Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Соңғы жылдардағы оқиғалар экономиканы нарықтық қатынастар негізінде түбегейлі қайта өзгерту кең ауқымды экономикалық іркілістермен және дағдарыстармен ұласатынын және қоғам тарапынан көп күш-жігер жұмсауды қажет ететінін көрсетті. Өтпелі кезеңде әртүрлі асығыс, жеткілікті дәрежеде негізделмеген шаралардың жүзеге асырылуы қауіпті теріс зардаптарға сөзсіз әкеліп соғады, мұны нарықтық даму жолына түскен елдердің тәжірибесі айқын дәлелдейді.
Өткен жылдардың қорытыңдылары оптимистік тұжырымдар жасау үшін негіз бермейді. Кезінде жарияланған мақсаттар мен бағыттар тым қарама-қайшы жүзеге асырылуда, қат-қабат әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың орын алып отырғаны айқын. Мұның өзі экономикалық реформа мәнінің, әлеуметтік-экономикалық реформалаудың объективті мүмкіндіктері мен шектерінің өз кезінде аяғына дейін ұғынылмауына, реформаны жүзеге асырудың уақытша параметрлері мен кезеңдерінің дұрыс анықталмауына байланысты. Сөз бен істің арасыңда алшақтық көп болды.
Экономикалық реформа қоғамдық жарасымдылық, өткен кездің оң жетістіктері мен тенденцияларын сақтау, мемлекеттің қауіпсіздік және халықтың барлық топтарының құқықтары мен оның ерекшеліктерін қамтамасыз ету принциптеріне негізделген түбегейлі шаралардың бір-тұтас жүйесін қажет ететіні айқын болды.
Қазақстан Республикасының Президеиті жүргізіп жатқан экономикалық реформалар бағыты стратегиялық тұрғыдан, жалпы алғанда дұрыс.
Бірақ Қазақстаңдағы экономикалық реформалардың жайына жасалған талдау және олардың барысы, тактикалық тұрғыдан алғанда, Үкімет пайдаланып отырған әдістердің, нарықтық қатынастарға көшудің модельдері мен кезеңдерінің тиімсіз екенін дәлелдейді. Реформаларды жүзеге асыру барысында елеулі қателіктерге жол берілді.
Әлеуметтік экономикалық міндеттерді жыртықты жaмay әдісімен шешуден бас тартатын мезгіл жетті, тактикалық міндеттерді әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру стратегиясына сәйкестендіре шыңдап қолға алу мақсатымен жүйелі жұмыс бастайтын уақыт келді. Қазақстан Республикасын өз ерекшеліктеріне, ұлттың менталитетіне сай, дүниежүзілік тәжірибені ескере отырып әлеуметтік-экономикалық дамыту моделін жасайтын және іске асыратын мезгіл жетті.
Ел экономикасы XXI ғасыр шебінде түр. Мәселе XXI ғасырдың табалдырығынан қандай нарықтық жетістікпен, қандай дайындықпен аттағалы отырғанымызда. Монография авторы экономикалық реформаның барысын, оның жетістіктері мен кемшіліктерін ашық көрсетуге тырысты. Соның негізінде автор отандық тауар өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсету басты мақсаты болып табылатын жаңа экономикалық саясаттың (ЖЭС) концепциялық негізін әзірледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ МАҢЫЗЫ

20 ғасырдың екінші жартысындағы дүниежүзілік шаруашылықтың айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі – халықаралық экономикалық қатынастардың жедел әрі қарқынды дамуы.
Әр түрлі мекемелер мен фирмалардың сондай-ақ мемлекеттер арасындағы екі жақты немесе көп жақты қатынастардың кең қанат жайып, тамырын терең тарта бастағаныңың куәсі болып отырмыз. Бұл процестер сыртқы сауданың тереңдеуінен, шаруашылық өмірдің интернационалдануынан, ұлттық экономиканың мейлінше ашықтыққа ұмтылысынан, аймақтық халықаралық құрылымдардың жақындасып, өзара пайдалы көмек арқылы нығайып, дами бастағаныңанкөрінеді.
