ҮНДЕМЕУДІҢ ӨЗІ ҮЛКЕН ӨНЕГЕ

ҮНДЕМЕУДІҢ ӨЗІ  ҮЛКЕН ӨНЕГЕ

Тіліне сақ болудың қадірін, "үндемегеннің үйдей бəледен құтылатынын" жан жүрегімен түсінген хан баласы үнемі үндемей жүруді өзіне əдет етіп алыпты. Үнемі үндемей жүргені соншалықты əке-шешесі оны ауырып қалды ма деп уайымдай бастайды. Хан елдегі ең жақсы деген дəрігерлерді шақыртып, ем жасатады. Бірақ бұдан еш нəтиже болмайды.
Содан күндерден күн өтіп, хан баласымен бірге аңшылыққа шығады. Жол жөнекей еш аң кездестіре алмай дал болады. Кенет бір бұтаның арасынан құстың даусы естіледі. Оқтаулы мылтығын дауыс шыққан жаққа қарай атып жіберген хан құсқа дəл тигізеді. Бұрқ етіп жерге құлаған құсты көрген бала еріксіз:"Үніңді шығарып нең бар еді, даусың жетті түбіңе" деп қалады.Мұны естіген əкесі баласының басынан періп жібереді. Сонда баласы:"Артық сөйлеп нем бар еді, тілім басыма таяқ боп тиді" деген екен.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі