Әжем айтып еді

Әжем айтып еді

1. Жар қылып алар қызыңның шешесіне қарарсың. Шеше көргенді ал. Алма ағашынан алысқа түспейді.

2. Сонан соң әкесіне қара. Әке қатал, әрі мейірімді болуы керек. Билігі еркекте болған үй береке. Осыны ұмытпа.

3. Еркек балалары мен қоса әйелін де тәрбиелейді. Олардың санасына исламды құй. Дін жолын үйрет, оқыт. Аллаға жақынның адасқанын көргенім жоқ. Сондықтан осы іске жақсы көңіл бөл.

4. Алғаның басқаны емес, әуелі сені сыйласын. Күйеуін ЕРІМ, БАЛАЛАРЫМНЫҢ ӘКЕСІ, БОЛАШАҒЫМ деп сыйлаған әйел сенімен қоса бүкіл әулетіңді құрметтейді. Оның құрметі саған әулетіңнің алдында абырой сыйлайды.

5. Оны қадір тұт. Бар жақсы сөзіңді арна. Жұрттың, балаларыңның көзінше құшақтап, сүйме. Өзіңнің де, оның да қадірін қашырасың. Оның барлығы оңашада қылар іс. Ал басқа уақытта көз қарасың мен оған жасар жақсы ісің де жетіп жатыр.

6. Оның жасар ісіне араласпа. Ақылды әйел сен араласпай-ақ қажет ақылын өзі келіп сұрап алады.

7. Оны қызған. Тек жөнімен болғаны дұрыс. Ал шамадан артық қызғану ұрыс-керіске себепші.

8. Қанша ұрыс-керіс болса да өз араларыңда болсын. Сыртқа шығарушы болма. Ұрыс-керісте иа сен жеңіл, иа ол жеңілсін. Ал қателік пен дұрыс-бұрысын ашуларың басылған соң талқылаған жөн.

9. Оны ешқашан алдама. Кез-келген жағдайда тек шындықты айт. Оның өзіңе деген сенімін жоғалтып алма. Сезімнің іргетасы сенімнен қаланатынын ұмытпа.

10. Не нәрсеге де сабыр қыл. Барды қанағат тұт. Әйеліңнен де осыны талап ет. Сол кезде ғана өмірдің барлық тосын жайларына қарсы тұра аласыңдар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!