Экономика | Қаржы және кәсіпкерлік тәуекелдерін бағалау және басқаруды талдау

 Экономика | Қаржы және кәсіпкерлік тәуекелдерін бағалау және басқаруды талдау

Мазмұны
КІРІСПЕ……………………………………….………..…………….…………3
1 Тәуекел түсінігі, түрлері және оларды басқаруды ұйымдастыру
1.1 Тәуекел түсінігі және оның экономикалық салдары……….….………..4
1.2 Қаржы және кәсіпкерлік тәуекелдерінің түрлері және оларды басқару……………………………………………………………………………7
2. Қаржы және кәсіпкерлік тәуекелдерін бағалау және басқаруды талдау
2.1.Қаржы және кәсіпкерлік тәуекелдерін басқару әдістері……………………9
2.2 Тəуекел менеджменті жəне активтерді басқарудағы оның ролі….……....13
3. Сақтандыру – қаржы және кәсіпкерлік тәуекелдерін басқару әдісі ретінде……………………………………………………………………………...17
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………….…24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………..…..….…………….…25

КІРІСПЕ
Әлемдік қаржы нарығының дамуы, әлемдік экономикалық кеңістіктің мүшелері болып табылатын ірі қаржы несие институттарына, өндірістік және сауда корпорацияларына тікелей әсер етеді. Әлемдік нарықтың қатысушылары глобализация, интернационализация процестерінің өз қызметтеріне тікелей әсер ететінін біле отырып қаржы нарығының жаңа даму тенденцияларын ескеруі керек. Осындай компаниялардың қызметі барысында пайда болатын тәуекелдер жылдан жылға көбеюде. Бұл нарықтың қатысушылары белсенді түрде пайдаланатын жаңа қаржы құралдарының пайда болуымен байланысты. Қаржы құралдарын пайдалану қабылданған тәуекелдерді төмендеткенмен қаржы нарығының қатысушыларының қызметі белгілі бір тәуекелдермен тікелей байланысты болады. Сондықтан да менеджер тәуекелге қатысты жағдайда уақтылы, дұрыс шешім қабылдауы керек. Ол үшін болуы мүмкін шығындар мен зияндардан сақтандыру мен хеджирлеудің әр түрлі құралдарын пайдалану қажет. Соңғы жылдары мұндай қаржы құралдарының әдіс-тәсілдері едәуір көбейді. Компания қызметінің тиімділігің артуы қандай құралдың пайдаланылғанына тікелей байланысты болады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2006 жылдың 1 наурызындағы халыққа жолдауында «ел экономикасындағы өрлеудің тұрлаулы әрі серпінді сипатын ұстап тұру үшін мемлекет қазынагерлік, ақша-несие, салық, сақтандыру саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті» деп атап өтті.
Курстық жұмыстың негізгі міндеттері оның мақсатына сәйкес келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
- қаржы тәуекелдерін сақтандыру нарығының төмен деңгейде дамуының себептерін зерттеу;
- қаржы тәуекелдерін басқарудың әлемдік тәжірибелерін қарастыру;
- қаржы тәуекелдерін басқарудың тиімділігін арттыру мен іс-шаралар ретін анықтау.
Курстық жұмыстың бірінші «Тәуекел түсінігі, түрлері және оларды басқаруды ұйымдастыру» бөлімінде тәуекелге түсінік беріліп, оның экономикалық салдары және жіктелуі қарастырылған.
Екінші «Қаржы тәуекелдерін бағалау және басқаруды талдау» бөлімінде қаржы тәуекелдерін бағалау және басқару әдістері талданып, тәуекел менеджментің активтерді басқарудағы ролі қарастырылған
Үшінші «Сақтандыру – қаржы тәуекелдерін басқару әдісі ретінде» бөлімінде қаржы тәуекелдерін сақтандыру жүйесінің мәселелері және оларды шешу жолдары ұсынылған.
