждықтары үшін тең мүмкіндіктерді қолдау.
Балалардың жасымен сәйкес келетін технологияларды пайдаланудың критерийлерін Білімдік қатынастар мен технологиялар бойынша Британдық агенттік (British Educational Communications and Technology Agency - BECTa, 2002) пен DАТЕС (Developmentally Appropriate Technology for Early Childhood – Кіші жастағы балалар үшін дамытатын технологиялар) жобасы сияқты ұйымдар дайындаған болатын.
DАТЕС (www.ioe.ac.uk/cdl/datec) ұсынған критерийлер келесі бағыттарды қамтиды:
- Қосымша бағдарламалар пайдаланушылар үшін мөлдір және түйсікті түсінікті болуы тиіс;
- Технологиялар баланың әрекеттерін қамтамасыз етуі тиіс;
- Бағдарламалық жасақтаманы таңдау күштеу мен таптаурындарды болдырмауы тиіс;
- АҚТ сынып бөлмесіндегі сабақтармен және оқу бағларламаларымен кіріккен болуы тиіс;
-АҚТ-ды пайдалануда ынтымақтастық пен ойындарды мадақтау қажет.
2. ҮЙРЕТУШІ БАҒДАРЛАМАЛАР
Үйретуші бағдарламалар – бұл ойындық формада бір немесе бірнеше дидактикалық есептерді шешуді ұсынатын дидактикалық (жабық) типтегі ойындық бағдарламалар. Бұл ойындар балалардың әріптерді ұғып алуына, жазу арқылы оқу, оқу арқылы жазу машықтарын дамытуға; элементарлық математикалық түсініктерді, жазықтықта және кеңістікте бағдар бойынша түсініктерді қалыптастаруға; экологиялық тәрбиеге мүмкіндік туғызады.
2.1. Үйретуші бағдарламалардағы парасаттық пен танымдық дамыту
Шетел мамандарының пікірі бойынша компьютерлік ойындарды пайдалану мектеп жасына дейінгі балалардың парасаттық есептерді түсіну мен шешу, сыртқы ойшылдық әрекеттерді ішкі жоспарға ауыстыру қабілеттерін қалыптастыруға; оқу іс-әрекеттерінің машықтарын: оқу танымдық есепті қоя және қабылдай білуді, нұсқауларды тыңдай және ілесе білуді, өз іс-әрекетіңді жоспарлай және алгоритм бойынша жұмыс істей білуді, іс-әрекеттің барысын бақылай және өз іс-әрекетіңнің нәтижелерін бағалай білуді, әрекеттің нәтижесін болжау қабілетін, жоғары психикалық процестерді дамытуды, түйсікті, жад назарын қылыптастыруды қамтамасыз етеді [6-10].
Ақпараттық-білімдік ортаны құру бойынша мектеп жасына дейінгі балалар мен мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін шешімдердің ішінде өзіне оқу мекемелерінде де, үйде де білім алу базарына да бағдарланған оқу материалдарын қамтитын кешенді өнімдердің төтенше қазіргі заманғы желісі болып табылатын «eduSensus», разработанное компанией Young Digital Planet SA (Польша) шешімін атауға блады. «eduSensus» балаларға қабылдау мен сөйлеу машықтарын дамытуға, сондай-ақ тартымды қызықты ойындар процесінде өздерінің сөздік қорларын толықтыруға мүмкіндік беретін төрт мың дерлік тартымды қызықты жоғары интерактивтік ресурстарға қатынас құруды ұсынады [11].
Арнайы дайындалынған екі тұғырнаманың үйлесімі ауқымында балалар, ата-аналар, педагогтар мен денсаулық сақтау қызметкерлері тиімді ынтымақтаса алатын және, шын мәнінде нағыз маңызды, баланың теңгерілген дамуына өзінің барлық зейінін аударатын «eduSensus-қа» кіріккен оқыту үшін толық қызметтік және әмбебап ортаны құруға мүмкіндік береді.
YDP-дан «Step by step» («Қадамнан кейін қадам») бағдарламасы баланың қалыпты дамуы үшін талап етілетін себеп-салдар байланыстарын орнату, көру, есту және кеңістік қабылдау, математикалық ойлау, ойланып толғануға әлеуметтік мінез-құлық пен қабілеттік сияқты негізгі машықтар үшін арналған.
«Қадамнан кейін қадам» балаға ой-өрісті кеңейтуге, алынған білім мен әсерді реттеу мен топтастыруға, логикалық ойлауды және кейбір практикалық машықтарды дамытуға, зейінді шоғырландыруды үйренуге, сөйлеуді меңгеруге және дыбысты тануға мүмкіндік бере отырып, қабылдауды ынталандырады.
