"Көп сөйлейді екенмін": Ахметбек Нұрсила халықтан кешірім сұрады (видео)

Әлеуметтік желіде кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланы белгісіз біреулердің күшпен ұстаған видеосы тараған. Осыдан кейін ел тұрғындары бизнес-тренерге аяушылық танытып, оны уайымдай бастады. Бір күн өткен соң кәсіпкер жеке парақшасында мәлімдеме жасап, оқиғаны өзі ойлап тапқанын, осы әрекеті арқылы халықты тексергісі келгенін мәлім етті. Көпшілік ел ағасының арзан "хайпқа" барғанын дұрыс қабылдаған жоқ. Оған әлеуметтік желіде жан-жантан сөзбен "шабуылдар" жасап, жұртпен бұлай ойнауға болмайтынын ескертті. Бүгін, Ахметбек Нұрсила, осы әрекеті үшін халықтан кешірім сұрауға мәжбүр болды деп хабарлайды nur.kz порталы.
Жаңалықтар
Толық