Рамазан айында ашық суретке түскен Жолдыбаева жұрттың ашуын тудырды

Отандық танымал әнші Алтынай Жолдыбаева кезекті ашық фотосын жариялаймын деп халық қаһарына ұшырады. Желі қолданушыларына әнші арудың қасиетті Рамазан айында төстартқышсыз суретке түскен ұнамай қалған деп жазады NUR.KZ.

Алтынай Жолдыбаева Instagram парақшасында ашық образымен бөлісіп, елден оңбай сөз естіді. Бұған дейін де сексуалды фотоларын көпшілік назарына ұсынып келген сылқымды бұл жолы бұрынғыдан да қатаң сынап тастаған.
Жаңалықтар
Толық

Қорлық, жәбір, жапа туралы мақал-мәтелдер

Әке мейірімінен ұстаз жәбірі жақсы.

Жатқан жапа көреді,
Жүрген опа көреді.

Әуелі жапа көрмей, опа болмас.

Қызың кер әдеп болса — қорлық,
Балаң бейәдеп болса — қорлық.

Өтпес жарлық — бойға қорлық.

Жабағы тайды қорлама
Жазға шықса, ат болар,
Жас жігітті қорлама
Жұртына ертең бас болар.

Отың жанбаса — қорлық,
Құсың алмаса — қорлық.

Мақал-мәтелдер
Толық

Қазына, дәулет, байлық, молшылық

Дәулетіне қарай сәулеті.

Дәулетті ел — сәулетті.

Орман ел дәулеті, жер сәулеті.

Еңбексіз құраған дәулет,
Емсіз жабықсан дертпен тең.

Жамандықты көп қусаң,
Құтылмас пәле жолығар,
Жақсылықты көп қусаң,
Бақ-әулетің молығар.

Келген - дәулет, кеткен - бейнет.

Дәулет келерінде тойға келген қыздай,
Кетерінде қолға ұстаған мұздай.

Келген дәулет, кеткен мехнат бәрі бір.

Адыра қалды бақ, дәулет,
Еңбек енді шын дәулет.
Мақал-мәтелдер
Толық

Ризық, нәсіп, несібе, ырыс, береке

Болса, данам, көңіл тура, тіл майда,
Ризығың таусылмайды ондайда.

Кәсіп, кәсіп түбі - нәсіп.

Арамнан алған түйеден,
Адалдан алған ешкі жақсы.

Қарманған қарап қалмайды.

Қимылдаған қыр асады.

Ерте тұрған өкінбес.

Алыстан арбалағанша,
Жақыннан дорбала.

Түсі келіспей, ісі келіспес.

Қасықтап жинап,
Шөміштеп төкпе.
Мақал-мәтелдер
Толық