Медицина | Қыз баланың, бойжеткеннің , әйелдің гигиенасы

 Медицина | Қыз  баланың,  бойжеткеннің ,  әйелдің  гигиенасы

Мазмұны
Кіріспе
І тарау.
Қыз баланың, бойжеткеннің , әйелдің гигиенасы.
ІІ тарау.
1. Әйел организмінің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері.
2. Аборттар және олардың зиянды әсерлері.
3. Контрацепция .
4. Жыныс жолымен таралатын аурулар.
ІІІ тарау
1. СПИД індетінің пайда болуы және таралуы.
2. Эпидемиологиялық АИТВ індетін бақылауды ұйымдастыру.
3. СПИД індетін емдеу мәселелері туралы
4. Індеттің жұғу жолдары мен белгілері.
5. СПИД-ке карсы емге ұсыныстар
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Қыз баланың, бойжеткеннің, әйелдің гигиенасы.
Жеке бас гигиенасының бірінші ережесі - тазалық, ол туралы бұрыннан белгілі. Жекеленген кейбір арнайы жеке бас гигиенасының адам жынысына, жыныс ағзалар құрылысы және қызметіне байланысты кейбір арнайы жағдайлары бар.
Етеккірдің басталуы, қыз баланың алдына бір мәселе қояды. Алдымен етеккірдің келуі денсаулық жағдайына,қыз баланың жеке гигиена ережелерін сақтауына байланысты екенін есте ұстау керек.Әдетте, дені сау,шыныққан, спортпен шұғылданатын жақсы тамақтанатын қыз балаларда етеккір жақсы өтеді.
Жалпы сау қыз бала да етеккір келген кезінде жабығу сезуі мүмкін. Алайда бұл сырқат емес,қалыпты жағдай. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстану қажет. Ой, физикалық жұмыстардан бас тартпау керек. Алайда ауыр физикалық жұмыстарды азайту керек.
Күнтізбе құрып, оған менструация басталу күнін, сосын ұзақтылығын және шамамен жоғалған қан көлемін ( орташа, көп, аз) жазып отырған жөн.Жоғалған қан мөлшерін салма ылғалдануы дәрежесі және оны алмастыру жиілігімен анықтауға болады.
Етеккір кезінде сыртқы жыныс ағзаларын таза ұстағанның маңызы зор. Бұл үшін оларды леген үстінде таза жылы (ыстық емес) сумен алдынан артқа қарай жұмсақ иіс сабын қолданып жууы керек. Жуынуды тәулігіне 2 реттен кем емес өткізу керек. Осы кезде Күнделікті душ қабылдаған дұрыс. Ваннада, теңіз, өзендерде жуынуға болмайды, өйткені менструация ауру тудырғыш микробтарға жол ашады да жыныс ағзаларының қабынуын тудырады. Моншадан, әсіресе булы моншадан алшақ жүрген жөн, өйткені жоғары температура қан бөлінуін күшейтеді.
Етеккір келген кезінде арнайы салмалар қолдану қажет. Менструация кезінде тағамға ащы тамақтар қолданбау керек, өйткені олар қан ағуын күшейтеді.
Етеккір кезінде жазды күндері – тығыз жататын ішкі киім, қысты күндері –жылы трико, рейтуз және жылы аяқ киім киген жөн.
« Нәзіктік» түсінігін баяндаудың қажеті жоқ, алайда осы кезде де кейбір сәттерді ескеру қажет. Нәзіктік (әйелдік) ол тек сыртқы физикалық пішіні ғана емес, ол әдемі, дұрыс мүсін, мәнді жүріс. Мәселен тым алшаң адым, не теңселіп жүру нәзіктік түсінікке жат белгі. Грациялық – бұл алдымен қозғалуды қадағалау. Артық, сонымен қатар дөрекі қозғалыстар, не жұлқынып сөйлеу де әдемі емес.
Қатты дауыс шығарып сөйлесу, күлу, әсіресе, қоғамдық орындарда көргенсіздік болып табылады.
