​Ангинаны 8 түрлі жолмен емдеуге болады

​Ангинаны 8 түрлі жолмен емдеуге болады

Баспа ауруын басып емдеуге болмайтынын аты айтып тұр. Сонда да тамақтағы ісікті басатындар бар ел арасында. Бірақ бұл әдіс аурудан айықтырмайды, керісінше асқындырады. Сондықтан да ангинаны ешқашан басушы болмаңыз. иллюстрациялық

Баспа (ангина) – бадамша безінің қабынуынан белең алатын ауру. Тамаққа түскен инфекция қызуды көтереді, тамақты қызартады, әлсіздікке бой алдырады, басы ауырып, жұтынған кезде қиындық туындайды. Осы белгілер байқалған кезде дәріханада сатылатын емдік шөптер арқылы аурудың алдын алыңыз. Сізге көмек ретінде 8 әдісті ұсынамыз.

✅1-рецепт 1 ас қасық түймедақ (ромашка) пен 2 ас қасық жөке гүлін (липа) 1 стақан қайнатылған суға салып, қайнатасыз. 5-7 минуттан соң отты сөндіріп, 20 минуттай тұндырып қойыңыз. Белгіленген уақыттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, жұтқыншағыңызды, ауыз қуысын шаясыз. Емді күніне 5-6 рет жүргізу керек.

✅2-рецепт Ұнтақталған қырықбуынның (хвощ) 5 ас қасығын 400 мл қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 15 минуттан соң сүзіп алып, тамағыңызды шаясыз. Оқи отырыңыз: ЖӨТЕЛ үш күнде ЖАЗЫЛАДЫ

✅3-рецепт 2 ас қасық таңқурай жапырағын 1 стақан қайнаған суға салып тұндырып қойыңыз. 10 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, жұтқыншағыңызды шаясыз. Бұл әдіс тамақтың қызарғанын кетіреді, мазасыздықтан арылтады әрі баспаны жедел түрде емдейді.

✅4-рецепт 1 стақан үгілген қызылшаға 1 ас қасық 6 пайыздық сіркесуын араластырып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 15-20 минуттан соң қызылшаны сығып, тұнбаны сүзіп аласыз. Дайын болған емдік тұнбаның 1-2 ас қасығымен тамағыңызды шаясыз. Емді күніне 3 рет жүргізу керек.

✅ 5-рецепт Жарты литр суға 3 шай қасық пияздың қабығын салып, отқа қойыңыз. Бір қайнап шыққан соң ыдыстың қақпағын жауып, тұндырып қоясыз. Салқындаған кезде сүзіп алып, тамағыңызды, жұтқыншағыңызды шаясыз. Пияздың қабығынан дайындалған тұнба тамақтың қызарғанын кетіреді әрі емдейді.

✅ 6-рецепт 100 грамм қабығынан тазартылған сарымсақты жарты стақан қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 6 сағаттан соң дайын болған емдік сусынды жылытып тамағыңызды шаясыз. Бұл емді күніне 3 рет үзбей 3 күн жасасаңыз, баспа ауруынан түбегейлі айығасыз

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі