ZHARAR | KZ | Кеңестер | ​Аяқтан өткен суықты ыстық картоп емдейді

​Аяқтан өткен суықты ыстық картоп емдейді

​Аяқтан өткен суықты ыстық картоп емдейді
✅ Аяқтан өткен сызды дер кезінде емдеу керек Қыс мезгілі былай тұрсын, жаз мезгілінде далада қапырық, қырық градус ыстық кезде аяғы мұздап, терлеп жүретіндер сіздердің де араларыңызда бар шығар. Жанына батып ауыртпаған соң тексерілуді құнттамайды. Жә, жарайды. Ол кезде аяғыңыз мұздаса да бойыңыз жылы жүреді емес пе?!

✅Ал қыс мезгілінде аяғыңыздан суық өткізіп алудан сақтаныңыз. Өйткені аяқтан өткен сыз басыңыздан бір-ақ шығады. Мұрныңыз пысылдап, көзіңіз жасаурап, жөтеліп, түшкіріп шыға келесіз. Әсіресе, қысы ылғалды болатын Шымкент жұртшылығына өте таныс жағдай болса керек. Қар жауып тұрғанымен, аяғыңызбен су кешіп жүресіз. Бұл енді табиғаттың құбылысы. Ал біз өз жағдайымызды ойлайық.

✅Аяғыңыздан өткен сыз бүкіл денеңізді шымырлатпасын десеңіз, әжелерден қалған емдеу тәсілдерін ұсынамыз. Қажетіңізге жарап, шипасын беріп жатса тек қана қуанамыз.

✅Үйге келе салысымен 1 дана картопты қабығымен қайнатыңыз. Сосын қақ ортасынан екіге бөліп, екі табаныңызға таңасыз. Сыртынан жылы көрпе орап, картоп салқындағанша жата тұрыңыз. Шамамен 30 минуттан соң компресті алып, жылы шұлық киіп алыңыз.

✅Аяқ күймейтіндей температурадағы ыстық суды шылапшынға құйыңыз. Оған 2 шай қасық қыша араластырып, аяғыңызды суға салыңыз. Шамамен 20-30 минуттан соң аяғыңызды судан алып, құрғатып сүртесіз. Соңынан жылы шұлық киіп алуды ұмытпаңыз.

✅6 пайыздық алма сірке суымен аяғыңызға массаж жасаңыз. Табаныңызды, саусақтарыңыздың айналасын жақсылап сүрту керек. Емді 15 минуттай жүргізген жөн.

✅Аяқтан өткен суықты емдеуге арақтың да көмегі зор. Ол үшін алақаныңызға арақты құйып алып, аяғыңызды, балтырыңызды баяу қимылмен уқалайсыз.

✅200 гр. араққа 2 шай қасық қызыл бұрышты араластырыңыз. Араласпаны 10 күндей күн тимейтін қараңғы жерге қоясыз. Белгіленген уақыттан соң дайын болған тұнбамен аяғыңызды сүртесіз. Емді ұйқыға жатар алдында жасау керек.

✅Балаларға арналған крем немесе вазелинге қызыл бұрышты, гүлшетен (розмарин) мен камфор майын араластырыңыз. Дайын болған қыздыратын кремді табаныңызға біркелкі етіп жағып, мақта матадан тігілген жұқа шұлық киесіз. Крем табаныңызға толық сіңген кезде сыртынан қалың шұлық кию керек.

✅Ескеріңіз! Қызыл бұрышты шамалап қоспасаңыз, аллергиялық реакция беруі мүмкін.
1 литр ыстық суға 10-15 тамшы гүлшетен (розмарин), қалампыр (гвоздика), даршын (корица) майы мен 2 ас қасық сүт араластырыңыз. Дайын болған қоспаны табаныңызға ысқылап жағыңыз. Шамамен 20 минуттан соң масканы дымқыл сулықпен сүртіп, аяғыңызды құрғатыңыз. Артынан жылы шұлық киіп алуды ұмытпаңыз.

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Гость Гулмира - Сегодня, 20:30
Ағылшын тілі (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Ағылшын соч барма

Нурай - Сегодня, 20:27
Физика (9 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маған физикадан тжб керек 9 сынып 1 тоқсан бар ма?

Темирлан - Сегодня, 19:32
Геометрия (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Таптың ба тапсан жберш пж

Шұғайып - Сегодня, 19:13
Қазақ тілі Т1 (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маған қазақ тілінен 1 тоқсанын ТЖБ ның жауап тары керек өтініш жіберініздерші

Инжу - Сегодня, 18:59
Қазақ тілі Т1 (Бастауыш 3 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маган бундай емес жауабы керек 1 тосан ТЖБ 3 сынып

Нұртас - Сегодня, 18:58
Ағылшын тілі (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Тжб керек пж ағылшыннан

Гость Мейрамгуль - Сегодня, 18:42
Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

сенде барма

Естай - Сегодня, 18:33
Математика (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Комментарий скрыт

Гость Гулназ - Сегодня, 18:05
Қазақ әдебиеті (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мәәә маған тжб керек 5 класс тән

Окллаткллсьв - Сегодня, 17:46
Ниет, пейіл, ықылас, ынта, іждағат, ілтипат

Осшлуьушашлусудщцщла Овщдуьлашс