Экономика | ҚР – ның Еңбек рыногының болашағы

Кіріспе
Көп ғасырлық тарихы бар еңбек рыногының дамуы оның қызмет етуінің айтарлықтай ерекшеліктерін көрсетеді. Жалпы рынок мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар толастамай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде «рынок» деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ.
Көпшілігі рыноктық қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, у-шуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы рынокты экономиканы барлық ауруынан тез жазатын керемет «дәрі» деп те, немесе осы салада орын алып отырған олқылықтар мен қайшылықтарды тез реттейтін керемет «күш» деп те дәріптеуде.
Рыноктың атқаратын басты қызметтеріне өндіріс пен тұтынудың арақатынасын реттеу, ұдайы өндірістің үйлесімділігін қамтамасыз ету жатады.
Рынокты сапалы жақсы тауарлармен толтыру мен қызмет көрсетуді жақсарту, біздің әлеуметтік саясатымыздың басты міндеті.....
Курстық жұмыстар
Толық

Медицина | Қояншық ауруы

1. Кіріспе
1.1. Анықтама
Қояншық ауруы әдеттегі клиникалық байқау және арнаулы зерттеулермен де анықталатын; әртүрлі себептерден болатын, нерв клеткаларының үлкен төптарандағы тым күшті разрядтардың және тағы да басқа кеселдердің нәтижелерінде пайда болатын қайталанатын ұстамалармен көрініс беретін бас миының созылмалы ауруы.
1.2. Эпилептикалық ұстама: оның себептері, әртүрлі формалары
Ұстамалар, соншамалық, аурудың ең бір анықтамалық белгісі де емес. Қысқаша айтқанда, ми клеткаларының өзара ақпарат алмасуы, осы клеткалар шығаратын өте әлсіз әлектр импульстары арқылы жүзеге асады. Қояншық ауруы кезінде, нерв клеткаларының мүмкін, кейбіреунерінің ғана «Қозуы күшейеді. Нәтижесінде импульстар жиіленеді. Осындай қозғыш клеткалардың мөлшері қанудайда бір» шекті массаға жеткенде , тізбекты реакция немесе резонанс: бір клетканың шектен тыс қозуы басқаларының, ал олар өз кезегінде одан да көп клеткаларды қамтиды және т.б. – пайда болады. Тяжеуші механизмдер жылдап өсіп бара жатқан қозуды тоқтата алмайды да, ол бас миының толық «қанды көбігіне» айналады. Бұл кезде естентану болады. Ұстама бірнеше минутқа жалғасады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экология | Қоршаған ортаның химиялық ластануы

Кіріспе
Ірі өнеркәсіп орындарының ғылыми тұрғыдан жеткіліксіз негізделуі және өндірістік қуаттың көп жылдар бойы қарқынды өсуі қоршаған орта тазалығын төтенше ауыр жағдайға алып келді. Осыған байланысты қоршаған ортаның ластануы мен өндірістегі қалдықтардың өсімдіктерге, жануарларға және адам денсаулығына тигізетін әсерін зерттеу күрделі де маңызды мәселеге айналып отыр.
Қазақстанның барлық жер көлемі 2724,9 мың км2. Жер қорымыздың көлемі өте үлкен болғанымен оның сапасы соңғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан топырақ деградацияға ұшырап, құнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәлімметтер бойынша Республика жерінің 180 мли га немесе 60%-і шөлге айналған. Барлық жердің 235 млн га жазық жерлерді, 185 млн га жайылым және 34 млн га таулы аймақтарды алып жатыр. Жоғарыда аталған 235 млн га құнарлы жерлердің 180 млн га жер жарамсыз жерлерге ұшырап, оның 30 млн га топырақ эрозиясына үшырап, 60 млн га топырақ түзданып, 10 млп га жерлер химиялык және радиоактивті заттармен ластанған.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экология | Қоршаған орта және адам денсаулығы

