Үй шаруашылығына керекті кеңестер

Үй шаруашылығына керекті кеңестер

✅ Мақталы киімге тиген дақтан арылуға пияз көмектеседі. Пияз шырынын даққа жағып, 24 сағатқа қою керек. Кейін киіміңізді əдеттегідей етіп жуып ала бересіз.

✅ Тоңазытқыштағы жемісіңіз ұзақ сақталсын десеңіз, жеміс жатқан жəшік түбіне газеттен басқа кез келген қағазды қоюға болады. Оны əрдайым ауыстырып тұруды ұмытпаңыз.

✅ Лимон қабығын тастамаңыз. Ыдыс жуып жатқан кезде суыңызға салып қойсаңыз, ыдысыңыз жылтырап, жаңа бір өңге ие болады.

✅ Егер пердеңізге антистатик сеуіп қояр болсаңыз, пердеңізге айтарлықтай шаң тұрмағанын байқайсыз.

✅ Егер аяқ киіміңіздің өкшесі тықылдайтын болса, оған кастор майын жағып, бір түнге қалдырыңыз. Ертеңіне сабын суға жуылған дымқыл шүберекпен сүртіп алу керек.

✅ Алтын əшекейіңізді тазалай алмай жүрсіз бе? Ыдыс жуатын сұйықтыққа салып 15 минутқа қою керек. Сосын жұмсақ шүберекпен сүртіп аласыз.

✅ Жаңа джинсиіңіздің өңін бермегенін қалайсыз ба? Тұзды суға салып қойыңыз.

✅ Күрішті қайнатып жатқан суға, 1 ас қасық сірке суын құйсаңыз - аппақ əрі езілмей піседі.

✅ Күріштің аппақ жəне езілмеу үшін оны қайнап тұрған тұздалған суға сала отырып, бірнеше тамшы лимон шырынын немесе суда ерітіп алынған лимон қышқылын қосыңыз.

✅ Ашылған қызанақ пастасын сақтау үшін, қақпағына құрғақ қышаны салу керек.

✅ Қызылша 3 - 3,5 сағат қайнайды. Оны тез қайнату үшін 1 сағат қайнатып, сосын оттан алып, 10 минутқа салқын ағын суға қою керек. Қызылшамыз дап - дайын.

✅ Егер сіз жас балғын екеніне күдіктенген болсаңыз, шамамен 10 см сыйымдылықта су құйыңыз да, жұмыртқаны салыңыз. Балғын жұмыртқа жатып қалады. Ал жұмыртқанының бір жағы көтерілсе оларды бірінші пайдалану қажет.

✅ Кофені қатты қайнатуға болмайды. Дəмі жəне хош иісі жойылады. Егер сіз қатты қайнатып алсаңыз, тез арада кофе қайнатқышты оттан алып, бірнеше тамшы суық су құйыңыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?