Топография | Аэрофототүсіріс негіздері

Аэрофототүсіріс негіздері. Ұшатын аппараттардан жер бетін фотографияға түсіру материалдарын пайдалана отырып, карта немесе план жасау үшін орындалатын жұмыстар жиынтығы аэрофототүсіріс болып саналады. Қазіргі кезде аэрофототүсіріс 1:5000 және одан ұсақ масштабтарға топографиялық карталарды жасаудың негізгі әдісі болып отыр; оны жерге орналастыруда, инженерлік зерттеу, геологиялық барлау жұмыстарында және т. с. с. кең қолданады.
Топографиялық карталардың түпнұсқаларын жасауда қолданылып жүрген әдістеріне қарай аэрофототүсіріс құрама және стереотопографиялық болып екі түрге бөлінеді.
Құрама аэрофототүсірісте картаның контур бөлігін көбінесе аэрофототүсірістің материалдарын ғылыми өңдеу арқылы жасайды, ал жер бедерін фотопланға немесе фотосхемаға далада түсіреді. Осы әдісті жазық аудандарды және көбінесе ірі масштабтағы түсірістерде және де ұшудың сапасы стереотопографиялық түсірісті жүргізудің мүмкіндігін қамтамасыз етпейтін жағдайда қолданады.
Стереотопографиялық аэрофототүсіріс — бұл аэрофототүсіріс материалдары арқылы топографиялық картаның түпнұсқасын жасауға қажетті жұмыстар жиынтығы. Құрама түсірістермен салыстырғанда осы әдісті қолданғанда далалық топографиялық жұмыстардың шамасы аз болады. Стереотопографиялық түсірісте аэросуреттерді өңдеу аспаптары жергілікті жердің моделін стереоскопиялық есептеуге негізделген.
Стереотопографиялық аэрофототүсірістің артықшылығы мынада: далалық топографиялық жұмыстарды едәуір қысқарту, түсірілетін ауданның физикалық-георафиялық жағдайына тәуелсіз жұмыстардың бірқалыпты дәлдігін сақтау, және ақырында, барлық жұмыстар циклін жыл бойына біркелкі бөлу ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қолданбалы информатика | Аэропорт анықтама бюросы

Мәліметтер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асырады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
Мәліметтер базасы - ақпараттар сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат:
 Қайшылықсыз
 Артықсыз
 Тұтас
болуы керек.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.
DELPHI жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, егер сөздің тура мағынасын алатын болсақ, бірақ толық МББЖ (мәліметтер базасын басқару жүйесі) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған DELPHI құралы локальдік және тораптық деректер базасын құрып, және оның ішінде жұмыс істеуге және кез-келген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба құруға мүмкіндік береді.
Локальді МББЖ барлық бөліктері қолданушы компьютердің деректер бзасында орналасады. Егер бір мәліметтер базасына бірнеше қолданушылар бір мезгілде қатынас жасаса, әрбір қолданушының компьютерінде өзінің локальді МББЖ-ның көшірмесі болуы керек.
Тораптық МББЖ-не файл-серверлік, клиент-серверлік, бөлінген МББЖ- лері жатады. Осы жүйенің негізгі атрибуты болып, торап саналады. Торап-бірнеше компьютерлерді байланыстырып , бір дерекпен бірнеше қолданушылардың корпоративті жұмысын қамтамасыз етеді.
Көпқолданбалы МББЖ ақпараттық жүйе құруға мүмкіндік береді. Көпқолданбалы МББЖ-не: Oracle, Informix, SyBase, MicrosoftSQL Server, InterBase және т.б жатады.
DELPHI - ді кәдімгі МББЖ деп айтуға, оның өзінің кестелік форматының болмауы (деректерді сипаттау тілі) бөгет жасайды. Сондықтан ол басқа МББЖ кестелік форматын қолданады. Мысалы: dBase, Paradox, InterBase.
Бұны бірақ та жетіспеушілігі деп те айтуға болмайды, себебі аталған форматтар өздерін жақсы қолданушылық қабілетін көрсетті.
Сонда да DELPHI мүмкіндіктері арнайы МББЖ мүмкіншіліктерінен қалыспайды, кей-кезде олардан асып тұрады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | АШЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға өтуге байланысты елдің экономикасында, сондай-ақ тұтастай алғанда халық шаруашылығының барлық салаларында терең әрі ауқымды өзгерістер көрініс тапты. Яғни екі деңгейлі банк жүйесінің қалыптасуы және сыртқы экономикалық іс-әрекеттердің либерализациялануы көптеген ірі және шағын экспортерлар мен импортерлардың пайда болуына, сондай-ақ жекешелендірудің нәтижесінде коммерциялық шаруашылықтардың жеке объектілерімен қоса ірі өндірістік кәсіпорындар жеке меншікке иелігіне өтті.
Ашық экономикадағы өзгерістердің оң нәтижелерімен қатар кері нәтижелері де болып отырды. Яғни ұлттық экономиканың құрылымдарындағы ірі диспропорциялар, шаруашылық байланыстардың тоқтауы, инфляция, “көлеңкелі экономика” масштабының өсуі т. б.
Қазіргі экономисттердің көпшілігі ақша - несие саясатын үкіметтің шамадан тыс үстеміне және дербес индивидумдардың шаруашылық дербестігінің азаюына тудырмайтын демократиялық қоғамдағы ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу құралы деп қарайды.
Ашық экономикадағы ақша - несие саясатының ең ақырғы мақсаты бағалардың тұрақтылығын, толық жұмыс бастылықты және ВНП-ның нақты көлемінің өсуін қамтамасыз ету болып табылады.
Ашық экономикадағы ақша - несие саясатының негізінде жалпы экономиканың хал-ахуалына ақшалардың және ақша - несие саясатының әсер ету процесін зерттейтін ақша теориясы жатады.
Монетарлық саясаттың бағыттары мен тактикалық мақсаттары ұлттық экономиканың күй-жағдайымен анықталады. Тәуелсіздік алуынан кейін Қазақстан Республикасы өзіне инфляциясы өсіп бара жатқан, құлдыраған экономиканы мұраға алды. Бұдан былай бұл процестер тек әрі қарай күшейді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | АҚША НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ БИРЖАЛАР

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып абылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жас-алынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға ай-налуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды, Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. "Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше^өмір сүретін тауар, ол ақша"'.
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне аүысаяы
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады (1 балта = 5 қүмыра, 1 қой = 1 қап бидай және ъб.).
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды. Ақша дегеніміз — тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша — тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс "жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Ахмет Иүгінеки (Ахмет Махмұтұлы Жүйнеки) XII ғасыр

Ахмет Иүгінеки (Ахмет Махмұтұлы Жүйнеки) XII ғасырдың аяғы мен XIII ғасырдың басында өмір сүрген өз заманында асқан білімпаз, ғұлама оқымысты болғандықтан "Әдиб Ахмет" (оқымысты, жазушы Ахмет) деп аталған, есімі өз кезінде бүкіл ұлан-ғайыр Қарахан мемлекеті түркілеріне белгілі болған данышпан кісі, яғни ақындардың ақыны, данлардың көш басы.
Ғұлама ақын Сыр бойындағы белгілі қалалардың бірі Жүйнекте (қазіргі Шымкент облысы, Түркістан ауданы) туып, өскен. Жасынан зағиптық мехнатын тарткан кісі.
Сонымен бірге тәлім-тәрбие, адамгершілік білім, кісілік туралы өнегелерді өлең өрнектерімен айтып, ұрпақты ұлағаттыққа тәрбиелейтін аса құнды, данышпандық ойларға толы даналық мұра. Кітаптың аты араб тілінде қойылғанмен, ондағы өлендер орта ғасырдағы түркі тектес халықтардың көбіне түсінікті болған Қараханид түркілерінің тілінде жазылған. Түрік ғалымы Рашит Арат Рахмат дастанның толық текстін әзірлеп, оны латын әрпімен кітап етіп шығарды. '"Ақиқат сыйының" прозалық және поэтикалық аудармалары қазіргі қазақ тілінде де жарық көрді (Ахмет Иүгінеки. Ақиқат сыйы. Алматы. 1985 ж.).
Бұл даналық шығармада ақын тәлім-тәрбиенің негізі — адам болуға, кісілікке тәрбиелеу екенін баса көрсетіп, ол үшін әрбір адам оқып, білім алу керек деп бастайды ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Ахмет Йасауи жолы

Ахмет Йасауи жолы - Тәңірді тану және білімнің ортасындағы сара жол. "Ла илаһа илла-Аллаһ", яғни, Алладан басқа Жаратушы жоқ. Дін тек біліммен ғана кемелденеді. Көбінесе "Исламның шарты бесеу" деп айтамыз. Айта-айта ақиқатқа да айналып кетті. "Алланың Бірлігі, Мұхамедтің елші екендігін білу, намаз, ораза, қажылық, зекет". Ал, шындығында қажылық пен зекет денсаулығы мен байлығы сай келгендер үшін шарт. Олай болса жарлы-жақыбайлар үшін Исламның шарты үшеу болғаны ма?
Ахмет Йасауи жолында шариғаттың 10 шарты бар. 1) Алланың Бірлігі мен Мұхамедтің елші екендігін тану, осыған сену; 2) Намаз; 3)Ораза; 4) Қажылық; 5) Зекет; 6) Жылы сөзді болу; 7) Дінді пайғамбар жолына сай ұстау; 8) Жақсылықты жаю; 9) Жамандықты тыю; 10) Білім-ғылым табу. Көрдіңіз бе өте кең қамтылған таным.
Жылы сөзді болудың діннің он негізінің бірі болуы Қасиетті Құрандағы Али-Имран сүресінің 159-шы аятында анық көрсетілген: "Алланың мейірімінің арқасында Сен оларға жылы сөзді, жұмсақ (мінезді) болдың, егер дөрекі тас жүректі болғанында қасыңа жуымас еді. Олай бола оларды кешір, Олар үшін кешірім сұра, басқару ісінде де олармен кеңес!"
Білімге келсек Хз. Пайғамбарымыз білім үйрену— эйел мен еркек әрбір мұсылманға парыз",—дейді. Адамзаттың ең үлкен данышпандарының бірі түрік Ұлықбектің абсерваториясының маңдайшасында Хз. Мұхамедтің "Әрбір мұсылман күн сайын білімін арттыруы керек. Екі күні өзгеріссіз бірдей ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Ахмет Байтұрсынұлы халықтың әлеуметтік мәселелерін көтерген қоғам қайраткері

Ерте кезден бері өскелең ұрпаққа тәрбие беріп, олардың сана-сезімін, ақыл-ойын дамыту мен жетілдіру - әрбір ұлт пен халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі мен жан дүниесінің сырын айқын білдіретін әлеуметтік құбылыс. Ал әлеуметтік құбылыс сол халықтың тіршілік бейнесімен, жан дүниесінің сан қырлы сырларымен тығыз байланысты сипатта дамып отыратындығы тарихи шындық.
Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті факторлар: оның құрамына енген адамдар тобы материалдық тұрмыс жағдайларының, аймағы мен экономикалық өмірінің, тілі мен мәдениетінің, әлеуметтік психологиядағы сол ұлттқа тән кейбір этикалық ерекшелігінің ортақтастығы болып табылады. Қай заманда болмасын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатыны белгілі. Егеменді Қазақстан мемлекетінің болашақ ұрпақтарының сана сезімін, ұлттық психологиясын, оның сонау ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Ұлттық тәрбиені қалыптастыруда ұлттық дәстүрдің ғибраты мол. Ол-ұлтты рухтандырып, оның ішкі, сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттардың бірі. Бала отбасында, балабақшада, мектепте өз шыққан тегін, ата-бабасын біліп өсуі керек. Әдетте жеті ата межеге алынады. Ал одан да арғыларын білсе, тіпті жақсы. Тегін білмегенді тексіз, көргенсіз деп сөгеді үлкендер. Бұл тұрғыда халқымыздың шежіресін, тарихын жастардың санасына ұялатудың елеулі маңызы бар. Ұрпақтарымыздың тарихқа деген ынта-ықыласын үздіксіз арттыра түсу қажет. «Өзіңнің ұлтыңды тану деген сөз өзіңді тануды білдіреді. Ұлтыңды тану дегенің-ұлттық сезім тудыру.»
Ұлттық тәрбиені асқақтатар алғашқы белгі тіл болса,екінші белгі-дін. «Дінде ұлттық рухты құраушы, соған белгілі бір мазмұн беруші күш бар... Оның ұлттық дүниетанымдық психологияға, санаға, тәртіп пен тәрбиеге үлкен әсері тиеді». Діннің қуатты, күшті жері-адамның бойында сенім деген сезімді тәрбиелеу. Діннің арқасында мынау кең далада шашырап жатқан біздің көшпенді халқымыз белгілі бір тәртіпке келіп, жинақталған.
Діннен безушілерге айтылған қарғыс, жастардың жартыкеш, дүбәрә күй кешуіне итермелеген отаршыларға басылған айып таңбасы. Абай айтқан, «артына сөз қалдырып, мәңгілік жасайды дегеннің өзінде терең сыр жатыр. Мұнда философиялық, психологиялық, моральдық, дүниетанымдық, ең қажеттісі-тәрбиелеушілік күш жатыр.»Діннің имандылығы да осында. Жастар тәрбиесінде діннің алатын ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Ахмет Байтұрсыновтың поэзиясы

