Жан ерке (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сүйсінемін, жан ерке, мінезіңе,
Тартқандайсың әніңмен бір өзіңе.
Үлкен-кіші естісе таңырқаған
Өнегелі, үлгілі әр сөзіңе.

[Қайырмасы]
Ашық мінез, ақ маңдай,
Менмендік жоқ, еш қандай.
Сөзің алтын, күлкің наз,
Жайдары жүз, еркем-ай!.....
Өлеңдер
Толық

Ақтамақ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сенен сұлу, Ақтамақ, жан өтпейді,
Ақылың асқан дариядай көз жетпейді, Ақтамақ.
Шыға келсең жалт етіп бұлт астынан,
Қайран болмай көрген жан бір кетпейді, Ақтамақ.

Қайырмасы:
Айдын көлдің еркесі,
Еркін өскен Ақтамақ.
Гүл бақшада сайраған.
Бұлбұлымсың Ақтамақ......
Өлеңдер
Толық

Өзіңсің (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өзіңсің қимасымда, қымбаттымда,
Өзіңсің сырласымда, сымбатымда.
Ешкімнің еш уақытта дәті бармас,
Жамандап сені маған тіл қатуға.

Қайырмасы:
Ей, аяулым, ардақтым,асылым,
Өзіңсің, өзіңсің-өлеңім, жан сырым......
Өлеңдер
Толық

Жазғы таңда (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жайнаған жазғы таңда қызыл гүлдей,
Қараған қарақат көз сыр білдірмей.
Айтады ақ жүрегің сыбырменен,
Достықтың, шын жүректің белгісіндей.

Қайырмасы:
Сырлас қалқам,
Сырымды айтам,
Шақырады шаттыққа.
Келем саған,
Қол соз маған,
Жетеміз,
Жетеміз, достым, бақытқа!.....
Өлеңдер
Толық

Бұлбұл (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ай, жұлдыз күлім қағып нұрлы аспанда,
Қарсы алар екі ғашық сырласқанда.
Сайрайды бұлбұл әнін тамылжыта,
Көктемде алма ағаштар гүл ашқанда.

Қайырмасы:
Қыз бен жігіт сырласып,
Алма бағы жайнайды.
күн арайлап нұр шашып,
Таң бұлбұлы сайрайды.
Ха-Ха-Ха-Ха-Ха-Ха!...
Осылай бұлбұл сайрайды......
Өлеңдер
Толық

Кестелі орамал (Қазақ ауыз әдебиеті)

Кестелі ақ жібек орамал,
Алыстан жолдаған сүйген жар.
'Жауынгер жарым, сен есіңе ал',-
Деп жазған оюлап хаты бар.

Қайырмасы:
'Жауынгер жарым,сен есіңе ал',-
Деп жазған оюлап хаты бар......
Өлеңдер
Толық

Ақмарал сұлу еркем (Қазақ ауыз әдебиеті)

Кеткенде сенен алыс жерге шалғай,
Жүрермін сені қалай есіме алмай.
Өзімнің тыңдап тапқан бақытымсың,
Бейнең тұр көз алдымда атқан таңдай.

Қайырмасы:
Ақ жүзің айдай еркем,
Арманым сені көрсем.
Алыстан аңсап келемін,
Ақмарал сұлу еркем......
Өлеңдер
Толық

Ақ мақта (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жан едім көп сенімін,серт ақтаған,
Сый алып келіп тұрмын ақ мақтадан.
Менде бір ауылымның жұлдызымын,
Сүйсіне өнеріме ел мақтаған.

Қайырмасы:
Еңбегіңнен ер боп ақта,
Еліміздің үмітін.
Алтын мақта біздің жақта,
Кел ауылға, жігітім!.....
Өлеңдер
Толық