1. Тәуекел түсінігі, түрлері және оларды басқаруды ұйымдастыру
1.1 Тәуекел түсінігі және оның экономикалық салдары
Өндіріс белгілі бір қоғамдық формадағы адамзат болмысының материалдық негізі болып табылады. Осы себептен адам мен табиғат өзара байланысты. Бір жағынан табиғат адамға әсер етеді, ал екінші жағынан адам оны өз қажеттілігіне, мұқтаждығына бейімдейді. Табиғат байлығын игеру процесінде ғылыми техникалық прогресстің жетістіктерін пайдалану өндірістің дамуының алғышарты болып табылады. Табиғат пен адамзат арасында өзара байланыс пен қатар қарама қайшылықта бар. Төтенше жағдай, қауіп –қатер адамзат тіршілігің нормасы болып табылады. Әрбір табиғи апат, жазатайым жағдай еңбек құралдарына қатер төндіреді, осыған байланысты сақтандыру қатынастары пайда болады. Ал осындай қауіп - қатерлер сақтандыру қатынастарының пайда болуының алғышарты болып табылады. Тиісті тәуекелсіз сақтандыруда жоқ, себебі сақтандыруға деген ынта, қызығушылық болмайды. Тәуекел түсінігі қандай-да бір күткен құбылысқа төнетін қауіп-қатер дегенді білдіреді. Бұл зиян, залал келтірілуін жорамалдау.
Тәуекел адамзаттың кез-келген әрекет ету саласындағы объективті құбылыс. Маңызына қарай тәуекел тиімсіз экономикалық салдары бар, болашақта кез-келген уақытта белгісіз мөлшерде болуы мүмкін теріс жағдай болып табылады. Тәуекел туралы нақты және жоспарлы көрсеткіштердің арасында ауытқу болған жағдайда ғана айтуға болады. Ауытқу оң немесе теріс болуы мүмкін. Болуы мүмкін теріс ауытқу тәуекел болса, нақты болған теріс ауытқу зиян. Сонымен тәуекел сақтандыру объектілеріне залал келтіруі мүмкін оқиғалардың жиынтығы. Тәуекел факторы және келтірілген зиянның орнын жабу үшін сақтандыруға деген қажеттілік пайда болады. Табиғатты игеру процесінде адамзат тіршілігі кездейсоқ жағдайлардан сақтандыру арқылы қорғалады, яғни тәуекел сақтандырудағы негізгі түсінік.
Сақтандырудағы тәуекел әр түрлі құбылыстардың жиынтығы, олар орын алғанда сақтандыру қорынан натуралды- заттай немесе ақшалай түрде төлемдер жүргізіледі. Сақтандыру келісім шартын жасау кезінде сақтандырушы сақтандыру объектісіне әсер ететін жағдайларды бақылап, оларды тіркеп отырады. Осындай бақылау және есепке алу процесі тәуекелді тіркеу деп аталады.Тәуекелдер объективті және субъективті болып бөлінеді. Объективті тәуекел жағдайларышындыққа объективті көзқарастан туындайды және де ол адамның еркіне, санасына байланысты емес. Ал субъективті тәуекелдік жағдай шындыққа объективті көзқарасты ескермейтін, адамның еркіне, санасына байланысты жағдайлар. Сонымен табиғат бос болмайтыны сияқты нарықты экономика да туекелдерді сақтандарусыз болмайды. Тәуекел мөлшері бірқалыпсыз. Оның өзгеруі көп жағдайда экономикадағы өзгерістермен басқа да факторларға байланысты. Экономикалық қатынастар жүйесіндегі тәуекелдерді төмендетіу және оларды шектеуге бағытталған іс- әрекеттерді тәуекелді басқару немесе тәуекел менеджменті деп аталады. Тәуекел бұл қаржылық категория. Сондықтан оған қаржы механизмі арқалы әсер етуге болады. Мұндай әсер ету қаржы механизмінің әдіс-тәсілдері мен стратегия арқылы жүзеге асыралады. Стратегия мен әдіс-тәсілдердің жиынтығы тәуекелді басқарудың механизмін құрайды, яғни тәуекел менеджементі. Сонымен тәуекел менеджементі қаржы менеджементінің бір бөлігі және тәуекелді басқару жүйесі болып табылады. Тәуекел менеджменті басқару стратегиясы мен тактикасынан тұрады. Басқару стратегиясы бұл – көздеген мақсатқа жету үшін құралдарды пайдалану әдісі мен бағыты. Көздеген мақсатқа жеткен соң стратегияда оның бағыты да қолданылуы тоқтатылады, жаңа мақсаттар жаңа стратегияларды өңдеуді қажет етеді. Тактика – бұл нақты жағдайларда көздеген мақсатқа жетудің нақты әдіс тәсілдері. Тәуекел менеджементі екі жүйеге бөлінеді: басқарылатын жүйе және басқарушы жүйе. Тәуекел менеджементі екі қызмет атқарады:
1) басқару обьектісінің қызметі;
2) басқару субьектісінің қызметі.
Басқару обьектісінің қызметіне мыналарды ұйымдастыру жатады:
- тәуекелді шешу;
- тәуекелді капитал салымы;
- тәуекел деңгейін төмендету;
- тәуекелді сақтандыру процессі;
- шар-ң процестің субьектілері арасындағы байланыспен экономикалық қатынасты ұйымдастыру.
Ал, басқару субьектісінің қызметіне мыналар жатады:
- болжау;
- реттеу;
- ынталандыру;
- бақылау;
- үйлестік.
Тәуекел менеджементіндегі болжау – бұл белгілі бір оқиғаны алдын ала болжау. Менеджердің басты міндеті экономикалық теріс салдары бар оқиға болғанда жедел шешім қабылдау. Реттеу – бұл басқару обьектісіне әсер ету. Координация (үйлестік) тәуекелді басқарушы жүйенің барлық звеноларын келісімді түрде жұмыс атқаруын білдіреді.
Бақылау – тәуекел деңгейін төмендету жұмыстарын ұйымдастыруды тексеру. Тәуекел менеджементінің кәсіпкерліктің қызметтің дербес формасы деп қарастыруға болады. Кәсіпкерліктің формасы ретінде тәукел менеджементі – қаржы менеджерінің тәуекелді басқару үшін жүзеге асыратын творчестволық қызметі б.т, яғни тәуекел - менеджементін кәсіпқой қызметтің түрі деп айтуға болады. Қызметтің бұл түрін мамандардың кәсіби институттар, сақтандыру компаниялары, қаржы менеджерлері орындайды. Кәсіпкерлік қызмет ретіндегі тәуекел менеджементінің әрекет ету саласы сақтандыру нарығы. Сақтандыру нарығы – бұл сату мен сатып алу обьектісі сақтандыру қызметі болып табылатын оған сұраныс пен ұсыныс пайда болатын ерекше әлеуметтік экономикалық орта.
Тәуекел менеджементі мынадай элементтерден тұрады:
1) тәуекелмен байланысты жағдайда қолайлы әрекет ету жоспарын құру;
2) заңды және нормативті актілерді қабылдауға дайындау;
3) тәуекел шешімдерін қабылдау және оны талдау.
Тәуекел менеджементінің әдіс-тәсілдері тәуекелді шешу құралдырынан және тәуекел деңгейін төмендету тәсілдерінен тұрады.
Тәуекелді шешу құралдары:
1. Тәуекелден құтылу (қашу) – тәуекелмен байланысты іс-шаралардан қашу. Бірақ, тәуекелден қашу инвестор үшін пайдадан бас тарту дегенді білдіреді;
2. Тәуекелді ұстап қалу – тәуекелді инвестордың жауапкершілігіне қалдыру;
3. Тәуекелді беру – инвестордың жауапкершілікті басқа біреуге, мысалы сақтандыру компаниясына беруі.(тәуекелді сақтандыруы)
Тәуекел мен табыс өзара байланысты қаржылық категориялар болып табылады. Тәуекел – бұл экономикалық категория. Тәуекел мынадай экономикалық нәтижелер беруі мүмкін: теріс (зиян, залал, ұтылып қалу); нольдік,оң(ұтыс,табыс,пайда). Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелділік жағдайдың төнуі алдын – ала болжауға, оның деңгейін төмендету іс – шараларын қолдануға болады. Валюталық резервтерді басқарушы ретінде орталық банктер тəуекелдерді басқару жүйелерін құру жəне жетілдіру мəселелеріне бұрынғыдан да жиі көңіл бөлетін болды.
Тәуекелді басқару саласындағы маңызды бағыттардың бірі тəуекел менеджменті болып табылады. Тəуекелдерді басқару жөніндегі ғылымға қызығушылықтың артуы əр түрлі үлгідегі инвесторлардың тарапынан: пайлық жəне зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, активтерді басқару жөніндегі мамандандырылған компаниялар жəне, əрине, орталық банктер тарапынан байқалып отыр. Орталық банктер, əдетте, валюталық резервтердің негізгі басқарушылары бола отырып, тəуекел өлшемдерін белгілеу мен қадағалау мəселелеріне барған сайын көп көңіл бөлуде. Бұл, ең алдымен валюта резервтері инвестицияланатын құралдар ауқымының кеңеюіне, сондай-ақ қаржы жүйесінің жəне активтерді басқару саласының жалпы дамуына байланысты.
Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік, болжамдылық, жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін жағдайлар. Қаржылық тәуекел бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек. Қаржылық тәуекел бұл қаржылық кәсіпкерлік қызметте кездеседі, яғни төлемқабілеттіліктің төмендеуі, келісім шарттың орындалмауы.
1.2 Қаржы және кәсіпкерлік тәуекелдерінің түрлері және оларды басқару
Қаржы тәуекелі бұл қандай да бір қаржы-несиелік, биржалық операцияларды орындаудан зиян шегу мүмкіндігі, яғни осындай операциялардың нәтижесінде орын алатын тәуекелдер. Қаржы тәуекелдеріне өндірістің тоқтап қалуы, сақтандырылған мүліктің зақымдануы себебінен жанама қаржылық зияндар шегуді (пайда ала алмау немесе жеткілікті түрде ала алмау) жатқызуға болады. Мұндай тәуекелдер ең алдымен өндірістік кәсіпорындар үшін қауіпті болып саналады. Қаржы тәуекелдері жанама түрде мүлікті сақтандырумен байланысты, негізінен қаржы – несие, биржалық сфераларға тән. Сонымен қатар қаржы тәуекеліне тұтыну несиесін төлей алмау тәуекелін де жатқызға болады. Бірақ қаржы – несие қызметімен байланысты тәуекелдердің барлығын қаржы тәуекеліне жатқызуға болмайды. Мысалы, банк қызметкерлерінің алаяқтығымен байланысты, құнды қағаздардың жоғалуымен, жалған чек, вексель, ақша белгілерімен байланысты тәуекелдер. Аталған тәуекелдер қаржы- несие қызметімен байланысты болғанымен қаржылық емес мүліктік тәуекелдерге жатады және оларды сақтандырудың коммерциялық банктер үшін маңызы зор
Қаржылық тәуекелдер – қаржы ресурстарын (яғни ақша қаражаттары) жоғалтумен байланысты тәуекелдер.
Қаржылық тәуекелдер екі түрге бөлінеді:
1) ақшаның сатып алу қабілетімен байланысты тәуекелдер;
2) капитал салымымен немесе инвестициялық тәуекелдер.
Ақшаның сатып алу мүмкіндігімен байланысты тәуекелдерге мыналар жатады: инфляциялық, дефляцтялық, влюталық, өтімділік тәуекелдер.(Инфляция – бұл ақшаның құнсыздануы соның нәтижесінде бағаның өсуі. Дефляция – бұл инфляцияға қарама қарсы процесс, яғни бағаның төмендеуі, соған сәйкес ақшаның сатып алу мүмкіндігінің өсуі.)
Инфляциялық тәуекел – инфляция жағдайында ақшалай табыстардың құнсыздануымен байланысты тәуекелдер.
Дефляциялық тәуекел – дефляциялық өсуде кәсіпкерліктің экономикалық жағдайының нашарлауымен, табыстардың төмендеуімен бйланысты тәуекел.
Валюталық тәуекелдер – валюта курсының өзгеруімен байланысты тәуекелдер.
Өтімділік тәуекелдері – құнды қағаздарды, тауарды сатумен байланысты тәуекел.
2) Инвестициялық тәуекелдерге мыналар жатады:
1) (пайданы жіберіп алу тәуекелі) пайда таба алмау тәуекелі – бұл жанама (қосымша) қаржылық зиян шегумен байланысты тәуекел.(қандай да іс-шараның жүзеге аспай қалуы нәтижесінде орын алған).
2) Пайдалылықты төмендедетін тәуекел (риск снежение доходности) портфельді инвестициялар, салымдар және несиелер бойынша дивидент және сыйақы мөлшерінің төмендеуімен байланысты тәуекелдер. Портфельді инвестиция инвестициялық порфельдің да активтерді иемдену дегенді білдіреді.
3) Тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекеліне мыналар жатады: биржалық тәуекелдер, селетивті тәуекелдер (үгіттелген), банкротқа ұшырау тәуекелі.
Биржалық тәуекел – биржалық келісімдермен байланысты тәуекелдер.
Коммерциялық тәуекелдер- қаржы шаруашылық қызметпен байланысты қауіп қатерлер. Коммерциялық тәуекелдер құрылымдық белгілеріне қарай мүліктік, өндірістік, сауда, қаржылық болып бөлінеді. Мүліктік – бұл кәсіпкердің мүлкінің жоғалуымен байланысты тәуекелдер. Өндірістік тәуекелдер - өндірістің тоқтап қалуынан болған зияндармен байланысты қауіп қатерлер. Саудалық тәуекелдер – төлемнен бас тарту, төлемді кешіктіру, тауарды уақтылы қоймауымен байланысты тәуекелдер.