Өнер алды – қызыл тіл» деп мақалдап өткен қазақ ақындары, жазушылары осы күнге дейін қазақ поэзиясында биік орын алады. Солардың бірі Ахмет Байтұрсынұлы.Өз заманының ағысына қарсы тұра білген қайраткер. Қазақ халқының рухани көсемі болып, болашақтың жарық, тыныш, көк аспан астында өмір сүруіне өзінің ақылын арқау еткен. Өз достарының алды бола білген Ахмет өткір, алмас қылыштай адамның ойын осып өтетін сөздерімен өлең арқылы ой-сезімін білдірген. Қазақтың қазақ бола білуіне кеудесіндегі жанын да аямаған. Қарусыз-ақ сөзбен адам өлтіретін Ахмет қазақ елінің келешегін тәуелсіздікке жетелеген халықтың рухани жетекшісі. Халық үшін, халықтың мәдени-әлеуметтік болмысын көтеру үшін қызмет еткен.
Халықты ағарту баладан, мектептен бастау алады. Ең алғаш қазақ тілінде әліппе кітабын жинақтаған Ахмет еді. Қазақ балалары көзі ашық, сауатты азамат болып шығуға септігін тигізген. Қазақ тіліндегі әліп-би осы сөздердің бәріне дәлел. Тек қана кітап жазумен тоқтамаған Ахмет, орыстың белгілі жазушыларының белгілі жазушыларының белгілі еңбектерін ана тілімізге аударып, өзінің халыққа, шамшырақ екенін дәлелдеп өткен. Халықтың білімді болуына, сауатын ашуға көп көмек көрсеткен. Бұрынғы қарапайым қара сөздерді жаңғыртып, халық санасына қалыптастыру басты мақсаттарының бірі. Көкейіндегі түйілген ойды ана тіліндегі асыл, ұтқыр сөздермен жеткізе білген. Өлеңдеріндегі сөздердің өзі адам көңіліне талпыныс, алға қарай жол бастап, көш артында қалып қоймауға себепші болған. Қазақ тілін- болашақ ұрпақтарға дамыта түскен қалпында, басқа тілдерден биігірек ұстап, тазалығын сақтауға демеу болды. Қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танудағы қызметі қазіргі мектептерде қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Ахмет қалыптастырған әдеби-теориялық терминдер осы күнге дейін өмірін жалғастыруда. Бұның бәрін әдебиетші Ахметтің қымбат, алтын, гауһардай асыл сөздері мен тәлім- тәрбиеге толы, адамдық қасиеттерді сипаттап жазған өлеңдері бәрі- бәрі болашақ ұрпаққа келешегіне керек, нұсқау болатын түзу жол емес пе?! Қазақ тілін әсем сөздермен әшекейлей білген Ахмет өз еңбектерімен басқа да елдерге танымал бола білді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Ахмет Байтұрсынов педагог ағартушы

Оқыту жүйесінің қандай түрі болмасын, олар белгілі бір әдістеме жүйесіне негізделеді. Әдістеме жан - жақты және өз орнында дұрыс қолданылса, өтілетін әрбір тақырыптың мазмұны да ойдағыдай ашылып, оқушылардың меңгеруіне көңіл тиеді. Әдетте әдістеме өздігінен келе қоймайды. Ол көп жылдар бойы ұстаздық қызметінің іс-тәжірибесінен, күнделікті сабақ беру процесімен тығыз байланысып жатады. Осылардың негізінде әр мұғалімнің бойында , ойында әдістеменің озық үлгілері жинақталады. Сонымен қатар олар күнделікті жұмыс тәжірибесінде озат мұғалімдердің шеберліктерін де пайдаланатын болады. Бұлардың сайып келгенімен, әдістемедегі белгілі бір жүйелікті қалыптастырады.
Қазақ тілін оқытудағы әдістеменің қайнар бұлақ көзі Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерінен басталады.(1) Бұл әсіресе оның «Баяншы» (1940) және «Тіл жұмсар» (1928) деп аталатын таңдамаларында жақсы көрініс тапқан. Әрине бұлар әліпбиді қалай оқыту мен үш бөлімнен тұратын «Тіл құрал» оқулықтарын қалай таныта білуге арналған. Осы жайында автордың өзі кезінде былай деп жазған болатын: «Тіл құрал» қазақ тілі қандай құрал екендігін таныту үшін түрлі бөлшектерін тетіктерін ұсағын ұсағынша, ірісін ірісінше тұрған орнында алып көрсетіп танытады. «Тіл жұмсар» сол үлкен құралдың бөлшектерін тетіктерін балаға шағындай бөлек-бөлек ойыншық сияқты құрал жасап соларды танытып, соларды жұмсару арқылы барып үлкен құралды танытады».(2)
Оқыту жүйсіне байланысты біздің методика деп қолданып келген ұғымымызды кезінде А.Байтұрсынов әдіс сөзімен берген. Ол әдістің екі түрін көрсетеді: талқылау (айырыңқы) әдіс және жалпылау әдіс. Ол бұл әдістердің әр қайсысына анықтама береді. «Жалпылаудың асылы ұсақтан ірілету болса, жалқылаудың асылы іріден ұсақтау».(3) Сөз жоқ, бұл аталған әдістемелер қазақ тілін мектеп ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы халықтық идея

Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан жаңару үрдісі өткен тарихымыздың сан қырын объективті тұрғыдан дұрыс бағалауға және ондағы рухани құндылықтарды қазіргі ағарту, оку-тәрбие ісінде кеңінен пайдалануға қолайлы жағдайлар туғызып отыр. Әсіресе ұлттық педагогикамыздың қайта жаңғыруына байланысты халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық дәстүрінің бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қажет екені анық.
Алайда, қоғамымызда орын алған әлеуметтік-экономикалық кедергілерге байланысты бұл мәселенің көптеген жақтары әлі де өз шешімін таппай отыр. Мәселені шешуде педагогика ғылымы хал-қымыздың мәдени мұрасын, педагогикалық ой-пікірлер саласында қорланған барлық құнды, қажетті жәдігерліктерді және халық ағарту мен қоғамның даму кезеңдеріндегі тәжірибелерді жүйелі түрде зерттеп, пайдалануы қажет. Осы тұрғыдан қарағанда, халықтық идеялардан нәр алған қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтары адамгершілік асыл қасиеттерді дамытып жетілдіруге, қоршаған ортаны танып білуге, ата дәстүрін ардақтап, қадір тұтуға және, ең бастысы, қоғамдық тәрбие беруге бағытталған.
Қазақ халқының көрнекті тұлғаларының, соның ішінде тоталитарлық режим тұсында жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған ойшыл ғалымдар, қоғам қайраткерлері әрі жазушы-педагогтары А.Байтұрсыновтың, Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың, М.Дулатовтың, Х.Досмұхамедовтың педагогикалық ой-пікірлерін зерттеу ғылыми-практикалық маңыздылықты арттырады, педагогика тарихы курсының ауқымын кеңейтіп, мазмұнын байытады.
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев 1999 жылдың 15 желтоқсанында "Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі" атты халыққа Жолдауында "Жиырмасыншы ғасырдың бас жағында біздің сан ғасырлық тарихымызда тұңғыш рет халықты әлемдік айдынға алып шығуға нақты мүмкіндіктер туды. Ол мүмкіндікті тудырғандар "Алаштың" ардақты азаматтары еді", - деп, олардың тарихта алатын орнына өте әділ баға берді.
Сол заманның тегеурінді күш иелері жаңсақ, әділетсіз пікірлер салдарынан "Алаштың" ардақты ұлдарының шығармалары ұзақ уақыт бойы халық назарынан тыс қалды. Дегенмен де, кейінгі кездері еліміздің әр түрлі ғылым саласындағы ізденімпаз ғалымдарының табанды еңбектерінің арқасында аталған жазушы-педагогтардың мұраларын танып-білуге көптеген зерттеулер дүниеге келеді.
Жұмысты терендете мазмұндап, құнды ғылыми деректермен дәлелдеуде республикамызға белгілі тарихшыларының (М.Қозыбаев, М.Қойгелдиев, М.Мүқанов, Т.Омарбеков, т.б.), саясаттанушыларының (М.Тәжин, К.Нұрпейісов, К.Көшербаев, М.Тәтімов, т.б.), философтарының (Ә.Нысанбаев, Д.Кішібеков, Н.Сәрсенбаев, А.Қасымжанов, О.Сегізбаев, Қ.Бейсенов, А.Қасабеков, Ғ.Есімов, т.б.), әдебиеттанушыларының (М.Әуезов, М.Ғабдуллин,
Ә.Қоңыратбаев, М.Тілеужанов, Н.Келімбетов, М.Әлімбаев, т.б.) зерттеу еңбектерінің көмегі зор болды ....
Курстық жұмыстар
Толық