ЕР АДАМ ӘЙЕЛІНЕ ҚАЛАЙ ҚАРАУЫ КЕРЕК

ЕР АДАМ ӘЙЕЛІНЕ ҚАЛАЙ ҚАРАУЫ КЕРЕК

Жалпы, ислам әйелді өз апа-қарындасындай құрметтеуге шақырады. Бұл туралы Алла Тағаланың Елшісі Мұхаммед ﷺ былай деген: «Әйелдерге ер кісілер өзінің апа-қарындастарындай мәміледе болуы керек.

Жұбайлардың бақытты отбасын құрып, сүйіспеншілікте өмір сүрулері үшін әйел адамдармен қатар, ер адамдар да отбасындағы міндеттерін дұрыс атқара білулері аса маңызды. Отбасын асырап, керек-жарағын қамтамасыз етумен бірге ер адам мына нәрселерді жасауы тиіс:

Алла Тағала ерлерге әйелдеріне дұрыс қарап, сыйластықта болуды бұйырды: «Жұбайларыңмен жақсы қарым-қатынаста болыңдар»
(«Нисә» сүресі, 19-аят).

Жұмыстан шаршап келсеңіз де әйеліңіз бен балаларыңызға аз ғана уақытыңызды бөліңіз.

Кемшіліксіз пенде болмайды. Әйеліңіздің қателіктерін бетке басқаннан гөрі, жақсы жақтарын көбірек бағалаңыз.

Қандай жағдай болмасын ашуыңызды жеңе біліңіз.

Жылы сөз жан жылытады. Әйеліңізбен көбірек тілдесіп, сырласыңыз. Махаббатыңыз бен жылы сөзіңізді аямаңыз.

Әйелдер мақтағанды ұнатады. Ол табиғатына тән нәрсе. Сондықтан «сенің осының дұрыс», «сені мақтан тұтамын» деген сияқты сөздер айтып, көңілін аулап қойыңыз.

Олардың қисық қабырғадан жаратылғанын ұмытпаңыз.

Отбасы мәселелерін екеуіңіз ақылдасып, оның да пікірімен санасып, ортақ шешім қабылдаңыздар.

Әйеліңіз – балаларыңыздың анасы, өмірлік жолдасыңыз. Ешқашан дөрекі сөйлеп жанын жаралай көрмеңіз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?