Тәуекелді басқару процесін мынандай кезеңге бөлуге болады:
1) мақсатты анықтау: кәсіпкерлік құрылым үшін фирманың үздіксіз жұмыс істеуі;
2) тәуекелді анықтау;
3) тәуекеді бағалау – яғни жағдайдың қаншалықты қауыптігін, қиындығын анықтау;
4) тәуекелді басқару әдістерін таңдау – жоғарыда аталған әдістерді тәуекелдің түріне байланысты таңдау;
5) таңдалған әдісті пайдалану – егер, мысалы сақтандыру әдісі таңдалса келесі қадам сақтандыру келісім шарттың жасау;
6) нәтижені бағалау – тәуекелді басқарудың жалпы теориясының іске асқандығын, оның нәтижесін бағалау.
2. Қаржы және кәсіпкерлік тәуекелдерін бағалау және басқаруды талдау
2.1 Қаржы және кәсіпкерлік тәуекелдерін бағалау және басқару әдістері
Нарықты экономикаға көшуiмiзге орай кәсіпкерлік салада тәуекелдердi дұрыс бағалауға үлкен көңiл болiнуде. Өйткенi әрбiр шаруашылық субъект олармен көптеген қызметтер жүргiзуде кезiгедi.
Қазiргi кездегi кез келген шаруашылық субъект нарықта тәуекелсiз қызмет ету мүмкiн емес. Олар кез келген қызметтерге кезiгедi және де олардың масштабы әртүрлi болуы мүмкiн. Ендеше компанияның қызметтегi маңыздысы олардан қашу емес, оларды көре бiлу және төмендету болып табылады.
Нарықтық экономикада қаржы тәуекелдені басқарудың негiзгi тәсiлдерiнiң бiрi тәуекел стратегиясын жасау болып табылады. Кәсіпкерлік қызметтер сан-алуан түрлi, ендеше олардың әр қайсысына тән өздерiнiң ерекшелiктерi және де тәуекел деңгейi бар. Компанияның қызметтерің көптеген түрлерiне қосымша нарық жағдайларына қарай өзгерiп отыратын ерекшелiктерiн ескеру қажет. Ал, мұндай мәселелер өз кезегiнде тәуекелдердi бағалау критерилерiн жасауды күрделендiре түседi. Тәуекелдердi басқарудың негiзгi әдiстерi:
• Тәуекелдi бағалау талдауларын сәйкестендiру;
• Қызметтерді шектеу-жүзеге асыру процедураларын жасау;
• Қаупті қызметтерге шектеулер қою;
• Жасалынатын қызметтерді диверсификациялау;
• Шығындарды жабуға жетерлiктей резервтердi құру;
• Stop loss шектерiн қою әдiстемесi арқылық жоғалтуларды шектеу.
Мiне осыдан қаржы тәуекелдердi бағалау негiздерiн жасау, олардың жеткiлiктi болатын деңгейiн анықтау және сәйкесiнше стратегияларды жасау тәуекелдi басқарудың негiзгi мiндеттерi болып табылады.
Қаржы тәуекелдерінің деңгейін төмендету тәсілдеріне мыналар жатады:
- диверсификация – капиталды өзара тікелей байланысты обьектілерге орналастыру (салу); мысалы инвестордың әр-түрлі акционерлік қоғамдардың акциясын сатып алуы. Бұл тәуекел деңгейін төмендетеді. Диверсификация инвестициялық тәуекелді ыдырату (жою). Бірақ бұл тәсіл тәуекелді жоқ қыла алмайды;
- қосымша ақпарат алу – ақпарат тәуекел менеджементінде маңызды роль атқарады. Егер қаржы менеджерінде толық ақпарат болса ол нақты болжам жасап тәуекелді төмендете алар еді, яғни ақпарат бұл жерде өте бағалы тауар ролін атқарады. Инвестор осындай толық ақпаратқа кез-келген соманы төлеуге дайын;
- шектеу – бұл шығындарға, сатуға, несиеге шек қою;
- өзара сақтандыру;
- тәуекелді сақтандыру – инвестор тәуекелден құтылу үшін өзара табысының бір бөлігінен бас тартуға дайын. Кәсіпкерлік тәуекелділікті сақтандыру;.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?