Дұрыс киім кию аса орынды болып табылады. Бұл кезде таным болуы тиіс, осы танымды тәрбиелей білу қажет. Әдемілікті бәрінен көре білу керек – қоршаған ортадан, мәдениеттен, адам денесі гармониясынан. Жақсы киіне білу қажетті талаптарды, жағдайларды талап етеді. Ең бастысы алған зат бағасы, не оның сәнділігі емес. Моданы қолдау қажет, бірақ оны қумау керек. Егерде бірде біреудегі сәнді киім жақсы көрінсе, оның сізде де жақсы көрінуі мүмкін бола бермейді. Бұл жағдайларда сәнді киімнің өзі дөрекі көрініп, ол сіздің парықсыз және әдепсіз екендігіңізді баяндайды.
Косметика- қыз баланың сыртқы бейнесінің маңызды құрамды бөлігі. Өкініштісі, ол қыз бала бейнесін әсемдеуден гөрі, дөрекілейді.
Аса боялған ерін ерсі көрінеді, аса пудраланған бет көркі келіспейді.Аса ғаламат шаш түстері, тушты ұлпалы кірпік бейнелері әсер бермейді. Жаныңызда ұстайтын жайт, ол ең әдемі жеріңіз –бұл сіздің бетіңіз, оны танымды ете білу қажет, яғни көлеңкемелермен көріктілеу қылу, оңдылығын көрсету, гармониялық емес жерін жасыру үшін тек Кустодиев, Матисс не Пикассо сияқты бояулы сурет салудың қажеті жоқ.
Косметика бойынша ұсыныстар өте көп, және өзін сыйлайтын қыз бала косметика өнімдерін дұрыс пайдалана (әрине өз танымы бойынша) білу керек.
Тағы бір жайтта айта кету маңызды шығар. Көбі махаббат белгісін көрсету үшін қызмет етеді: әсерлі көзқарас, қол алу, сүю. Алайда, махаббат дәлелін тек физикалық жақындық деп сезінетін және бірнеше кездесуден соң қыз балаларды жақындыққа тартатын жасөспірімдер бар. Көбінесе мұндай жағдайларда үлкен махаббаттың орнына терең жүрек шайқалуы байқалады. Әсіресе, егер жас қыз жеңілтектікпен жыныстық жақындыққа өз таңдасына сеніп, келіссе, ал оның қызға ешқандай махаббат сезімі болмаса, жас шақта бұндай қарым-қатынастар қауіпті, өйткені қыздар еш дайындықсыз не өзін, не баласын қамтамасыз ете алмайтын ана болуы мүмкін. Организмде де тым ерте жүктілікке жақсы реакция бермейді.
Жүктілікке жасанды түрде үзу қажеттілігі тууы әбден мүмкін. Ал біріншілікті жүктілікті, әсіресе осындай ерте жаста үзу кейіннен ұрпақсыздыққа әкелуі ықтимал. Бұл сирек жағдай емес: біріншілей үзілген жүктіліктің 16 пайызы дәл осылай аяқталады. Көптеген жасөспірімдер жас қызбен жақындыққа түсіп, өз құмарлықтарын ғана қандырады. Көбіне қажеттіліктері әрдайым сексуалды емес, мансапқұмарлық болып табылады. Бұдан кейін жасөспірім өзінің жеңісімен сирек емес жағдай.
Өздеріңізді сақтаңыздар, сізден ешқайда қашпайтын жайды тым ерте тануға асфықпвңыз. Өзіңізге сыйластықпен қарaңыз. Өз роліңізді, өз қажеттілігіңізді есте сақтаңыз. Адамзат ұрnағын сақтап қалу, бағасыз тұқымдық материалды сақтап қалу- сіздің қолыңызда.
Әйел организмінің анатомиялық , физиологиялық және функционалдық ерекшеліктері.
Жыныс ағзалары өзара байланысты - өсіп өрбу (репродуктивтік), эндокринді және сексуалдық қызметтер атқарады. Жыныстық белгілерді біріншілікті және екіншілікті , ал жыныс ағзаларын ішкі және сыртқы деп бөлу қабылданған.