Әрине, аталған процестер оңайлықпен жүріп жатқан жоқ. Бұлар бәсекелі, қайшылықты, диалектикалық қөзғалыс, құбылыстарға толы процестер.
Қазіргі кезеңде адамзат әлемін "ақ", "қара" деп жіктеп, оған "капитализм", " социализм" сияқты атты айдар тағушылықпен қоса жасанды антоғанизмдерде келмеске кетті. Біздің заманымыз өзара байланысты, экономикалық дамудың жалпыға ортақ заңдылықтарына бағынатын біртұтас әлем. Сондықтан еліміздің ойдағыдай өркендеп, гүлденуі үшін сыртқы экономикалық байланыстардың маңызы зор.
Қазақстан Республикасы бұрыңғы кеңес үкіметі тұсында сыртқы саудаға қатыса алмады. Ал қазір өзінің егемендігін алғаннан кейін ол сыртқы саудадағы ролін арттыруға мақсат етіп, оны жан-жақты қамтып отыр.
Еліміздің сыртқы экономикалық байланыстарын орнықтырып, дамытудын қазіргі кезені сол қатынастардың нысандары мен әдістерін түбегейлі өзгерту қажеттігімен айқындалады.
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде - тарихи өлшеммен алғанда қас қағым ғана уақыт аралығында елде де әлемде де үлкен өзгерістер болды. Елде нарықтық шаруашылық жүйесіне өтуге бағытталған күрделі экономикалық реформа жүзеге асырылып жатыр. Жана бағытта қиындыктар мен қайшылықтар жеткілікті болатыныңа қарамастан, реформа жаңа экономикалық жүйенің негізін қалады. Бұл жетістік болашақта халықтың ал аухатын көтеруге үміт сенімін ұлғайтумен қатар, еліміздің экономикалық жүйесін әлемдік экономиқамен үйлестіруге алып келеді. Мұның өзі республика муддесіне халықаралық еңбек бөлісудің артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді. Республиқамыз жылдан жылға дербес экономикалық саясатты сенімді түрде жүргізіп, сыртқы экономикалық саясатты өзара тиімді халықаралық экономикалық байланыстарды дамыта жүргізіп келеді.
Осы аз ғана уақытта әлемнің экономикалық құрылымында да көп өзгерістер болды. Социалистік мемлекеттер блогы ыдырап, сонымен бірге ССРО-ның әскери күшімен саяси- экономикалық қолдауымен өмір сүрген "әлемдік социалистік шаруашылық жүйесі" де өмір сүруін тоқтатты. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстанда инфляцияның ерекшеліктері және инфляцияға қарсы саясат

Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетті мемлекеттер қатарлы дамуының материалдық негізі болып саналады.
Сонымен қатар, қазіргі кезде мемлекеттік қаржылардың қоғам мұқтаждықтарын және мемлекеттің өзіне тән әралуан қызметтерін қаржыландыру, экономикалық қатынастарды түрлендіру, қаржы жүйесін рыноктық жағдайларға сай келтіру және инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында атқаратын ролі мен маңызы күн санап күшейе түсуде.
Бүгінгі, мемлекеттік қаржылар нарықтық экономика саясатын айтарлықтай жүргізуге себін тигізетін, ал қаржылық құқық әлеуметтік – экономикалық даму аясына күшті ықпал ететін негізгі қуатты құрал ретінде баршаға мәлім болып отыр. Негізінде, мемлекеттік қаржылар болу және қайта бөлу процестері шегінде туындайтын, сондай-ақ тұрақты субъектісі мемлекет болып табылатын экономикалық (ақшалай) қатынастардың жиынтығынан тұрады.
Мемлекеттік қаржылардың материалдық негізін ақша нысанындағы құнның біржақты қозғалысын білдіретін және ақшалай төлемдер мен есеп айырысуға байланысты айналысты көрсететін экономикалық процестер құрайды.
Мемлекеттік қаржылар экономикалық және материалдық тұрғыдан қарастырылады.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік қаржылар деп мемлекеттің және жергілікті жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өз функцияларын атқаруға қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі экономикалық қатынастардың жиынтығын айтамыз.
Ал материалдық мағынасында мемлекеттік қаржылар мемлекеттің және қоғамның тиісті мүдделерін қамтамасыз етуге қажетті, әрдайым мемлекет меншігінде болатын орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттары қорларының жиынтығын көрсетеді.
Мемлекеттік қаржыларға тән функциялар қаржыларға тән қызмет ауқымы, сондай-ақ олардың мән-жайының айрықша тәсілдері арқылы көрініс табады. Қаржылардың функцияларына ақшалай қаражаттарды жұмылдыру, ақшалай ресурстарды бөлу және қайта бөлу, бақылау – есептеу функциялары жатады.
Мемлекеттегі қаржылық ресурстарды жұмылдыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру тек мемлекеттің қаржылық жүйесінің ауқымында ғана жүзеге асырылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы

Бірқатар ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында - XIV және XV ғасырларда Италияда несие қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болған. Кейбір ғалымдар банктердің бұдан да ертерек - феодализм кезінде төлем делдалдары ретінде пайда болды деп есептейді.
«Банк» сөзі «үстел» мағынасын беретін италияндық «banco» сөзінен шыққан. Банко - үстелдер тауарлардың сауда-саттығы қызу жүретін алаңдарға қойылатын. Сауда-саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда шақа соғылатын (чеканившихся) әр түрлі монеталармен жүзеге асырылды. Бұл жағдайда көптеген монетаның әр түрлі айналасынан хабары бар, айырбас бағамы бойынша кеңестер беріп, бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды. Бұл айырбастаушы мамандар әдетте өз үстелдерімен нарықтарда отырады. X ғасырда Италия әлемдік сауданың орталығына айналды, сол себепті де өздерінің ерекше банко-үстелдері бар айырбастаушы банкирлер әйгілі болады әрі олар Ежелгі Грецияда (трапезиттер деп аталған, «трапеза» - үстел), Ежелгі Вавилонда және басқа да елдерде кеңінен тарайды.
Әр түрлі монеталарды бір-бірімен үзбей айырбастау үшін олардың қоры болуы керек. Осылайша, бұл айырбастаушы-үстелдер айырбастаушы-үйге айналады. Бұл үйде құны әр түрлі монеталардың айырбасталуы жүзеге асырылды.
Алайда ақшаның табиғатын валюталарды айырбастау бойынша операциялармен қатар қою банктердің шығу тегін жаңсақ (қате) ұқтыруға әкеп соқтырады. Бұл өз кезегінде банктерді ақшаның әлемдік ақша қызметін орындай бастағанда ғана пайда болған тәрізді етіп көрсетеді. Әрі бұдан да ертерек - ақшаның ішкі нарықтағы айналыста жүрген кезеңде банктерді мүлдем болмаған етіп көрсетеді.
Ғалымдардың пікірінше, біздің эрамызға дейінгі VI ғасырларда Ежелгі Вавилонда салым ақшаларды қабылдау және осы ақша бойынша пайыз төлеу тәжірибеде кездескен. Мұндай валюталық және несиелік операциялар біздің эрамызға дейінгі IV ғасырда Грецияда да тәжірибеде кездескен.
Тарихшылардың пікірі бойынша бұл операциялар жеке тұлғалармен де, шіркеу мекемелерімен де жүргізілген. Храм ақша мен құндылықтарды сақтаудың сенімді орнына айналады, өйткені ол мемлекет тарапынан да, қауым тарапынан да үлкен сенімге ие болған еді. Храмдар тауарлық ақшаны сақтау секілді ақшалай операцияны ұдайы жүргізіп отырды. Ал бұл салмақ өлшемінде жүзеге асырылатын есептік және есеп айырысу секілді қосымша операцияларды қажет етті. Олар мынадай сапаларға ие болуы керек: бөлінетіндей және сақталатындай әрі бір текті болуы тиіс. Мұндай сипаттарға металдар, әсіресе алтын мен күмістер ие болды.
