Тарих | Қаңлы мемлекеті

 Тарих | Қаңлы мемлекеті

Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................................4
Негізгі бөлім
I. Қаңлы мемлекетінің саяси-экономикалық және шаруашылық дамуы
1.1. Қаңлы мемлекетінің саяси тарихы мен географиялық орналасуы жазба деректерде................................................6
1.2. Қаңлылардың шаруашылығы, кәсібі, ауыл шаруашылығы археологиялық деректер негізінде..................................10
II. Қаңлы мемлекетінің археологиялық зерттелуі
2.1. Қала құрылыстары мен елді-мекендері........................................................13
2.2. Жерлеу салты мен жерлеу құрылыстары.....................................................24
Қорытынды..........................................................................................................41
Әдебиеттер тізімі..................................................................................................43

Кіріспе
Қазақстан жерінде көне тарихта елеулі із қалдырған ірі мемлекеттік құрылымдардың бірі - Қаңлы мемлекеті. Бұл туралы алғаш рет біздің дәуірге дейінгі ғасырдағы жазба деректерде айтылады. Осы деректерге сүйенсек, бұл мемлекеттің орталығы Орта Сырдарияда, яғни Оңтүстік өлкемізде орын тепкен деген болжам айтуға болады.
Жұмыстың өзектілігі. Қаңлы мемлекеті өмір сүрген уақыт ішінде Сырдария арқылы өтетін Жібек жолының Ферғана мен Арал жиегіндегі аралығына бақылау жасау саясатын ұстанған ірі мемлект болып, көшпелі және отырықшы өркениет үлгілерін тиімді ұштастыра біліп, өзіндік ерекшеліктерге толы саяси мемлекеттілік құрған. Сондықтан Қаңлы мемлекетін зерттей келе, біз, өз ата-бабаларымыздың озық тәжірибесін, бай мәдени құндылықтарын қайта жаңғыртып, ұрпақтары мақтан тұта алатын өркениет иелерімен қайта танысамыз. Оның үстіне осы мемлекеттің Оңтүстік Қазақстан территориясында орнығуы өлке тарихын зерттеуге зор мүмкіндік береді.
Жұмыстың мақсаты. Оңтүстік қазақстан территориясындағы б.з.д. II – б.з. IV ғғ. аралығында өмір сүрген Қаңлы (Кангюй, Канцзюй) мемлекетінің археологиялық ескерткіштеріне жүргізілген қазба жұмыстар нәтижелерін жинақтап, ғылыми тұжырымдарды сараптау арқылы осы мемлекеттің материалдық және рухани құндылықтарын айқындау.
Жұмыстың міндеттері:
1. Қаңлы мемлекетінің саяси тарихы мен географиялық орналасуын айқындау;
2. Қаңлы мемлекеті туралы жазба деректерге тоқталу;
3. Қаңлылардың қала құрылыстары мен елді-мекендеріне жүргізілген археологиялық зерттеулерге шолу;
4. Қаңлылардың жерлеу салты мен құрылыстарын сипаттау жұмыстың негізгі міндеттері болып табылады.
Қаңлы халқының этникалық құрамы жайлы мәселе әлі күнге шешілген жоқ. Осы уақытқа дейін қаңлылар қай тілде, сөйлегені жайлы орныққан пікір жоқ. Бірқатар зерттеушілердің тұжырымдауына қарағанда олар – түрік тілдес халық. Сондай – ақ, қаңлылар б.д.д. І мыңжылдықтың орта тұсына қарай түрік тайпаларының әсерімен өң келбетті мен тілін өзгерте бастаған солтүстік ирандық мал баққан тайпаларға жатқан деп пайымдайтындар бар.
Бір кезде қаңлылықтар өктемдік еткен аудандарда зерттеушілер көптеген ескерткіштерді тауып, оларды археологиялық мәдениеттер санына жатқызды. Ташкент алқабы болса, екіншісі Сырдарияның Қаратау мен Талас аралығындағы ауқымға орналасқан.
Сөйтіп, б.д. басталған тұста Қазақстанның оңтүстігінде ірі де аса қуатты мемлекеттік құрылым – Қаңлы дамып, өркендеген. Ол Шығыс тарихында елеулі роль атқарды. Қаңлы Қытаймен, Парфиямен, Риммен және құшан империясымен сайси, экономикалық мәдени тұрғыда тығыз байланысты болған.
Қаңлы мемлекеті – орта Азиядағы ежелгі мемлекет. Бес аймаққа бөлінген. Ташкент көгапты орта ағысы бойы, Қазалыға дейінгі аудан Сырдарияның төменгі ағысы мен Хорезм. Қаңлы мемлекетін көшпелі, жартылай отырықшы тайпалар мекендеген. Сондықтан олардың ірілі – ұсақты қалалары болған. Тарихи деректерге қарағанда қаңлылар қабырғасы биік дуалдан соғылған үйлерде тұрған, қаңлылардың астанасы бір деректе «Битянь қаласы» деп көрсетілсе тағы бір деректерде Отырар (Фараб), Шаш (Ташкент) деп те көрсетілген. Қаңлы мемлекеті б.з.б. 36 – жылы Ғұндармен бірігіп Қытай басқыншыларына қарсы күрескен. Қаңлы мемлекеті тарихтан белгілі ежелгі мемлекеттердің бірі.
I. Қаңлы мемлекетінің саяси-экономикалық және шаруашылық дамуы
1.1. Қаңлы мемлекетінің саяси тарихы мен географиялық орналасуы жазба деректерде
Қаңлы туралы мәліметтер б.з.д. ІІ ғасырда қытай деректерінде жазылған. Б.з.д. ІІ ғасырда «халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталатын оқиға нәтижесінде Орталық Азияда Бірнеше жаңа мемлекеттік бірлестіктер пайда болды. Соның бірі – Қаңлы мемлекеті.
Қазақстанның оңтүстігінде қаңлылардың тайпалық бірлестігі құрылды (б.з.д. ІІІғ. Немесе ІІ ғасыр соңы). Халқы – 600 мың, 120 мың үй. Билеушінің титулы – Хан. Бүкіл елді басқару ісін ханның 3 уәзірі атқарған.
Жазба деректерге қарағанда қаңлы елі 5 бөлікке бөлінген. Әр бөліктің кіші хандары болған, олар ұлы ханға бағынышты болды. Лауазымдық қызмет мұрагерлік жолмен берілді (1).
Соғыс тұтқындары құлға айналдырылды. Құл еңбегі ұсақ малды күту, мал өнімдерін өңдеу, кейде қолөнер кәсібі және егін егуде қолданылды.3
Қаңлылар туралы мәліметтер Қытайдың «Шицзы», «Цянь Ханьшу» атты тарихи хроникалары мен деректерінде бар. Сол деректерге сүйеніп, Қаңлы мемлекетінің пайда болған уақытын, оның нақты шекарасын, астанасының қайда екенін, бас илігінің қай жерлер екенін, басқада маңызды мәселелерді анықтап, жобалауға болады.4
Қаңлы, Қытайша Канцзюй жазба деректерде б.з.д. ІІ ғ. айтылады. Қытай императоры Уди Батыс елдеріне Чжан Цянді бас етіп сауда елшілігін жібереді. 13 жылдан кейін талай қиыншылықтан өтіп, Чжан Цянь қайта оралады. Ол бастырған жазбаларда бұрын Қытайға беймәлім болып келген мемлекеттерге сипаттама беріледі. Солардың арасында Қаңлы мемлекеті де аталады, оның билеушісінің ордасында Чжан Цянның өзі болған екен.
Қытай елшісінің мәліметіне қарағанда, Қаңлы Дауанның (Фергана) солтүстік батысында 200 ме жерде. Осынау әдеп – ғұрпы жағынан юечжисылармен өте ұқсас, 90 мың әскері бар, бірақ өзі әлсіз болғандықтан, түскейінде юечжисылардың, батысында хұндардың өкіметін мойындайды. Яньцай Қаңлының айнымайды. 100 мыңнан асатын әскері жайпақ жағалы үлкен көл жағасында жатады екен. Солтүстік теңізі дейтіні соның өзі. Батыс өлке туралы хикаятта және Хань үлкен үйінің тарихында қаңлылар жайлы көбірек айтылады. Мәселен, қаңлы билеушісінің мекенжайы Люяни еліндегі Битян шаһарында, Билеушінің жазғы мекенжайы Люяниден жеті күндік жерде. Оның халқы 120 мың адам – деп жазады. Осынау деректен қаңлы сыртқы саясатының кейбір жәйттары белгілі болды, сонда ол б.з.д. 46-36 жылдары Чжичи бастаған ғұндарды қолдайды, кейін үйсін және қытайға бірігіп, оларға қарсы шығады. 85ж. қаңлылар Қашқардағы қытай уәлиі Бань Чаоға қарсы көтерілген ферганалықтарды жақтайды. Сол сияқты Қаңды менмен және қияңқы келеді, үлкендерге сәлем беріп, тәжім етуге қырсығып шиікпейді. Оған уәлилер жіберген шенеуніктерді үйсін елшілерінен төменге отырғызады. Билері мен ағамандарына ауқатты алдымен береді, уәли жіберген кісіге содан кейін ғана қояды – деп хабарлайды (2).
