Қолға күтім керек

Қолға күтім керек

Үнемі аптасына 1-2 рет қол күтіміне уақыт бөліп, қолға түрлі маскалар жасаған жөн. Маска жасау да көп уақытты алмайды ғой. Ендеше, мұны тәртібіңізге енгізіп, әдетіңізге айналдырыңыз. Есесіне, қолыңыз нағыз ханшаның қолындай нәзік болмақ.

Жұмыртқа маскасы
Қол терісі әжімденіп кетсе, көп көмек болатын маска. Ол үшін 1 жұмыртқаның сарысы, 1 ас қасық бал мен 1 шай қасық сұлы жармасын араластырып, кешке жатар алдында қолыңызға жағыңыз. Сыртынан шүберек қолғап киіп жатыңыз. Таңертең қолыңыз жұп-жұмсақ болып оянасыз.

Бал маскасы
Бал қол терісін жұмсартады. 15 г ара балын, 25 г зәйтүн майын, 1 жұмыртқаның сарысы мен бірнеше тамшы лимон шырынын араластырып, қолыңызға жағыңыз. Сыртынан шүберек қолғап киіңіз. Мұны да жатар алдында жасаған жөн.

Глицеринді маска
Бұл да теріні жұмсартады. 1 шай қасық глицерин мен балға 2 шай қасық су, 1 шай қасық сұлы жармасы немесе ұн қосып, жақсылап араластырыңыз. Масканы қолға жағып, 20-25 минуттан кейін жуыңыз.

Картоп маскасы
Қол терісіндегі әжімдерді жойып, теріні жұмсартады. Суға пісірілген картопты сүтпен езіп (езбе жасап), қолыңызға жағыңыз. Масканы 2-3 сағаттан кейін ғана жуу керек.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!