Кіріспе
Біздің курстық жұмыстың тақырыбы «Қоршаған орта және адам денсаулығы» болып табылады. Бұл тақырыпты алып отырған себе-біміз, қоршаған ортаның адамдарға әсері,яғни қоршаған ортаны қорғау, сонымен қатар адамдардың денсаулықтары қазіргі кезде мемлекеттер үшін соның ішінде Қазақстан Республикасы үшін ең басты мәселе болып отыр деп ойлаймыз.
Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз өздерінің қоршаған орталарын қорғап, адамдардың денсаулығына зиян тигізбес үшін көптеген жағдайлар жасауда.
Жалпы біздің алып отырған тақырыбымыз «Қоршаған орта және адам денсаулығы» және осы тақырыбымыздың өзекті мәселесі болып қазіргі таңдағы мемлекетіміздегі қоршаған ортаны қорғау, ауаны ластамау, мемлекеттегі адамдардың денсаулығына зиян келтірмеу, ағаштарды кеспеу, және қоршаған ортаны қорғау үшін маңызды жағдайлардың жасалуының жүзеге асырылуы болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Конституция | Қоршаған қолайлы ортаға деген адам мен азаматтың құқығын конституциялық құқықтық тұрғыдан реттеу

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам-заттың қазіргі даму кезеңінде халықаралық әрі ұлттық деңгейдегі адам құқықтары мен бостандықтарын белгілеу және жүзеге асыруға байланысты мәселелерде маңызды үрдістер байқалуда. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның негізгі құқықтарының бірі қоршаған қолайлы ортаға деген құқығы екенін белгілеп берді.
Қолайлы қоршаған ортада өмір сүру әрбір ұрпаққа тән адамның табиғи, ажырамас құқығы екенінің конституциялық жағынан танылуы оның кепілдігін, заңдық тұрғыдағы әдістері мен тәсілдерін бекітуге бағытталған келесі қадам болуы табылады. Бұл ретте Қазақстандық заң шығарушылардың іс-әрекетінде адамның өмірі мен денсаулығын қорғауын, тұрғындардың қолайлы қоршаған ортада өмір сүруін, еңбек етуін, демалуын қамтамасыз етуге бағытталған принциптер қамтылуын тиіс.
Әркімнің қоршаған қолайлы ортаға деген құқығы халықаралық және мемлекеттік стандарттарға жауап бере алатын қоршаған ортада өмір сүрудің реалды мүмкіндіктерін, экологиялық шешімдерді дайындау, талқылау және қабылдауға қатысу, олардың жүзеге асырылуына бақылау жасау, нақты және заманауи экологиялық ақпараттарды алу, экологиялық шығынның орнын толтыру мүмкіндіктерін қарастырады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Химия | Қорғасын.Қорғасын өндіру

І. Кіріспе
Қорғасын. Аса жылдам ұшатып, тарыдай ғана көлемі бар осы бір металл талай тарландарды да тұралатқаны белгілі. Сонымен бірге қорғасын өмірдс берері мол, ажалға ара турарлық та элемент.
Ал енді біз «жауынгер» іспеттес ұғыммен қалыптасқан қорғасын жайлы, оның өткені мен бүгінгісі, ертеңі жанлы айтпақпыз.
Көне кез, «кәрі» элемент—қорғасын адамзатқа өте ертеректен таныс. Қорғасын шамамен біздің эрамыздан 6 — 7 мың жылдай бұрын белгілі бола бастады. Өйткені қазбалардан табылған заттар соны анықтайды. Ертедегі адамдар қорғасын оңай балқығандықтан, сол кездің өзінде-ақ одан небір өрнектер құйып, ескерткіш заттар жасаған. Ал ертеректегі египеттіктердің табытынан табылған қорғасынға қарағанда, олар қорғасынды әшекей ретінде пайдаланған дей болжауға болады.
Алғашқы ақша қорғасыннан жасалған.....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Қорғалатын объектілі жүйелерге – бағытталған тәсілдерді қолдану

КІРІСПЕ
Ел президентінің 1997 жылдың 10 қазандағы « Қазақстан 2030 ». Барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы атты Қазақстан халқына жолдауында ұзақ мерзімді басымдық ретінде ұлттық қауіпсіздік айқындалды, оның құрамының бірі ақпараттық қауіпсіздік болып табылады.Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасы ҚР – ның конституциясының және «ҚР – ның Ұлттық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 26 маусымдағы, « Мемлекеттік құпиялар туралы » 1999 жылғы 15 наурыздағы, « Терроризмге қарсы күрес туралы » 1999 жылғы 13 шілдедегі, « Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы » 2003 жылғы 7 қаңтардағы, « Ақпараттандыру туралы » 2003 жылғы 8 мамырдағы, « Экстремизмге қарсы іс – қимыл туралы » 2005 жылғы 18 ақпандағы.ҚР – ның заңдарының, ҚР – ның президентінің 2006 жылғы 18 тамыздағы № 163 жарлығымен мақұлданған. ҚР – ның ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың 2006 – 2009 жылдарға арналған тұжырымдаманың негізінде дайындалды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Этнография | Қолөнер

Кіріспе
Қазақтың ұлттық киімі ғасырлар бойы қалыптасқан және айналадағы ортаға желді, аязды болып келетін аңызақ даладағы тіршілікке бейімделген халық мұрасының құрамдас бөлігі болып табылады. Оның қарапайымдылығы, үйлесімділігі, жүріп-тұруға қолайлылығы – басқа жұрттардың киім-кешегі сияқты әуел баста адамның тәнін жауып, мағынасыз және ойдан шығарылған ғаламаттардан, ал кейіннен денені ыстық-суықтан, қуаң желден, әсіресе мал айналасында болатын маса – шыбыннан қорғауға қажет болғандығын аңғартады. Киімді әшекейлеу, жағасына, өңіріне, етек-жеңіне кесте тігіп, оқа бастыру, зерлі жиектер жүгірту, киімді безендіруге қымбат металдар мен асыл тастардан түзілген әткеншектерді пайдалану көбіне әсемдікке құштарлықтан емес, дала қауымында жеке меншіктің пайда болуымен байланысты үстемдік етушілердің байлығын, әлеуметтік өміріндегі алатын орнын баса көрсету қажеттігінен туған болуы ықтимал.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Қолма-қолсыз ақшамен есеп Есеп айырысу операциялары

Кіріспе
Қазіргі жағдайда ақша шаруашылық өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады.Сондықтан материалдың бағалылықтар мен жабдықтау қызметтеріне байланысты болатын барлық мәмілелер ақшалай есеп айырысудан тұрады. Ақшалай есеп айырысулардың өзі екі формаға: қолма-қол ақшалармен есеп айырысу және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуға бөлінеді.
Колма-қолсыз есеп айырысулар толығымен банк мекемелері арқылы ұйымдастырылатындықтан да, олардың кең көлемде қолданылуына банктердің торабының ықпалы, сондай-ақ олардың дамуына деген мемлекеттің мүддесінің ықпалы болады. Өйткені, банк бұл қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалармен төлемдердің іске асатын орыны болып табылады. Банктегі ағымдың шоттарындағы жазбаша түрдегі ақшалай қаражаттар қалдығы қолма-қолсыз ақшаларды бейнелейді.
Шаруашылықтағы қолма-қолсыз есеп айырысулар белгілі бір жүйеге байланысты ұйымдастырылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формалары

Кіріспе.
Ақша - жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ақша барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді. Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталды. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның жай формасының орнына құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіріс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды. Сөйтіп құнның толық және жойылыңқы формасы құнның жалпылық формасына орын берді. Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі, бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше тауар түрі - ақша пайда болды.
Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар. ....
Курстық жұмыстар
Толық