Қадыр Мырза Али (Қартым маған күнде сәлем жолдайды)

Қартым маған күнде сәлем жолдайды,
Қала жайы көңіліне қонбайды.
«Айналайын, бәрі де бар шаһарда,
Ал көкжиек онда бірақ болмайды!
Көре алмайсың таңның қалай атқанын,
Көре алмайсың күннің қалай батқанын.
Тек жарық пен қараңғыдан сезесің
Түн мен күннің кезектесіп жатқанын......
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Қол жеткенге көңіл көгі толмайды)

Қол жеткенге көңіл көгі толмайды,
Толмай жатып толдым деген оңбайды.
Аңғал аға,
Әзір бізге
Жүлделі
Орындардан дәметуге болмайды!
Бәрінің де,
Бәрінің де бар мәні.
Асқар тауға шыға алмадық қарманып.
Атымыздың қамау терін алғанша.....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Көктем түгіл)

Көктем түгіл,
Қысың өтіп,
Қар кетіп,
Тозады екен мұз айдынның паркеті,
Сәбилігім өте шықты зуылдап,
Жігіттігім өте шықты жарқ етіп.
Өтеп болып бүкіл қарыз,
Парызды,
Желтоқсанға айырбастап тамызды,
Енді отырмын .....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Өмір қиын)

Өмір қиын!
Біреу жанып,
Біреулер малын бағар.
Тұлпар мінсең,
Ериді жалында қар.
Өзіңді-өзің алдама,
Алдарқатпа —
Өмір барда, ағайын, өлім де бар. .....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Қасқыр)


Қадыр Мырза Әли
Қасқыр
admin27.04.201900107
Қарғысы ма қозы-лақтың ондаған,
Қапылыста қолға түсті оңбаған.
Құлыптаулы темір тордан — қапастан
Қайтып шығу бола қоймас енді оған!
Аузына алмас арыстаның қалдығын
Көкжал еді,.....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Бейбіт күн бейнесі)

Жылдағыдан жер биыл ерте көктеп,
Жасыл бақты жасыл жел еркелетпек.
Көк инесін көк жіппен сабақтайды
Көлеңкеде кәрі ана көрпе көктеп.
Төсегінде жатқандай арман өсіп,
Тербетеді сәбиді арба-бесік.
Көк аспанға қарайды көп балапан .....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Кенже)

Сіңген бе о бастан-ақ санасына,
Ата-ана қарай ма әлде шамасына.
Кенже деп,
Кенжетай деп,
Кенжегүл деп,
Қазақтар ат қояды баласына.
Болмыста толып жатыр ғаламаттар,
Біледі не істейтінін дана қарттар.
Бұл сөзде сыйластық бар,.....
Өлеңдер
Толық