ӘЖІМДІ аз уақытта «жоқ» ететін 1 минуттық ЖАТТЫҒУ

ӘЖІМДІ аз уақытта «жоқ» ететін 1 минуттық ЖАТТЫҒУ

Күніне небәрі 1-ақ минут уақытыңызды бөлсеңіз жеткілікті. Нәтижесі жылдам байқалады. Адхо Мукха Шванасана жаттығуын орындауға күніне 1-ақ минут уақыт бөліп, бүкіл ағзаны жасартып, терідегі әжімдерден құтылып, денсаулығыңызды көп аурудан сақтай аласыз. Тіпті, сымбатыңызда да өзгерістер орын алады.

✅ Жаттығуды орындау үшін, тренажер залдың да, қымбат құрал-жабдықтың да қажеті жоқ. Бұны сіз жұмыс орнында да, үйіңізде де, тіпті аулада да жасай аласыз.
Нәтижесі Егер, күнде үзбей 1 минуттық бұл жаттығуды орындайтын болсаңыз, нәтижесі екі аптадан соң-ақ байқала бастайды. Ал, бір айдан кейін бет терісінде жасару процесі жүріп жатқанына куә боласыз. Көзге көрінбейтін дене ментальды, эфирлі қабаттарындағы бұзылыстарды реттеп, соның нәтижесінде ағзадағы көптеген дерт өздігінен емделе бастайды. Сондай-ақ, бет терісінде де оң өзгерістер орын алады.
✅ Пайдасы
- денедегі салбыраған бұлшықеттерді жиырады
- бет пен мойын, кеуде бұлшықеттері тартылады - бойыңызда сергектік пайда болады
- ас қорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады - ағзаның зат алмасуы артып, тері тазарады - омыртқаның иілгіштігі артады
- бас-ми қанайналымы жақсарады
- көздің көруі артады
- бет терісіндегі әжімдер біртіндеп жоғала бастайды
- қартаю тежеледі
- қуатыңыз артады
- арқадағы тұзды ыдыратады

✅ Жаттығу қалай орындалады?
1. Еденге алақандарыңызды және табаныңызды тіреп, жамбасыңызды жоғары көтеріңіз. Бетіңізді төмен қаратып, қол, аяқ буындарын бүкпей тік ұстауға тырысыңыз.
2. Бастапқыда жаттығуды орындау қиындық тудыруы мүмкін. Сонда да шамаңыз келгенше орындай беріңіз. Бірте-бірте буындарды тік ұстауға үйренесіз. Осы қалыпта 1 минут тұрсаңыз жеткілікті. Йогалық жаттығулардың қай-қайсысы да тән мен жанға бірдей әсер ету арқылы бүкіл ағзаны табиғи қалыпқа келтіріп реттейді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі