Американдық ғалым COVID-26 және COVID-32 қаупі туралы ескертті

COVID-19-тің шығу тегін мұқият зерттеу керек, әйтпесе адамзат COVID-26 және COVID-32-ге тап болуы мүмкін, деді американдық ғалым және АҚШ-тағы коронавирус пен жұқпалы аурулар бойынша сарапшылардың бірі Питер Хотез.

«Бұл ХХІ ғасырдағы үшінші ірі коронавирустық эпидемия немесе пандемия (SARS пен MERS-тен кейін). Бұл қатарынан үшінші. Табиғат-ана бізге не болатынын айтады: егер біз COVID-19-тің шығу тегін толық түсінбесек, онда COVID-26 және COVID-32 болады», - деді американдық сарапшысы NBC News эфирінде.

Жаңалықтар
Толық