Экология | Қоршаған орта және адам денсаулығы

 Экология | Қоршаған орта және адам денсаулығы

Тарау 1 Жалпы қоршаған ортаны қорғау
құқықтары

Қазіргі таңда экологияны яғни қоршаған ортаны қорғау ең басты проблемаға айналып отыр. Қоршаған ортаның тазалығы ауа, су, қоршаған орта адам денсаулығы үшін басты құндылықтардың бірі болып отыр.Қазіргі таңда Тәуелсіз Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарға және өндірістік потенциалға бай мемлекет. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығының интенсификациясын химизацияландыру көзге елестету мүмкін емес. Бірақ агрохимикаттар және пестицидтерді тиімсіз, ретсіз пайдаланудың салдарынан топырақта, суда, атмосфералық ауада, әртүрлі химиялық қосылыстардың жиналуына әкеп соқтырып, түрлі аурулардың паайда болуына себеп болады. Химиялық заттар арасында елімізде тұрақты органикалық ластағыштар ерекше қауіпті болып саналады. Тұрақты органикалық ластағыштың аз мөлшерінің өзі қалыпты биологиялық функцияны бұзып, болашақ ұрпаққа берілу арқылы адам денсаулығы және қоршаған ортаға қауіп төндіреді.
Кейбір кезде ауылшаруашылық өнімдерінен көп түсім алу үшін агрохимикаттарды шектен аса көп қолданады. Минералды тыңайтқыштарды шектен тыс пайдалану, ауылшаруашылық өнімдерінде, су қоймаларында және ақаба суларында зиянды химикаттардың жиналуына алып келіп үлкен проблемалар туғызады.
Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігінің табиғатты қорғауды бақылау комитеті қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын арнайы уәкілеттік берілген органдар болып табылады.
Барлық мемлекеттерде қоршаған ортаны қорғау үшін мынадай функциялар жүзеге асырылады:
Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі Экологиялық талаптарды, ластанудың тұрақты және жылжымалы көздерінен шығатындардың нормаларын, атмосфераны жасанды өзгерту жөніндегі іс-қимылдарды жүргізу кезіндегі шектеулерді орындау.
Өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да химиялық әрі биологиялық заттарды,өнеркәсіптік,тұрмыстық және өзге де қалдықтарды шығару және көму жөніндегі белгіленген нормалар мен ережелерді сақтау.4(28б)
Жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау,толықтыру және пайдалану саласындағы экологиялық талаптарды сақтау, мемлекеттік қорық қоры обьектілерін сақтау.
Жердің жай-күйіне теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды сақтау.
Тозған жерлерді қайта құнарландыруды, олардың құнарлылығын және жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіруді және осы уақытылы шаруашылық айналымға тартуды қамтамасыз ету.
Жердің тозуымен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде топырақтың құнарлы қабатын алуды, сақтауды және пайдалануды.
Зиянды (ластаушы) заттардың шығарындыларына, төгінділеріне арналған рұқсаттарда белгіленген шарттарды орындау, өндіріс әрі тұтыну қалдықтарын орналастыру.
Зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларының, төгінділерінің тұрақты көздері бар әрі өндіріс және тұтыну қалдықтарын құрайтын объектілердің санитарлық қорғау аймақтарының режимін сақтау.
Суды ұтымды пайдалану және ластанудың қоқыстанудан және тартылудан қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтау.
Қоршаған орта объектілерінің радиоактивті заттармен ластануының алдын алу жөніндегі жобалық шешімдерді және рұқсаттардың қолданылу шарттарын орындау.
Қоршаған ортаға радионуклидтерді шығарумен төгу алдындағы тазарту құрылғылары жұмысының технологиялық регламенттерін сақтау.
Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы сақтау мәселелері жөніндегі қоғамдық бірлестіктерімен өзара іс-қимыл жасау. Бақылау-қадағалау және құқық қолдану қызметінің нәтижелерін бағалауды қамтамасыз етеді.
1.1Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы

Қоршаған орта түсінігі адамның өмір сүруімен байланысты болып, өзара әртүрлі элементтерден құралады. Олар өзара үш топқа бөлінеді:
Нақты тірі орта (флюра, фауна), тірі емес орта (яғни гидросфера).
Ауа қабаты бассейні (атмосфера), жер қабаты (литосфера), жерге жақын космос кеңістігі, қолдан жасалған орта обьектісі, табиғатпен байланысты адам қорынан жасалған орта.
Осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы қоршаған ортаның жүйесін құрап, территориялық өрісте үшке бөлінеді.
Әлемдік, аймақтық, ұлттық.
50-ші жылдарда қалыптасып дамыған осы сала тек табиғи ресурстарды қорғаумен шектелмеді, ол 70-ші жылдары әртүрлі факторлардың әсерінен үлкен комплекстік әлемдік проблемаларға айнала бастады.
Жалпы қоршаған орта мағынасы бойынша экология түсінігіне сәйкес келеді. Ол тірі организмдермен тығыз байланысты болып, қоршаған ортаны құрайды.
Экология – мемлекеттердің қоршаған ортасының ұлттық жүйелеріне және ұлттық юрисдикция әрекетінен тыс жердегі қоршаған орта жүйелеріне түрлі сипаттағы және түрлі қайнар көздерден келтірілетін залалдардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттердің әрекеттерін реттейтін қағидалар мен нормалар жиынтығын көрсетеді.
Түрлі сипаттағы ластанулар қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізеді. Экологияның нормалары зиянды салдардың болмауын, оны шектеуді немесе алдын алуды қамтамасыз етеді. Бір табиғат обьектісінің өзі бір мезгілде түрлі әсерге ұшырауы мүмкін. Ол жеке-жеке зиянсыз болғанымен, жиынтығында зиянды нәтижелерге әкеп соқтыруы мүмкін.
Түрлі кезеңдерде, авторлар экологияның осы саласының мазмұнын белгілеу үшін әр түрлі терминология қолданып келеді.3(370б) олардың ішінде кең таралғаны табиғатты қорғау, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық құқық сияқты атаулар соңғы экология саласының мазмұнын толық көлемде белгілеп береді.


Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі обьектілеріне:
-Құрлық, жер қойнауы, дүниежүзілік мұхит, аспан денелері, әуе кеңістігі, ғарыш кеңістігі, жердің өсімдіктермен жануарлар дүниесі.
-Негізгі ластау көздері:
А)өнеркәсіптік химиялық қалдықтар, ядролық қару, мұнай және газ, радиоэкология, көлік құралдары.
Б)адамдардың қоршаған ортаға қайшы әрекеттері.
Мысалы: ағаштарды кесу.
Жалпы халықаралық өкілдік ұйымдар күн тәртібіне табиғатты пайдалану мәселелерін қойып отыр.
Экология-осы заманғы жас салалардың бірі болып табылады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы министрліктер экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті алғышарттардың барлығын жасайды.1(55б)
Қоршаған орта саласындағы қауымдастық табиғатқа әскери немесе басқа да қастандық жасау құралдарын қолданып, ықпал етге ұмтылмауға шақырады. Жердің динамикасын, жағдайын,
құрылымын қасақана өзгертуге тыйым салады.
Экология халықаралық құқық субъектілеріне қоршаған ортаға әскери құралдарды пайдалану арқылы әсер етуге кімде-кімге көмектесуге, қолдануға, түрткі болуға тыйым салады. Оған бейбіт мақсаттар үшін ғана рұқсат береді. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері мынаай:
-адамды және қоршаған ортаның ауасын ластанудан қорғау
-мемлекеттік аумақтағы қайнар көздердің ауаны ластауын шектеу, қысқарту және оның алдын алу.
-ақпараттар, консультациялар, ғылыми зерттеулр мен мониторинг алмасу арқылы ауаны ластаумен күресу стратегиясын жасау.
-ауа саласын реттеудің және оны ластаумен күресу шараларының ең жақсы жүйесін жасау.
-кез келген қайшы әрекеттерге тыйым салу және алдын алу бойынша кез келген заңды шараларды қабылдау.
Уақыт өте келе қоршаған орта мәселесі дамып, политикалық проблемаға айнала бастады, оның ғылыми негізі жылдан жылға дами берді. Бұл әсіресе 70-80-ші жылдары байқалды. Бұл проблема отандық әдебиеттерде қоршаған ортаны қорғаудың заңдық нормалары бойынша ерекше топтарға бөлініп қарастырыла бастады.
Экологияның субъектілері болып мемлекет және ұлттар танылады.2(250б)
Қоршаған ортаның адам денсаулығына зиян тигізбеудің мақсаттары мыналар болып табылады:
-Қоршаған орта проблемаларын шешу,зерттеу,қоршаған орта проблемаларының кешенді ғылыми амалдарын дамытуд қорғау.
-фактілерді жинауда және саралауда пайдаланылатын тәсілдерді салыстыру және үйлестіру арқылы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұлттық шаралардың тиімділігін арттыру, қоршаған ортаның ластану проблемалары мен табиғи ресурстарды ұғымды пайдалану жөніндегі білімдерді дамыту.
-Қоршаған орта саласындағы мақсатқа сай болатын және оларды үйлестіру мүмкіндігіндегі саясатты жақындастыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдау.
-Қоршаған ортаны қорғау және жақсарту, оның жай-күйін бақылауға арналған құрал-жабдықтарды жасау, өндіру, жетілдіру саласында мүдделі ұйымдардың, фирмалардың, мекемелердің ұлттық деңгейдегі қабылдайтын әрекеттерін қолдау жатады.
Жалпы адамзат баласы өзінің денсаулығын сақтауда қоршаған ортаға өзінің жақсы әсерін тигізуі тиіс. Олар:
-ауаның ластануымен күресу
-суларды және ауызсуларды пайдалануды ластанудан қорғау
-теңіздің қоршаған ортасын қорғау
-Топырақ қабаты мен жерді пайдалануды қорғау
-табиғат пен қорықтарды қорғау
-қоршаған орта мен елді мекендердің жағдайын жақсарту
-қоршаған ортадағы өзгерістерді бақылау, зерттеу, болжау және бағалау
-құқықтық және әкімшілік шаралар.
Осылай қоршаған ортаны қорғауда мемлекет ғылыми техникалық ақпараттармен зерттеу нәтижелерін алмасу, сарапшылар кеңесін ұйымдастыру, ғылыми қызметкерлер алмасу, қоршаған ортаны қорғаудағы түрлі проблемаларды зерттеу мен шешуде бағдарламалар мен жобаларды бірігіп дайындау мен жүзеге асыруды таңдап алды.

1.2Байқоңыр космодромының қоршаған ортаға және
адам денсаулығына әсері

Адамзат баласы тіршілік етуінің алғашқы кезеңінен бастап өздерінің күнделікті тіршілік өміріне керекті заттарының бәрін биосфера компоненттерінен жерден, судан,өсмдіктер әлемінен, жануарлар дүниесінен, жер қойнауынан алып отырған.
Биосфера барлық материалдық игіліктердің қайнар көзі
Оның балқтары(жер, су, ауа, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі) ежелден бері қарай адамзат баласының барлық мұқтаждарын өтеп келеді. Биосфераның бар сыйы біздің қоғамымыздың дамуына үлес қосады, тіршіліктің нгізгі көзі.
Биосфера-тіршілік тірегі. Ол адамзат және ондағы қоғаммен тығыз байланыста.
Биосфера көптеген компоненттерден тұрады. Олардың бірі-жер, оның үстіңгі қабаты қара топырақ. Адамзат баласы, жан жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі жерден қуат, нәр алады.
Адам экологиясы-ауыл, елді пункттер, село, қала тұрғындары мен жер жүзінің халықтарының қарым қатынастарын,сандық жәнесапалық құрылымын зерттеу мен реттеу,көпшілікке үздіксіз экология саласынан білім мен тәрбие беру, экологиялық мәдениет, этика, моральды парасаттандыру, адамзат баласыныңэкологиялық құқық қорғау және этноэкологиялық проблемаларды жан жақты қарастырады.
Жалпы қоршаған ортаның адам денсаулығына зияны тиеді. Сол зиянды адамдардың өздері жасауы да мүмкін. Өйткені адамзат баласы табиғатқа аса көңіл бөлмейді, орман тоғайлардағы ағаштарды еріксіз кеседі. Сол сияқты кенеттен өрт шығып бұталарды жандырып жібереді.Жылма жыл қойылатын өрт өсімдіктер бірлестігіне, олардың түрлерінің кемуіне және табиғаттың бұзылуына әкеп соқтырды.3(38б)
Тағы бір айта кететін жайт, Қазақстында Байқоңыр космдромының және Қазақстан территориясындағы әскери полигондардың да биосфераға серлері тиеді. Олар біздің мемлекетіміз үшін маңызды болғанымен, адам денсаулығынакері әсері тиеді.
Ал, енді Байқоңыр космодромы жайлы айтатын болсақ, ол қазақ жеріндегі ең үлкен және өте күрделі инженерлік құрылыс болып табылады. Осы құрылыста космос коабльдерін, космос станцияларын, зымырандарды, зымыран тсымалдаушыларды сынау,космос кнңітігін зерттеу үшін кең көлемде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Жалпы Байқоңыр космдромы әскери ғылыми –техникалық орталық болып есептеледі.
Космодромда өнеркәсіп және шаруашылық орындары шоғырланған.
Байқоңыр космодромы Қазақстанның оңтүстік – батысында, яғни Қызылорда облысының территориясында орналасқан. Бұл аймақтың ауа-райы өте құбылмалы келеді.Қысы суық, жаз айлары ыстық, жауын- шашын аз жауады. Сол себептен ауа-райы ылалсыз болып келеді де, құрғақшылық жиі болып тұрады. Жер бедері жазық, тау-тастар жоқ. Тек қана құм белестері мен көшпелі құмдар көп кездеседі. Өсімдік әлемі онша көп емес. Орман-тоғай бұл аймақта өспейді. Өсімдіктердің системаатикалық түрлері де өте аз. Ол жақта өсімдктер, жасыл жайылымдар космодром салынуына байланысты түгелімен жойылып кеткен. Шөптердің барлығы қурап, уланып біткен.
Байқоңыр космодромының айналаға, қоршаған ортаға ерекше әсер ететіні кейінгі кезде ғана байқала бастды. Соңғы кезде космодром орналасқан жердің ауа – райын, табиғи биологиялық ресрстарын жан-жақты зерттегенде, космодромның айналаға, қоршаған ортаға айрықша әсер ететіні байқалады.
Ұшырылған космос карабльдері мен оларды космос кеңістігіне шығарушы зымырандар айналаға қоршаған табиғи ортаға елеулі өзгерістер енгізтіні кейінгі кезде айқындала түсті. Ол өзгерістер төмендегідей:
1. Ұшырылған космос карабльдері және басқадай космостық ақпараттар табиғи жолмен ғасырлар бойы қалыптасқан ауа режимін төтенше түрде бұзып жіберетіні белгілі болды;
2. Космос корабльдерін тасымалдайтын зымырандардың пайдаланатын отындары улы қосылыстардан тұратын болғандықтан, айналаны қоршаған ортаның мөлшерден тыс улануына әкеп соғады.
3. Космос кеңістігіне ұшырылған зымырандар өсмдік әлеміне, жануарлар дүниесіне айрықша әсер ететінін арнаулы түрде жүргізілген ғылыми – зерттеу жұмыстары толығымен ........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!