Биология | Мысық үй жануары

 Биология | Мысық үй жануары

Зерттеушілік жұмыстың мақсаты: Мысықты қолға үйрету тарихын және түрлері туралы мәліметтер жинастыру
Тaқырыптың өзeктiлiгi: Бұл тақырыптың өзектілігі мысықтардың қыр - сырын көбіміз біле бермейміз. Адамдар мысықты сиқырлы жануар деп те есептеген. Мысыққа қатысты ырымдарда бар. Оның емдік қасиеті туралы да зерттелген және ашылмаған тұстары да баршылық. Сондықтанда бұл зерттеу жұмысым өз мысығымды бақылау арқылы мысықтардың сырларын ашуға бағытталған.

Жоба міндеттері:
- интернет желісін, әдебиеттерді оқу арқылы мысықтың қолға үйретілуі және түрлері туралы
мәлімет жинастыру.
- өз мысығыма ұдайы бақылау жүргізу.
- жиналған мәліметтер бойынша қорытынды шығару
Зерттеу объектісі: өзімнің «Нуна» атты мысығым.

МАЗМҰНЫ
І Кіріспе
Мысықты қолға үйрету тарихы
ІІ Негізгі бөлім
Мысық түрлері
Наным - сенімдер мен аңыздар
Мысық ерекшеліктері мен
емдік қасиеттері
4. Халық болжамдары
ІІІ Қорытынды

Кіріспе бөлімі:
Миацидтер – осыдан 50 млн жыл бұрын пайда болған. Олар кішігірім денелі, ұзын құйрықты жануар болған. Ал жабайы мысықтарды қолға үйрету 5 мың жыл бұрын Африка елінде пайда болған. Негізінде үй мысығының арғы тегі Ливия мысығы болып саналады.

Египет елінде мысықты қасиетті хайуан деп есептеген. Мысықты кеміргіштерге қарсы күрес үшін өсірген. Ол кезде мысықты құдайдың жаратқан тіршілік иесі деп қасиет тұтқан Оларды бальзамдап жерлеген.

Ал Орталық Еуропада мысықтарды перілердің қолдаушысы деп отқа жағып өртеген. Сондықтан
кеміргіштер көбейіп көптеген адамдар оба ауруына шалдыққан екен.

Аңыздар
Орыс халқы мысықты игіліктің белгісі ретінде сиқырлы зұлым күштен үйді қорғайды деп сенеді.
Қытайдың кейбір аймақтарында, Кореи, Вьетнамда мысықттың етін жеуге пайдаланған.

Ислам діндерінде мысыққа қатысты мынадай аңыздар бар.
Мұхаммед пайғамбардың ақ мысығы болған. Мұхаммед пайғамбар дұға оқып болғаннан кейін мысығына қараса, ол пайғамбардың етегіне ұйықтап қалған деседі. Мысығын оятпау үшін етегін кесіп қалдырған деген аңыздар тараған. Жануарлардың ішінде мысық мешіттерге кіруге рұқсат етілген.

Үй мысығының ерекшелігі
Өте таза хайуан
Өмір сүру ұзақтығы 14 жыл
Түзге шығатынын өзі түсіндіре алады
Денесінде жағымсыз иіс болмайды
Түктері денедегі жылуын сақтайды
Көру, иіс сезу, есту мүшелері жақсы дамыған
Ұйықтау ұзақтығы 14 - 16 сағат
Күніне 10 рет жуынады.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?