Оңтүстік Қазақстан территориясындағы қаңлылардың ескерткіштері археологиялық тұрғыда едәуір зерттелген. Оңтүстік Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы мәліметті, Семен Ремезовтың «Сібірдің сызба кітабы» (1701) және оған қосымша ретінде 1737 ж. Ресей ғылым академиясы шығарған атлас береді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Сырдарияның төменгі ағысынан Жетісуға дейінгі аралықтағы (А.К. Гейнс 1866, П. Лерх 1867ж.) және Арыс өзенінің орта ағысындағы Мамаев елді мекенінің маңындағы (Н.П. Остроумов 1893ж.) археологиялық ескерткіштерді зерттеу басталады (3). Осы кезеңде Түркістанның археологиямен әуестенушілер үйірмесінің мүшелері, арехологиялық қазба жұмыстарын бастады (1895 ж. бастап). Қазба жұмыстары Сауранның, Иассының, Қарнақтың, Испиджабтың (Сайрамның), Жаңакенттің, Женттің, Шардараның, Сүткенттің және Байырқұмның қирап қалған жұрттарында, Арыс өзенінің аңғарларында, Бадам өзенінің жағалауында жүргізілді. ХХ ғасырдың басында А.О. Руднев, көне қалалар мен елді мекендердің (Оксус, Ұзын-ата, Сүткент және басқалар) 11 қираған жұртын тіркеттіріп, зерттеген. Көне Отырардың қираған жұртында Қ.А. Кларе мен А. Черкасов қазба жұмыстарын жүргізген. Боралдай шатқалындағы петроглифтерді П.А. Комаров байқап, тапқан. Археологиялық зерттеулерді Н. Лыкошин мен И.А. Кастанье жасаған. Қазан төңкерісінен кейін 1925ж. М.Е. Массон Сайрам мен Түркістанда болған А.Н. Бернштамның басшылығымен кең көлемдегі қазба жұмыстарын, 1946-1951 жылдар кезеңінен бастап Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы жүргізген. Осы қазба жұмыстарының нәтижесінде «Оңтүстік Қазақстанның этногенезі мен көне тарихының мәселелері», «Ежелгі Отырар» және басқа еңбектер сериясы жарық көрді. Осы экспедицияға қатысушы археологтар Е.И. Агеева мен Г.И. Пацевич, өлкенің негізгі археологиялық мәселелері бойынша жинақталған кең көлемдегі археологиялық материалды бір жүйеге келтіріп: «Оңтүстік Қазақстанның қалалары мен отырықшы қоныстарының тарихынан» дейтін жалпылама еңбекті шығарды. Археологиялық мағлұматтар мәліметтері бойынша олар, керамиканы хронология бойынша сыныптаудың 6 кезеңін бөліп көрсеткен: сақтық (б.д.д. ҮІІ-ІҮғ.ғ.), ерте кангюйлік (б.д.д. III-б.д. І ғ.ғ.), соңғы кангюйлік (І-ІYғ.ғ.) кенгерестік (Ү-ҮІІІ ғ.ғ.), қарлықтық (ҮІІІ-ХІІ ғ.ғ.), шығыс қыпшақтық (ХІІІ-ХҮ ғ.ғ.) (10). ХХ ғ. алпысыншы жылдарының басында Ақтөбе 2 қонысы, Жаушы құм төбе қалашығы, Ақтөбе, Жаушықұм, Жаман-тоғай, Төребай-Тұмсық қорған зираттары кешенді түрде зерттеліп, Шардараның көнеліктері кітабы шығарылды (4). Алпысыншы жылдардың ортасынан бастап Н.П. Подушкин басшы болған Шымкент пединститутының археологиялық тобы, Арыс өзенінің жоғарғы, орта ағыстарының алабын және Қаратау – Қаржантау тауларының өңірін зерттеді. Осы зерттеулердің нәтижесінде Ш. Уалиханов атындағы ТАЭИ-ның жарық көрген мақалалар сериясынан басқа «Арыс өзені аңғарының І-ҮІІІ ғ.ғ ерте отырықшы қоныстары» дейтін тақырыпқа диссертация жазылды. 1969 ж. бастап өлкеде Қ. Ақышевтің басшылық етуімен ОҚӘ археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, зертетудің алғашқы жылдарының қорытындысы ретінде «Көне Отырар» еңбегі пайда болады. Өлкеде, аталмыш экспедициямен қатар Б.