ӨРКЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТ

Монографияның негізі - ұлт болашағы туралы.
Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Мұндай жағдайда қазақ мәдениеті өркендетудің стратегиялық бағытын анықтайды. Автор жалпықазақстандық мәдени үлгіні жасақтау жолын ұсынады. Қазақстан диаспоралары өз "Этноқұрылық мәдениетінің" бір бөлігі болып қана қоймай, ең бастысы Қазақстан мәдениетінің өкілетті өкілдері бола алатын дәрежеге көтерілуі керекті.
Н.Ә. Назарбаев Қазақстанда өмір сүріп отырған басқа халықтар өкілдерінің мәдени ықпалын, олардың өзара кірігуі табиғи жолмен өрбуін қалайды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін шетте жүрген қазақ диаспораларының тағдыры күн тәртібіне қойылды. Автор шетелде шашырап, елге орала алмай отырған 5 млн. қандастарымыз туралы Елбасы ретінде ғана емес, халық перзенті санатында қатты тебіренеді. Шын мәнінде, осы арада айта кетерлік жайларда баршылық. Шет елдік диаспораларда өмір сүрген ортаға бейімділік бары рас. Бірақ, отандастарымыздың қалың тобы сауда-саттық жағына бейім, олардың ішінде зиялы қауымның қалың тобы жұқа, жоқтың қасы. Елге оралған отандастарымызды орналастырған кезде олардың іргесін сөкпей, тұтас қоныстанғаны дұрыс сияқты. Және бір ескеретін жай Монғолиядан келгендерді бүкіл Қазақстан сахарасына шашыратпай-ақ таудың арғы бөктерінен бергі Қатонқарағай, Зайсан маңына малымен көшіріп әкелсе қандай жақсы болар еді. Монғолияда ағайын-туыс, құдандалы отырған тұтас ұлыстың іргесін сөгу олардың болмысын бұзумен тең екендігін ескермей келеміз, ағайын. Қазақ елі егемен елдің ішкі істеріне араласпай, аумақтың тұтастық ұстанымдарын сақтай отырып, өз диаспораларына мәдени, экономикалық һәм саяси қолдауды көрсетіп келеді.
Тәуелсіз-мемлекетіміздің, халқымыздың болашағы ұлтаралық қатынастарға байланысты. Осы тұста қазақ мәдениетінің кіріктірушілік ролі орасан зор. Автор - қазақстандықтар бір ғана экономикалық немесе саяси кеңістікте ғана емес, бір мәдени кеңістікте өмір сүріп жатқанынан назар аударады, еліміздегі басқа да ұлттық топтармен мәдени-өркениеттік арнада дамытуға көңіл бөледі. Қазақстанның мәдениеті көне заман мен жаңаның арасында ғана дәнекерлік жасамайды, ол сонымен қатар евразиялық мәдени кеңістік пен кіндік Азия халықтарының жаңа арнада өркен жайған дәстүрлі тарихи-мәдени бірлігіне дәнекерлік етеді. Елбасының бүгінгі күні "тарих толқынындағы халықтардың бірлігіне қол жеткізуден артық маңызды міндет жоқ", - деген пайымдауы бүкіл мемлекетіміздің, ұлттың болашағына деген мүддеден туындайды.
Н.Ә. Назарбаев дабылды да дауылды, қаһарлы да үрейлі, аласапыран ХХ ғасыр тарихына, оның тағылымына көп көңіл бөлген. Еңбекте қазақ зиялыларының ұлттық бірлікті нығайту барысындағы рухани - зерделі істерін алға тартады.
ХХ ғ. ұлы реформаторы, ұлт көсемдері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсын бастаған дүбірлі қозғалыстың қасиетті де қастерлі күрес жолына үңіледі. ....
Рефераттар
Толық

Өсімдік пероксидаза ферментіне сипаттама

Фузариоз проблемасы ауылшаруашылық өсімдіктері үшін өте маңызды болып саналады. Бұл проблема глобалдық мағынаға ие болған.
Осы ауруды топырақ саңырауқұлағы (F. solani және F. roseum) туғызады. Олар әр түрлі топырақта кездесетін, спора түрінде көптеген жылдар бойы сақталады. Ең көп таралған және қатерлі болып Fusarium solani саңырауқұлағын айтуға болады. Инфекция споралары бар топырақ бөліктерімен жұғады. Бұл ауру қыстық - көктемдік кезеңдегі картоп шығынының негізгі себебі болып саналады. Осы ауру әсерінен сақтау кезеңінде шығын 20% дейін жетеді. Фузариоздық аурудың зияндық әсері түйіндер шығынымен ғана емес, инфекцияланған түйіндерді себу кезінде өсімдіктердің өсуі тежеліп, ал ол өз кезегінде түсімнің азаюына себеп болады. Ал инфекцияланған түйіндердің кейбіреулері өспей, шықпай қалады. Ол ауылшаруашылығына өте көп шығын алып келеді.
Осы мәселені шешудің бір көзі - ол Fusarium туысына жататын саңырауқұлақтардың әсеріне төтеп бере алатын өсімдіктердің метаболизмін зерттеу болып отыр. Соған байланысты көптеген ғалымдар осы бағытта жұмыс жасап жатыр. Қазіргі кезде зерттеушілер патоген мен өсімдік қатынасының молекулалық механизмін зерттеуге көңіл бөлуде.
Соның ішінде картоптың патогенге тәуелді пероксидаза ферментін зерттеу өте маңызды. Пероксидаза индукциабильді, көп функционалды фермент болып келеді. Судың асқын тотығы немесе молекулалық оттегі көмегімен әртүрлі химиялық заттарды тотықтырып, жоғарғы улы қосылыстар (хинондар) немесе полимерлер түзіледі. Ал сол полимерлер өз кезегінде қорғаныштық қызметі бар болғандықтан (лигнин, суберин) инфекцияның кіруіне бөгет болады. Соған байланысты бұл фермент өсімдік иммунитетінде үлкен орын алады.
Бұл жұмыстың мақсаты – Fuzarium solani саңырауқұлағы залалдаған картоп клеткаларындағы пероксидаза ферментінің активтілігін зерттеу. Мақсатқа байланысты туатын міндеттер:
1. Fusarium solani саңырауқұлағының өсу қисығын тұрғызу.
2. Картоп клеткаларын in vitro сұйық ортада өсіру.
3. Пероксидаза ферментінің Fusarium solani саңырауқұлағы залалданғандағы клетка сыртылық және клетка ішілік формаларын бөліп алып, олардың активтігін анықтау. ....
Рефераттар
Толық

Өсімдіктер жайлы мәлімет

Жасыл өсімдіктер — Жер бетінің сәулеті және халық игілігіне жарайтын дәулеті болып есептеледі. Өсімдіктердің тіршілігі де тылсым сырларға толы. Өсімдіктің әр мүшесінің өзіне тән жасырын құпиялары бар. Өсімдіктің тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі, жемісі және тұқымының құрылысы мен олардың атқаратын қызметтері де сан алуан.Кітапта осылар жайлы деректер тартымды берілген.

Бұршақ (Pisum) — бұршақтар тұқымдасына жататын біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктердің бір туысы. Жапырағының ұшындағы тармақталған мұртшалары арқылы бірнәрсеге жармасып өседі. Гүлі ірі, тұқымы шар тәрізді. Бұршақтың орташа түсімі гектарынан 10-12 центнер, озат колхозшылар мен тәжрибе егістіктері 35—40 центнерден өнім алады. Бұршақтың бұрынғы КСРО-да 6 түрі өседі. Олар: биік бұршақ — біржылдық өсімдік; бұтақтанған қатаң сабағының ұзындығы 100—150 см-ге барады; мұның кейбір формалары екпе бұршақтың ататегі болып табылады. Биік бұршақтың жемшөптік мәні зор өсімдік; әсем бұршақ (Р. formosum) — көпжылдық өсімдік; сабағының ұзындығы 5—15 см, биік тауларда жабайы түрінде бұтақтанып өседі. Мал жақсы жейді; сиыр жоңышқа; май бұршақ (Р. arvense) — жабайы түрінде өсетін біржылдық өсімдік; мұның тағамдыққа онша мәні жоқ, сондықтан оны жемшөп және кейде жасыл тыңайтқыш үшін егеді; май бұршақ мол өнім беретін өсімдік: гүлденген кезінде гектарынан 150—200 центнер көк шөп, 33—40 центнер пішен береді, 1 га-дан 8—10 центнер тұқым түседі; екпе бұршақ (Р. sativum) — біржылдық өсімдік; бұл көбінесе астық үшін өсірілетін өте құнды өсімдік; жатаған бұршақ (Р. humile) — біржылдық өсімдік; әлсіз жіңішке келген сабағының ұзындығы 20—35 (50) см. Суармалы жерлерде арамшөп түрінде өседі, мал жемейді.

Тауқалақай (Lamiura album) — ерінгулділер тұқымдасына жататын көпжылдық шөп өсімдігі. Тауқалақайдың зәрлі бездері болмайды. Сабағы онша бұтақтанбайды, гүлі — ақ түсті, апрельден бастап күздің аяғына дейін гүлдеп тұрады. Тауқалақай тоғайлы, таулы жерлерде өседі. Мұның күлтелерін ел арасында емге жұмсайды. Тауқалақайдың құрамында тері илейтін зат, қант, ламиин алкалоиды, эфир майлары, сапониндер бар. Тауқалақайды қазақша кейде бойқалақай, кейде аққалақай деп те атайды. ....
Рефераттар
Толық

ӨСІМДІКТЕР ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

Қазақстанда да ауылшаруашылығы өндірісіне зиянды организмдер мен арамшөптерден келіп жатқан зиян аз емес. Мәселен, 2000 және 2002 жылдары Орталық Азияда күздік бидай егісін сары тат ауруы жайлап, оның түсімділігін 40-50%-ға дейін төмендетті. 2000, 2002 және 2005 жылдары республиканың солтүстігінде ауа райы өте ылғалды болып, жаздық бидай егістерінде тат және септориоз аурулары кең таралды, осының салдарынан фунгицидтер қолданылмаған танаптардың түсімділігі 20-30%-ға дейін төмен болды. 1998-2000 жылдары олар республиканың солтүстік аймағында шектен тыс көбейіп, орасан қауіп тудырғанын көпшілік қауым ұмыта қоймаған шығар. Осы жылдары бұл зиянкеспен күресу үшін 2-3-тен 8,2 миллион гектарға дейін шабындықтар мен егіс алқаптарында химиялық препараттар қолданылып, мемлекет бюджетінен 20-22 миллиард теңгеге дейін қаржы жұмсалды.
Енді арамшөптерге келсек, олардың сал¬дарынан өнім 40-50 %-ға, тіпті одан да көп кемуі мүмкін. Солтүстік аймақта астық дақылдары егісінде қара сұлы, сары қалуен, дала шырмауығы, жабайы гүлтәжі, улы кекіре және т.б. жиі кездеседі. Қара сұлы мен тары тектес және қосжарнақты арамшөптер басқан бидай егістері бірнеше миллиондаған гектарға жетеді.
Ауыл және орман шаруашылығында зиянды организмдердің таралуы мен дамуын және зияндылығын шектеу үшін дүние жүзінде арнайы химиялық препараттар немесе пестицидтер кеңінен қолданылады. Енді осы жайлы аздаған статистикалық деректерге зер салсақ. Ресей ғалымы В.А.Захаренконың мәліметіне қарағанда, өткен ғасырдың 60-жылдары жыл сайын дүние жүзінде 580 млн. доллардың пестицидтері қолданылса, 70-жылдары бұл көрсеткіш 4,7 есеге артыпты. 1980 жылы ол 20 есеге көбейсе, 1990 жылы 26 миллиард 400 млн. долларға жеткен. 90- жылдардың ортасында астық дақылдарының егіс көлемі 428 млн. гектарды құрап, 1 гектарға шаққанда 11,9 доллардың пестицидтері жұмсалыпты. Енді жүзім мен жеміс-жидек шаруашылығына келсек, олардың 1 тонна өнімін өндіруге орта есеппен 4,5 доллардың пестицидтері жұмсалады екен. Осындай жағдай картоп пен көкөніс өндіруде де қалыптасып отыр.
Пестицидтерді кең пайдалану нәтижесінде дақылдарды күтіп-баптауға қажет қол күші шығыны азаяды, еңбек өнімділігі артады. Мәселен, Германияда қант қызылшасын арам¬шөп¬терден отау үшін голтикс препара-тын қолданудың нәтижесінде дақылдың түсімділігі 1950 жылмен салыстырғанда 330 центнерден, 1993 жылы 510 центнерге дейін көтерілген, ал 1 гектарға жұмсалатын еңбек шығыны 7 есе төмендеген. Осы тәріздес же¬тіс¬тіктерге АҚШ астық дақылдарын өндіруде қол жеткізіп отыр. Мәселен, 1975-1995 жыл¬дар аралығында арамшөптер және өсімдік зиянкестері мен ауруларынан келетін зиян пес¬тицидтерді кең қолдану нәтижесінде тө¬мендеп, еңбек өнімділігі 20-25 % аралығында өскен, ал өсімдік шаруашылығының тиімділігі 1,02-ден 1,75 астық өлшеміне дейін көтерілген ....
Рефераттар
Толық

ӨСІМДІКТЕР ӘЛЕМІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

Өсімдіктер әлемі әр түрлі ортада тіршілік етуге бейімделген басқа тірі организмдер сияқты тіршілік-тынысы, пішіні, көлемі жағынан алуан түрлі. Өсімдіктер шөлдерде, ағысы қатты өзендердің, теңіздер мен мұхиттардың түбінде, сол сияқты биік таулардың қар жамылғысы белдеулерінде де өсе алады. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән тіршілік нысаны бар.
Өсімдіктер көлемі жағынан да әр түрлі. Ең майда тірі организмдерге вирустар мен фагтар жатады. Оларды 100-300 мың және одан да артық есе үлкейтіп көрсететін электрондық микроскоп арқылы ғана көруге болады. Таяқша тәрізді бактериялардың кейбіреулерінің ұзындығы 1-10 мкм ені 0,2-1 мкм (1 мкм – 10-6м). Темекіде теңбіл (мозайка) ауруын туғызатын вирустың ұзындығы орташа есеппен 300 нм (1 нм -10-9 м), ені 15 нм. Ал бактериофагтардың көлемі 50-100 нм аралығында.
Жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктердің де ергежейлі өте майдалары мен алыптары бар. Мысалы, тұщы сулардың бетінде қалқып жүріп тіршілік ететін көпжылдық кіші балдыршөптің жапырақ тақтасының диаметрі 5-10 мм болса, су өсімдігі вольфияның жапырақ тақтасы 1-1,5 мм-дей ғана. Бұларға қарама-қарсы құрлық өсімдіктерінің ішіндегі ірісі — секвойядеңдронның биіктігі 100 м-ден асса, діңінің диаметрі 10 м-ге жетеді.
Өсімдіктердің мұндай алуан түрлілігі өте ұзақ әрі күрделі эволюциялық даму барысыңда үнемі өзгеріске түсуден және орта жағдайларына бейімделуден болса керек.
Ғылыми деректерге сүйенсек тіршілік алдымен суы бар ортада — дүниежүзілік мұхиттарда пайда болған. Олар: тіршіліктің қарапайым формалары клеткаланбаған, «ядросыздар», сол сияқты ядролылар - бір клеткалылар және колониялылар. Бұлардан кейін құрылымы едәуір күрделі көп клеткалылар пайда болды.
Тірі организмдердің, жаңа формаларының пайда болу процесі сулы ортада баяу жүреді, бұл Дүниежүзілік мұхиттарда орта жағдайларын түзетін экологиялық фактор элементтерінің ауытқушылығының төмендігіне, бірыңғайлығына байланысты. Сондықтан да осы уақытқа дейін сулы ортада құрылысы қарапайым бір клеткалы, колониялы өсімдіктер — көк-жасыл және жасыл балдырлар тіршілік етуде.....
Рефераттар
Толық

Өсімдіктердің індетті ауруларға төзімділігі

Өсімдіктердің көптеген аурулары оларға бөгде организмдердің патогенді немесе ауру туғызатын бактериялардың, саңырауқұлақтардың, вирустардың әсер етуінен пайда болады. Бұл патогенді микроорганизмдер өсімдікпен жанасып әрекеттеседі, оның организміне еніп, немесе оның сырт бетінде өсіп дамиды және тіршілік әрекеттерімен өсімдіктегі физиологиялық процестерді бұзады, яғни өсімдікті ауруға шалдықтырады.
Сонымен індетгі аурудың негізгі ерекшелігі міндетті түрде ауру туғызушы, өсімдіктің сыртқы бетінде, немесе ішінде (ұлпаларында) дамитын, одан өзінің тіршілік әрекеттеріне қажет қоректік заттарды алушы, микроорганизмнің немесе басқа паразиттің (арамтамақтың) болуында. Бұндай аурулардың екінші ерекшелігіне, олардың басқа сау өсімдіктерге, немесе жеке органдарға тікелей жанасу жел, адам, хауанаттар, сондай-ақ, індеттенген өсімдік қалдықтары арқылы тез таралатындығын жатқызуға болады.
Микроорганизмдерге байланысты пайда болатын аурулардан басқа біраз жоғары сатыдағы өсімдіктерге (гүлді паразиттер) және хайуанаттарға (нематодтар), насекомдарға байланысты ауруларды ажырата білген жөн. Паразиттік тіршілік ететін өсімдіктерге сұмқұла және арамшырмауықты жатқызуға болады. Сұмқұла хлорофилсіз шөптесін өсімдік туысы. Қазақстан жерінде оның 23 түрі өседі. Басқа өсімдіктердің тамыры арқылы қоректеніп, өніп-өсетін аса қауіпті арам шөп. Арам шырмауық-жоңышқа, беде, түйежоңышқа, сиыр жоңышқа, кендір, темекі егісінде өсіп, оларды зақымдайды. Қазақстанда бұлардың 19 түрі өседі.
Барлық өсімдіктер қоректену тәсіліне байланысты автотрофты және гетеротрофты болып бөлінеді....
Рефераттар
Толық

Өтеген батыр Өтеғұлұлы

Өтеген батыр Өтеғұлұлы (Мүйізді Өтеген) (1699-1773) – XVIII ғасырдың І жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен батыр.
Ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан. Бабасы Сырымбет 1635 жылы Ойрат ханы Батырдың 50 мың әскеріне қарсы соққы берген Салқам Жәңгірдің сапында ұрысқа қатысқан. Өтеген батыр 15 жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа қатысып, қазақ елінің түстігін, Жетісу мен Шығыс Қазақстан өңірін жаудан азат етуге зор еңбек сіңірді. Түркістан, Ташкент маңындағы кескілескен ұрыстарға, Аңырақай шайқасына қатысты. Осы ұрыстарда қалмақтың Бөтхишар, Сабан Тайшық секілді аты шулы батырларын жекпе-жекте жеңіп, қазақ әскерінің даңқты қолбасшыларының біріне айналды. Төле бидің, Абылай ханның серігі болды.
Батырдың ерлігі аңызға айналып, Күсен, Майкөт, Сүйінбай, Жамбыл, Тілеміс секілді ақындардың жыр-дастандарына арқау болды. Бұлардың ішінде бізге жеткені – Жамбылдың «Өтеген батыр» дастаны. Өтеген батыр туралы дерек-аңыздарды әдебиетшілер Е.Ысмайылов, Қ.Тұрғанбаев, Н.Смирнова, С.Бегалин зерттеді. Кейбір зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда, батыр Бұқара, Самарқанд, Кабул, Исфахан, Тегеран, Ыстамбұл сияқты қалаларда болып, білім алған. Өтеген батырдың соңында атағы ғана емес, Қосағал, Қосдәулет, Асау, Ылау, Бердіс, Тарпақ, Базарбай, Аюса, Жақұлы, Төке, Тоқтарбай есімді балаларынан тараған үрім-бұтағы да қалды. Атақты Байсерке күйші, Тілеміс шешен Өтеген батырдың ұрпағы.
Батыр әуелі Іле өзенінің бойына (қазіргі Қапшағай су қоймасының табаны) жерленген. Кейін оның сүйегін ұрпақтары Қордай ауданына апарып, қайта жерлеген. Жерленген жері Өтеген ауылы деп аталады. Алматы облысындағы бірсыпыра жер батыр есімімен аталады. ....
Рефераттар
Толық

