Сарымсақтың пайдасы

Сарымсақтың пайдасы

✅ Сарымсақты әлемнің кез - келген елінен кездестіре аласыз. Тамақ жасау кезінде астың дәмін келтіру үшін пайдаланады.

✅ Медицинада табиғи антибиотик болып саналады. Өйткені, сарымсақ вирустарға қарсы жақсы қорғаныс болады. Көптеген халықтың халық медицинасында маңызды рөлге ие өсімдіктің
бірі осы сарымсақ.

✅ Ертедегі Гректер мен Римдіктер: “Сарымсақ сарбаздарға батылдық, өжеттік береді” деп сенген. Қытайдағы халық медицинасында ас қорыту жолдары мен тыныс алу жолдарына қатысты ауруларды емдеуге және оба мен тырысқақ індеттерінен қорғану үшін сарымсақ пайдаланылды. Орыс халқы сарымсақты уды кетіру үшін, жылан шаққанда шипа болу үшін, жұқпалы індеттерден сақтану үшін пайдаланған. Тіпті, Қытайда тері ауруларын емдеу кезінде, ревматизм ауруына қарсы және
авитаминозға қарсы пайдаланған екен.

✅ Бүгінге дейін зерттеген ғалымдардың айтуынша, сарымсақтың құрамында төрт жүзден аса пайдалы компоненттер бар.

✅ Бірқатар пайдалары мыналар:
Құрамындағы антиоксиданттардың жағымды емдік қасиеттері мол. Қан қысымын төмендетеді. Қабынуға қарсы. Перифериялық қан тамырлардың бітелуі мен ластануының, сондай - ақ ми ісігінің алдын алады.

✅ Иммунитетті нығайтады, организмді қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайды.

✅ Ағзадағы бактерияларды өлтіреді.

✅ Асқазан - ішек жолдарына, жүрек - талма ауруларына ем. Микробты болдырмайды, жараны тез жазады, ауруды басады, ішек құрттарды жояды, қақырықты түсіреді.

✅ Авитаминозға өте пайдалы. Оның құрамындағы селен антиоксидантты құрамымен ерекшеленеді.

✅ Сарымсақ қанды тазалайды, ол табиғи антибиотик болып табылады. Ертеде оба ауруына ұшырағандарды емдеуге баратын дәрігерлердің сарымсақ салынған суға батырылған дәкемен жүздерін орап алуы осы себепті деп білінуде.

✅ Сарымсақ суық тиген ауруларға да таптырмайтын ем. Ол жүйке жүйесі бұзылғанда, зәр жолдарын емдеуге, сондай - ақ организмді тазалауға пайдаланылады.

✅ Теріге сүйел, теміреткі, сыздауық, қышыма тағы басқа жаралар шыққанда да емге жаратады т. б.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі