Құдалық: бата беру

Сұрасаң бата берейін,
Қолыңды жай ниет қып.
Сөзімнен маржан терейін,
Құдалықты құрмет қып.

Төскейде қосып малымды,
Төсекте қосып басымды,
Ортақ қылды....

Баталар
Толық

Физиология | Жүйке жүйесі

Кіріспе
Жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан құралған. Ал, жүйке ұлпасы өз кезегінде жүйке торшаларынан – нейрондардан және жүйкелік глеядан - нейроглядадан тұрады. Нейроглия торшалары нейрондар аралығында орналасады да, оларды біріктіре, дәнекерлей отырып, тіректік, қорғағыш және нәрлік қызмет атқарады.
Жүйке торшалары жүйке жүйесінің құрылымдық және әрекеттік негізі болып табылады. Нейронның ядролы денесі және одан жан-жаққа тарайтын бір ұзын, көптеген қысқа өсінділер болады. Қысқа өсінділер – дендриттер, ал ұзын өсінді – нейрит немесе аксон деп аталады. Дендриттер сырттан келетін тітіркендіргіштерді қабылдап, нейрон денесіне өткізеді, ал нейриттер нейрон денесінде пайда болған тітіркеністі басқа нейрондар дендриттері ұшына, немесе атқарушы мүшеге жеткізеді. Нейрон өсінділері сыртынан қабықпен қапталып, жүйке талшықтарына, ал олар топтаса келіп, жүйке тамырларына айналады. Бір жүйке тамырдың құрамында бірнеше мың немесе миллион талшықтар болады. Осыдан жүйке тамыры жүйке талшықтарының будасы болып табылады. Жүйке тамырларының негізгі қызметі – нерв импульстерін өткізу. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Жүйелік плата

ЖҮЙЕЛІК ПЛАТАҒА ҚЫСҚАША ТҮСІНІКТЕМЕ
1. Жүйелік плата
Дербес компьютерлердің (System board немесе Mother board ) жүйелік немесе аналық платасы компьютерлердің өндірістігін және архитектурасын анықтайтын жүйелік блоктың негізі болып табылады. Онда келесі міндетті түрдегі қараушылар орнатылады:
• Процессор және сопроцессор
• Жады : тұрақты (ROM немесе Flash BIOS ) оперативті (dram) кэш (SRAM)
• Енгізу-шығарудың міндетті түрдегі жүйелік құрылғылары
• Интерфейсті сұлбалар және құрдың ағытпа (разьем) кеңейтулері
• Қоректену блогынан Power Good немесе Reset батырмасынан сигнал бойынша түсіру жүйесінің қүрылымдық сұлбасымен бірге синхрондаудың кварцты генераторы
• VRM (Voltage Regulation Module ) төменгі вольтті процессорлар үшін кернеу көзінің қосымша стабилизаторы....
Курстық жұмыстар
Толық

Библиография | Жүйелі жаңару жағдайындағы кітапханалық өлкетану жұмыстарының негізгі бағыттары

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі
Еліміздің тәуелсіздігі бұқаралық саяси жұмыстың, ғылыми-техникалық прогрестің талабына сай жоғары деңгейге көтерілуін қамтамасыз етуде. Еңбекшілерді Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде, 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаны орындауда көпшілік және арнаулы ғылыми кітапханаларының жан-жақты қызметінің негізгі бір саласы библиографиялық жұмыс, оның бір құрамды бөлімі өлкетану библиографиясы болып табылады. Мәдени мекемелердің ішіндегі кітапханалар тарапынан жүргізілетін өлкетану жұмысының мәні, өлкетану әдебиеттерін насихаттайтын библиографияның маңызы өте зор.
Өлкетану ісі тарих пен мәдениет ерекшеліктерін қорғау және насихаттау ісімен де тығыз байланысты.
Диплом жұмысының мақсаты бүгінгі Қазақстан Республикасының жүйелі жаңару жағдайындағы кітапханалық өлкетану жұмыстарының негізгі бағыттарын, соның ішінде қалыптасқан библиографиялық ресурстардың жай күйін қарастыру.....
Курстық жұмыстар
Толық

Өндіріс | Жүзімнің шараптық сорттары

Кіріспе
Еліміздің халық шаруашылығында жеміс-жидек және жүзім өсімдіктерінің маңызы зор.
Жеміс пен жидек және жүзімде жеңіл сіңімді қант көп. Алма мен алмұртта қант 13—14% дейін, жүзімде 20% дейін болады. Жемісте белок, май өте көп және ол өзінің калориясы жағынан еттен кем түспейді. Витамикдер әсіресе қарақатта, бүлдіргенде, алмада мол болады. Сондықтан да олардың халық шаруашылықтық маңызы да өте үлкен.
Жүзім, бүлдірген, алма, қарақат бағалы және пайдалы азық қана емес, сонымен қатар бұлардың емдік қасиеттері де зор.
Жеміс-жидек тамақ өнеркәсібі үшін өте бағалы шикізат. Тосаптың, джемнің, мармеладтың, пастиланың, конфеттің, компоттың, шырынның және басқа тағамдардың түрлі сорттары жидектен, жемістен және жүзімнен алынады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | ЖПФ зақымдылығы мен оның пайда болу себептері мен түрлері

Кіріспе
1.Психология дегеніміз бұл сыртқы дүниедегі объектілерді немесе оқиғаларды қабылдауда, өз дегенімізді сезінуде, ойлау процесімізде де, тілектеріміз бен әсерленуіміз де және тағы сондай. Психика сергек кезімізде ғана емес, ұйықтап жатып түс көргендей алуан түрлі бейнелер түрінде де көрінеді. Сонымен бірге психиканың өзінің тиянақты бейнесін құрағанда өзіміздің қабылдауымыздың дәрменсіз екенін және осы құбылысты тікелей бақылауға сүйенуге сенімсіз екенін білеміз.
Психиканы түсіндірудің тағы бір танымал тәсілі оған мидың немесе жүйке жүйесінің функциясы деп анықтама беру яғни психикаға қарағанда белгілі бір зат деп қабылдауға болатын нақты физиологиялық органмен қиюластыру. Дененің барлық тілдерінен нақ жүйке жүйесін бөліп алып, біз психиканың кеңістікте оқшаулап алғандай боламыз да оны организмнің басқа процестерінен шектейміз.....
Курстық жұмыстар
Толық

Агрономия | Жоңышқа өсімдігінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері

Кіріспе
Елімізде және дүние жүзінде инновациялық жаңа әзірлемелерді өндіріске енгізу мәселелері үлкен маңыздылыққа ие.
Осы орайда облысымызда бақша дақылдары оның ішінде қарбыз егісін арттырып, халықты қарбыз өнімдерімен қамтамасыз ету үлкен маңызды іс-шаралардың бірі.
Қарбыздың жаңа, бәсекеге қабілетті, селекциялық сорттарын өндіріске енгізуден алдын оның қолданылуы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жергілікті топырақ-климаттық жағдайларына оның тиімділігін анықтау және ғылыми негізделген қорытынды жасау қажет.
Соңғы жылдары ауыл шаруашылығында өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бағытында бірқатар іс-шаралар аткарылып, ауыспалы егіс тізбектері бойынша бақша дақылдарының егіс көлемі ұсыныстарға сай біршама артқаны байқалады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен батырлар

Кіріспе
Жонғар экономнкасының негізі орасан зор жайылымдық жер аумағында бытырап жатқан көшпелі мал шаруашылығы болатын. Халық саны бір миллионға жуық, сондай-ақ 0,5 миллион басқа халықтардың өкілдерінен құралды. Әкімшілік және шаруашылық бөлінісі ұлыс болды. Ол отоктардан, жастар мен ангалдардан тұрды. Оток , сонымен қатар әскери құрылым (хошун) болып та саналды. Жоңғарлардың әскери ұйымы ұйымы қазақ жасақтарының әскери ұйымының құрылымна ұқсас болды. XVIII ғасырдың басына қарай Жоңғарлардың негізгі қауымдары Торғауыттар мен дербенеттермен Тарбағатай, Монғол Алтайы Ертістің жоғары ағысы жаңындағы қолайлы жайылымдары алып жатты. Бұл жерде Коряков форпосына дейін қоныстанды Қара ертіспен оның салалары бойында, сондай – ақ Қобда өзенінің алқабында хойоттар тұрды. Чоростар Іле өзенің жоғарғы және орта ағысы мен оның салаларымен алқабын мекендеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Жоңғар Алатауы

Кіріспе.
Жоңғар Алатауы Қазақстанның Шығыс бөлігінде орналасқан дер бес тау жүйесі. Бұл тау жүйесі көрші жатқан тау жүйелерінен дербес пайда болып дамыған. Қазақстан жеріндегі Жоңғар алатауыСолтүстік және Солтүстік Батыс бөлігі болып табылады. Ол Тарбағатай жотасына алакөл мен Сасықкөл, ал Қытай территориясындағы Борлық пен Майлы жоталарын Жоңғар қақпасы арқылы бөлінеді. Жоңғар алатауы Солтүстікте Алакөл Қазақшұңқыры мен Іле аңғары аралығында ендік бағытта шамамен 450 км – ге созылып жатыр. Ені 100-200 км. Бұл тау жүйесі негізінен 2 жотадан тұрады.
1. Солтүстік Бас Жоңғар Алатауы.
2. Оңтүстік Бас Жоңғар Алатауы.
Солтүстік және орталық Бас жота ол солтүстік жағынан аласа әрі Шолақ тау жүйелері беттерімен жалғасып жатады. Олар Тастау, Күңгей, Жабық тағы басқа жоталар, төбелері тегіс және онша тілімденген осы тау алды жоталары Солтүстік Бас жоталарының Шығыс беткейлері. Алакөл ойысының батыс шетін жағалай жатқан тектоникалық үлкен жарыққа байланысты тік жота болып келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қылмыстық кодекс | Жол-көлік оқиғасы болған жерді қарау

Кіріспе
Криминалистік тактикада кез-келген тергеу әрекетінің алдында бастапқы тергеу әрекеті ретінде оқиға болған жерді қарау жүргізіледі. Оқиға болған жерді қарау негізгі тергеу әрекеттерінің бірі, себебі осы әрекетті жүргізу барысында тергеуші ең басты мәселе қылмыстық оқиғаның болған, болмағандығын шешеді. Оқиға болған жерді қарау өз алдына дербес түрде жүргізілетін кешенді тергеу әрекеті, оның барысында болған оқиғаның механизмін анықтауға талпыныс жасалады. Криминалистика ғылымында "оқиға болған жер" ұғымына байланысты көзқарастар әртүрлі болып келеді.
Мысалы, Рассейкин Д.П. өзінің "Кісі өлтірушілікті тергеу кезінде мәйіт және оқиға болған жерді қарау" еңбегінде, "оқиға болған жер ретінде қарау жүргізіп жатқан оқиғаның болған жерін түсіну керек. Ал, қылмыстың заты, мысалы," ұрланған автокөліктің табылған жерінде оқиға болған жерді қарау емес, заттай дәледемелерді қарау хаттамасы толтырылады" дейді1. Ал Л.В. Виницкий болса "бұл ұғымдарды ажырату керек, бірақ оларды әртүрлі тергеу әрекеттеріне бөлудің қажеті жоқ" деген көзқарасын білдіреді.2 Қазіргі кездегі криминалистикада осы екінші позицияны басым түрде қолдайды.....
Курстық жұмыстар
Толық