Бетті жұмсартатын маскалар

Бетті жұмсартатын маскалар

⚡ Көптеген қыз-келіншек жас кезінде ғана бет терісі жұмсақ болады деп сенеді. Алайда, жас ұлғайғанда да бетті жұмсақ, нәзік қалпында сақтауға болады. Арнайы күтімнің көмегімен бет терісі 25-те де, 35, 40-та да жұмсақ, созылғыш болады.

⚡⚡ Зәйтүн майы

⚡ Зәйтүн теріні нәрлендіріп, жұмсақ етеді. Күнделікті жағатын иісмайдың орнына өсімдік майын пайдаланып көріңіз. Біраз уақыттан соң өзгерісті де байқайсыз.

⚡⚡ Сұлы

⚡ 1 ас қасық сұлы қауызын 1 ас қасық бал мен сүтке араластырыңыз. Масканы бетке жағып, бетті уқалаңыз. 15 минуттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз.

⚡⚡ Желатин

15 гр желатинді бір стақан суға салып, 1 шай қасық лимон мен глицерин қосыңыз. Қоспаны бетке жағып, 15 минуттан соң жылы сумен жуып тастаңыз.

⚡⚡ Жұмыртқа сарысы

⚡ Жұмыртқа сарысын өсімдік майы (шабдалы, өрік, миндаль, зәйтүн, майсана, күнжіт, жүзім майларының бірін таңдауыңызға болады) мен 1 шай қасық балмен араластырыңыз. Қоспаны жақсылап араластырған соң бетке жағып, 15 минуттан кейін жуып тастаңыз.

⚡ 2 жұмыртқа сарысын 1 ас қасық глицерин, 1 ас қасық балмен араластырыңыз. Қоспаны бетке, мойынға жағып, 15 минуттан кейін жуып тастаңыз.

⚡ Осы маскалардың бірін таңдап, үнемі пайдаланып тұрыңыз. Бір рет қана жасаған соң нәтижесі болмайтынын ұмытпағайсыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?