ZHARAR | KZ | Кеңестер | Көгерген жерлерді емдеу
Көгерген жерлерді емдеу
Әркімнің өмірінде бір рет болса да тайғанап құлап не бір жерге ұрынып, аяқ-қолын көгертіп алған кездері болған. Ауыртып алған жеріңіз көрінетін болса, оны тезірек кетіру сұрағы туындайды.

Жаралар не үшін көгереді?

Гематомалар (көгерген жерлер) - майда тамырлардың үзілуі нәтижесінде қанның тері маңына жиналуы. Қаншалықты қатты көгеруі ағып үлгерген қан мен теріге байланысты болады. Жазылу барысында көгерген жер түсін өзгертуі мүмкін.

Көгерген жерді қалай емдейді?

Көгерген жер лейкоцит жасушаларының пигменттерді жойған кезде ғана жазылады. Сондықтан көгерген жерді өзіңіз бір сәтте емдей алмайсыз. Алайда дереу қабылданған шаралар көмектесіп, көгерген жердің кетуін тездете алады.

Ұрып алған жеріңізге бірден суық басыңыз. Мұз кесектерін матаға орап, ауырған жерге басқанда, жараланған қан тамырлары жиырылып, қанның ағуына бермейді. Мұзды 10-15 минут ұстаңыз. Бірақ мұзды ашық теріге баспаңыз, тері тым суып, мұздап кетуі мүмкін.

Келесі шараларды жараланған жердің ісігі өткен кезде, бір күннен кейін жасау керек. Қан ағып, лейкоциттер жараға дейін жету үшін көгерген жерге жылы бассаңыз болады. Бірақ көгерген жеріңіз бетте болса, жылытпаған жөн.

Емделу процессін тездету үшін, С және К дәрумендерін қабылдасаңыз болады. Қызыл түсті жеміс-жидектер көптеп жеңіз.

Көгерген жерді емдеудің ең танымал құралдарының бірі - бодяга шөбі. Дәріханада сатылатын бұл шөптің ұнтағына 2:1 қатынасында су қосыңыз. Емдік ботқаны көгерген жерге жағып, толықтай кепкенін күтіңіз. Артынан сумен жуып жіберіңіз. Есіңізде болсын, бодяга шөбін бет пен көз маңына жақпаңыз. Бұл дерматит не аллергия қоздыруы мүмкін.

Қол-аяқтағы көгерулерден қырмызы (календула) тұнбасы құтқара алады. Оны көгерген жерге жағу керек.

Сондай-ақ ақжелкен (петрушка) не тұрма (редька) ұнтақталған жапырақтарына су қосып, ботқаны жараға жақса болады.

Тағы бір қолжетімді дауа - көгерген жерге йод жағу.

Тұз компрессі де көгерудің кетуін тездете алады.

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Карим - Сегодня, 01:16
Ғылым таппай мақтанба - Абай Құнанбаев өлеңі

Ғылым таппай мақтанба өлең күшті

Гость АСЕМ - Сегодня, 01:16
Дүниетану (Бастауыш 2 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

4 сынып Дүниетану ТЖБ керек еді

Гость Ермек - Сегодня, 01:15
Ғылым таппай мақтанба - Абай Құнанбаев өлеңі

Маған ұнады орысша нұсқасы

Ернур - Сегодня, 01:13
Абай Құнанбаев (Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат)

Тайм тайм тайм

Гость Айша - Сегодня, 00:42
Көшбасшы болу үшін

Мне нужно Қазақстан тарихы 1-токсан

Апогей и - Сегодня, 00:34
Математика (Бастауыш 2 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Тжб матем

Гость Меруерт - Вчера, 23:59
Физика (9 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Цитата: www.kzПжжжж. 9кл тжб 1 тоқсан. Жауаптарын тауып беріңдерші. Керек болып тұр. Келісі апта тапсырамыз.🙏🏻🙏🏻🙏🏻🙏🏻

Гость Меруерт - Вчера, 23:59
Физика (9 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Радиусы 2,5 м дөңгелек 15м/с жылдамдықпен айналады. Дөңгелектің бұрыштық жылдамдығын тап.

Дилинур - Вчера, 23:52
Менің мектебім

Ноааолиимегшмс

Гость Фатима - Вчера, 23:31
Қазақ тілі (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Цитата: Аульбекова Асель БолатовнаҚазақ тілі 1 тоқсан 4 сынып тжб жауаптары керек Мағанда қажет😁