Жанғали

Жанғали есімінің мағынасы - иран және араб тілдерінен алынған ғали сияқты батыл, өжет адам.

Есімдер мағынасы
Толық

Зере

Зере есімінің мағынасы – қазақтың төл есімі. Көбіне қыз балаға қойылады. Көне түркі тілінде іші қуыс, ұзын келген, сәукелемен бірге киілетін баскиімді және де кіреукенің кеуде мен арқа жақтарына темір не болат тақташалар қосылып өрілетін сауытты осылай атайтын болған. «Сәукеледей әдемі, сұңғақ болып өссін» деген ниетпен қойылатын есім.

Есімдер мағынасы
Толық

Фатима

Фатима есімінің мағынасы – араб тілінде «емшектен шығарылған» деген мағынаны білдіреді. Бұл есім ең алғаш Мұхаммед пайғамбардың қызына қойылған делінеді.

Есімдер мағынасы
Толық

Мариям

Мариям есімінің мағынасы — сүйікті, жаны үйлесуші. Иса Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) анасы, Алла Тағаланың тазартып, күллі әлемдегі әйелдерден ардақты еткен құлы.

Есімдер мағынасы
Толық