Осы бағдарламаның оқу материалы төрт негізгі бөлікке бөлінген – жылдың әрбір уақыты үшін бір-бірден әрбір тақырыпқа ашық безендіру, сондай-ақ басып шығару үшін қосымша материалдар, жадты жаттықтыру үшін кәртішкелер және бояу үшін суреттер, тәрбиешілер мен дәрігер қызметкерлер үшін түсінікті сабақ жоспарлары бар.
Балалардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып, тапсырмалардың тұжырымдамасы жазылмаған, ол тек қана дыбысталған. Дыбысталу арнайы иконды басу кезінде ғана естіледі. Осы шолудың ауқымында мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық пен ойшылдық іс-әрекеттерінің бірнеше мысалын ғана келтіруге болады.
«Суреттерді дұрыс ретпен қойыңдар» типіндегі тапсырмаларды орындау кезінде (қыз бала балмұздақ жеп отыр – қыз бала балмұздақты жеп болды; ұл бала шелекке құм салып жатыр – ұл бала құмнан үймешік жасады)» бала себеп пен салдарды тағайындауды үйренеді.
Ең кіші балалар (2 жас) үшін «Суреттерді қалпына келтір» тапсырмасын орындау кезінде көру жады, зейін, елестету, қабылдау, ойлау, көру-моторлық үйлесімінің дамуы сияқты психикалық процестердің дамуы болады.
Кеңістік қабылдауды дамытуға мынадай тапсырмалар бағытталған: «Мынау көбелек. Сол жағында сурет тұрған қанатты көрсетіңдер»; «Мынау гүлзар мен гүлдер. Гүлді суреттің оң жағына отырғызыңдар. Гүлді суреттің сол жағына отырғызыңдар. Гүлдерді (кезек бойынша) ... оң жағына, ... сол жағына отырғызыңдар»; «Мынау тоған. Мынау бақа. Бақаны суға... жапыраққа.. ағаштың астына... гүлдің қатарына апарыңдар» және т.б.
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктеріне сәйкес бағдарламалар негізінен әлемді танудың бейнелік формаларын – көрнекілік-бейнелік ойлау мен елестету, сондай-ақ қауымдастық, бейнелік, кеңістіктік ойлауды, кеңістікте бағдарлану біліктіліктерін дамытуды қамтамасыз етеді.
2.2. Компьютерлік ойындардың көмегімен математиканы пропедевтикалық оқыту
Математиканы пропедевтикалық оқыту, мектеп жасына дейінгі балалардың элементарлық математикалық түсініктерін дамыту цифрлық білімдік контенттің көмегімен де мүмкін болады.
Мәселен, «Play and learn Nursery school» (швед тілінде) үйретуші ойыны бар диск – баспагер Levande Bocker, жеткізіп беруші – Knowledge Adventure, Швеция – 5 жастағы балалар үшін арналған. Бұл ойын негізінен арифметикаға дайындауға бағытталған. Математика саласында оқыту цифрлармен және олардың тізбектерімен, геометрияның бастапқы негіздерімен таныстықты ұсынады. Бала кеңістіктегі (жақын, алыс, оңжақтан, сол жақтан) және уақыт бойынша (тәулік, күн, ай, жыл) бағдарлауды оқып үйренеді. Әр түрлі есептер бала мен компьютердің арасында белсенді өзара әрекеттестікте шешіледі және қызығушылық пен практикалық біліктердің дамуын шақырады. Бұл ойын математика негіздерінің аздаған бір шама жоғары күрделілік дәрежесіне баланы оқытуда көтермелейді.
«Flying Start First Class» – 5-8 жастағы балалар үшін сол өндірушінің бағдарламасы – кешенді сипатқа ие. Өйткені баланың оқудағы, математикадағы, жаратылыстану ғылымдарындағы және музыкадағы білімдерін дамытуға бағытталған. Бағдарламада салмақ ұғымымен танысу, әр түрлі шамаларды қалай өлшеуді үйрену, ақшаны қалай санау сияқты бірқатар практикалық сәттер бар. Ол сондай-ақ білгілі бір дәрежеде көркемдік, шығармашылық қабілеттерді қозғайды, түс, форма туралы ұғымдарды қалыптастырады. Күрделілік дәрежесі әр алуан әр түрлі жаттығулар бар. Табысты санақ, есептерді шешу, дұрыс таңдау кезінде экранда суреттер аяғына дейн салынады, заттар орын ауыстырады, ойындық жағдаяттар өзгереді, балаға жаңа қиынырақ тапсырмалар ұсынылады. Осы бағдарламаның арқасында сабақтар табысқа жету тілегін тудыратын мәжбүрленбеген сипатқа ие болады, баланың мәселені шешу машықтарын ынталандырады да оған жаңа білімдер мен тәжірибелер береді. Бағдарламада балаға өз жетістіктерін тексеруге мүмкіндік беретін диагностикалық тестілер бар.
«Үш торай қасқырға қарсы. Цифрды үйренеміз» (өндіруші «Жаңа диск, Ресей) ойыны мектеп жасына дейінгі балаларды мысалдар шығаруға ,........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!