Рақымжанға

Ғасырмен ғасыр тоғысқан,

Тай-төбе киелі жер еді.

Киесінен нәр алған,

Тәрбиеленген бұл елі еді.


Асыл туған атадан,  

Айбыны күшті қаһарман. 

Рейхстаққа ту тігем деп, 

Ант беріп еліне аттанған.


Қазағымның рухын көтерген,

Халқы үшін туған азамат.

Рақымжан тіккен көк туы 

Ұрпақтарына  аманат.


Аманатын ақта ұландарым,

Намысы жоғары қырандарым.

Бүкіл әлем бас иген

Мәңгілік ел ұрандарың.


Рақымжандай ер туған,

Ел үміті ақталсын.

Мәңгі өшпей есімі,

Тарихында қазағымның сақталсын.


Бүгінгі күн,  Рақымжан,

Қазағымның туын тіккен күн.

Отпен, оқпен алысып,

Арманына жеткен күн.

Өлеңдер
Толық

Тыл ардагер - аналарға арнау

Соғысқа аттанғанда іні – аға,
Елде қалды кемпір – шалмен, бала – шаға. 
Нар көтерер жүктерді арқалаған,
Салмақ түсті тағы да аналарға.

Жан жарамен қол ұстасып жүре алмай,
Шаттықпенен емін - еркін күле алмай.
Ата - ене, балалары қалды қолда,
Жалғандағы жар қызығын көре алмай.

Жас нәресте шырылдады жаңа туып,
Анасы кетті еңбекке белін буып.
Жан жарын аттандырып қала берді,
Үлбіреген ақша бетін жаспен жуып.

Қуарған күз жапырақтай өңі солып,
Жарын күтті екі көзі мұңға толып.
Жер жыртты, өгіз айдап, егін салып,
Майысып саусақтары күс- күс болып.

Қайран ана аттандырды балаларын,
Кей ана қолда бар жалғыздарын.
Бүкіл әлем теңселіп, тебіренді,
Көтере алмай күңіренген ана зарын.

Қалғандай келешектен күдер үзіп,
Жас бой жеткен қала берді көзін сүзіп.
Атын жазып орамалға сүйгенінің,
Кестеледі көз жасымен моншақ тізіп.

Жеңістен соң не боларын ойламады,
Көбісі жеңіс тойын тойламады.
Жас жүрегін басқа жанға сыйлай алмай,
Жесірлікті бар өміріне мойындады.

Сөз жетпес азабына өткен күннің,
Дыбысы мәңгі өшпес зарлы үннің.
Жас баланың жетімдігін бастан кешкен,
Ізін калай өшірерсің қайғы-мұңның.

Күйзелді ойлап ана бала қамын,
Жеткізді жылай жүріп балапанын.
Аңсап өсті бала жүрегі,
Бастан сипар әкесінің алақанын.

Өткен өмір енді қайтіп келмесін,
Ешбір жаңға қайғы мұңды бермесін. 
Соғыс залым елге салған зардабын,
Оны ұрпақтар келешекте көрмесін.
Өлеңдер
Толық

Көзді компьютер мен телефонның зиянынан қалай қорғау керек?

Карантин кезінде қашықтан жұмыс істеу мен онлайн білім алу ересектер мен балаларды мониторға телміртіп қойды. Мұндай қарқынмен жанарымызды құртып алмаймыз ба? Офтальмолог үйде көзді қалай күту керек екенін айтты.
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

"Карантиндегі неке": Тағы бір "қалаулымдық" жұп ерлі-зайыпты атанды (видео)

Карантин режимі кезінде танымал жұптар бірінен соң бірі некесін қидыруда. Бұл жолы "Қалаулым сен" жобасында табысқан Өркен Бақытбек пен Наргиз Әбдіғаппар ресми түрде ерлі-зайыпты атанды деп жазады nur.kz.
Жаңалықтар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы