Өкшеңіз жарылса

Өкшеңіз жарылса

Әсірісе, жаз уақытында өкшенің жарылып кетуі көптеген қыз-келіншектерде кездесетін жағдай. Ондайда қабыршық пен артық теріні ұстарамен қырып тастаудан аулақ болыңыз. Артық тері ұстарамен қырған сайын жалбырай түседі. Ал артық теріден арылмай крем жағудың нәтижесі болмайтынын да ескергеніңіз жөн. Сонымен қатар өкшені жұмсартып алып та тазартуға болмайды. Дұрысы жуынардың алдында өкшеге крем жағып, біраз жүру керек. Сосын өкше қырғышты сулап алып, құрғақ өкшені ысқылайды. Өлі терінің қалай түсе бастағанын сонда көресіз. Процесс тоқтап қалса, қырғышты сулап алып жалғастырыңыз. 2-3 рет қайталаған соң жуынуға болады. Душтан соң жұмсақ өкшеге крем жағып қойыңыз. Бес күн жасаған емнен соң өкшеңіз жұмсарып қалады.
Өт жолындағы тасты кетіру. 3-4 қызылшаны қабығынн тазалап, жұқалап тіледі. Тілімдерді үш литрлік банканың түбінен үш елідей биіктікте салады. Сонан соң үстіне қайнатылған немесе бұлақтың салқын суын құйып, бетін дәкемен жауып қояды. Бір тәулік/ өткен соң ағаш қасықпен араластырып, 7-8 күн тұндырады. Дайын болған қызылша тұнбасын сүзіп, тоңазытқышқа салып қояды. Тұнбаны жылытып, шөлдеген сайын ішу керек. Тұнбаның біреуі дайын болғанда, келесісін құйып қойса, сусын үзілмейді. Мұндай емнен соң бүйрек пен өт жолына жиналған тастар жанды қинамай түсе бастайды. Сонымен қатар қызылша тұнбасын ішкенде қан қысымы да айтарлықтай төмендейді, ал ішек жолдарының жұмысы жақсарады. Егер мүмкіндік болса ультрадыбыстық зерттеуден (УЗИ) өтіп, нәтижесін тексерген дұрыс.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?