Технология | Ас атасы нан

 Технология | Ас атасы нан

Ең қасиетті ас – нан, ең қасиетті есім – адам
Жер тойынбайынша, халық та тоймайды.
«Ғасырлар даналығы»

Жоспар:
І. Кіріспе
1. Нан - қасиетті тағам
2. Нанның ұлылығы
ІІ. Теориялық бөлімі
1. Нанның түрлері
2. Қолдану, сақтау жолдары
ІІІ. Зерттеу бөлімі
1. Нанның пісіру жолдары
ІV. Қорытындылау
1. Тағамның ең асылы - нан
V. Пайдаланылған әдебиеттер

Мақсаты: нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп еңбек жұмсалатынын жеткізу, нанды қастерлеуге, еңбек адамын құрметтеуге баулу, сөздік қорларын арттыру
1. Кіріспе
Нан – біздің Отанымыздың байлығы, халықтың негізгі тамақтану өнімі болып табылады.
Нан сапасы егіс шаруашылығымен өте тығыз байланысты. Ал егістіктен біз астық аламыз. Алған астығымыздың сапасы неғұрлым жоғары болса, одан алған өнім сапасы да соғұрлым жоғары болады. Астық өндірілсе – ауыл шаруашылығының ірі саласы. Астықтан ұн, нан, макарон, жарма, тәтті тағамдар сияқты адам баласына ең керекті өнімдер алынады. Астықты жер жүзінің түкпір - түкпіріне тасымалдауға қолайлы, ыстықтан да, суықтан да қорықпайды. Міне, осыдан барып барлық жер жүзіне кең тарап кеткен. Астық тамақ өнеркәсібінің шикізаты болғандықтан, ол ауыл шаруашылығынан тамақ өнеркәсібіне жақын. Астықтан алынатын ең маңызды өнімдердің бірі - нан және нан өнімдері. Нан және нан өнімдері тұрғындардың тамақтануында негізгі орын алады. Бұл өнімдері күнделікті қолданылып отырады, сондықтан да тағамдық құндылығы жоғары болып саналады.
Нан адамға қажетті минералдық заттардың жеткізушісі. Нанның құндылығын тек оның химиялық құрамына қарап қоймай, сонымен қатар оның дәмі, иісі, нанның жұмсақтығы, сыртқы пішініне де қарап бағалайды.
Халқымызды жоғары сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін шешудің басты жолы алатын шикізаттарды дер кезінде ысырапсыз, шығынсыз, ұтымды, тиімді пайдалану, ал жақсы өмір қозғалысын қамтамасыз ету үшін ортамызды үнемі қажетті энергиямен, яғни белокпен, амин қышқылдарымен, май қышқылдарымен, минералды заттармен, витаминдермен қамтамасыз етіп отыру. Бұл энергия көздері нанда көп кездеседі, және организмге күнделікті түсіп отырады.
Қазақта «Ас - атасы нан»деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені - нан. Бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып - ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, жерге тастамауды үйретеді. Нан - қасиетті. Адам кез келген тамақты екі күн жесе, ол қанша нәрлі болғанымен сол тамақтан жалығады. Ал бірақ адам баласы өмір бойы наннан шықпайды, наннан зерікпейді, жалықпайды.
Менің ойымша, дастарханымыздың үстінде күнде нан тұрмаса, көңіліңіз де, дастарханыңыз да - орта, берекеңіз кетіп, дүние ойсырап тұрған секілді басқа тамақ көзіңізге көрінбейді. Нанның қажеттілігін, қасиеттілігінің өзі осыдан - ақ көрінеді. Ұнның құрамында адамның бойына нәр беретін, қуат беретін ағзаға қажеттінің бәрі бар.
Бұл тақырыпты таңдау себебім, қазіргі кезде нанның қадірін білмей, аяқ асты немесе қоқысқа тастаған кездері көп кездеседі. Ал сол нанның қандай үлкен еңбекпен, диқаншылардың маңдай терімен, қаншама адам еңбегімен нанның дастарқанға келетініне көз жеткізу. Әр баланың санасына наннан артық өмірде ешнәрсе жоғына мән беру, нанның ешнәрсемен тең келмейтінін, оның құнына баға жетпейтінін дәлелдеу мақсатында алынды.

2. Теориялық бөлімі
Нанның негізгі үш түрі
Этнологтардың пікірінше, қазақ халқында астықтан нан өнімдерін пісіріп дайын - даудың негізгі үш түрі бар: 1) Нанды қоламтаға көміп пісіру (көну тәсіл); 2) табаға, қазанға, тасқа жауып пісіру (көшпелілердің ежелгі тәсілі); 3) тоң майға, өсімдік (сұйық) майына қуырып пісіру. 1 - тәсіл бойынша көмеш, қоламта нан, күлше дайын - далды. Мұнда қамырды дөңгелектей жазып оттың шоқ араласпаған ыстық қолам - тасына көміп пісіреді. Егер ұсақтап кесіп қоламтаға көмсе, ол тоқаш деп аталған. Нанды осылайша пісіру мен оның аталуы орта ғасырларда да «көмәч» күлге көмілген пас, «күзмән» көмпеш нан делінген. Таба, тас, қазанға нан пісіру кезінде қамыр жабыспас үшін оған май жағылған. Қыздырылған табаның көлеміндей етіп қамыр жайылған соң, бетіне тағы бір таба төңкеріп шоққа тығып қою немесе бетіне бір нәрсе жауып, шоқ үстіне қою арқылы таба нан пісірілген. Ыстық қазанға, қыздырылған, жалпақ жұқа тасқа қарыма нан, қазан жаппа дайындалған. Ішіне туралған ет салынып табаға пісірілгендерін кісе нан, ашытып пісіргендерін бөлке нан деп атаған. Қамыр жаймаға малдың, құстың етін орап, пешке пісірген бөкпе нанды бәліш, ертеректе бүйрек, бүйрекше нан деп те атаған. М. Қашқари еңбегінде май жағып, тандыр немесе ошақтағы қазанға қарып пісірген нанның қақурған, жұқмын деген жаппа нан түрлері кездеседі. Қазіргі таңда Қазақстанда нанның 200 - ден астам түрі дайындалады. .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!