Өтпелі кезеңдегі психикалық процестердің даму сатылары

Өтпелі кезеңде жорғары психикалық функциялардың дамуы жүйке жүйесі мен мінез-құлық дамуының процестерін анық және нақты сипаттайтын негізгі заңдылықтарды анықтайды.
Жүйке жүйесі мен мінез құлық дамуының негізгі заңдылықтарының бірі-жоғары орталықтар немесе жоғары құрылымдар дамыған сайын, төменгі орталықтар немесе төменгі құрылымдар өзінің маңызды қызметтерінің біраз бөлігін жоғары құрылымға алмастырып, осы функцияларды жоғарыға береді, дамудың неғұрлым төменгі сатыларында, төменгі орталықтар немесе төменгі функциялармен жүзеге асырылатын бейімделу міндеттері жоғары сатыда жоғары функциялармен оррындала бастайды. Соның ішіндегі қабылдауға тоқталамыз.
Қабылдау функциясы баланың психикалық даму тарихында ең ежелгісі деп қарастырылады. Бала зейін қойып, есте сақтап, ойлаудан бұрын қабылдай бастайды. Сондықтан бұ л өте ерте функция қарапайым функция ретінде қарастырылады, оның эволюциялық процес тері, әдетте, тікелей бақылаудан жасырын қалады. Сонымен бірге жаңа психологияда қабылдау мүлдем дамымайды, ол басынан бастап нәрестенің өзінде ересек адамдағыдай қызмет етеді, барлық психикалық функциялардың жалпылай өзгеру процесінде қабылдау дамымайды, өзгермейді, өз бетінше қалу артықшылығына ие деген аңыз бірте-бірте жойылуда. Шын мәнінде естің немесе ойлаудың дамудың осы екі сатысында ұқсастығы қалай за болса, нәрестенің қабылдауымен ересек адамның қабылдауының да ұқсастығы сондай аз болады.
В. Элясберк пен басқалардың арнайы зерттеулері баланың нәресте кезінде байланыстар, тәуелділіктер мен қатынастарлың бірқатарын жасауға қабілетті екендігін көрсетті. Бала ойлауындағы синкретизмді зерттеуде элементтердің бытыраңқылығы емес, ойлардың мағынасыз байланыстылығы , әсерлердің шумақ тәріздес тұтасу, құрамы жағынан күрделі синкретті бейнелері баланың нәресте кезіндегі ойлаун сипаттайтындығын көрсетті. Осының барлығы дәстүрлі психологияда бекітілген бала қабылдауының даму барысы ақиқатқа сәйкес келетініне күмән туғызады. ....
Рефераттар
Толық

