Бас ауруы,себептері мен емі

Бас ауруы,себептері мен емі

Бас ауруы – адамға әртүрлі дәрежедегі ауырсыну әкелетін және көп қолайсыздық тудыратын сырқат. Оған себеп көп: психикалық және эмоциялық шаршау, бас миы тамырларының склерозы, бас сақинасы, мидың органикалық аурулары (ісік, инсульт және т.б.) және басқалар. Бас ауырғанда ауырсынуды жоятын дәрілер ішу міндетті емес. Халық емінің бас ауырғанда көмектесетін көптеген әдістері бар, бірақ алдымен дәрігерге барып, ауру себебін дәл анықтап алғаныңыз дұрыс. Дәрігер рұқсат еткен жағдайда төмендегі кеңестерді пайдалануыңызға болады.
Шаршаудан туынлаған бас ауруы кезінде жылы бұлау, мелисса немесе түймедақтан дайындалған шай көмектеседі. Кей жағдайларда валериана ішу немесе теңіз тұзы, шөптер қосылған бұлау жасау пайдалы.

Желке тұсына немесе жауырындар ортасына, сондай-ақ балтырдың артқы жағына үгіткіштен өткізілген шомыр мен желкек басуға болады. Үгіткіштен жаңа өткізілген желкек шырынын самайға жағады (1-2 минутқа) және бір тілім қара нанды аздаған желкекпен жейді.
Кейде бас ауырғанда және ұйқы қашқанда атбас бұршақ қосып қайнатылған сарымсаққа өсімдік майын араластырып самайға жағады. Бұны ұйықтар алдында жасайды.
Бұлаулар мен бу булаулары. Бас ауырғанда қол мен аяққа ыстық бұлау жасайды. Сондай-ақ бумен бұлау да жақсы әсер етеді. Қайнатылған су мен алма сіркесуының буын 75-100 рет жұтады. Нәтижесінде ауырсыну жойылуға немесе азаюға тиіс.
Қайнаталар, тұндырмалар:

• Бір ас қасық шайқурайға бір құты ыстық су құяды, 15 минут қайнатып, сүзіп алады. Құтының төрттен бір бөлігін күніне үш рет ішеді.

• Ұнтақталған андыз тамырына бір құты салқын су құйып, 10 сағат тұндырады, сүзіп алады. Астан жарты сағат бұрын күніне төрт рет құтының төрттен бір бөлігін ішеді.

• Киікшөп пен шайқурайды 2:1 мөлшерде араластырып, оның 20 грамына 1 құты ыстық су құяды, бір сағат тұндырып, лимон қабығын немесе даршын қосады. Ыстық күйінде астан жарты сағат бұрын жарты құтыдан күніне 2-3 рет ішеді.

• Бір грамм даршынға 20 миллилитр ыстық су құяды, бірақ жаңа қайнаған емес. Жарты сағат тұндырып, әр сағат сайын екі жұтымнан ішеді. Тұндырманы маңдай мен самайларға басуға болады.

• Жалбыз, сасықшөп, мыңжапырақты тең мөлшерде араластырып, оның 10 грамына суық су құйып, 10 минут қайнатқан соң бір сағат тұндырады. Тамақтан жарты сағат бұрын ыстық күйінде жарты құтыдан ішеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі