Тіл ұшында бір сөз бар, Жалындана жайнаған, Құлаққа сол сөз тигенде, Серпіліп бүкіл денеңде, Қанық да қызып қайнаған; Жарың да қызық сайраған Сол сөз жетсе көкті өрлеп, Жүрегіңді күш кернеп, Жаның сергіп самғаған.....
Екі он екі жыл өтті, Жердің жүзін тебрентті; Мұндай жылдар болмаған Жаудырған жанға нәубетті. Жер жүзіне еркіндік, Сәулесін сеуіп көркемдік, Октябрьдің шұғласы Күркіреп күндей нұр төкті.....
Аз сөйлеп, көпті болжаған, Арыдан терең ойлаған, Сталин данам, қарағым! Сөзіңді естіп сөйлеген, Жүрегін түгел тербеген, Кәрі мен жастың, баланың! Тебірендім қатты мендағы, Күшімді жыйнап қайдағы, Қаздаңдап бастым аяғым!....
Асқар таудай еліме Байтақ жатқан жеріме Шапты фашист дегенде: Ашуменен аралас Қыр да келді көмейге, Қаһар қаулап денемде! Көз жібердім мен де елге: Сонда елімнің түрінен Тастай болып түйілген — Қаһармандық аңғардым, Жау сазайын бергенге! Жау тиді деп саспастан, Аяқтарын нық басқан Айбатынан көресің....
Жасықтан асыл шықпас қайрағанмен, Жабыдан жүйрік шықпас байлағанмен, Жасарып Жамбыл қайта жігіт болмас, Жағасын үш қайтара майлағанмен. Сақалым темір күрек борға малған, Селеудей шашым селдір зорға қалған. Аузыма ақ жабағы жапсырғандай....
Қазақта көптен жүрген мен бір тауық, Шырағым, емдеймісің емін тауып. Қаттырақ жауырынымнан қыса түссе, Жүрекке болмас па екен үлкен хауіп? Емдетпей, ерлік етіп жүре берсем, Кетпей ме тұла бойға түгел шауып?....
Мен шеккелі қай заман Өмірдің ұзақ сапарын... Не көрмеген көне көз, Ағарғанша сақалым. Қилы-қилы жол тартып, Үміт алда мұнартып, Демеу болған көңілге....