Храмдар негізгі ақшалай операциялармен қатар карыз (ссуда) берумен де айналысты. Оны заң нормаларын қатаң сақтай отырып ресімдеді әрі берілген қарыз үшін пайыз өндіріп алды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстанда инвестициялық жағдайды және кәсіпорынның инвестициялық әлеуетін бағалау

Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде «жалпы капиталдық салынымдар» деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі – пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір жақын келеді.
Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындақтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айырықшаланатын залал түрінде көрінді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі болып табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салынымға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған елдерде (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де қолданылады.
«Инвестиция» термині латынның investire – «жұмылдыру» сөзінен алынған. Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Пол Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: «Біз қоғамның нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар өндіріс-материалдық запастар және т.б.) таза инвестицияландыру немесе капитал қалыптасуы деп атаймыз. Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген құнды қағаздарды немесе меншіктің кез келген түрін сатып алу инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін бұл тек таза трансферттік операциялар.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстандағы ақша нарығы

Адамзат тарихының даму сатыларында айырбас қатынастары да дамып, одан әрі жетіліп нарықты тауарлар тек натуралды зат ретінде ғана бір-біріне айырбасталып қана қоймай, бүкіл тауарлар дүниесін ерекше бір тауар, яғни тауар-ақша пайда болды.
Ақша нарықтық экономикада ақша–несиелік реттеуде айналыстағы ақша массасының өсуін тежеу, инфляциялық процестерді жеңу және ұлттық жалпы өнімді ынталандыру бағытында қолданылуда. Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесіне туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы әлеуметтік-экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді.
Нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебі, әр түрлі меншік жағдайында (мемлекеттік, кооперативиік, жеке) жұмыс істейтін тауар өндірушілер өндіретін және сататын өнімнің көлемін, түрін және бағасын бекітуге дербестік алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргізуге төлем қабілеті сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескеріліп, өнімнің шығару көлемі, түрі, бағасы тағайындалады.
Ақша – тарихи дамыған экономикалық категория. Ақша адамға ежелден таныс. Бірақ оның пайда болғандығы туралы құпия сыры және өмірдегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл сұраққа қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын қызметін, маңызын жан-жақты ашып жауап берді.
Қайсы бір ел болмасын,оның экономикалық жүйесі ең алдымен өзара байланысты үш жүйеден тұрады: мемлекеттік қаржы, экономикалық басталқы буынының қаржысы (кәсіпорындар, ұйымдар және т. б.) және халықтың қаржысы. Бұдан басқа экономиканың қаржы жүйесіне, шаруашылықтың - бірлестіктер, трестер, ассоциациялар, концерндер сияқты әртүрлі типтерінің, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың қаржылары да жатады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстандағы 1991 ж бергі банктік реформа

Банкі ісінің пайда болуы Италиядағы орта ғасырлық айырбастаушылар қызметінен басталады. «Банк» сөзі итальяннша «banco» сөзінен шыға отырып, «айырбас үстелі» деген ұғымды білдіреді. Банктердің алғашқы клиентері ақша-сауда капиталының өкілдері болған. Алғашқы банктер тек қана саудаға қызмет еткендіктен, олардың клиентері саудагер болып табылды№ сондықтан да, бұл банктерді «коммерциялық банктер» деп атап кеткен.
Қазіргі коммерциялық банктер бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа ететін банктерді білдіреді.
«ҚР банктер және банктік қызмет туралы» ҚР Президентінің заң күші бар жарлығының 1-ші бабына сәйкес «банк – бұл осы жарғыға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы, коммерциялық ұйым болып табылатын, заңды тұлға».
1. Банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі.
• Меншік сипатына қарай:
• Мемлекеттік;
• Акционерлік (ақша және жабдық типтегі);
• Жеке;
• Пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
• Аралас;
• Кооперативтік.
2. Операцияларының түрлеріне қарай:
• әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;
• маманданған, яғни бір гана салаға қызмет көрсететін банктер;
3. Аумақтық белісіне қарай:
• Халықаралық;
• Ұлттық;
• Аймақтық;
4. Салалық белгісіне қарай:
• өнеркәсіптік банктер;
• сауда банктері;
• ауылшаруашылық;
• құрылыс банктері;
• басқа да.
5. Филиалдар санына қарай:
• Филиалсыз;
• Көп филиалды.
Егер банк акционерлік қоғам формасында құрылатын болса, онда оның жарғылық капиталы ашық түрде жазылып таратылатын акциялардың номиналдық құнының сомасында, кейде құрылтайшылардың арасында жарғылық капитплдағы үлесіне байланысты барлық акциялар тартылады. Қазақстан Ресубликасында банктер мәлімдеуші акцияны шығарып сатуға құқысыз, яғни жабық акционерлік қоғам формасында құрылады.
Акционерлік банктердің шығаратын акциялары екі түрге бөлінеді: жай және артықшылығы бар. Жай акция – оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның пайдасына қарай дивидент алып отыруға құқық береді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Қазақстандағы аударма өнерінің даму кезеңдері

Әлемде әр алуан тіл, әр алуан ел өмір сүріп отырған жағдайда аударма мәселесінің күнделікті қажетті іске айналуы заңды. Қазақ ғылымында да арнайы зерттеуді талап ететін салалардың бірі – аударма әдебиеттің тілі. Бұдан жарты ғасыр бұрын М.О.Әуезов: «...аударма төл күйінде, қалыптасып, есею күйінде ғана екендігін» атап өткен. Аударма көне де, жаңа да өнер. Ол басқа адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарым қатынас жасаудың делдалы, дәнекері. Тургенев: «Всякий перевод назначен преимущественно для незнающих подлинника. Переводчик не должен трудиться для того, чтоб доставить знающим подлинник случай оценить, верно или неверно передал он такой-то стих, такой-то оборот: он трудится для "массы",-деген. (4;47) Аударма өнерінің құбылыстарын зерттеу де, табиғаттағы және қоғамдық өмірдегі сан алуан құбылыстарды зерттеу сияқты, әр қырынан қарастыруды қажет етеді. Аударма проблемасын әр қилы тұрғыдан: тарихи-мәдени, әдебиеттану, лингвистикалық және психологиялық тұрғыдан алып қарастыруға болады. Қазақ аудармасының тарихына, теориясы мен тәжірибесіне арналған мақалаларда, жинақтарда, монографияларда, аударманың тарихи-мәдени, әдебиет салаларындағы жайы көбірек. (14; 15)
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болған тұсынан бері қарай ғылымның аударма саласы едәуір сипатқа ие болып отыр. Егеменді елдің рухани дамуындағы бағыттардың бірі – дүниежүзілік ақпараттар алмасудың сапалы деңгейіне көтерілуі; ақпараттық база жасау; ақпараттық-анықтамалық ресурстар құру. Шет мемлекеттер мен Қазақстан Республикасының саяси-әлеуметтік байланыстары, қарым-қатынастары жөнінде ақпараттарды жинау, қабылдау, өңдеу, жеткізу жүйесі бір тілден екінші тілге аудару ісімен тығыз байланысты. Аталған жағдаяттарға орай соңғы жылдарда аударылу процесінің объектісі ұлғайды, көркем аудармамен қоса күнделікті баспасөз материалдары, публицистикалық стильдің әр алуан жанрлары, саяси қайраткерлердің сөздері мен баяндамалары, ресми құжаттар (жарлықтар, бұйрықтар, өкімдер, жарғылар мен ережелер, қатынас қағаздары), кинофильмдер, жарнамалар негізінен аударма жолы арқылы жүзеге асырылуда. Жазба аудармамен қатар ауызша аударма (ілеспе аударма және қосарласа аударма) жеке жанр ретінде байқала бастады. Қазақ тілінен өзге тілге тәржімалау ісі де жоғары деңгейде қалыптасқан. Қазіргі жаңа қоғамдағы еңбек қарым-қатынастары шетел тілдерін оқып-үйренуді, шетел тілдері туралы білім-дағдыны еңбек процесінде пайдалануды талап етіп отыр. Осыған байланысты аудармашылық кәсіп жаппай сипат алуда. Аударма туралы белгілі әдебиеттанушы Ю.Д.Левин былай деген: «... Преобразование инонационального писателя в переводе имеет двоякий смысл. С одной стороны он вводит этого писателя в новую литературу, тем самым обогащая ее. Но с другой стороны «обогащается» и сам переводимый писатель». (24; 6) ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Қазақстандағы аударма теориясы мен практикасының негізгі бағыттары

Әлемде әр алуан тіл, әр алуан ел өмір сүріп отырған жағдайда аударма мәселесінің күнделікті қажетті іске айналуы заңды. Қазақ ғылымында да арнайы зерттеуді талап ететін салалардың бірі – аударма әдебиеттің тілі. Бұдан жарты ғасыр бұрын М.О.Әуезов: «...аударма төл күйінде, қалыптасып, есею күйінде ғана екендігін» атап өткен. Аударма көне де, жаңа да өнер. Ол басқа адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарым қатынас жасаудың делдалы, дәнекері. Тургенев: «Всякий перевод назначен преимущественно для незнающих подлинника. Переводчик не должен трудиться для того, чтоб доставить знающим подлинник случай оценить, верно или неверно передал он такой-то стих, такой-то оборот: он трудится для "массы",-деген. (4;47) Аударма өнерінің құбылыстарын зерттеу де, табиғаттағы және қоғамдық өмірдегі сан алуан құбылыстарды зерттеу сияқты, әр қырынан қарастыруды қажет етеді. Аударма проблемасын әр қилы тұрғыдан: тарихи-мәдени, әдебиеттану, лингвистикалық және психологиялық тұрғыдан алып қарастыруға болады. Қазақ аудармасының тарихына, теориясы мен тәжірибесіне арналған мақалаларда, жинақтарда, монографияларда, аударманың тарихи-мәдени, әдебиет салаларындағы жайы көбірек. (14; 15)
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болған тұсынан бері қарай ғылымның аударма саласы едәуір сипатқа ие болып отыр. Егеменді елдің рухани дамуындағы бағыттардың бірі – дүниежүзілік ақпараттар алмасудың сапалы деңгейіне көтерілуі; ақпараттық база жасау; ақпараттық-анықтамалық ресурстар құру. Шет мемлекеттер мен Қазақстан Республикасының саяси-әлеуметтік байланыстары, қарым-қатынастары жөнінде ақпараттарды жинау, қабылдау, өңдеу, жеткізу жүйесі бір тілден екінші тілге аудару ісімен тығыз байланысты. Аталған жағдаяттарға орай соңғы жылдарда аударылу процесінің объектісі ұлғайды, көркем аудармамен қоса күнделікті баспасөз материалдары, публицистикалық стильдің әр алуан жанрлары, саяси қайраткерлердің сөздері мен баяндамалары, ресми құжаттар (жарлықтар, бұйрықтар, өкімдер, жарғылар мен ережелер, қатынас қағаздары), кинофильмдер, жарнамалар негізінен аударма жолы арқылы жүзеге асырылуда. Жазба аудармамен қатар ауызша аударма (ілеспе аударма және қосарласа аударма) жеке жанр ретінде байқала бастады. Қазақ тілінен өзге тілге тәржімалау ісі де жоғары деңгейде қалыптасқан. Қазіргі жаңа қоғамдағы еңбек қарым-қатынастары шетел тілдерін оқып-үйренуді, шетел тілдері туралы білім-дағдыны еңбек процесінде пайдалануды талап етіп отыр. Осыған байланысты аудармашылық кәсіп жаппай сипат алуда. Аударма туралы белгілі әдебиеттанушы Ю.Д.Левин былай деген: «... Преобразование инонационального писателя в переводе имеет двоякий смысл. С одной стороны он вводит этого писателя в новую литературу, тем самым обогащая ее. Но с другой стороны «обогащается» и сам переводимый писатель». (24; 6) ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстандағы баға нарығы

Сұраныс пен ұсыныстың көлеміне, фирма шығыны мен табысына және пайдасының деңгейіне, ел тұрмысына, ұлттық табыс пен инвестиция серпініне, қоғам өндірісінің дамуына, т.б. көптеген маңызды көрсеткіштерге баға тұтқалы ыкпал тигізеді. Сондықтан баға адам өмірінде негізгі роль атқарады деген қағида орын алған. Бағаның осы тұтқалы ролі барлық қоғам жүйелеріне бірдей тән. Алайда қоғам жүйелерінің әрқайсысында баға теориясы мен тұжырымдамасы, оның әдістері мен тәсілдері әр түрлі. Мысалы, бұрынғы Кеңес Одағында бағаның негізі ретінде қоғамдық құн болатын. Ал қоғамдық құн қоғамдық қажетті еңбек немесе қоғамдық қажетті шығындар арқылы есептелді. Қоғамдық қажетті шығындар іс жүзінде әрбір өндіріс саласының орта шығындары ретінде есептелетін. Бұл шығындарға әрбір саланың пайда нормативі қосылып баға деңгейі белгіленетін. Ал пайда нормативі мемлекетке (бюджетке) қажет, басқаша айтқанда, материалдық және материалдық емес (қызмет көрсететін) қоғамдық салаларды дамыту үшін, қоғамды әлеуметтік тұрғысынан дамыту үшін қажет қаражатына сәйкес белгіленетін. Демек, қоғамдық қажетті шығындар қоғамды және әрбір саланы дамыту үшін қажет қаражатқа (шығындарға) сәйкес есептелетін. Сондықтан бұл баға тұжырымдамасы ғылым жүзінде шығын түжырымдамасы деп орынды аталған еді. Өйткені баға белгілеуші көрсеткіштердің екеуі де (қоғамдық шығындар да, пайда нормативі де) шығындарға негізделген. Бағаның осы шығын тұжырымдамасы түбінде шығын (нәтижесіз) экономикасына әкеліп соқты. Негізінде шығын белгілі нәтижеге жету үшін жұмсалуы тиіс еді. Алайда шығын шығынды көбейте берді. Өйткені экономика нәтижені емес, шығынды көбейтуге бағытталған еді. Әрбір министрлік өзінің қоғамдағы орнын күшейту үшін неғұрлым көбірек қаражат талап ететін. Сондықтан ол каражаттың қажетін негіздеп, оны алуға тырысты. Салмағы ең ауыр машиналар өндіріліп, алып құрылыстар салынды. Алайда оларға кеткен шығындардың нәтижесі ойдағыдай болмады. Ол алып кәсіпорындардың өндіріс қуаттары толық игерілмей, салмағы ауыр техниканың өнімділігі оған кеткен шығындарды ақтамады. Кеңес Одағы металл өндірісі көлемі бойынша дүние жүзінде бірінші орынға шыққан. Бірақ ол металдан өндірілген өнім саны мен сапасы дамыған елдерден анағұрлым кем болды. Демек, шығын нәтижелі болмады. Шығын шығынды көбейтіп, өндіріс нәтижесі төмендеп, шығынды экономика қалыптасты деген тұжырым осыдан шықты. Енді, міне нарық экономикасына көштік. Баға бұрынғыдай орталықтан белгіленбейтін болды. Өйткені жеке меншік өндірісіне ауыстық. Әрине, мемлекет әрбір жеке меншік кәсіпорынға баға бекіте алмайды. Ол мүмкін емес. Екіншіден, ол дұрыс та емес. Өйткені жеке меншік кәсіпорынның дербестігі бұзылып, олардың мүддесіне қайшы келіп, өндіріс тежелетін еді. Нарық экономикасында мемлекет кәсіпкерлерге еркіндік бере отырып, бағаны реттеу үшін көбінесе тікелей әкімшілік әдістеріне қарағанда, экономикалық (жанама, яғни салық, несие пайызы, инвестиция, қаржылай көмек т.б.с.с. саясаттар арқылы) жанама әдістерін қолданады. ....
Курстық жұмыстар
Толық