Әбден ашынған неміс дәрігерлері тыр жалаңаш шешініп, суретке түсті

"Мүмкін осыдан кейін билік коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу кезінде аса қажетті қорғаныс заттарымен дәрігерлерді қамтамасыз етер" деп үміттенеді олар.

Германияда дәрігерлер қорғаныс құралдарының, маскалар мен жұмыс киімдерінің жеткіліксіздігіне байланысты наразылық акциясын бастады, деп хабарлайды zakon.kz.
Жаңалықтар
Толық

Ауыл

Ат сатсаң, ауылыңмен ақылдас,
Ауылың жоқ болса, бөркіңмен ақылдас.

Өткелді саяз деме,
Таяқ салып бойлат.
Ісіңді мақұл деме,
Ағайынға салып ойлат.

Аталастан ауылдас жақын.

Жаттан жеген майлы астан,
Жақынның жұдырығы артық.

Жар басына үй тікпе,
Жар құласа үй кетер.
Ала болса ағайын,
Рулы елден күй кетер.
Мақал-мәтелдер
Толық

Азамат, жігіт, ер

Өзімде болмаса, ағайында болсын,
Ағайында болмаса, алғанымда болсын.

Қарына тартпағанның қары сынсын.

Алыста жүрсе кісінескен,
Жақында жүрсе тебіскен.

Жақынды жат етсең,
Жатқа күлкі боларсың.

Қарыстан сүйем жақын.

У ішсең - руыңмен.

Пышақ қанша өткір болса да,
Өз сабын жона алмайды.

Жаттан жеген майлы астан,
Жақынның жұдырығы артық.

Адасқан қаздай, руы аздай.
Мақал-мәтелдер
Толық

Адам, пенде, кісі

Адам - түп ата, Хауа - түп ана.

Адам адамға, жан кеудеге мейман.

Адамына қарай сәлемі.

Адам қырықта - қылау, елуде - елік

Адам зоры - тоғын,
Жылқының зоры - соғым.

Адамға адам керек әрбір жайда.

Адамға тойымшылық керек.

Адам көпке, мал шөпке тоқтайды

Адам - ала, мал - құла.

Адамды кейде баршылық сынайды,
кейде жоқшылық сынайды.

Адам өзгенің қадірін өзі арқылы түсінеді.

Адам жаманнан жиренбей,
Жақсыны үйренбейді.
Мақал-мәтелдер
Толық