1 Желтоқсан - Тұңғыш Президент күні (Елін сүйген, елі сүйген Елбасы)

 1 Желтоқсан - Тұңғыш Президент күні (Елін сүйген, елі сүйген Елбасы)

Күнтізбелік мерекелер бойынша биыл біз елімізде Тұңғыш Президент күнін алғаш рет мерекелеп отырмыз. Өткен 2011 жылы Парламент 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президенттің сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында депутаттар 1 желтоқсанды Тұңғыш Президент күні ретінде мемлекеттік мерекелер санатына қосу туралы бастама көтерді. Депутаттар өз ұсыныстарының мәнін Тұңғыш Президенттің дәл сол 1 желтоқсанда сайланып, Қазақстан Республикасында президенттік институтқа қадам дәл осы күні басылғанымен түсіндірген еді. Осылайша «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға тиісті қосымша енгізіліп, 1 желтоқсан ресми негізде Тұңғыш Президент күні болып белгіленсе, жалпы мұның әлемде бар үрдіс болып табылатынын айрықша атап көрсеткен орынды.

Дәл осы уақытта 2012 жылдың 1 желтоқсаны елімізде алғаш рет Тұңғыш Президент күні ретінде атап өтілуде. Бұған Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы, оның бірлігін қамтамасыз етуші, ел Конституциясын, адам мен азаматтың құқы мен бостандығын қорғаушы ретіндегі рөлі негіз етіп алынған. Шын мәнінде, Елбасының елімізді аяғынан нық тұрғызып, әлемге танытудағы еңбегі ұшан-теңіз.

Іргелі идеялар нақты жобаларға айналып, «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы, бәсекеге қабілетті Қазақстан, интеллектуалдық ұлт, «Мәдени мұра», индустриялық-инновациялық даму ел болашағын айқындады. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, Ислам Конференциясы Ұйымына Қазақстанның төрағалығымен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өлшеусіз еңбегі дәйектелді. Халықаралық саяси аренаға осындай көрсеткіштермен шыққан дамушы елдер қысқа уақытта мұндай саяси табыстарға жеткен емес.

Тарихтан сабақ ала отырып, тереңіне үңілген болжаудың, дағдарысқа душар болған қоғамды алға жетелеудің, өркендеуге апаратын жолдар мен іс-әрекет жүйесін табудың күрделілігі мен өзектілігін көрсеткен Елбасының салиқалы саясаты Қазақстанды гүлденудің жолына салып берді.

Қазақстан өз егемендігінің алғашқы жылдары саясат саласындағы стратегиялық мақсатқа күшті президенттік республика құруды жатқызған болатын. Бүкілхалықтық президент сайлауы тұңғыш рет 1991 жылғы 1 желтоқсанда өтіп, ел тарихында тұңғыш рет демократиялық жолмен өзінің көшбасшысын сайлады.

Ата Заңымыз бойынша, Президент – мемлекет басшысы, мемлекетiмiздiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағытын анықтаушы және Қазақстанды ел iшi мен халықаралық қатынаста көрсетушi ең жоғары қызмет иесi бола отырып, бiрiншiден, халық пен мемлекеттiк билiктiң бiрлiгiн бейнелейдi, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепiлi болып табылады, екiншiден, мемлекеттiк билiк тармақтарының өзара үйлесiмдi түрде әрекет етуiн, билiк органдарының Қазақстан халқы алдында жауапкершiлiктi сақтауын қамтамасыз ететін тұлғаға айналды.

Бүгінде еліміздің ішкі саясаттағы тұрақтылығы мен сыртқы саясаттағы табыстарымызға өзгелер қызыға қарайтын дәрежеге жеттік. Бірнеше ұлт пен ұлыстың тату тәтті мекеніне айналған елімізде дінаралық татулық, өзара түсінушілік, өзгенің қадір-қасиетіне сыйластықпен қараудың ерекше үлгісін көрсетуде.

Қазақстан аумақтық тұтастық пен тиіспеушілік кепілдігіне ие болды, сыртқы саяси-экономикалық саясатта «ТМД», «Азия-Тынық мұхит аймағы», «Азия», «Еуропа», «Америка» бағыттары даму үстінде, қалыптасқан шекаралардың бұзылмауы жөнінде іргелес мемлекеттермен ресми келісім-шартқа қол жетті, беделді халықаралық ұйымдар мен бизнес алпауыттары елімізбен санасып отыр.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев 1993 жылы Ордабасы жерінде Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би тәрізді дана билерімізді еске алу кезінде: «Біз мына дүниенің ең қуатты қозғаушы күші- мүдде екенін, негізгі тарихи қадамдарымыздың сол мүдде ортақтастығы қағидасына сай жасалу керектігін де ерте ұғынып, ерте жүзеге асыра алдық. Бұл ақиқат қағиданы да санамызға сіңірген осы билеріміз еді» деп аттап өтті. Даналықтың мәйегінен, тарихтың тереңінен тағылым алған Елбасы Қазақстанның басты мүддесі сыртқа саясаттағы әріптестік пен ішкі саясаттағы тұрақтылық екеніне тоқталды. Мемлекеттің өркендеуі жолындағы баянды қазынасы да осы екі мүдде екені анық. Заман көшінде Қазақстан өзінің саяси жолын таңдап алды. Әлемдік қауымдастық алдында бұл жол Қазақстан жолы деген атпен белгілі. Қазақстан жолы – конфессияаралық келісім, ұлтаралық татулық, халықтың бірлігі, экономикалық тұрақтылық, азаматтардың құқығы мен бостандықтары, халықаралық әріптестік секілді кең ауқымды қамтиды. Әлем алдында Қазақстан бұл талаптарға толық жауап беретін алатын демократиялық мемлекетке айналды. Мұның барлығы Қазақстанның тарихи таңдауы болатын. Дамыған мемлекеттердің де жүріп өткен жолы да осы. Қазақстан бұл жолмен жүре отырып, өзгеге үлгі боларлықтай өз сүрлеуін сала білді.

Халқының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруды Қазақстан әлемдік талаптарға сай етуде. Осыдан жиырма жыл бұрынғы Қазақстанды бүгінгі жаңарған жаңа әлемдегі Қазақстанмен салыстыруға келмейді. Алмағайып кезеңдерді бастан өткере отырып, еліміз өткен күндердің барлығын өзіне сабақ етіп, болашаққа жарқын қадамдарын жасады. Экономикалық дамудың көрсеткіші бойынша Орта Азия мемлекеттері ішінен көш бастап, ТМД-ғы алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылды. Ендігі меже елулік. Дүниенің дамыған елу елінің қатарына қосылып, бай қуатты Қазақстан атану біз үшін үлкен мақсат. Бұл істе де еліміз белсенді түрде әрекет етіп келеді. Егемендігіміздің 20 жылы ішінде жан басына шаққандағы жиынтық өнім Оңтүстік Кореяда 3 есе ұлғайса, Малайзияда – 2 есе, Сингапурде 4 есе өскен екен, ал бізде ол 16 есе көбейді. Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық салтанатында Елбасымыз Н. Назарбаев айтқандай, «дүние жүзі тарихында ешбір мемлекет азаттығының алғашқы 20 жылында осыншама қарқынды өрлеу үлгісін көрсете алған емес». Расында да, аз уақыттың ішінде осындай толағай табысқа қол жеткізу әлем экономикасының тарихында болған емес. Проблема деп тұйықтала бермей, шырмауын үзіп шыққан Елбасының көреген саясаты қазақстандықтардың көңілінен шықты. Елмен ақыладаса отырып, халқына арқа тіреген Президентке елі әрқашан қолдау білдіре бермек.

Күні кеше ғана тойланған Тәуелсіздігіміздің 20 жылы тарих үшін қас-қағым сәт қана. Үш ғасырға жуық өзгеге телмірген Қазақстан үшін 20 жыл ғасырларға бергісіз уақыт болып шықты. Білгенімізден білмегеніміз көп егемендіктің алғашқы жылдары-ақ алдағы кезеңді бейбітшілік пен жасампаздық үдерісіне айналдыруға болатынын кемелділікпен болжаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемеңгер саясатына таң қалмасқа шара жоқ. Ең бастысы Елбасымыз мүмкіндіктерді уыстан шығарып алмай, елдің көшін өркениеттің көшіне ілестіріп берді.

Қазақстан бүгінде әлемге өндірісі жедел дамып келе жатқан, ішкі саясатында тұрақтылыққа қол жеткізген, бейбіт идеялардың елі болып танылуда. Еуразия жүрегінде орналасқан әсем елордамыз Астана қаласы әлемнің саяси картасында бейбітшілік пен келісімнің, рухани дамудың орталығына айналуда. 1997 жылы 10 желтоқсанда еліміздің астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы Президент Жарлығы ұлтты біріктіруге, экономикалық және саяси тұрғыдан дамуға ұмтылған маңызды қадам екенін бәріне төреші уақыт өзі дәлелдеп берді. Тарихта Астана қаласы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың төлтуындысы болып ерекше орын алады. Ұлт көшбасшысы ретінде ұлтты біріктіретін қала етіп Ақмола қаласын астана етіп таңдап алуы геосаяси тұрғыдан да маңызды екенін уақыт көрсетіп келеді. Астана қаласы бүгінде көркеюі мен халқының жедел өсіп келе жатқаны жағынан ерекше көзге түсіп келеді. Астана халқымыздың берекесі мен ұлтымыздың бірлігінің символына айналды. Қазіргі уақытта еліміздің азаматтары Астана қаласына ерекше сүйсіпеншілікпен, патриоттық сезіммен, асқан ынтазарлықпен қарайды. Нағыз патриоттар үшін бұл жазылмаған заңдылық. Астана қаласы еліміздің басқару элитасының орталығына ғана емес, рухани бірлігінің ордасына айналды. Қалада жыл сайын емес, тіпті ай сайын емес, күн сайын бой көтеріп жатырған бизнес орталықтары, мәдени кешендер, қол жетімді бағадағы тұрғын үйлер мен саясына келешек ұрпақ тыныстайтын саябақтар, бақжолдары секілді маңызды құрылыстар осының айғағы. Әлем көзімен қарайтын болсақ, Астана – Азиядағы саяси-іскерлік орталығы, бейбітшілік бесігі, жасампаз халқы бар, бірлігі жарасқан мемлекеттің астанасы. Түркі дүниесі Астана қаласын рухани қаламыз деп біледі. Түркі мемлекеттерінің маңызды іс-шараларын өткізу Астанаға сеніп тапсырылып, өз бағасын алуда. Мұсылман әлемі Астана қаласын Ислам елдері ішіндегі саяси тұрақтылық орын алған мемлекеттің астанасы деп қарайды. Елімізге сеніп тапсырылған халықаралық деңгейдегі Ислам конференциясына төрағалық құқығы осының айғағы. Кәрі құрлық елдері Астананы Азия мен Еуропа арасындағы алтын көпір деп санайды. Еуразия жүрегіндегі бұл қаланың бас сәулетшісі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың идеялары мен жетістіктерін құрметтейді. Ерекше маңыз бере отырып, табыстарына сараптама жасап, қызығушылық танытудан Батыс елдері әсте жалыққан емес. 2011 жылы ЕҚҰЫ-ға Төрағалық құқығын берер алдында Елбасымен ол басқарып отырған елдің саяси-экономикалық жетістіктерімен қатар, гуманистік тұрғыдан да дамуын зерделеді. Бір ауыздан Қазақстан Республикасына Төрағалық ету тапсырылды. Мұның бәрін Елбасының әлемдік қауымдастық алдындағы жеңісі деп білеміз. Өзінің белсенді әрекетін халқының берекелі тіршілігіне ұластырған кемеңгер басшының ісін құптауға әбден тұрарлық.

Қазақстан халқының дамуы мен гүлденуі жолында қыруар еңбек атқарған Елбасының еңбегін бүкілхалықтық деңгейде бағалау соңғы жылдары анық көрініс бере бастады. Алыптың қуатын халықтан, халықтың қуатын бірліктен көретін еліміз үшін Елбасының қыруар еңбегін бағалау, ерекше атап өту маңызды болып табылды. Бұл қолдау – еліміздің Тұңғыш Президентінің мемлекеттілікті нығайту, Қазақстанның серпінді әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және оның халықаралық беделін арттыруға бағытталған көреген саясатын шүбәсіз мойындау болып табылады. Елбасының қыруар еңбегі біржақты тұрғыдан ғана бағаланып қоймайды. Халық даналығындағы ханда қырық кісінің ақылы болады деген сөз текке айтылмаса керек. Елінің дамуы, тұрақтылығы, Ұлы көштен қалмауы үшін небір қиындықтарды өткеріп келе жатқан Н.Назарбаевтың еңбегін халқы аса жоғары бағалайды. Туа біткен қасиетіне жүре біткен сапасын тоғыстырған елін сүйген азамат ретіндегі болмысы қандай құрметке болса да лайық. Жақсының жақсысын айтып, нұрын тасытатын халқымыз бұл орайда жаңылған жоқ. Ақ киізге көтеріп сайлаған Тұңғыш Президентіне сол күнді мәңгі есте қалдыру мақсатында желтоқсанның алғашқы күнін мереке етіп берді.

Азаматтық ұстанымы жоғары, өз келешегіне бейжай қарамайтын барша отандастарымызға осы орайда ризашылығымызды білдіреміз. Сондай-ақ, халықтың бастамасын белсенді, әрі жан-жақты қолдаған Парламент депутаттарына алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Барша қазақстандықтарды алғаш тойланып отырған Тұңғыш Президент күнімен және алда келе жатырған Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, егемен еліміздің гүлденуі мен тұрақтылығы жолындағы қызметтерінде табыстан табысқа жете берулеріне тілек білдіргіміз келеді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!