Мен онымен сол тойда таныстым

Мен онымен сол тойда таныстым

Мен онымен сол тойда таныстым. Ол той - мен жақсы көрген жігіттің үйлену тойы болатын. Жақсы көрген жігіттің тойына шын бақыт тілей барып, өз тағдырымды кездестіремін деп ойламаған едім... Бір қызығы, сол тойда екеуміз бір-бірімізді көрмеппіз. Әбден қайтатын кезде ғана таныстық. Менің телефон номерімді сұрастырып тауып алыпты, екеуміз басында 2 айға жуық жай ғана сөйлестік. Қатты ұнайды деп айта алмаймын, жай бір тартымдылық қана бар. Жауып қойған жүрегімді қайтадан аша алам ба, білмеймін. Өйткені мені жігіттік қылық жасап, таң қалдырған жігіттер болмапты. Мен жігіттерден «ірілікті» күтемін. Артық айтсам Құдайым кешіре көрсін, қазіргі кезде көп жігіттер "ұсақталып" кеткендей....
Одан кейін, ол сөз салды. Көп ойланбай оған келісімімді бердім. Өйткені, оған қатты бауыр басып қалыппын. Ол - сүйгеннен де тереңірек. Соны түсіндім. Ол - өте сабырлы жігіт. Маған деген сезімі шынайы екенін дәлелдеді. Болашақтағы өмірін менімен байланыстырып қойыпты. Мен ше? Дайынмын ба? Көп ойландым....
Оның жанында өзімді еркін сезінемін («без комплекса» дейді ғой). Қысылып, ұялу дегенді білмеймін. Бәрін ашық айта беремін. Екеуміз көп жағдайда ойымыз бір жерден шығып жатады. Мені сүйген жүрегін, сезімін сыйлап тұрмысқа шығуға келістім. Негізі әрбір қыз тұрмысқа шығарда: мен бақытты бола аламын ба? – деп, ойлайды екен. Мен керісінше, Оны бақытты ете алам ба? – деп ойладым. Әркім өзінің бақыты үшін күреседі емес пе?
Оның блогқа жазған сөздері қатты әсер етіп жүр: Судьба нас сама друг к другу приводит... Свою половину сам Бог нам находит... Ведь главное в жизни всему своё время... Быть в нужный момент и в нужное время...
Может быть..... я начала верить....
Жақында: "Тағдырыңның бір кілті Алланың қолында болса, екінші кілті өзіңде болады" - дегенді естігем. Алла екеумізге кездесуді жазса, ары қарай алып кету екеуміздің қолымызда деп білемін.... Енді қалғанын оңынан, абыройынан берсе екен!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. ***MaKoSyA ***
    ***MaKoSyA *** 05.11.2015 07:50
    0 + 0 -
    Бакытты болындар!!!
  2. Улжамал Таубаева
    0 + 0 -
    Бакытты болыныздар Алла жар болсын сиздерге