Құқық | Құқықтық жүйе

Қоғамда құқық жасаушылық барысында қабылданып, қалыптасқан құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуде бір-бірімен тығыз байланыста болады. Оларды жеке бөліп алып қарауға болмайды және қабылданған құқық нормалардан қалыптасқан нормативтік құқықтық келісімдер хаос пен ретсіздікке болмайды. Олардың барлығы жеме-жемге келгенде мемлекетте бір жүйелі құқықты кұрайды. Осыған орай әр мемлекеттің құқықтық жүйелері бірнеше жағдайларға байланысты қалыптасады. Атап айтқанда халықтың этникалық ерекшеліктері, мемлекеттің экономикасының өсу дәрежесі, қоғамдағы саяси, әлеуметтік жағдайлар, әдет-ғұрып, дін және басқа да қоғамдық қатынастардан туындайтын факторлар тікелей әсерін тигізеді. Бірақ, қандай экономикалық саяси жағдайлар болмасын мемлекеттің құқықтық жүйесі бір бағытта дамып отыруы қажет, олардың арасында қарама-қайшылықтар болмауы тиіс. Міне, осыған байланысты құқық жасаушылықпен шұғылданатын мемлекет органдардың негізгі міндеттері құқықтық жүйеге ғылыми тұрғыдан талдау жасап, зерттеп отырып, олардың арасындағы кемшіліктер мен қарама-қайшылыктарды тез арада жойып отыру болып табылады.
Құқықтық жүйе дегеніміз бір-бірімен тығыз байланыстағы құқық нормаларының, институттарының және құқық салаларының қоғамдық қатынастарды реттеу, қорғауға бағытталған ішкі құрылымы. Құқықтық жүйе белгілі бір тәртіппен топтастырылған құқықтық нормалардың жиынтығы, оның қалыптасуы қоғамның даму ерекшеліктеріне тікелей байланысты болады. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Құқықтық қатынастар – адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан адамдардың және қоғамның мүдде-мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып, кейбір қарым-қатынастарға шектеу қойылды.....
Рефераттар
Толық

Құқық | ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ

Азаматтық қоғамның орнығуының басты шарттарының бірі-мемлекеттің құқықтық сипат алып, әлеуметтік мазмұнға ие болуы.
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ - құқықтық үстемдігімен, заңның жоғары құдіретімен, барлық азаматтардың құқығы мен бостандығын мойындап құрметтеумен, оған мемлекет тарапынан кепілдік берумен сипатталады.
Құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері мыналар:
1. Қоғамда құқықтың үстемдігі, оның мемлекеттен де биіктігі. Құқық-қоғам өмірінің түп негізі, анықтаушысы. Ол мемлекет конституциясында бекітіледі де, басқа барлық заңдар мен нормалардың, жарлықтардың өзегіне айналады.
2. Мемлекет, оның органдары, лауазымды қызметтегі адамдар, түрлі ұйымдар және барлық азаматтар тегістей заңға бас иеді, заңға бағынады. Заң алдында барлығы да жауапты, барлығы да бірдей. Заңды сыйламайтын ел-берекесіз ел. Сүлеймен пайғамбар аитыпты деген мынадай сөз бар: «Заңға бағынбайтын елде бастық көп болады». Әрине, құқықтық мемлекеттегі кез келген заң-өмір шындығымен қабысып жатқан, іске асыру, орындау тетіктері анық нақтыланған әділ де ізгілікті, көпшілік қауымның көңілінен шығып, қолдау табатындай, оның өмір-тіршілігін, түпкілікті мүддесін бейнелейтіндей сапалы болуға тиіс. Әйтпесе заңнан әрі бедел кетеді, әрі орындалмай қағаз бетінде қалады, содан келіп берекесіздікке жол ашылады.
3. Құқықтық мемлекет жағдайында адамның құқығы мен ар-ожданы құрметтеледі, мемлекет тарапынан қорғалып, кепілдік беріледі. 1948 жылы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған бүкіл дүниежүзілік мәні бар «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы» деп аталатын құжатта былай деп жазылған: «Барлық адамдар жаратылысында азат, бойындағы қасиеттері мен құқықтары тең болып туады. Олардың басында-ақыл, бойында-ар болғандықтан бір-біріне туысқандық ықыласы болуға тиіс» (1-бап). Одан әрі: «Әрбір адам өмір сүруге, еркін болуға және жеке басына ешкімнің қол сұқпауына құқылы»,-деп (3-бап) атап көрсетілген. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам

Адамзат тарихында мемлекет және құқық пайда болғаннан кейін ұлы ойшылдар мен ғұлама тарихи тұлғалар билік жүргізуші топтардың басқаруды іс жүзіне асыруда заңсыздық пен бассыздық, шексіз билікпен тиранияға кеңінен жол ашып, адам құқықтарын басып-жаншыған, қырғынға ұшыратқан жантүршігерлік әрекеттерін қатаң сынға алды. Мемлекеттің шексіз билігін шектеудің тетіктерін қарастырды. Атап айтқанда ұлы Сократ, Платон, Аристотель, Хан Фей, Хамурапи, жаңа заманда Н.Макиавелли, Б.Б.Спиноза, И.Кант, Т.Гобсс, ДЛокк, Г.В.Гегель, Ш.Уәлиханов, Абай, А.Байтұрсынов, Жақып Ақбаев, Б.Сыртанов сияқты ойшылдар адам құқықтарының тиімді қорғалып, қоғамда әділеттіліктің орнауын ұсынған идеяларында басты мақсат етті.
Платон еңбектеріне назар аударатын болсақ, қоғамда заң үстемділігі орнау қажеттігі аса маңызды мәселе ретінде көтеріледі. «Мен, - деп атап көрсетті Платон - заңның күші жоқ және оның қайсыбіреудіңбилігінде болса, ол мемлекеттің күйреуінің жақын екенін болжаймын. Заң билеушілерге үстемдік еткен жерде олар оның құлдары және мемлекеттің құтқарылатынына сеніммен қараймын». Осындай пікірлер Аристотель, Цицерон сияқты ежелгі заман ойшылдарының еңбектерінде де жиі кездеседі. Феодализмнің ыдырау процесі басталған кезеңде билікке ұмтылып келе жатқан буржуазия орта ғасырдың абсолюттік басқару формасына, инквизацияға қарсы заңдылықтың орнауы, билікті бөлу, жеке меншікті ең қастерлі құқық деп жариялау, табиғи құқық идеясын асқақтату сияқты көптеген демократиялық мазмұндағы идеяларды жариялады. Джон Локк тұңғыштардың бірі болып қандай да болмасын «биліктің заңсыз әрекеттеріне қарсылық көрсету заңды» деген тұжырымдаманы ұсынды. Францияның ірі ойшылы Ш.Л.Монтескье мемлекетте билікті бөлу қажеттілігін демократиялық мемлекеттің ең негізгі іргетасы ретінде жариялады. Бір мемлекеттік органның қолында екі биліктің, ал үшеуінің тіптен шоғырлануына жол берілетін болса, ондай қоғамда нағыз бассыздық пен заңсыздық орнайтынын аса көрегенділікпен дәлелдеді.
Қоғамның дамуы ұлы ойшылдардың прогрессивтік-құқықтық идеяларының дұрыстығын және қажеттігін мойындап ғана қойған жоқ, сонымен қатар қабылданған құқықтық құжаттарға енгізіледі. Атап айтқанда АҚШ-тың 1787 жылы қабылданған Конституциясы, Ұлы Француз революциясының «Адам және азамат декларациясы» (1789) аталмыш идеяларды норма ретінде бекітті.
XX ғасырдың басында Ресей университеттерінде білім алған қазақ зиялылары Еуропаның, АҚШ-тың демократиялық құқықтық құжаттарын ой-саналарына сіңіргендіктен өздерінің идеяларында қазақ қоғамында да демократияның енгізілуін қалады. Мысалы, ірі қоғам қайраткері, отарлық саясатқа қарсы белсенді күрескен Барлыбек Сыртанов өзінің 1911 жылы жазған «Қазақ елінің уставы» деп аталатын еңбегінде Еуропа ойшылдарының прогрессивтік идеяларын қазақ қоғамына қажетті екенін дәлелдеді. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқықтық нормаларды іске асыру және оларға түсінік беру

Құқықтық нормалар қоғамдағы сан алуан қатынастарды реттеп, басқару үшін өмірге келіп, өзгеріп, ескеріп, жаңарып, дамып жатады. Ол нормалар адамдардың, бірлестіктердің, одақтардың, ұжымдардың, ұйымдардың іс-әрекеттеріне, жұмысына дұрыс ықпал жасап, қоғамдағы құқықтың жақсы іске асуына, орындалуына зор әсер етеді. Олардың барлығының жұмысын нормаларға сәйкес қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға, адамдардың бостандығын, теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекет. Құқықтық нормалар іс жүзіне асырылмаса, оның әлеуметтік маңызы болмайды.
Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзіне асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін арнайы ережелермен реттейді.
Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды. Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзіне асыруды толық қамтыған нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз. Сонда да жеке дара құқықтық норманың маңызы зор. Оның мазмұны өте күрделі мәселелерді: қоғамдық мүддені, саясатты, мемлекеттік билікті, бостандықты, теңдікті, әділеттікті, адамгершілікті, заңдылықты, тәртіпті, білімді, ғылымды, рухани сананы, халықтың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын т.б. демократиялық іс-әрекеттерді біріктіреді....
Рефераттар
Толық

Құқық | ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ТЕТІГІНІҢ ҰҒЫМЫ

Қоғамдық қатынастар өзінен-өзі тәртіп, заңдылық шеңберінде, құлықтылық және гуманистік талаптар негізінде біржүйелік мағанадағы азамат құндылықтары аясында реттелмейді. Қоғамдық қатынастардың өмір сүру формалары индивидтердің сан-қырлы әрекеттері қалыптастыратын қарама-қайшылықтар мен күрделі шиеленістен, мүдде қақтығыстарынан тұрады. Мұндай процестерді бір жүйелі тәртіпке келтіру, индивидтердің мінез-құлықтарына реттік сипат беру көптеген әлеуметтік нормалармен іс жүзіне асырылады, реттеледі. Атап айтқанда діни, әдет-ғұрып, дәстүрлік сияқты нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуде үлкен рөл атқарады. Бірақ, жеке адамдардың саналық, тәрбиелік, генетикалық және психологиялық ерекшеліктеріне байланысты олардың бәрінен бір мағанадағы, талаптағы мінез-құлықты талап ету мүмкін емес. Әртүрліліктің өзі қоғамдық қатынастарды дамытудың, жетілдірудің айқын көрінісі.
Осыған орай қоғамдық қатынастарды тиімді реттеу әлеуметтік нормалардың сапынан ерекше орын алатын құқық нормаларына жүктелген. Біріншіден, құқық нормалары қоғамдық қатынастардың барлық салаларына өзінің реттеу функциясымен әсер етеді. Екіншіден, құқық нормалары реттеу қызметін қажет болған жағдайда мемлекеттің күш қолдану арқылы, мәжбүрлеу тетігін пайдаланады. Үшіншіден, құқық нормалар реттеу, қолдану барысында индивидтердің қол сұғылған мүдделерін, бұзылған құқықтары мен бостандықтарын орнына келтіреді. Ал, басқа әлеуметтік нормалар ондай сипаттардан ада. Сондықтан да құқықтық реттеудің мәні де, мазмұны да, шеңбері де өте зор, мемлекеттің тиімді билік жүргізуінің кепілі. Қоғамдық қатынастар тиімді реттелген болса құқықтық шиеленістер тежеледі, биліктің беделі артады, әділеттілік идеясының салтанат құруы халық санасына біртіндеп ұялайды. Міне, сондықтанда құқықтық реттеу тетіктерін танып білу, оларды жан-жақты зерттеу және жетілдірудің жаңа идеясын ұсыну, құқықтық тәжірибеге енгізу бүгінгі күн мұраты.
Құқықтық реттеу тетігі деп құқық нормалары реттейтін қоғамдық қатынастардың құқықтық құралдар арқылы жүйелі, тиімді және нәтижелі тәртіптелуін айтады.....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқықтық реттеудің негіздері мен ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері Қазақстан халқы өз алдына жоғары мәртебелі мақсат қойып отыр. Ол-құқықтық мемлекет құру. Бұл мақсатқа жету өте қиын. Құқықтық мемлекетте заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғарғы лауазымды иелерінің қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатынын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататынын, адамдарға еркіндік беруін, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуға керек екенін тусінуі қажет.
Құқықтық мемлекет болуына ең бірінші қадамымыз Ата Заңымыздың қабылдануы және де заңдар мен нормативтік актілермен барлық саланың қамтылуы болып есептелінеді. Осылар арқылы мемлекеттік билік пен басқарылу жүзеге асырылады. Соның ішіндегі мемлекеттік басқарудың рөлі өте зор.
Осы курстық жұмыста мемлекеттік басқарудың негізгі әдісі мен ядросы болып саналатын құқықтық реттеу мәселесі қарастырылған.
Курстық жұмыстың көзделген мақсаты-Республикадағы мемлекеттік басқарудың негізгі әдісі ретіндегі құқықтық реттеудің мәні мен мазмұнын аша отырып, оның негізгі нысандарын анықтап, олардың мемлекеттік басқарудағы алатын орнын, атқаратын қызметін және рөлін анықтау болып табылады. Ал оның рөлі мемлекеттік басқаруда алатын орны ерекше. Сондықтан да мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеуді зерттеу мен саралау қажет. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқықтық реттеудің тетіктері

Қоғамдық қатынастар өзінен-өзі тәртіп, заңдылық шеңберінде, құлықтылық және гуманистік талаптар негізінде біржүйелік мағанадағы азамат құндылықтары аясында реттелмейді. Қоғамдық қатынастардың өмір сүру формалары индивидтердің сан-қырлы әрекеттері қалыптастыратын қарама-қайшылықтар мен күрделі шиеленістен, мүдде қақтығыстарынан тұрады. Мұндай процестерді бір жүйелі тәртіпке келтіру, индивидтердің мінез-құлықтарына реттік сипат беру көптеген әлеуметтік нормалармен іс жүзіне асырылады, реттеледі. Атап айтқанда діни, әдет-ғұрып, дәстүрлік сияқты нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуде үлкен рөл атқарады. Бірақ, жеке адамдардың саналық, тәрбиелік, генетикалық және психологиялық ерекшеліктеріне байланысты олардың бәрінен бір мағанадағы, талаптағы мінез-құлықты талап ету мүмкін емес. Әртүрліліктің өзі қоғамдық қатынастарды дамытудың, жетілдірудің айқын көрінісі.
Осыған орай қоғамдық қатынастарды тиімді реттеу әлеумет¬тік нормалардың сапынан ерекше орын алатын құқық нормаларына жүктелген. Біріншіден, құқық нормалары қоғамдық қаты¬настардың барлық салаларына өзінің реттеу функциясымен әсер етеді. Екіншіден, құқық нормалары реттеу қызметін қажет болған жағдайда мемлекеттің күш қолдану арқылы, мәжбүрлеу тетігін пайдаланады. Үшіншіден, құқық нормалар реттеу, қолдану барысында индивидтердің қол сұғылған мүдделерін, бұзылған құқықтары мен бостандықтарын орнына келтіреді. Ал, басқа әлеуметтік нормалар ондай сипаттардан ада. Сондықтан да құқықтық реттеудің мәні де, мазмұны да, шеңбері де өте зор, мемлекеттің тиімді билік жүргізуінің кепілі. Қоғамдық қатынастар тиімді реттелген болса құқықтық шиеленістер тежеледі, биліктің беделі артады, әділеттілік идеясының салтанат құруы халық санасына біртіндеп ұялайды. Міне, сондықтан да құқықтық реттеу тетіктерін танып білу, оларды жан-жақты зерттеу және жетілдірудің жаңа идеясын ұсыну, құқықтық тәжірибеге енгізу бүгінгі күн мұраты.
Құқықтық реттеу тетігі деп құқық нормалары реттейтін қоғамдық қатынастардың құқықтық құралдар арқылы жүйелі, тиімді және нәтижелі тәртіптелуін айтады. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқықтық сана және құқықтық мәдениет

Философияда қоғамдық — сана қоғамдық болмыстан туындайтын идеялар мен көзқарастардың материалдық қатынастардың жемісі. Сонымен қатар сана болмысының қалыптасуына үлкен ықпалын тигізіп оны дамытуға үлесін қосады. Ал, қоғамдық сана құрамдық жағынан алып қарағанда көптеген түрлерге бөлінеді: саяси, көркем, теориялық, кәдімгі, эстетикалық, діни, этникалық және т.б. Құқықтық сана қоғамдық сананың бір түрі, бөлігі болып саналады. Басқа саналардың түрлеріне қарағанда құқықтық сананың өзіне ғана тән ерекшеліктері бар:
1 . Құқықтық сана мемлекетте қалыптасқан құқықтық жүйе әділ сот қызметтерінің айнасы болып табылады. Құқықтық реттеу барысында адамдар құқықтың әділеттілігін немесе оны қолдану барысындағы заңсыздық пен бассыздықтан туындайтын әрекеттер мен көріністерді ой-өріс, сана арқылы ой-елегінен өткізіп баға береді. Соның нәтижесінде индивидтердің мемлекеттегі әділеттілікке деген көзқарастары қалыптасады.
2. Құқықтық сана қоғам тапқа бөлініп, мемлекет пен құқық пайда болғанда қалыптасады және әр түрлі мағындағы қасиеттерге ие болады. Мысалы, құл иеленуші мемлекетінде құл иеленушілердің құқықтық саналары негізінде құлдарды қанау, басып жаншу, баю сияқты ұғымдармен уланған болса, керісінше, құлдардың құқықтық санасының негізгі өзегі — азаттық, теңдіқ, бостандық. (Мысалы, б.ғ. дейінгі I ғасырдағы Римдегі Спартак, б.ғ. дейінгі I — II ғасырлардағы Қытайдағы «Сары тартқандар» және «Қызыл қастар» көтерілістері және т.б. сондай қарулы көтерілістер.) Таптық қоғамда сана да таптық сипат алады.
3. Құқықтық сана саяси мазмұнға, сипатқа ие болады. Мемлекеттегі саяси процестер мен бағыттар әрқашанда құқықтық санаға өзінің әсерін тигізеді. Заңның өзі қоғамда жүргізіліп отырған саясатқа тәуелді. Мысалы, сталинизм кезінде саясат тоталитарлық жүйені және жеке адамның басына табынушылықты мемлекеттік дәрежеде нығайту болса, қоғамдық құқық¬тық сана сол саясаттың тікелей әсерінен халықтың құқықтық санасына «халық жауы» ұғымын жаппай қабылдатты, заңды екенін сіңірді. Фашизм де сондай сана қалыптасты.
4. Құқықтық сана қоғамның қондырмасынан орын тебеді, оның құрамындағы саяси, көркем, эстетикалық, теориялық, кәдімгі, діни, этикалық саналардың түрлерімен тығыз байланыста қалыптасады және дамиды. Бірақ, бір сананың түрі құқықтық санаға мол әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда индивидтің құқықтық санасы не прогрессивтік, не регрессивтік, не конформистік, не ниглистік және инфантильдік қасиеттер мен мінез-құлықты қабылдауы мүмкін.
Құқықтық сана дегеніміз қоғамдық сананың формасы ретінде қабылданған адамдардың мемлекеттегі заңдарға, құқыққа олардың қағидалары мен мәніне әділсотқа және тілегіндегі құқыққа деген идеялар, теориялар және сезімдердің жүйелік жиынтығы. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқықтық сана жалпы түсінігі

Құқықтық нақтылықты, құқықтың және құқық жүйесінің дамуына ықпал ететін факторларды ерекше түрде тану құқықтық сана болып табылады. Моральмен, дінмен, өнермен, ғылыммен қатар, құықтық сана қоғамдық сананың нысаны болып саналады, оның өмір шындығын көрсететін өзіне тән ерекше объектісі бар.
Құқықтық сана дегеніміз, адамдардың қолданылып жүрген жәен тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсатардың жиынтығы. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құқықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б. түріндегі әсері.
Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында. Қолданылып жүрген заң нормаларын нақты қоғамдық қатынастармен және әлеуметтік топтардың мүдделерімен арақатынасын белгілей отырып, құқықтық сана құқықтың мүмкіндігінше қандай болуға тиіс екендігін анықтайды. Ол субъектінің қолданылып жүрген құқық нормаларын сақтауға немесе бұзуға деген белгілі бір көзқарасын қалыптастырады. Соның нәтижесінде мұндай баға бұдан әрі мінез-құлық себебіне айналуы мүмкін.
Құқықтық сана әлеуметтік құбылыстарды ерекше бағалай отырып, қоғамдық сананың басқа нысандарымен өзара әрекет етеді. Мәселен, меншіктің экономикалық санамен қатынастары тұрмыс деңгейі мен тұрмыс салтының алғашқы негіздерінің бірі ретінде, адамгершілік санамен қатынастары- ізгілік пен зұлымдық тұрғысынан, құқықытық санамен қатынастары олардың заңдылығын тану тұрғысынан қарастырылады. Құқықтық сана өзінің сабақтастығымен, мәдени-тарихи мазмұнымен күшті. Құқық туралы көзқарастар, түсініктер, идеялар мен теориялар ұрпақтан ұрпаққа сол арқылы беріліп отырады. Өткендегі құқықтық жетістіктердің қазіргімен, бір өркениеттің басқалармен қабылдануы, кеңестерден кейінгі көптеген мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің батыс конституционализмі мен дәстүрлі нормаларының идеялары мен конструкцияларын қабылдауы. Әртүрлі мәдени-тарихи қоғамдастықтың құқық туралы, ретеу әдістері мен жауакершілік түрлері туралы түсініктері әртүрлі болдаы. Түрлі елдер мен құрлықтардағы құқықтық сананың ерекшеліктері де осыдан.
Жағымды құқықтағы өзгерістердің табиғи ықпалына ұшырай отырып, құқықтық сана құқық жүйесі мен қоғамдық қатынастарға күшті кері әсер етеді, дамуға себепші болуы не әлеуметтік процестерді тежеуі мүмкін. ....
Рефераттар
Толық