Салық кодексі | Қазақстанның салық саясаты

Кіріспе
Салықтар дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын эканомикалық категория. Салықтардың эканомикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді..
Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашанда болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен жаңартуымен бірге қалыптасады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстанның салық жүйесі қалыптасу кезеңдері және қызмет ету мәселелері

Кіріспе
Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 пайыз. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойынша салық төлейді.
Салық мәлімдемесі төлеушілердің өз табыстарының мөлшері туралы хабары, ал жалдамалы еңбек адамдарынан салық жалақы төлегенде ұсталады.
Табыс салығын алу белгілі бір төменгі деңгейден басталады. Номиналдық табыстың ұлғаюына сәйкес табыс салығын өсірудің базасы жасалады, салық төлеушілердің саны артады, мемлекеттің шоғырландырылған жалпы қаржы-қаражаттары көбейеді. Салық салудың нормасы – салық ставкасы объектінің бір өлшеміне салынған мөлшері. Салық ставкаларының көптеген түрлері бар.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстанның сақтандыру нарығы

Кiрiсiпе
Қазақстанның сақтандыру нарығы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы, сақтандырылушы – клиенттердің төлем қабілеттілігі, сақтандыру заңнамасының жағдайы және ондағы мемлекеттік реттеудің тиімділігі сияқты тенденциялардың жиынтығымен сипатталады.
Сақтандыру рыногын дамытудың негiзгі мiндетi - қазiргi заманғы ұлттық сақтандыру индустриясын қалыптастыру, сақтандыруды шаруашылық субъектілерiнiң мүдделерiн және халықты әртүрлі тәуекелдерден қорғаудың тиімді тетігі және ұзақ мерзiмдi iшкi инвестициялар ретiнде белсендi пайдалану.
Марк Твеннен бақытсыздықты болжайтын балгерлерден қорқасыз ба деп сұрағанда, жазушы «өзіне сенімді екенін, өзінің өмірі сақтандырылғанын, әрі сақтандыру компаниялары маған өлуге жол бермейді» деп жауап береді.
Бұл - әрине, ұлы адамның әзілі. Бірақ та шындығында, қаржы нарығында заңды және жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау бойынша азаматгық-құқықтық қатынастар жүйесіне, олардың өмірі мен денсаулығына, ақша қорланымдарына жәй ғана емес, аса стратегиялық рөл беріледі.....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның салдары

Кіріспе
Тақырыптың көкейкестілігі. Тәуелсіз мемлекетіміздің нығайып, жан -жақты дамуы , адамдардың әлеуметтік тұрмысының жақсаруы, ұлтаралық татулықтың орнауы, рухани мәдениетінің өркен жаюы қашан да имандылық пен ата-бабаларымыз ұрпақтарына қалдырған қағида-ережелеріне байланысты болмағы даусыз. Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойына моральдық нормаларға бағынып , арақатынастарын солар арқылы реттеп отырған. Оны еліміздің өткен ата-бабалар өмір салтынан көруге болады.
Кешегі патшгалық саясат пен тоталитарлық басқару әдісі халықты шенеуніктер не айтса, соған көнуге үйретіп , мәңгүрттендіре отырып, ата-бабаларымыздыің өткен өмірін сұрғылт, қаптаған сор , әділдіктен мақұрым ретінде санамызға ұялатып , өзіміз шошитын құбыжық етіп көрсеткісі келді. Сөйтіп , бірнеше ғасырлар бойына созылған бұл дәстүр ұрпағымыздың азуына , ұлттық сананың өспеуіне әсер етті.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі

Кіріспе
Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің нақтылы қозғалысы сан мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындар-дың, салалардың, аймақтық кешендердің ( территориялық кешендердің), ха-лық шаруашылығының экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің «қан айналымы» жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы қозғалысында нарық маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршең-дігі өндірістің табиғатына, экономикалық, әлеуметтік жағдайына байланыс-ты, дегенмен нарықтардың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.
Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар толастамай келеді. Экономикалық әдебиеттр мен зерттеулерде «нарық» деген терминнің мәні осы күнге дейін ашыла қойған жоқ. Көпшілігі нарықтық қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, у-шуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы нарықты экономиканы барлық ауруынан тез жазатын керемет «дәрі» деп те, немесе осы салада орын алып отырған олқылықтармен қайшылықтарды тез реттейтін керемет «күш» деп те дәріптеуде.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстанның нарықтық экономикаға енуі

Кіріспе.
Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру және оларды ақшаның көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым – қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастырудың формасы.
Нарық – бұл нәтиже мен еңбек шығындары аралығындағы байланыстарды /арақатынастарын/ объективті көрсететін, демек, өндірістің ағымдағы мөлшеріне сай тұтынуды сипаттайтын өндіріс өнімдерін айырбастау актісінің жиынтығы. Экономикалық қатынстар қалыптасқан қоғамда нарық қоғамдық өндірісті біртұтас процесс ретінде ұйымдастырады. Тек нарық көмегімен ғана қоғамдық өндіріс экономикалық жүйеге /немесе экономикаға/ айналады.
Осылайша нарық өз шешімін тауып, қоғамдық тұтынуды қамтамасыз етуге қажетті мөлшердегі өндіріс құрал – жабдықтары мен жұмысшы күші халық шаруашылығы салалары арасында өзара пропорционалды түрде бөлінеді.
Нарық жағдайнда тиісті алғышарттар бірден жүйеге келтіріліп, аз уақытта белгілі бір нәтижелерге қол жеткізе қою оңайға соқпайды. Ол үшін нарықтық экономиканың неізін осы бастан үйрену, білу қажет.....
Курстық жұмыстар
Толық

Әлеуметтану | Қазақстанның қазіргі таңдағы демографиялық ахуалы

Кіріспе
Қазақстан Республика болып жарияланғаннан кейін еліміздің тәуелсіздігінің тұрақтылығы ретінде 1993 ж өз конституциямызды қабылдап демократиялы ел ретінде жарияландық. Ел басшылығы яғни басты байлығы халық демекші халқымыз тарихында ең ауыр жағдайларды бастан кешірді. Патшалық Ресейді алсақта, кеңестік өкіметті алсақта қазақтың саны көрші одақтас тыстас түркі халықтарынан саны жағынан азшылықты құрап келді.
Оған себеп 1930 жылдардағы алапат ашаршылықтан қазақ халқы 2 млн-дай адамнан айырылды десе кейбір деректерде Н.Е.Масанов қазақ халқын 1794,4 мың қазақ яғни 46,8%-құраған халық қырылғын дейді. Жалпы 1937 ж жалпы одақтық санақ кезнде халық санының 10%-ы кірмей қалған онын саясат астарына үңілуден басқа шара қалмады. Қазақстанның қазіргі таңдағы демографиялық хал ахуалын зерттеп оны түпкілікті зерттеу жасаушы, зерттеуші ғалымдарымыз саусақты санарлықтай-ақ. Осы тақырыпта оның барынша шындық әлпетін алып көрсету болатын оны алдағы зерттеулер қорытындыларынан қорытынды нәтиже айтармыз.....
Курстық жұмыстар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы