Бақытсыз махаббат

 Бақытсыз махаббат

Жүректің жанарынан от шығады,
Төгіліп айналаны өрт қылады.
Тынштықтың ұясы болатұғын,
Жан дүнием менің бүгін шоқ болады!

Ешқашан бұл сезімді сезбеп едім,
Алдындары бұл тозақты көрмеп едім.
Адамдарды ақылдан аздыратын,
Махаббаттың не екенін білмеп едім!

«Махаббат тәтті» деген адамдардың,
Сөздеріне зейін салып жүрген едім,
Сөйтіп жүріп, бұл өмірдің қаталдығын
Жан дүниеммен тебіреніп бір сезген едім!

Бұл оқиға төрт жыл алдын басталады,
Махаббат адастырар жас баланы,
Көрген кезде сол қыздың жарқын жүзін,
Жүрегім, сауықпастай мас болады!

Ол махаббат — тенткетің махаббаты!
Ешкім де ол сезімді біле алмайды,
Махаббатың тозағында жүрген адам,
Шын өмірдің рахатын көре алмайды!

Ақ параққа не жазсаңда болады екен,
Махаббат алдамшы екен, алдайды екен!
Қу түлкінің әпкесі — сол махаббат!
Балапанды анаңмын деп алдайды екен!

Көзімді алдап, өзімді еліктіріп,
Дұрыс ойды, бұрып тастап мәз болады,
Әрдайым басымменен ойлайтұғын,
Мен байқұсты сезіміме құл қылады!
Бұл сезімнің шөл даласы үлкен екен,
Әркімді де тентіретіп қояды екен,
Көзді алдап, сол қызды жақындатып,
Шөлдегенге судай елес қылады екен!

Бірақ сағым сонысымен, сағым делед,
Жеткен кезде, жоқ болып тастап кетед,
Бұл сахраның ең басты қызығы сол,
Байқұс жанды босқа, тентіретед!

Сағымнан сағымға жол тартқызып,
Әрдайым босқа маған үміт беред,
Көлге міне жетемін деп әурелетіп,
Алдымдағы шын теңізді көлшік етед!

Мұнысымен шөл дала таусылмайды,
Көзді алдаумен, адамға салып қайғы,
Ең соңғы күш қалдығы қалғанша ол,
Адаммен ойнаудан да жалықпайды.

Күшің қалмай соңында сен жығыласың,
Тезірек өлуге де асығасың,
Барлық өмір тозақтай болған кезде,
Амал жоқтан сен оған жалынасың!

Сол мезетте барлық елес жоқ болады,
Ғайып болып, шын өмір де тап болады,
Көз ашып айналаға қарағанда,
Ащы шындық жүрегіңді от қылады!

Шындықтың нағыз беті сондай екен,
Үш жылда жынды боп мен қалған екем!
Ал енді айналама қарағанда,
Сол сахраның барлығы жалған екен!

Қу түлкінің әпкесі шыр ойнатып,
Ақыры жалыққан соң қойған екен!
Ал енді, сол тозақтан шыққаннан соң,
Жас балапан, қыран боп қалған екен!

Енді оған бұл түлкі олжа ғана,
Қу түлкі жүгіреді таппай пана!
Ал бүркіт оған назар аудармайды,
Алдану ол бүркітті қылды дана!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу
Пікірлер 3
  1. Гүлзат Аманкожоева
    0 + 0 -
    АЙДЫН КӨЛДҰН АКУУЛАРЫ аңсаганда барсамба Кыскы аяз ызгаары шашканда барсамба жеболмаса көктөмдү тосып көктөм кыз мен Сырымдыайтып күзгү жамгырында барсамба Атигиңдеп колымды тістеп калмайын Басымдыуруп кешболупкалганында Бостонбоско таскауруп Тамшы жастарым тамшылап жылапкалмасын
  2. Гүлзат Аманкожоева
    0 + 0 -
    Талантысыз өмүрдө махабатсыз ащыкболы мүмкүн эмес өмүрдө бакытыболыңыз.
  3. Гүлзат Аманкожоева
    0 + 0 -
    Махабатты багалайбил Жасшагыңда Жедиріп ійме кокус кайгымуңга Махабаттын гүлбакшасын аралаган Өткенэкен Тахирмен Зухрада. Китабын окудыңба Тариелдін азабы Арылмады ондайсеринін Махабаттын азабына шыдай алмай Кыдырган Индастандын талайжерін Касдушпан карсы боп жастилеке кадалган кандуу жебе жасжүреке Арманда өткөнэкенТөлөгөнда Жете алмай сүйгөнжары КызЖибеке.

Ілмектер: казахские стихи о любви, на казахском языке стихи про любовь, казахские стихи любовь, стихи про любовь на казахском языке, стихи про любви на казахском, красивые стихи про любовь на казахском, махаббат туралы өлең шумақтар, махаббат туралы өлең шумақтары, махаббат туралы өлең жолдары, махаббат жайлы өлең жолдары, махаббат туралы өлең шумақтары, махаббат жайлы өлең шумақтар, махаббат туралы өлең, стихи на казахском языке про любовь, стихи на казахском языке о любви