Ілияс Жансүгіров (Жетерміз бе тілекке)

Ақылдың аузын шарт байлап,
Қосылуға серт ойлап,
Бердік билік жүрекке.
Алдымызда асқар тұр,
Ауыр, ауыр тастар тұр,
Тұрмыз әзір түнекте.
Сол асқарды асқанша,
Сол тастарды басқанша,
Талай бейнет шегерміз......
Өлеңдер
Толық

Ілияс Жансүгіров (Күн батар)

Маужырап күн еңкейді,
Ертіс кетті еңістеп,
Алтынданып, жарқылдап,
Су жыбырлап, жел жүріп.
Бетке салқын леп ұрып,
Қалды іңір салқындай.
Біздер мінген моторка,
Бық - бық етіп тартты өрге,
Суға малтып шалпылдап,
Қызыл күрең шапақтан,
Жаңа ай қасын жылмайтты,
Қуанышты айқындап......
Өлеңдер
Толық

Ілияс Жансүгіров (Ертістен хат)

Саумын, әзір, сәулетай,
Сағындым да жаздым хат.
— Жүргенім — Ертіс өзені,
Мінгенім — «Алтай» бұрахат.
Мүсәпір болдым, кез болдым,
Сағындырған саяхат.
Көрмеген жер, бөтен ел,
Көргенің бір рақат.
Жазылып жаңа келеді,
Жанға түскен жарақат. .....
Өлеңдер
Толық

Ілияс Жансүгіров (Хат)

Есімде, жаным, сағынам,
Жақыным, жаным, Фатима.
Сағынғанның белгісі —
Қараймын қайта хатыңа.
Жаным тұтқын өзіңе,
Тілім тұтқын атыңа,
Шермендемін, шерлімін,
Жібімейді көңілім
Жақыныма, жатыма......
Өлеңдер
Толық

Ілияс Жансүгіров (Өзіме)

Хақ сөйле, қызыл тілім, адал сайрап,
Тапсырдым бар ойымды саған арнап.
Көңілім арам ойлап алаңдама,
Алмаққа біреуді алдап, біреуді арбап......
Өлеңдер
Толық

Ілияс Жансүгіров (Топ алдына)

Топ алдына шығайын
Жазыла жаз, қаламым!
Топқа ма әлде тойға ма
Топырласып жатқанда.
Жинал өлке жан-жақтан,
Серпіл көкке қызыл ту!
Сергіте дос көңілін,
Сескендіре жау жағын.
Соқ музыка, бас күйге,
Топтың көңілін серпе тарт,
Қуандыра қабағын. .....
Өлеңдер
Толық