Өлең: Мұқағали Мақатаев (Әке аманаты)

Аттанарда алыс жолға,
Тапсырды әкем аманатын.
Серт етіп мен де алдым қолға,
Әкемнің берген «асыл затын»
Сұстандырған суық лебі,
Соғыс жылы, қыстың кезі.
Әкем сонда аймалап мені,
Аманат еткен мынау еді сөзге .....
Подробнее

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған)

Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған,
Сонда жатыр менде жүрген орындалмас бар арман.
Сенің жүзің көкте күннен, жерде гүлден нәр алған,
Шашың сенің - жан баспаған жапандағы қара орман .....
Подробнее

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жоқ дәрігер)

Жүрегіме жүк артып жүргенімде,
Қажыдың ба, байғұсым, білмедім бе?
Шайпау тиіп, шаршатып кім көрінген,
Уландың ба, білмеймін кірледің бе?
Бары ақиқат бір дерттің жүрегімде,
Дәрігер-ау,арқалап жүремін бе? .....
Подробнее

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Халыққа хат)

Туған халқым!
Қатемді кешір менің?
Сенің арқаң сескенбей, есіргенім.
Егерде жырың болмай, ұрың болсам,
Алақанға саласың, несін мені
Жоқ!
Менің жүрек емес төсімдегі
Ол бір от сенің ұлы көшіңдегі
Өзіңнің жандырғаның, өшіргенің
Әзірге тастаған жоқ есім мені, .....
Подробнее

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қиын не бар?)

Мың құбылған қуаныштан, дерттерден,
Қиын не бар, адам жанын зерттеуден?
Мен келемін өз жанымды зерттеумен,
Бірде аяз, бірде жалын, өрт кеудем.
Арзан не бар ойнау менен күлуден,
Қымбат не бар, адам сырын білуден?
Мен әуремін, өз сырымды білумен, .....
Подробнее