Н. Нұрмұхамедов басшылық ететін ОҚКАЭ да өз жұмысын жүргізді (Арыс-Сырдария өңірінің өңірінің ескерткіштері, Бөріжар зираты). ХХ ғасырдың 70-ші жылдарының соңынан бастап, қазіргі күнге дейін ШПИ-дің (90-шы жылдардың ортасынан бастап ХҚТУ ШБ және ШИ) археологиялық тобы ғылыми-практикалық жұмыспен айналысып келеді. Осы топ, Арыс пен Бадам өзендерінің алабында және Қаратау-Қаржан таудың Оңтүстік жоталарында жоспарлы қазба жұмыстарын жүргізуде. Осы жұмыстардың нәтижесінде «Оңтүстік Қазақстанның екінші-бақташылық мәдениеттерінің ескерткіштері. І-ІҮ ғ.ғ. (Арыс өзені алқабы, Қаратау-Қаржантаудың Оңтүстік жоталары), «Оңтүстік Қазақстанның Арыс мәдениеті б.д.д. ІҮ-ғ-б.д. ҮІ ғ.» дейтін тақырыптардағы монографиялар жарық көрді (15). ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының ортасына қарай белгілі болған археология ескерткіштері баршасының материалдары жинақталған: «Қазақстанның тарихы мен мәдениеті ескерткіштерінің жинағы. Том.І. Оңтүстік Қазақстан облысы» атты фундаментальды еңбек, жоғарыда аталғандардың баршасының және басқа да еңбектер мен зерттеулердің жалпылама нәтижесі болып табылады.
1.2. Қаңлылардың шаруашылығы, кәсібі, ауыл шаруашылығы археологиялық деректер негізінде
Қаңлылар мемлекеті Сыр бойында және Ұлы Жібек жолының жол торабында орналасқандықтан көшпелі және отырықшы шаруашылықты да бірге меңгерген мемлекет болып табылды. Ежелгі қалалар мен мекен-жайлар қазған кезде археологтар табатын негізгі материал, әдетте, керамика ас әзірлеуге керекті ыдыс – аяқтар- қазандар, қақпалы құмыралар, табалар, тағанды ошақтар, су таситын ыдыстар – аузы кең, бір не екі тұтқалы көзелер, көлденең тұтқалы көзелер, екі тұтқалы құмыралар.
Қаңлылар темірді балқатып, одан күнделікті тұтыныс заттарын жасауды білген. Ұсталар орақ, пышақ, жебе ұштарын жасайтын темірдің дөңгелек бөліктері табылған. Сүйектен құранды садақтар жасауға қажетті бөлшектер, пышақ саптары, түйреуіштер, қаптырмалар, әртүрлі бойтұмарлар істелген. Қасқыр мен иттің, бүркіттің буын сүйектерінен жасалған бойтұмарлар әсем – ақ. Сүйектен ойып жасаған, басы бедерлі түйреуіштері де қарауға қызықты (5).
Б.з алғашқы ғасырларында егінді суғару шектеулі көлемде жүргізілген. Әдетте, суды пайдалануға еңбектің ең қарапайым әдістері қолданылады. Шаруашылықтың маңызды бір саласы - мал өсіру болған. Егіншілігі біраз дамыған ежелгі қоныстардан жылқы, қой, ешкі, сияр сияқты үй жануарлары сүйектерінің көп кездесетініне қарап қаңлылар терімшілігінде мал шаруашлығы едәуір орын алғанын байқаймыз.
Қоныстанушылар өмірінде аң аулау ісі де үлкен орын алған. Қазбалардан еліктің, таутекенің, арқар мен ақбөкенің сүйектері табылған. Арқар мен марал мүйіздері де жиі кездеседі, ісмерлер олардан әртүрлі бұйымдар жасаған. Қаңлылар су құстары үйректер мен қаздарды да, бірқазандарды да аулаған. Қытай жазуларының мәліметтеріне қарағанда қаңлылар әлі де көшіп жүруді біле қоймаған деп көрсетеді Ә.Х. .............
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?