Біріншілікті жыныс белгілері эмбрионалды кезенде қалыптасады және бірден туылысымен анықталады. Оларға әйелдерде: жыныс еріншелері, жатыр, қынап пен аналық жыныс бездері жатады.
Өсіп даму кезінде екіншілікті жыныс белгілері байқалады: қолтық пен мүше үстінің түктенуі. Әйел балаларда сүт бездері ұлғаяды, мүше үстері түктенеді.
Әйелдердің ішкі жыныс ағзаларына: жатыр, жатыр түктері мен аналық жыныс бездері жатады. Әйелдердің сыртқы ағзалары –клитор (шошақай), жыныс еріндері, кынап жатады.
Аналық бездер, жатыр түтігі, жатыр және қынап жамбас қуысына орналасып, аналық жыныс жүйесін құрайды.
Аналық бездерінде көпіршіктер шоғыры – фолликулдар болады. Аналық жыныс клеткалар – жұмыртқа клеткалар дамиды. Жаңа туған қыздың Аналық безінде 400 мыңдай жетілмеген жыныс клеткасы болады, олардың 350-500-дейі ғана пісіп жетіледі. Әрбір аналық без жатыр түтігіне ұласатын түкті ворнкаға батып тұрады. Жатыр түтігі жатырға ашылады. Жатыр – кілегейлі қабықшамен астарланған, іші қуыс бұлшықетті мүше. Жатырдың төменгі ұшы – мойны қынапқа ашылады. Қынаптың аузы тері қатпарлары – жыныс ернеуінің аралығында болады. Жас қыз қынабының аузын дәнекер тіканьді жарғақ –қыздық жауып тұрады. Үрпі жолының тесігі қынап аузымен қатар орналасады.
Толысқан организмдегі аналық бездердің бірінде ай сайын гипофиз горионының әсерімен болашақ жұмыртқа клеткасы бар бір фолликул жетіледі.Сперматозоидтың ядросындағыдай, әрбір жұмыртқа клеткасының ядросында да хромасомалар – ата-аналардың тұқым қуалайтын белгілерін жүргізушілер болады. Бірақ мұның адам денесіндегі басқа клеткалардан өзгешелігі сол, жыныс клеткаларының ядроларында 46 емес, 23 хромосома болады.Жетілген фолликул аналық бездің бетінен томпайып көріне бастайды, сыртқы қабырғасы жұқарады; екінші аптаның аяғында көпіршік жарылады да, жұмыртқа клеткасы фолликулдан сыртқа шығады. Бұл процесс овуляция деп аталады. Жетілмеген жұмыртқа клеткасы түкті воронка арқылы жатыр түтігіне түседі де, сол жерде пісіп жетіледі. Жұмыртқа клеткасы 7 күнде жатыр түтігін бойлап, жатырға жетеді.
Жарылған фолликул қуысы бірте-бірте май тәрізді сары түсті заты бар клеткаға толып, ішкі секрецияның уақытша безі сары денеге айналады. Фолликулдар мен сары денеден аналық жыныс гормондары түзіледі. Сары дене гормоны келесі фолликулдың пісіп жетілуін тежейді де жатырдың кілегейлі қабықшасы ұрық қабылдауға даяр болады. Егер жұмыртқа клеткасы ұрықтанбаса, онда сары дене овуляциядан кейінгі 13-14- күні гормон бөліп шығаруын тоқтатады. Өзгеріс болған жағдайда жатырдың кілегейлі қабықшасы бұзылады. Кілегейлі қабықшаның түйірлері қанмен бірге қынапқа ағып шығады. Бұл етеккір кезеңі 3 күннен 5 күнге дейін созылады. Осыдан кейін жатырдың кілегейлі қабықшасы қалпына келеді. Овуляция айына 1 рет қана болатындықтан, етеккір циклі де 118 ай сайын қайталанады. Ол 20-30 күнге, көбіне 28 күнге созылады. Осы кезең ішінде фолликулдар пісіп жетіледі, овуляция процесі өтеді, сары дене гормон түзеді және оны бөліп шығаруын тоқтатады.
Жыныс қызметінің биологиялық дамуы. Жыныстық жетілу эндокрин және нерв жүйелерімен байланысты.Жыныстық жетілу қыз балаларда ер балалардан гөрі ертерек 9-12 жаста басталады.Қыз балалар толығымен 16 жасқа қарй жетіледі. Жыныс қызметінің тоқтауы әйелдерде едәуір ерте 40-50 жасқа таман басталады, ал ерлерде бұл көрініс 65-70 жаста байқалады. Сонымен әйелдерде репродуктивті жас шамасы 16-45 жас шамасында болып, 30 жылға созылады.
Алайда, биологиялық өз дегенімен ер не әйел қылмайды. Биологиялық сипаттамалар психологиялық жыныспен толығулары қажет, бұл психосексуалды даму процесінде байқалады.
Адамның жыныс мүшесінің дамуы негізгі биологиялық және әлеуиеттік иаңызды кезеңдерден өтеді.
Биологиялық жыныс былай құралады:
1. Генетикалық жыныс – ұрпақтан -ұрпаққа жұмыртқа жасушасы арқылы беріледі.
2. Гонадалық жыныс – генетикалық негізде қалыптасып, ер немесе әйел жынысына сай ішкі секреция бездерінің қалыптасуымен байқалады.
3. Гормоналды немесе морфологиялық жыныс – бездер гормондарды секреттей бастағанда гонадалық жыныс негізінде қалыптасады, олардың әсерінен біріншілікті – аталық немесе аналық жыныс жүйелері қалыптасады.
4. Акушерлік жыныс – сәби туылғанда анықталады.
5. Пубертатты жыныс- жыныс бездерінің функциясының күшеюімен анықталады және екіншілікті жыныс бездері қалыптасады.
Биологиялық сипаттама, психосексуалдық даму барысында пайда болатын психологиялық жыныс толықтырылуы тиіс.
Психосексуалды даму. Жыныстық жетілу процесі кезінде дене мен жыныс мүшелерінің өзгеріске ұшырауымен қатар, адамның жыныстық мінезінің психологиялық жақтары да дамиды. Бұған енетіндер:
1. Жыныс идентификация (айырымдық)
2. Жыныс стереотиптер.
3. Жыныстық мінез құлық.
4. Психосексуалдық бейімделу.
ЖЫНЫСТЫҚ ИДЕНТИФИКАЦИЯ. Кішкентай баланың өзіндік ең алғаш жете сезінері – жынысы. Алайда біріншілікті жыныстық идентификациялау толығымен 3 жаста қалыптасады. Ол өзіндік сана-сезімнің негізі болып табылады.
ЖЫНЫСТЫҚ СТЕРЕОТИПТЕР. 6-7жасқа тамн балада оның жынысына сай мінес –құлық түрі қалыптасады. Бұны қыз балалар (қуыршақ, көйлек, ыдыс, отбасы т.б.) ойнағанды ұнататындарын сезуге болады. Көбінесе ата-аналары жыныстық стереотиптер бекуін қолпаштап, ынталайды. Көбіне «сен қыз емессің бе, қыздар төбелесе ме?» деген сөздерді естуге болады.
ЖЫНЫСТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ- бұл мәнісінде жыныстық стереотиптер жалғасуы мен дамуы. Егер бұрын стереотиптер сыртқы сипатта болса, енді, 10-12 жаста олар саналы жыныстық мінезге ауысады. Балалар толығымен ерлер мен әйелдер құрылысын, олардың ұрпақ жалғатыруындағы ролін біледі. бұрынғы сыртқы өзгерістердің үлкен мәнді екендігі мәлімделеді.
Психосексуалды бейімделу. Бұл кең сезімді, әрі ең әлеуметке негізделген кезеңдердің бірі. Осы кезде жыныстық роль қалыптасадыда, барша өмірі жалғасады. Бұл жыныстық жетілу уақытында өтеді. Сыртқы жыныстық белгілер сексуалды –эротикалық белгілерге алмасады. Ең жоғары деңгейдегі сана-сезім қалыптасады.Егер психосексуалды бейімделу ерте кезеңдерден жыныстық рольге сәйкес болса, бұл адамның дұрыс, жан-жақты дамуының белгісі.
