ZHARAR | KZ | Кеңестер | Азан шақырып ат қою

Азан шақырып ат қою

Азан шақырып ат қою
«Әке мен шешенің баланың алдында үш міндеті бар: туғанда жақсы ат қою, дінге тәрбиелеу, үйлендіру (қыз болса — ұзату)» Хадис-шариф

Азан шақырып ат қою — сәбиге ат қоюдың мұсылманша дәстүрі. Сәбидің бір құлағына азан шақырып, екінші құлағына қамат айтып есім қою сүннет амал болып саналады. Бұл амал нәрестенің жынысына байланысты емес: ұлға да, қызға да жасалады. Ислам дінін ұстанған қазақ халқы үшін тым жат емес дәстүрлердің бірі болғандықтан «азан шақырып қойған аты» деген тіркесті күнделікті қолданысқа енгізіп жібергенбіз.

Азан шақырып ат қою

Перзентінің құлағына азан шақырып, жақсы есім қою — Ислам дінінің ата-анаға жүктейтін жауапты міндеттерінің бірі. Әке-шешесі таңдаған есім баласы өскенде кесірін тигізбейтін болуы шарт. Сондай-ақ, адам есімінің мағыналық тұрғыда өте сауатты болуының маңызы туралы хадис-шарифте де айтылған: «Сендер қиямет күні өздеріңнің есімдеріңмен және әкелеріңнің есімдерімен шақырыласыңдар, сондықтан да есімдеріңді жақсартыңдар«

Атты неге азан шақырып қояды?

Азан шақырып ат қою — Мұхаммед (с.а.у) пайғамбардан қалған өсиет, сүннет амал.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) баланың құлағына азан шақырып, жақсы есім қоюды үмбетіне өсиет еткен. Күнделікті оқылатын бес уақыт намаздың уақыты кіргенін мұсылмандарға хабарлағанда азан айтылады, сондай-ақ, сәбиге ат қояр сәтте де құлағына азан шақырылады. Ибн Аббастың (р.а.) риуаят етуі бойынша пайғамбарымыз (с.а.у.) немересі Хасан дүниеге келгенде, оның оң құлағына азан, сол құлағына қамат оқыған (Тирмизи, Әдаһи, 15).

Сондай-ақ нәрестенің ең алғашқы естіген даусы азан үні болғаны дұрыс. Себебі оқылған азан мен қамат, сәбиге жасалған алғашқы иман қадамы болып табылады. Азанның мағынасы мен мазмұнында тәкбір (Алланың Ұлылығы), таухид (Алланың жалғыздығы), пайғамбарлық және намаз сияқты діннің негіздері қамтылуда.

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Бой - Сегодня, 00:45
Жақсы адам!

Керемет

Гость Айка - Сегодня, 00:17
Ақыл-кеңес сұрағым келеді?!

Өз жүрегіңді тыңда.

Райхан - Вчера, 23:45
Ақыл-кеңес сұрағым келеді?!

Енды расымен озын былесын. Быракта сен соны естыгенсон Оз талабындыда естен шыгармау керек едын. Сенде махаббат емес

Гость Ерболат - Вчера, 23:20
Ақыл-кеңес сұрағым келеді?!

Бәрі оңай ғой? Ұнатсаң үйлен. Ұнатпасаң, үйленбесең басын қатырма.

Гость Ерболат - Вчера, 23:19
Ақыл-кеңес сұрағым келеді?!

Бәрі оңай ғой? Ұнатсаң үйлен. Ұнатпасаң, үйленбесең басын қатырма.

Гость Алихан - Вчера, 23:00
Туған жер, отан

Лалаькьк

ZHARAR - Вчера, 22:39
Су - тіршілік көзі

Су деген - өмір көзі, Тіршіліктің нәрі бұл. Су болмаса оянбайды, Табиғаттың барлығы. Болмас еді шөп-шалаң, Болмас

Хамит Назым - Вчера, 22:05
Су - тіршілік көзі

Маған Тіршілік, су, өсімдік, адам, тіршілік, жануар жайлы тақпақтар керек

Еарощцгушц - Вчера, 21:44
Дүниежүзі тарихы (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Гшцшцгуовово😏

Мари - Вчера, 21:39
Анашым, мама

Зачем?!