Оба ауруы

Оба — ауыр түрде уланып, без түйіндері, өкпе және басқа мүшелері ерекше зақымданғаны білінетін жедел жұқпалы ауру.
Ағымы ауыр, жоғарғы өлімді ауру, көп жерге таралу мақсатымен аса қауіпті аурулар тобына кіреді.
Тарихы. Оба адамзатқа ерте заманнан қаһарлығымен белгілі, көп көлемді жерлерді ойрандатушылығымен танымал. Көп жерлерге таралуына байланысты миллиондаған адамдардың өмірлерін алып кетті. Тарихта 3 белгілі обаның пандемиясы (көп құрлықтарға тараған ауруды осылай атайды) болып өтті. Бірінші тарихқа "юстинианов обасы" (531-580 ж.ж.) деп аталды. Ол Египетте басталып Жақын Шығысқа, Африканың Солтүстігіне және Европа елдеріне енеді. Осы пандемияда 100 млн.ға жақын адам өлген. Екінші пандемия XIV ғасырда "қара өлім" аталды, 1334 жылы Қытайда басталып, кейіннен Индияны, Африканы және Европа елдерін қамтыған. Екінші пандемияда 50 млн.нан астам адамдар өлген. Сонда оба ауруы Ресейдің солтүстік - батысына, орталық және оңтүстік - шығыс облыстарына кірген.
Обаның үшінші пандемиясының басталуы 1894 жылға жатады. Кантоне және Гонконгте басталып 100 мыңнан астам адамдар өлген Соңғы 10 жылдары оба ауруы 87 порттағы қалаларға негізгі пароходтар жүретін барлық құрлықтарға тараған. Ең адамы көп өлген Индия болыпты, өлген адамдары 12 млн-нан асқан. Оба ауруы Ресейдің Одесса қаласында 1901, 1902 және 1910 жылдары болғаны байқалған. Обаның үшінші пандемиясы зерттеген ғалымдардың өте үлкен жаңалық ашқандарымен танылды: қоздырғылық тапты, егеуқұйрықтың (крыса) жұқпалы ауруды үзбей жалғастырып отыратын маңызы дәлелденген. Орыс ғалымдары Д.С.Самойлович, Г.И.Минх, Н.Ф.Гамалея, Д.К.Заболотный, И.И.Мечников, Н.Н.Клодницкий, В.А.Хавкин и Д.А.Деминский оба ауруын зерттеп мың жылдық адамзаттың жауымен күресіп, батырлық еңбектерін тарихтың бетінде қалдырды.....
Рефераттар
Толық

Ойлау процесі

Ойлау психикалық процестердің ішіндегі ең күрделісі.
Ойлау дегеніміз – заттардың құбылыстардың арасындағы шындық, реалдық заттарды жалпылап, сөз арқылы сыртқа жаңғырту болып келеді.
Ойлау барлық психикалық процестер қабылдау, түйсік , ес, қиял мен тығыз байланысты. Солармен қосылып, жұмыс атқарады. Адам өз ойын әрқашан сөз арқылы білдіреді. Адамның ойлауы қоршаған обьективтік шындыққа байланысты болады. Ойлау арқылы адам заттардың ішкі қасиеттерін ажыратуға, тануға тырысады.
Ой операциялары арқылы адамда түрлі түсініктер қалыптасады. Операциялар белгілі амалдар, жолдар, тәсілдер болып келеді. Ой операцияларының бірнеше түрлері бар.
1. Анализ. Анализ дегеніміз – түрлі құбылыстарды жеке қасиеттерге бөлшектеу.
2. Синтез. Синтез дегеніміз – бірнеше процестердің барлық дара қасиеттерінің біріктірілуі.
3. Нақтылау. Нақтылау дегеніміз – заттардың және құбылыстардың өзіндік нақты қасиеттерін ашып көрсету.
4. Салыстыру. Салыстыру дегеніміз – заттардың ұқсастығын, айырмашылығын, қарама – қарсылығын салыстыруды айтамыз.
5. Абстракция. Абстракция дегеніміз – шындық заттармен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін ойша бөліп алу.
6. Жалпылау. Жалпылау дегеніміз – біртекті заттардың , құбылыстардың ортақ қасиеттерін ойша біріктіру.

Адамның ойлау әрекетінде шындықтағы заттар мен құбылыстардың негізігі қасиеттеріне ерекше белгілеріне, мәніне түсіне білудің маңызы зор. Түсінудің басы заттар немесе құбылыстармен танысу, көріп білу. Ой операцияларымен қоса ой формалары да ойлауды қамтамассыз етеді. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептелінеді.
Ұғым дегеніміз – заттар мен құбылыстар туралы ой. Екінші формасы пікір. Бұл зат туралы мақалдай немесе бекерге шығаруда көрінетін формасы. Ойлаудың күрделі формасы ой қорытындылары. Ой қорытындылары дегеніміз – бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығарудың тәсілі. Қорытынды үшін оны белгілі тәртіпке бір-бірімен байланыстыруымыз керек. ....
Рефераттар
Толық