Қыз бала мен қыздың жыныстық жетілуі. Қыз баланың жыныстық жетілуінің бірінші белгілері 8-9 жастан басталады. Жыныстық жетілудің кезеңінде екі сатыны айырады: 13-14 жасқа дейінгі препубертатты (сексуалдыққа дейінгі), және пубертатты -16018 жасқа дейінгі. Бұл сатылар тек қана жасаралық шекаралар емес, ол оның жетілуінің нақты өзгерістерінің кезеңдері.
Бірінші сатыда бой өсуі тезделеді, дене салмағы ұлғаяды. Бой өсуінің шегі 11 жаста басым болады, ол негізінен аяқтарының ұзаруы есебінен өседі. Ал, 14 жастан соң бой өсуі, дене өсуі есебінен болады.
Дене салмағы бірте-бірте 14 жасқа дейін ұлғаяды. Сүт бездері 9-10 жаста ұлғая бастайды. Осы кезде оның пішіні, жамбас сүйектері белсенді түрде өсіп, сандары дөңгелектенеді.
10-11 жаста емшек үрпісі өсуі басталып, жыныс мүшесі үстіне түк өседі. 11-12 жаста ішкі және сыртқы жыныс ағзалары өзгереді. 12-13 жаста емшек үрпілері қоңыр түстенеді, сүт бездері дөңгелектенеді. Осы кезеңге қарай бірінші етеккірлер (менструация) байқалады. 16-17 жастағы қыздарда әдетте, қаңқа өсуі аяқталады.
Етеккірлер(менструациялар). Етеккірлер не айлықтар –жыныстық жетілудің негізгі кезеңдерінің дұрыс өткендігінің басты белгісі.
Етеккір –сыртқы жыныс ағзаларынан сатылы түрде қанды бөлінулердің пайда болуы. Бұл айлық жыныс клеткаларының жетіліп, оның жыныс бездерімн шығуымен, сонымен қатар жатырдың кілегейлі қабығының сатылы түрде өсіп, пісіп- жетіліп, сылынуымен тығыз байланысты.
Ұрықтанған жыныс клеткасы жатыр қуысынан шыққан кезде оның қабырғасына бекуі (имплантация) тиіс. Жатыр қабырғасы бұл үшін дайын болуы керек. Егер босаған жыныс клеткасы ұрықтанбаса, имплантацияланбайды, ал имплантациялануға дайын кілегейлі қабат біраз уақыттан соң сылына бастайды. Осы кезең орта есеппен 28 күнге созылады. Алайда кему не ұзару ауытқулары болуы да мүмкін. Кезекті етеккір пайда болуымен қатар кезекті әйелдік айналым да басталады. Ол –организмнің басты эндокрин безі –гипофизбен қадағаланады. Гипофиз екі негізгі жыныс гормонын бөледі. Олардың біріншісі фолликулынталандырушы гормон (ФЫГ)аналық жыныс безінде фолликул дамуын қамтиды.Ол өз алдына эстрогендер жатырдың кілегейлі қабатын өсіреді. Фолликул жарылған кезде жыныс клеткасы босайды- бұл овуляция сәті. Бөлініп жарылған фолликул кейіннен сары дене – «уақытша» эндокрин безіне айналады. сары дене гипофиздің екінші гормоны – лютейндеуші гормон (ЛГ) әсерінен дами бастайды. Егер жыныс клеткасы ұрықтанса, онда сары дене өсе түсіп прогестерон гормонын бөледі. Ол гормон жүктілікті сақтайтын гормон болып табылады. алайда, егер ұрықтану мен имплантациялану байқалмаса, гипофиз қауырт түрде ФЫГ мен ЛГ бөлінуін азайтады, ал бұл сары дененің кері дамуына әкеліп соғады, яғни жатырдың үстіңгі кілегейлі қабық қабаты семеді (атрофия). Сөйтіп бәрі қайтадан басталады.
Ұрықтану (жүкті болу) овуляциядан кейін 2-3 күн ішінде болуы мүмкін. Овуляция сәтін дене температурасы арқылы анықтауға болады: ол шамамен бір градусқа ауытқиды.
Аборттар және оның зиянды әсерлері.
Түсік не жүктілікті жасанды жолмен үзу – қарапайым операция емес, ол күрделі хирургиялық араласу, оның ауыр асқынулары брлуы мүмкін. түсіктің кері әсерлері жақын күндері ғана емес, бірнеше айлардан да соң байқалуы мүмкін.
Жатырдың ұрық жұмыртқасын алып тастау үшін, оның мойынының каналын кеңейтуге тура келеді. Ал бұл ауыртпалықтар тудырады, ол әсіресе бұрын тумаған әйелдерге ауыр тиеді.
Түсік операциясы кезінде көбінесе жатыр мойнында жарықшақтар мен жарылулар пайда болады. Олар арқылы ұдайы жыныс жолдарында болатын микробтар жеңіл өте алады. Тусіктен кейін жайылыңқы қанталаған жара түріндегі жатырдың ішкі беткейінде инфекция қақпасы болып табылады. Жатырда пайда болатын қан ұйындылары микробтар , соның ішінде ауру тудырғыштары үшін жақсы қоректік орта. Сондықтан жатырдың, жатыр түтіктерінің, аналық жыныс бездерінің қабынуларына шалдығуы қауіпі зор екені түсінікті, тіптен қан зақымдалуы сепсис те болуы мүмкін. бұл аурулар көптеген зардаптар тудырады, сонымен қатар толық қайтымсыз ұрпақсыздыққа, тіпті әйел өліміне әкеледі. Дәрігерлер қаншалықты тәлімді, мамандандырылған болса да, ол ешқашан ұрық жұмыртқасының толығымен қырылып алынғанына кепілдік бере алмайды. Өйткені барша операция тек қол сезімімен, көрмей жасалынады. Егер жұмыртқаның азғантай бөлігінің өзі жатырда қалып қойса, әйел өміріне қауіпті, көп мөлшерде қан ағуы байқалады. Бұндай жағдайларда қайта қыруға кіріседі, ал кей жағдайларда – толығымен алып тастауға тура келеді. Ал бұл қайтымсыз ұрпақсыздыққа ұшырау.
Сонымен қатар түсік әйел ағзасының қайта қырылуын, бейімделуін дөрекі түрде үзеді. Соның нәтижесі психологиялық және эмоционалды бұзылулар, сонымен қатар бедеулік, ұрпақсыздық, семіру, сексуалдық бұзылыстар, жыныстық сезім жоғалады. Махаббатпен сүйікті адамының жақсы көру сезімдері жойылады. Осы барлық айтылған асқынулар бірінші жүктілікті үзгенде байқалуы әбден мүмкін. Сондықтан, жағдайды жан-жақты ойлап, бағалап, сараптап алған жөн. Бұның бағасы өте жоғары: болашақ ана бола алмау немесе өмірін қию.
Әлемде жасөспірім қыздар арасында бұл көкейкесті мәселе болып табылады. Жыл сайын 40 мыңнан астам жас 17- дегі түсік жасайды, ал 15-ке дейінгілердің 3 мыңы жүктілікті үзеді. Түсіктен кейінгі өлімге ұшырау деңгейі де жоғары, ол батыс елдерімен салыстырғанда 8 есе көп шаманы көрсетеді.
Қазақстан Республикасының түсік жағдайы өте төмен. Түсік қазірдің өзінде туылу деңгейін реттейтін негізгі әдіс болып табылуда. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметтері бойынша репродуктивтік жас шамасындағы 1000 әйелге шаққандағы түсіктер саны Батыс Еуропа, Ұлыбритания, АҚШ елдері көрсеткіштерінен 5-10 есе көп.
Қазақстан жастары арасындағы түсік мәселесі қандай? А. Акановтың деректері бойынша 1999 жылы 18- ге дейінгі қыздар арасында 9177 түсік тіркелген. Олардың 177- сі 15 жасқа дейінгі жасөспірім қыздарға келеді. Сонымен қатар, 18 жасқа дейінгі қыздардың 53 пайызы түсік қайта жасалынған. 29 түсік қылмысты болған (түсік жасауға рұқсаты жоқ тұлғалар жасаған). Жастар арасындағы 410 түсік асқыныс алған, және 1 жағдайда қыз бала болған. Жаңа мыңжылдықты қарсы алған көрсеткішіміз осындай, ол оптимизмді қоса алмайтыны көрініп тұр.
Түсіктер алғашқы ғасырларда белгілі болған. Бірақ халық санын реттеуші ретінде қолданылмаған.
Ортаңғы ғасырларда шіреулерде жасанды түсік жасауға тыйым жасалынған. Өйткені бұл адам өлтіру кінәсімен тең келді. Уақыт өтіп жатты, жүктілікті жасанды үзу практикаға қайтадан кірді және әйелдің тілегі немесе ерлі-зайыптылардың шешімі маңызды болды.
Кенеттен төбесі жасыл түскендей өткізілген физиологиялық эксперименттік нәтижесі әлемге жайылды. Адамның эмбрионы адамға тән барлық сезімдерді және анасының сезімдерін сезуге қабілетті болып шықты. Датчиктер мен приборлар түсікті жүргізу кезіндегі ұрықтың қозғалыс белсенділігін және эмоционалды күйін тіркеп отырды. Бұл кезде ұрық аурудан және үрейден бүрісіп қалып, қорқыныштан айқайлаған сияқты болған. Ол өлуді қаламаған, бірақ өзінің өмірін сақтауға әлсіз. Ол өлуі керек деп әйелдің өзі шешті.
Контрацепция.
Контрацепция жаратылымға қарсы уақытша түрде спериматозоид пен аналық жыныс клеткасы кездесу мүмкіндігін, яғни ұрықтануды болдырмауға бағытталған әдіс.
Тұрақты ұрықты болдырмау әдісімен (стерилизиция) салыстырғанда контрацепцияны еш қосымша әдістерсіз тыюға болады. Содан кейін ұрықтану да, қалыпты жүктілік пен туылу да бола береді.
Контрацепция үш үлкен топқа бөлінеді:
1. Контрацепцияның табиғи әдістері. Олар мүмкін делінген ұрықтану мерзімдерін есепке алу және осы күндері жыныстық қатынастарды болдырмауға негізделген.
2. Механикалық әдіс, олар қолданылатын ерлер презервативтері, әйелдер қалпақшалары немесе жатыріші спиралдары.
3. Гормоналды контрацепция немесе пилюлялар мен таблеткалар (түймедақтар).
Осы әдістердің қайсысы ең жақсы? Әрқайсысының өз артықшылығы мен кемшіліктері болады. Мәселен , табиғида еш асқыну байқалмайды.Алайда ол сондай сенімді емес, өйткені сперматозоидтар әйелдің жыныс жолында ұзақ уақыт өмір сүре алады. Механикалық әдістерді қолданғанда мүмкін деген жүктіліктен берік қорғаныс туады, алайда жыныс сезімталдығы ептеп азаяды.
Гормоналды заттар да берік қорғаныс тудырады, бірақ кейбір әйелдерде пилюля не таблеткалар аллергия туғызуы мүмкін, ал бұл өте қауіпті.
Контрацепцияның сенімді түрін таңдау үшін дәрігер –маманмен кеңескен жөн.
Егер дәрігермен кеңесу мүмкін болмаса, ерлер презервативін қолданған жөн, оларға қазір еш тапшылығы жоқ. Пезервативтердің тағы бір артықшылығы олар жыныстық жолмен таралатын аурулардың алдын алуда маңызы зор.
Контрацепция уақытша түрде ұрықтануды болдырмайтын әдістердің бірі болып табылады.
Жыныс жолымен таралатын аурулар.
Жыныстық қатынаста жұғатын ауруларға не мүмкіндік туғызады?
Жыныстық жолмен берілетін аурулар (ЖЖБА) немесе жыныстық қатынаста жұғатын аурулар сексуальды қатынастар арқылы беріледі.
Әсіресе олардың ең қауіптілері: СПИД, мерез, соз....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі