ZHARAR > KZ > Кеңестер > Нәресте күтімі

Нәресте күтімі

Нәресте күтімі
Өмірге жаңа келген нәрестені дұрыс күту-оның денсаулығының басты кепілі. Бала ауырмас үшін ана оның денесін таза ұстап, тамағын дұрыс беріп, дұрыс ұйықтата білуі керек.
Кіндігі түсіп, орны әбден жазылғаннан кейін, қайнаған жылы суға ( + 37 С) нәрестені күн сайын кешке жақын шомылдырған жөн. Бұл жағдайда ананың тырнағы өсіңкі болмауы тиіс, ол нәрестені шомылдырар алдында қолын сабындап жуып,
ваннаны ыстық сумен шайып алуы керек. Шомылдырғанда сәбидің кеудесін анасы сол қолының білегіне сүйеп, оң қолымен оның аяғын ваннадағы суға салады.
Нәрестенің құлағына, аузына, мұрнына су кетіп, көзіне сабын кіріп ашытпас үшін, ваннадағы судың деңгейі оның иығына жетер-жетпестей болғаны жөн.
Нәрестені шомылдырудан бұрын, бір ыдысқа оның бет-аузын шаятын қайнаған жылы су, екінші ыдысқа шомылдырып болған соң денесін шаятын (35—36°) су дайындап қойған жөн. Алғашқы күндері шомылдыратын суға аздап марганцовка қосады. Баланы суда 5—7 минуттан артық ұстауға болмайды. Нәрестенің терісі базданып кетпес үшін мойнына, қолтығына, шатына вазе¬лин немесе өсімдік майын жағады. Өсімдік майын 10—: 15 минут қайнатып, суытып, арнаулы ыдысқа құйып қоюы керек.
Нәрестенің қолын таза ұстап, тырнағын өсірмей алып тұрған жөн. Өйткені тырнағы өсіп кетсе бала бет-аузын тырнап жарақаттап алады. Майға батырылған таза мақтамен баланың құлағының іші-сыртын, мұрнын тазартып тұру керек.
Сәбидің киім-кешектері мен жаялықтарын жай ғана жуып қоймай, қайнатып, міндетті түрде екі жағын бірдей үтіктеу қажет.
тағам — ана сүті болып табылады. Өйткені, оның құрамында бала организміне қажетті заттардың бәрі.бар. Сондықтан емшек сүті сәбидің дұрыс өсуін қамтамасыз етеді және оны жұқпалы аурулардан қорғайды. Нәрестенің ас қорыту ағзалары толық дамып жетілмегендіктен, ол қорегін емшек сүтінің құрамындағы ферменттер арқылы ғана қорытып, бойына дұрыс сіңіреді.
Баланы емізу ережелері.
Емшек сүті баланың дұрыс өсіп-жетілуіне көмектесетін аса маңызды қоректік зат. Ана сәбиді емізер алдында қолын жуып, емшегін жылы сумен шайып, құрғатып алғаны жөн. Баланы емізіп
болғаннан кейін емшектің ұшын таза мақтамен сүрту керек. Емшекке күніне екі рет ауа ваннасын жасаған жөн. Баланы емізуге ыңғайлы болуы үшін ана аяғының астына аласа орындық қойып, тізесінің үстіне таза жөргек жауып отыруы тиіс. Аузына емшектің ұшын түгел салғаннан кейін нәрестенің мұрнын бітемес үшін, ана емшектің. ұшын екі саусағымен қысып, тартыңқырап ұстап отырғаны жөн.
Нәрестені алғаш емізгенде үш-төрт минуттан артық емізудің қажеті жоқ. Одан кейін 10 минуттан емізіп, қалған сүтті сауып тастайды. Өйткені баладан қалған емшек сүті сүтті тез қайтарады немесе емшекті ісіндіріп жібереді.
Сәбиді үнемі белгілі бір сағатта емізіп, емшекті кезектестіріп беріп отыру керек.
Емген сүт организміне жақсы сіңуі үшін, нәрестеге кемінде үш сағаттай уақыт керек. Осы уақыт ішінде ем¬шекке сүт қайта жиналып үлгіреді. Алғашқы айларда нәрестені таңертеңгі сағат алтыдан түнгі сағат 12-ге дейін әрбір үш сағат сайын, күніне 7 рет емізген дұрыс.
Ал түнгі 12-ден таңертеңгі 6-ға дейінгі уақыт, ана мен баланың жақсылап ұйықтап, тынығуы үшін қажет. Әр емізу арасында нәрестеге қайнаған су немесе сұйық шәй (30—50 г) беруге болады. Босанғаннан кейін ана міндетті түрде емшек көтергіш кигені дұрыс, өйткені емшекті жоғары көтеріңкіреп ұстаса, оған сүт көп жиналады. Ал бос тұрған емшекке сүт жиналмайды. Жас босанған әйелдің алғашқы 2-6-шы күндері емшектерінің ұштары жарылуы мүмкін, оған басты себептер: .
— бала емізудің гигиеналық шартын сақтамау;
— емшекте қалған сүтті сауу тәсілін жетік білмеуі;
— жүкті кезде емшекті бала емізуге әзірлемеу;
— баланы дұрыс емізу жолын білмеу.
Бала аштықтан емес, басқа да себептерден: мысалы, асты суланса немесе қатты құндақталып, денесіне жаялық батса, көп емгендіктен іші ауырса жылауы мүмкін. Сәбидің ішін (қарнын) жылы ұстау керек (ішін анда-санда құйрық маймен майлап қойған да дұрыс).
Бір сөзбен айтқанда, баланы жылаған сайын емізудің немесе әлдилеп жұбатудын қажеті жоқ, ең алдымен оның себебін анықтап, мазасын кетірмеу жағын ойластырған жөн.

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Уали.кз - Сегодня, 09:33
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР): Қазақ тілі Т1 (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мен

Гость аян - Сегодня, 07:52
Күйеуіме, әйеліме,  ❤️ ғашығыма, жаныма, жарыма, сүйгеніме, қызыма, жігітіме туған күнге тілектер!

керемет тілектер

ZHARAR - Сегодня, 04:01
Адам  🙎‍♂️ және оның қасиеттері туралы мақал мәтелдер жинағы

кушти макалдар

Надирова әсем - Вчера, 23:28
Мақал-мәтелдер: Қорқақтық

Қорқақ қорқақ қорасында иті бар дмбалында биті бар

Исаева Талмаш - Вчера, 23:13
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Қазақ тілі (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

керемет бжб, тжб

Гость Аяулым - Вчера, 22:47
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР): Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маган 52 246сандарын жай кобеиткишке жиктеу керек отиниш бул жиынтык багалау

Катя - Вчера, 22:32
Стихи: 4 Ноября - День народного единства России

А7шво272оннн6ублсщ

Дана Лирисова - Вчера, 22:30
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР): Информатика (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

ИНФОРМАТИКА БЖБ КЫМДЕ БАР В ЛИЧКУ ПОЖЕ

Жемис - Вчера, 21:34
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Өте жақсы дайындалған тоқсандық жиынтық тапсырмалар. Маған өте ұнады. Іздеген дүниенді осы сайттан табуға

Зархан фатима - Вчера, 21:15
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР): Қазақстан тарихы (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Оп оңай Қаз тарихтан бжб