Информатика | Интернет жүйесі

«Қазақстандағы білім беру жүйесін бәсекеге қабілетті елдермен теңестіріп, дамыған мемлекеттермен иық тірестіреміз» деп жүрген Бірғаным Әйтімова бастаған Білім және ғылым министрлігінің мамандары кеше көршілес ТМД елдерінің басын қосып, халықаралық форум өткізді. ....
Рефераттар
Толық

Информатика | Интернет

Интернет – кез келген компьютерлер мен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет – байланыс арналарын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы (коммуникациялық жабдық пен серверлері бар.)
Әрбір торапта UNIX операциялық жүйесін басқару арқылы жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер-сервер болады. Мұндай торапты кейде хост деп атайды.
Торапты оның иесі – провайдер деп аталатын (ағылшынның «provide»-қамтамасыз ету деген сөзінен) ұйым немесе Интернет қызметін жабдықтаушы басқарады.
Интернет әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілерді біріктіреді. Бұл ережелерді үйлестіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді.
Шлюз – басқаша тәсілмен үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы. Шлюз әр түрлі желілердің бірлескен жұмысын қамтамасыз етуге арналған мәліметтерді өзгертпейді.
Интернет желісіне әр түрлі ақпараттық платформаларда, әр түрлі операциялық жүйелерді басқару арқылы жұмыс істейтін компьютерлер кіреді. Алайда, ақпарат алмасу кезінде барлық ЭЕМ хабар беру тәсілдері туралы біріңғай келісімдер (хаттамалар) қолданылуы тиіс. Сонда ЭЕМ-ның қай-қайсысы да басқа кез-келген ЭЕМ-нан алынған ақпарат түсінуге қабілетті болады. ....
Рефераттар
Толық

Информатика | Туронімді жылжытудагы жарнаманын ролі

Қазіргі кезде турагенттер туронімді нарыққа жылжыту ушін турлі тәсілдерді пайдалануда. Туронімді нарыққа жылжытуда маркетинг коммуникациясынын ролі зор. Маркетинг коммуникациясы- тутынушыга ықпал ету мақсатында тауарлар мен қызметтерге суранысты қалыптастыру және ынталандыруга багытталган шаралар жуйесі. Маркетинг коммуникациясы 4 элементтен турады: жарнама, откізуді ынталандыру, жеке дербес сату және қогаммен байланыс. Енді туронімді нарыққа жылжытудагы жарнаманын ролін қарастырайық.
Жарнама қазіргі кезде маркетингтік коммуникациянын негізгі элементінін бірі болып саналады. Жарнаманын қогамдагы ролі оте манызды. Жарнама тауарлар мен қызметтерге тутынушылардын суранысын қалыптастыруга багытталган шаралардын бірі. Жарнама- болашақ сатып алушылардын назарына тауарлар мен қызметтер туралы манызды мәліметтерді жеткізу қызметін атқарады. ....
Рефераттар
Толық

Информатика | Интеренет желісі

Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңалықтармен толықтырылуда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез-келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзі тартар ертеңі таң қалдырып, өзінің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазір де INTERNET жалпыға бірдей информациялық ресурс тәрізді ертектегі “ханшлардан” күнделікті “күңіңізге” айналып барады. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар – кейбір есептер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адамдар жұмыс істеп жатыр. INTERNET желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. ISOC президентінің жақында INTERNET желісін пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетеді деуі бекер емес те шығар. Мұнда таңданарлық ешнәрсе жоқ. Сол себепті INTERNET бізге "даналық көзі" болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдаланатынымызды білген артық болмайды. ....
Рефераттар
Толық

Стилистика | Стиль – жазушының өзіне тән ерекшеліктер

Қазіргі қазақ сыншыларының, әдебиетшілерінің, мақала-зерттеулерінде жазушы ақындардың өздеріне тән творчестволық ерекшеліктері мейілінше аз сөз болады. классик ақын-жазушыларымыздың шығармалары туралы жазылған бірен-саран монографиялық еңбек, не кейбір жеке мақаларды айтпасақ, қазақ совет әдебитінің ірі өкілдерінің өзіне тән творчестволық ерекшеліктері жайлы әлі күнге ешнәрсе жоқ. Стильге бір тоқталмай кетпейтін монографияларды былай қойғанда, сөз болып отырған тақырыппен тікелей байланысты мақала, жеке еңбектерде де аз емес.
Оларды бәрінің тізімін келтіріп жату қажет те емес. Сондықтан тек кейбіреулерін ғана көрсетуге тура келеді.
Біздің қазақ әдебиеттану ғылымында стиль жайлы мақалалар болмаса жеке монографиялық еңбектер әлі жазылған жоқ. Демек, қазақ оқырмандарына бұл мәселе туралы, мүмкіндігінше толығырақ тоқталған жөн.
Стиль деген термин ескі заманнан бері қолданылып келеді. Стиль грекше stylos. Дәлірек айтсақ, балауызбен сырлаған тақтаға сөз жазу үшін жұмсалынған ағаш қалақша. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Инновация жаңа құбылыс туралы түсінік

Елдің бәсекелестік қабілеті, ұлттық және экономикалық қауіпсіздігі технологиялық бәсекелеске қабілетімен ұлттық инновациялық мүмкіндіктеріне байланысты. Технологиялық бәсекеге қабілеті екі аспектке тәуелді: біріншісі, технологиялық инновациялармен трансферт болса, екіншісі, түрлі қатынастарда технологияларды қолдану. Бірақ, бүгінгі күнде инновацияны зерттеу, меңгерумен кәсіпорындардың 10%-ы ғана айналысады.Мұның басты себебі-мамандар аздығы. Инновация нарыққа ену үшін инновациялық жобалардың тиімділігін арттыру әдістерін жақсы меңгерген білімді мамандар қажет.
Дәл осы себеппен «Инновациялық менеджмент» курсы жас мамандарды дайындау бағдарламасына әлеуметтік-экономикалық жүйенің дамуымен басқарылуы, функциялануының қажеттілігі туралы түсінікті калыптастыру үшін және инновациялық басқару саласындағы білім беруге шақыратын ең маңызыды әрі арнайы үйымдастырылған курс ретінде енгізілген. Ол басқару теориясының, менеджменттің басты жағдайларының бөлщегі әрі жалғасы болып табылады.
Ол басқару шешімдерін жасауды, инвестициялық, өндірістік менеджмент сияқты басқа да салаларымен және басқару кезеңдерінің тәртібімен байланысты. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Алматы қаласының болашағы

Әлемдегі көптеген елдерде осы секілді мегаполистер бар. Мысалы: Австралияда - Сидней, Қытайда – Шанхай, ал Түркияда – Стамбул. Бұл мемлекеттердің елеулі экономикалық және саяси процестерінің бәріде осы қалалармен байланысты. Алматы да сол қатарда.
Бас жоспарға сәйкес, қала халық аралық қаржы және инновациялық, мәдени және туристік орталық ретінде дамып келеді. Қала басшылығы қазіргі және болашақ Алматылықтардың жақсы өмір сүруі үшін, экологиялық жағымды және әлеуметтік ынғайлы жағдай жасау жолында, небір қилы шешімдер ізденуге мәжбүр. Алматы қаласы дамуының бас жоспарына сәйкес, саяси орталықтандыру принципі енгізілуде, яғни мегаполистің түрлі бөліктерінде көп функцияналды орталықтар құрылып жатыр. Бүгінгі әлемдік дамудың заман-ой тұстары, көлік инфрақұрылымын құруға кешенді түрде қарауға міндеттеп отыр. Республикада алғаш рет көліктің барлық, яғни жер асты, жер үсті және әуе түрін өзара әрекеттестірудің ерекше жүйесі жасалып енгізілуде.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері

Инвестициялар бірнеше түрге бөлінеді: венчурлық, тікелей, портфельдік, аннуитеттік түрде болады. [Қосымша А]
Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде. Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да, салынатын қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.
Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорның клиенттердің акцияларының бір бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол қарыздарын акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әртүрлі капитал түрлерін үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-өнертапқыштық фирмалардың-венчурлық деп аталатын құрылуына деддалдық жасайды. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Экономикалық ой және инвестиция

Инвестиция - пайда табу, дивиденд алу не болмаса басқандай кіріс кіргізу мақсатыменкәсіпорындарға, құрылыс жұмыстарына, ауыл шаруашылық өндірістеріне ұзақ мерзімдік күрделі қаржы, немесе құнды қағаз жұмсау.
Күрделі қаржыны жұмсау орнына байланысты инвестиция:
• ішкі (өз елінде пайдаланатын), сыртқы (шет елге шығарылатын) болып бөлінеді. Ішкі инвестициялар нақтылы және қаржылы болып бөлінеді;
• сыртқы инвестиция тікелей және портфельді (қаржынды) болып бөлінеді.
Инвестицияны акционерлік және сақтандыру ұйымдары, сауда банктері, инвестициялық трестер және жеке кәсіпкерлер бере алады№ Негізгі капиталды (қорды) кеңейтуге не орнын толтыруға, мүлік-заттық - өндірістік қорды молайтуға жұмсалған ішкі инвестиция нақтылы деп аталса, ал құнды қағаздар (акциялар, облигациялар т.б.) сатып алуға жұмсалған ішкі инвестиция қаржылы деп аталады.....
Рефераттар
Толық