Экономика | Қаржының мәні мен объективтік қажеттігі

Кіріспе
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы — нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатгы жүзеге асырудың кұралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-эрекет етуінің ерекшеліктерін терең үғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғүрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды үлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымның мағынасы болып табылады. Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа үйымдары оның субъектілері болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қаржының мәнi, функциялары және ролi

Қаржының мәнi, функциялары және ролi.
Қаржы (“қолма – қол ақша”, “табыс” ұғымын бiлдiретiн орта ғасырдағы латын тiлiнiң “financia” сөзiнен пайда болған француздың finance сөзiнен шыққан) қоғамда нақты өмiр сүретiн, объективтi сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндiрiстiк қатынастарды бiлдiре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретiнде көрiнедi. Құн категорияларының жүйесiнде (ақша, баға, кредит, пайда, жалақы және т.б.) қаржы белгiлi орын алады және өзiнiң iшкi ерекшелiктерiмен, сондай-ақ ұдайы өндiрiстегi өзгешiлiк рөлiмен айшықталады.
“Қаржы” ұғымы мемлекетпен бiрге бiр уақытта қоғамның таптарға жiктелуi кезiнде, мемлекеттiң дамуы мен оның ресурстарға деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға байланысты жүйелi тауар - ақша айырбасы жағдайында пайда болып, дамыды және ол ақша нысанындағы қоғамдық өнiмдi бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар – ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайындағы қаржы нақтылы және үздiксiз болып жататын ақша айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетедi.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қаржыны басқаруды ұйымдастыру

КІРІСПЕ
Баскару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті зандылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.
Қаржыны басқару — бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қаржыны басқаруды және қаржы менеджменті

КІРІСПЕ
Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті заңдылықтары мен талаптарына негізделген. Осы зандардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қаржылық құқықтық қатынастар түсінігі, белгілері, құрылымы және түрлері

К І Р І С П Е
Бiтiру жұмысымда қаржылық құқықтық қатынастар: түсінігі, белгілері, құрлымы және түрлері, сондай-ақ мемлекеттің қаржылық қызметі, мемлекеттік басқару органдарының қаржылық қатынастарды реттеу саласындағы құзыреттері қарастырылады. Басқару қызметінің бағыт-бағдарлары және жаңаша сипатта дамуы мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйедегі процестермен айқындалып отыр. қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді. Қаржылар қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінен елеулі орын алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикасының өсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді. Сондықтан қаржылар мемлекеттің материалдық тірегі, базасы болып табылады және базистік құрамына жатады.
Қаржылық құқықтың маңызы әсіресе экономиканы нарықтық негізге көшіру, түрлендіруге байланысты өсіп отыр.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қаржылық инвестициялар есебі

Кіріспе
Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық кызметтің мақсаты — түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция кезі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.
Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық және нақты болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар - бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық-өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қаржылық инвестиция есебі

Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қаржылық инвестиция есебі» болып табылады. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі кезде ҚР-ның экономикасына инвестицияны жұмылдыру, әсіресе отандық және шетелдік инвесторларды тарту өзекті мәселе болып отыр. Жалпы ҚР-ның экономикасын көтеру үшін белгілі бір бағытта ақша қаражаттарын салуды қажет етеді. Былай делінген: «Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды тарту қажет» .
Қазақстандық бизнес қазірдің өзінде аяғынан нық тұрды, өзінің әлеуметтік жауапкершілігін пайымдай бастады және өз қызметін соған сәйкес құруда. Бұл істе ұлттық компаниялар мен ірі инвесторлар қайырымдылық шараларына, білім, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет жобаларына қаржы бөлу арқылы үлгі көрсетуде...”, деп айтқандай еліміздің экономикасын жандандыру мақсатында құрылатын инвестициялық жобалардың маңызы зор......
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қаржылық жалдау жөніңдегі операциялардың есебі

КІРІСПЕ
Қандайда болмасын заттарды – еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы белгілерімен емес, солардың өндіріс процесінде атқаратын рөлімен анықталады. №6 Бухгалтерлік есеп стандарты бойынша негізгі құралдар бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында, сондай - ақ өндірістік емес салада (материалдық емес өндіріс саласында) ұзақ уақыт бойы (1жылдан аса) қолданыста болатын материалдық активтер. Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойынша пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.
"Жалға беру" деген №17 Халқаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес қаржылық жал - бұл мүлiкке берiлетiн меншiк құқығымен байланысты табыстылық пен тәуекелдiң едәіуiр бөлiгiн жалгерге табыс ету. Бұл орайда жалгер жалданған мүлiктердi өзiнiң балансында көрсетедi. Меншiк құқының өзi жал мерзiмiне берiлyi де, берiлмеуi де мүмкiн.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қаржылық жал есебі

I ТАРАУ. Қаржылық есеп берудің элементтерін белгілеу, мойындау және өлшеу.
1.1. Қаржылық есеп берудің элементтері.
Қаржылық есептер мәмілелер мен басқа оқиғалардың қаржылық нәтижелерін оларды экономикалық сипаттамаларына сәйкес кең ауқымды категорияларға қалыптастырып, көрсетеді. Мұндай кең ауқымды категориялар деп қаржылық есептердің элементтерін атайды. етеді.
Қаржылық есеп берудің элементтерін белгілеу, мойындау және өлшеу.
Қаржылық есеп берудің элементтері. Қаржылық есептер мэмілелер мен басқа оқиғалардың қаржылық нәтижелерін оларды экономикалық сипаттамаларына сәйкес кең ауқымды категорияларға қалыптастырып, көрсетеді. Мұндай кең ауқымды категориялар деп қаржылық есептердің элементтерін атайды.
Субъектінің қаржылық жағдайын бағалаумен тікелей байланысқан элементтер бухгалтерлік баланста көрсетілген активтер, міндеттемелер мен меншікті капитал болып табылады. Кірістер мен шығыстар - кірістер мен шығыстар жайлы есеп беруде субъектінің көрсеткіштерін өлшемімен тікелей байланысқан элементтер.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қаржылық жағдайдың бағасы және корпорацияның қаржылық тұрақтылығына жету жолдары

Қаржылық жағдай мен қаржылық тұрақтылықтың теориялық негіздері
1.1 Қаржылық жағдай мен қаржылық тұрақтылықтың түсінігі
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және басқа да контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттағанда “қаржылық жағдай” дегеніміз немесе “қаржылық жай-күй” дегеніміз не деген сұрақтарға жауап береміз.
Соңғы жылдары шығарылған әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет “Кәсіпорынның қаржы жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен сипатталады” деп жазған.....
Курстық жұмыстар
Толық